Жарияланымдар

Орталық Азиядағы 10 ықпалды әйел

Орталық Азия мемлекетін парақор, демократияны ұстанбайды деп көбісі әшкерелеп жатады. Бірақ, басқа мұсылман елдерге қарағанда Орталық Азия әйелдері саясатқа, бизнеске еркін араласады.
Осы 10 нағыз әйелдің көбісі жетістікке өз табандылығының арқасында жетсе, кейбіреуі отбасының қолдауымен көтерілді. Төмендегі берілген әйелдер жайлы қысқаша мәліметтерге көз жүгірте отырып, кмнің қандай жолмен өркендегенін өздеріңіз ақ топшылай жатарсыздар.
Әрі қарай

Қаламгерлер журфактықтармен кездесті

Кеше білім қарашаңырағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің № 5 жатақханасында оқу жылының бастамасы ретінде факультет деканы Есберген Алаухановтың ұйымдастыруымен келелі кеш өтті. Мазмұнды шараға елімізге есімі белгілі қаламгерлер, «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Нұртілеу Иманғалиұлы, «Заң» газетінен Бекжан Әшірбаев, Аманхан Әлім, «Үркер» жастар журналынан Қуандық Түменбайлар келді. Жиынның мақсаты – биылғы жаңа оқу жылына бағыт алған болашақ журналистерге алғы буын ағалардың дәрісін тыңдатып, ақыл кеңесін алу. Басқосуды ашқан журналистика факультетінің деканы мұндай тәлімі мен тәрбиесі мол кештің бізге өте қажеттігін айта келіп, қаламгерлерге сөз берді.
Әуелгі сөзді тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы алып, студенттік жылдарында көрген қиындығы мен қызықтарын баяндай келіп, журналистерге екі қажеттілік, бірі – білім, екіншісі – мінез керектігін тілге тиек етті. Ал, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай құзырындағы басылымға журналистика факультетінің студенттерінің де атсалысқаны жөн екенін айтты. Бұдан кейін Заң газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев студенттер қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, «Қазіргі көзіміз ашық, көкірегіміз ояу кезеңде журналистер түрлі себептермен бұқара халықтың мәселесін шешіп, олардың құқығының қорғалуына себепші болады. Өкінішке қарай, сөз киесін арқалап жүрген қаламгерлер өз құқығын өзі қорғай алмай жатады» деп қынжылыс білдірді. Журналист, ақын Аманхан Әлімнің тұщымды пікір, салмақты сөзі болашақ журналистердің көзқарасын айқындап, сөз өнеріне өзім деп қарауға тәрбиелегендей болды.
Факультет басшысы һәм ұстаздар қауымы алдағы мезгілдерде де мұндай ғибратты шаралардың көптеп өткізілетініне сөз берді.
Әрі қарай

Шайқайды омырауыңды жел уыстап

«Ол қыз менімен емес, даланың желімен жүреді» Ауылдағы бір достың әңгімесінен…

Қылықтым бөгде біреу сені құшпақ,
Алдыңнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқайды омырауыңды жел уыстап.

Кердең басып барасың кең мекенді,
Даусыңды қияндарға өрлет енді.
Мен көтере алмаған етегіңді,
Екпіндеп, екіленген жел көтерді.

Жанарың заманаға төгеді мұң,
Жинапсың мезгілдерден сор – егінін.
Біз тамсанып қарайтын балтырыңды,
Ешкім емес, тек қана өбеді күн.

Өкініп қайтты үйіңе келген бала,
Күрсініп, түндігіңе төнген нала.
Ерініңнен мен сүймей жел сүйеді,
Жолдас болып алдың ба желмен ғана.

Жетермін мен де бір күн арманыма,
Сені іздеп қарайлаймын жан-жағыма.
Өкініп, төсегімде дөңбекшимін,
Жел болып жаратылмай қалғаныма.
Әрі қарай

ҚАТЫН керек пе, ӘЙЕЛ керек пе?

Біздің жұртта нәзікжандыларды күйеуге шыққаннан кейін қатын деп атаған. Ол сөзді көбі ерсі сөз ретінде ұғынып жүр. Қатын байырға қызақ тілінде ҚҰТЫМ деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында ҚҰТЫМ сөзі Қатынға ауысыпты.
Ал, қазір Әйел деген сөзді әспеттейтін болдық. Әйел сөзі парсы тілінен алғанда ЖЕЗӨКШЕ деген мағына береді дейді тіл мамандары. Бірақ, көбіміз әлі күнге ҚАТЫННАН қашып, әйелді ардақтап жүрміз. Не істейміз???
Әрі қарай

Емтихан

Жүректі сонда сөйлеткем,

Шыға алу үшін талаптан.

Емтихан алды бойжеткен,

Махаббат дейтін сабақтан.

Әрі қарай

Абзал қайдасың?

Қайдасың, арман қуған Абзал ақын,
Инетте тасбақадай қозғалатын.
Менімен айтысуға бел буғандай,
Шудасын аш ішекше созған ақын.
Әрі қарай

Қадір түніндегі КАДР шал!

Біздің ауылда яғни, Семей жақта Наски деген қыстақ бар. Сол қыстақта Темірлан деген қойшы мекен етеді. Бірде Темірлан қойын бағып келіп тамақ істемекші болады. какраз осы кезде әйелі басқа жаққа қаңғырып кетсе керек. Жападан жалғыз пештің ішіндегі күлді қалақпен алып жатады. Бір уақытта қалақтағы күлді шлапшынға салып жатқан Тимоша қолжуғыштың алдында тұрған Қадр ата, тойст Қадір атаны көреді. Кіп-кішкентай шоқша сақалды шал дейді. Үрейі ұшып кеткен Тимок қолындағы қалақпен Қадір атаны бір періпті. Қадір ата қорыққаннан қолжуғыштың артына кіріп ғайып болған екен. Әлгі қойшы салып ұрып атымен ауылға жетіп кеп бізге болған жайтты баяндады. Бірақ, осыдан кейін оның екі бауыры ала жіпке асылып өмірден өтті.
Тоқетерім: Әй, бауырлар Қыдыр атаны ұрмаңдар. Ұрсаңдар ол шал сендерге екі есе удар жасайды. Сондықтан, бұл күні барлық шалды көрсең. Магазиннен тамақ алып беріп күтіңдер. Газдалмаған Тассай алып берсеңдер тіпті жақсы. Ақшаларың аз болса серьезна түсіндіріңдер. Поньятиясы бар оның. Жарайды Қыдыр түнін дірілдемей, жақсы өткізіңдер.
Әрі қарай

Жарым Ес пен айтысу

Табиге мен де теңеу айта алам мың,
Көкірегіне зәрімді шайқағанмын.
Алдында Қонақүйге келген кезде,
Голубой екендігін байқағанмын.

Жарайды, айтыс болса да ойын бәрі,
Олжекең ЖЕҢІС тен бір тойынбады.
Мен кеше интернеттен шыққаннан соң,
Соткамен ол жеңілгенін мойындады.
Әрі қарай