Жарияланымдар

Тфуй, компьютеріңді ...

Әкесін сабаған баланы көрдім, бірақ байлап қойып сабаған баланы көрмедім. Халық нақылы

Аламан.кз сайтындағы бір мақалада ҚФҚ қазақ тіліндегі жаңа сайтының бас редакторы Айдын Қожахмет былай депті:
Ол қателердің бәрін өзіміз де көріп отырмыз. Бәрін түзетіп-күзеп жатырмыз. Бәрі де техникалық ақаулар. Кейбір тұстарын компьютерлік нұсқа аударып жіберіпті. Бір-екі күнде оның бәрі түзеледі.

Сонда деймін да, компьютерге жан бітіп, орысшадан қазақшаға өзі аударып жіберетін болғаны ма? Қып-қызыл өтірік. Ашығын айтып, “Қазақшаға шорқақпыз” немесе “Қазақшаға түкіргеніміз бар” деген дұрыс шығар. Одан басқа шындықты көріп отырғаным жоқ жаңа да болса «топас» сайттан. Жасушадан тұратын адамның молекуладан тұратын компьютерге жала жапқаны күлкілі емес пе, о заман да бұ заманның қазақтары?! Сайттың домені де басқа тілге аударылып кетіпті.

Адамдардың бітпей жатқан шикі істі жарияға жар салатыны жаман да. Осыдан алдын Ел спорты деген сайт та құрып кетті емес пе теледидардан «айқайлап» шығып алып.

P.S. Адам болғаннан кейін бәріміздің де кемшілігіміз болады. Бірақ 3 ай бойы дайындалған сайттан қазақша дұрыс сөйлем таба алмасақ, оны қазақ тілін қорлау демегенде алжыған атамның сандырағы деймін бе, dear FFK?

ФФК-ша қортындыласамыз: webларымыз 2-3 кунніңде балығы қателердің түзетеді.
Әрі қарай

Бекболат Тілеуханның блогы

WP.com-ға сенсек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сазгер, әнші Бекболат Тілеухан ағамыз блог ашыпты. Блогын "Айтайын дегенім…" деген жазбасымен бүгін бастапты.

Бүгін шулы тақырып болған бұрын КСРО Отан қорғаушылар күніне қатысты айтқанының бізге белгісіз тұстарын "Это ведь история” ма?!" деген жазбасында кеңінен түсіндіріпті.
Әрі қарай

Әлемдегі ең бай адам Хосни Мүбәрак па?

Қағам.кз сайтына кіріп қалғанымда көзіме бірден мысырлық астынан тағы, басынан бағы тайған қазіргі заманғы перғауыны Хосни Муюәрак туралы мақала түсті. Онда "Хосни Мүбәрактың дүние-мүлкі Билл Гейтстің дәулетінен асып түседі" деп тақырып қойылған қысқа да нұсқа мақала бар екен.
Мақаладағы деректерге сенсек, Х.Мүбәрак — әлемнің ең бай адамы. Оның дүние-мүлкі 70 млрд. долларға бағаланып отыр-мыс.

80 миллион адамның жартысынан көбі күніне 2 долларға күнелтетін Мысыр халқы айына ресми түрде 808 доллар жалақы алған Х.Мүбәрак миллиардтарды қайдан тапқанын түсінбей әлек.

Халқы аш-жалаңаш, немесе жартылай аш-жалаңаш жүрген елдердің басшылары «сұмдық» бай болса, өте қиын. Халқы момын және құқықтық жағынан сауатсыз болса, «Аңқау елге — арамза молда» деннің дәл өзі болады.
Әрі қарай

XXI ғасырдың құл, күң иеленушілері

Алматы облысында кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды жезөкше әрі күң ретінде ұстаған отбасы ұсталды. «Жеңгетайлықпен» ұзақ уақыт айналысқан ерлі-зайыпты Өзбековтер кәмелет жасына толмаған қыздардың тәнін ақшаға саудалады деп айыпталуда. Ары қарай видео
Әрі қарай

Құрылтайдан бұрын "қотырды қасу" керек

Уордпресті қазақшалау туралы жазылғанымен, алғашында қазақшаға аударғанымен, кейінгі өзгерістерден соң блогтардағы сөздер қайта ағылшыншаға ауысып кетеді. Үнемі бақылауға алып отырмасаңыз, блогыңыздың тілі шала болады.
Блог құрылтайда талқылайтын нақты мәселелерден бұрын блогшылардың блогтарының тілі толықтай қазақша болғаны маңызды мәселе сияқты.
Біреудің қотырын басқа біреу қасып беруші ме еді?! Белсенді болғандарыңыз өздеріңіз үшін, кк.уордпрессшілер.
Әрі қарай

Авторлық құқық иесі болып табыласыз

Қазір ғана Авторлық құқықтар жөніндегі тиісті орындарға хабарласа отырып, қандайда да бір түрде жарияланған материалдың ешқандай патентсіз-ақ сізге тиесілі екенін (9-бап, 2-тармақ) және ол еңбекті тіркеуден өткізу міндетті емес. Бірақ көп жағдайда бізден авторы екендігімізді дәлелдейтін құжаттар талап етіп, ұялмай, жасаған ұрлығына кінәлі сезінбей тұратындар бар. Ондайларды заң аясында сотқа арыздану арқылы сабаларына түсіруге болады екен.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң
9-бап, 2-тармақ
Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады.
Әрі қарай

Ескертпе баннерін орнатсаңыз

Соңғы күндері авторлық құқықтың сақталмауы, "ұятсыз" газеттердің Интернет-ресурстардағы мақалаларды үтір-нүктесіне дейін айнытпай көшіріп басулары жайлы жазылып жатыр. Айтылып та келді. Сондай келеңсіздіктердің алдыналу үшін, кейін кінәлілер «білмедік, кешірім өтінеміз» деп шықпас үшін, сайтыңызға немесе блогыңызға ескертпе, құлақтандыру ретінде баннер орнатсаңыз, не болмаса, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрінетін жерге жазумен-ақ жазып қойсаңыз, дұрыс болады деп ойлаймын. Баннерде немесе ескертпе жазуда сайтыңыздағы (блогыңыздағы) жазбаларды, мақалаларды, аудио-видео немесе сол типтес материалдарды рұқсатсыз, гиперсілтемесіз көшіруге болмайтындығын ескертуіңізге болады. Мысалы, мынадай баннер:

Егер сіздің жазған еңбегіңіздің кез-келген мақсатта кез-келген адамның кез-келген жолмен пайдалануына қарсы болмасаңыз, ештеңе жасамасаңыз да болады.
Әрі қарай