Астанада автомобиль шиналарын өңдейтін зауыт жұмысы жанданды
Kazakhstan Rubber Resycling мекемесі Қазақстанның инвестициялық қорының қолдауымен кәсібін қайта дөңгелетті. Өңделген қалдық қай жерлерде қолданылады? Қалдықтар қараусыз қалмайды.Автомобильдің мынадай жарамсыз шиналары енді кәдеге аспақ. Астанада 2010 жылы ашылған бұл зауыт қаржы қолбайлау болып, жұмысы тоқтаған. Осы күзден бастап тұралаған кәсіпорын қызметі қайта жанданды. Қазақстанның даму банкі бұл кәсіпорынға 6,8 млн доллар бөліп, тынысын ашты. Қарыз қамытын киіп, тығырыққа тірелмеу үшін банк жайлы жағдай жасаған. Нәтижесінде 3 жыл бойы шаң басып тұрған аппараттарға жан бітіп, қан жүгіріп, қайта іске қосылды.
Аян Есжанов,«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры:
— Бұл мекеменің несиені төлеуге мүмкіндігі болмады. Қазақстанның инвестициялық қоры өз қол ұшын берді. Бұл жоба Астананың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз.Ат шаптырым аумақтың 9 мың шаршы метр алаңын алып тұрған мекеме жылына 30 мың тонна шина өңдеуге қауқарлы. Әзірге зауыт жұмысына 30 адам тартылған.
Ермек Абдиев Kazakhstan Rubber Resycling зауытының директоры:
— Наурыздан бастап сынақ жұмыстарын жүргізгенбіз. Елорда төңірегінен жиналған мың тоннадай шинаны өңдедік. Қазір зауыт толықтай өз қызметіне кірісті. Бұл жобаның құны 10 млн доллардан асады.Қалдық ұнтағынан балалар мен спорт алаңына төсеніштер әзірленеді. Бастысы – бала өміріне қауіпсіз. Аңсат Исатай зауытпен келісім-шарт жасасқан кәсіпкерлердің бірі. Алдағы уақытта 3D ойыншықтарды шығаруды жоспарлауда.
Аңсат Исатай кәсіпкер:
— Қазір неше түрлі гипстен жасалған ойыншықтар қойылып жатыр. Бірақ, олардың бәрі қауіпсіз емес балаларға. Әзірше бұндай жоба жоқ, Құдай қаласа келесі жылдан бастап, біз анық осыны бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.Астанада жылына 480 мыңдай жарамыз шина қоқысқа тасталады. Қалдықты қараусыз қалдыру экологияға кесірін тигізері анық. Сондықтан зауыт қала тұрғындарын жарамсыз шинаны мекемелеріне өткізіп, шаһар тазалығына өз үлесін қосуға үндеп отыр.
сілтеме

23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қазақстан халқының тілдері фестивалі аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп, «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция өткізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Акция сағат 10:00-де «Сапаржай-Астана» ғимаратында басталады. Акция аясында 23 қыркүйек Мемлекеттік тілде қызмет көрсету күні деп жарияланады. Қалалық мекемелерге акцияның арнайы белгісі бар футболкалар киген волонтерлар жіберіледі. Олар жұмыс барысын бақылап, қатысушыларғабелгілі бір сала бойынша сөздіктер таратады. Шара соңында Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда сағат 17.00 «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік концерт өтеді. Мерекелік шарада Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, Бауыржан Исаев, Гүлнұр Оразымбетова, Жаңабай Өтегенов және т.б. өнерпаздар тамаша әндерін ұсынады.
«Астана» ФК матчының билеттері 21 қыркүйекте онлайн-сатылымға түсті, деп хабарлайды Sports.kz. Ұйымдастырушылар билеттердің көбін онлайн режимде сатуды жоспарлап отыр.
Ертеңнен бастап Астанадағы кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді. Бұл – елордадағы Уәлиханов-Омаров көшелері қиылысының жабылуына байланысты орын алған жағдай. Аталған көшелерде жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Астанадағы Уәлиханов-Омаров көшелері қиылысындағы қозғалыс бүгін сағат 23:00-ден бастап шектеледі.
Кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктің қорытындылары шығарылып, қаланың санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды. Әкімнің айтуынша, Астана қаласы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар көп, бірақ нәтиже ойдағыдай емес деп атап өтті Ә.Жақсыбеков. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өту үшін көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді. Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды атап айтқанда, «Шанхай», «Алаша» базарларын аралап, инфрақұрылымды, және т.б. дұрыстауды, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды талапқа сай келтіруді тапсырды. Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен-күнге, әсіресе демалыс күндері базарға жету қиынға соғуда. Елорда әкімі аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің маршруттарын оңтайландыруды, «Шанхай» базары аумағында қалааралық бағытта автобекет салу үшін инвестор тартуды тапсырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
Бүгін талантты жас дарын иелері бас қосқан Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы анықталады. Жартылай финалда көрермендердің дауыс беруімен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз ақтық сынға жолдама алған болатын.

Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысып, 450-ден астам техника жұмылдырылды. Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды. Сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректерден 4 мыңға жуық түп отырғызды. Сондай-ақ мектеп, балабақша, медициналық мекемелердің аумақтарында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сенбілік барысында астаналықтар жалпы саны 8 мыңнан астам ағаш отырғызды. Шара аясында студенттер, волонтерлар мен әскерилердің қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілді. Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек пен 7 қазан аралығында елордада Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізілуде.
