Таңдаулы

Бір қолымен әлемді тербеткендер

Блог - MERmukhanov: Бір қолымен әлемді тербеткендер
Аруларға аша алсам жыр қақпаны —
Толқиды сезімімнің бұрқақтары.
Мүмкін емес сіз жайлы сыр тоқтауы,
Хауа Ананың аяулы ұрпақтары!

Бала кезден ең үздік көркем ісім —
Мен түсінгем орныңды еркек үшін.
Мен ұға бастағанмын қадіріңді,
Тыңдап жүріп әжемнің ертегісін.

Әйел сыйлау сор емес саналы ұлға,
Анадан туылған бар адамың да…
Пайғамбар сүннетімен білемін мен,
Жұмақ кілті — анамның табанында…

Махаббат – ешбір тоқтау қылмаған із,
Ол жайлы ауылда әлі тұнған аңыз:
Мен туарда анамды әкем сүйген,
Әкемізді бақытты қылды анамыз.

Әкемізді бақытты қылды анамыз,
Сол сезімнен туыпты бұл балаңыз.
Бір аруды сүйгеннен туған ұл ем,
Өзімнің де сүйгенім — бір ғана қыз…

Маңызың санамнан еш кетер емес,
Бұл қалай тілектерге жетелемес?
Нұр көктемді сіздің төл мерекеңіз
Бастауы да, негізі, бекер емес!

Бұйырыпты бір мейрам түсіп (ол шын),
Сол мейрамда бір жылдың күші болсын!
Үш жүз алпыс бес күннің бір күнінде,
Үш жүз алпыс бес бақыт құсы қонсын!

Бұл қазақ – жаулық сыйлар ел еді дөп, —
Мен сөйлейін қазақтың өрені боп:
Сізге бақыт тілеймін шын баянды,
Бізге бақыт сіз барда керегі жоқ!

Сіздерсіздер – бақытты селдеткендер,
Біздің үмітімізді өрлеткендер!
Бір қолымен бесікті тербеткенде,
Бір қолымен әлемді тербеткендер!
Әрі қарай

Мен білем, көктемің келеді

Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді.
Көк аспан сол жылы көктемде
Шуағын өзіңе төгеді.
Ал қазір мен саған жыр жазам
Белгісіз боп келген дерегі.
…Кейде шын тиеді көмегі
Жазылмай қалса ақын өлеңі.
«Сөздер көп, асықпа,
Себебі,
Оны айтпау еш мүмкін емес боп
Тұрғанда ғана сен айтқайсың»
Высоцкий осылай деп еді.
Ал ол бос сөйлемес ер еді.
Ой мейлі, артығы, не кемі,
Қолымнан жыр жазу келеді.
Ал сенің келеді қолыңнан
Сол жырдың бола алу себебі.
Менімен, болмаса не менсіз,
Бәрібір көктемің келеді. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Мен білем, көктемің келеді
Әрі қарай

Ерні пю қыздар (ән)

1. Көп дубльмен алдың
Суретіңді сәтті.
Ғаламторға салдың
Шақыр деп махаббатты.
Келтіресің күлкімді
Елітпексің кімді сен?
Табиғи емес біртүрлі
Сенің бір мүшең.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.

Блог - MERmukhanov: Ерні пю қыздар (ән)

2. Ақылсыз қыздарды
«Тауық» дейді халық.
Бірақ олай сіздерді
Атамаймын анық.
Ақылдысыздар сіздер,
Ондай қыз сирек.
Мен білсем сендердің
Атауың — үйрек.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
.
.
.

Блог - MERmukhanov: Ерні пю қыздар (ән)

3.Айнашыл қыздарға
уақытымды арнадым,
Себебін білмекке
гуглды шарладым.
Кататондық іркіліс
симптомын көрдім
Ауруға мен енді
күлмейтін болдым.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.

4. Жай фон жарамайды,
Бермейді сымбат.
Ал айфон жарайды
Өзіңнен қымбат.
Физилогия дакфейс,
Дұрыс емес мұнша:
Мұрныңнан озып,
Ерінің тұрса.

Қ/сы:
Қыздар «пю» ерін,
Қыздар «пю» ерін,
Мамамыз сұраған
Дені сау келін.
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Сондықтан сендерді
Никак не люблю.
Әрі қарай

Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

Блог - Marco: Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы
«Біздің ауылда мен сияқтыларды әнші санамайды» — деп еді бірде Алмас. Рас шығар. Алайда өзін әнші атап жүрген кейбіреудің қасында, Алмасты тыңдаған құлақтың өкпесі жоқ. Дәлел керек пе? Міне! Кешегі Party-де Алмастың өнеріне тәнті көрермендері (Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері) арнайылап әкеп, домбыра сыйға тартты. Алмасты білмеймін, мен мәз болдым!
Әрі қарай

Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.
Әрі қарай