Жарияланымдар

KILYZAMAN
Ұлардың бір жеріндей шулаған шуылдақтар, Амансыңдарма?! Әбден күлдім…
KILYZAMAN
Жаңа барып қарасам Джерсийлік алыптан біреу Пушкиндіктен біреу жарып шығыпты… Сонымен Пушкиндіктің сегізінен жетеу, Джерсийліктің 11 -нен енді басталды
KILYZAMAN
Білмеймін, бастағаныма көп болған жоқ. Әзірше денсалықты туралау мақсатында, түбі басын көбейтпекпін. Тек бөдене ғана емес сирек тұқымды тауықтарды да қолға алып жатырмын. Олардың жұмыртқалары қымбаттау болады екен минимум 300 тенге бір тал жұмыртқасы
KILYZAMAN
Алғашқы сурет ішінде Джерсий алыбы, Қытайдың жібек қауырсындысы және фараондар мен манчжурлар араласқан жұмыртақалары инкубатор. Келесілері брам балапандары, Теxас тұқымды бөденелер(жұмыртқа бере басиады), Манчжур мен фараондар тобы араласып отыр сосын енді жетеіліп келе жатқан манчжурлар. Ал енді брудердегілер бөденелер және Пушкин тұқымдас 6 балапан(жұмыртқа туғыш тауықтар дейді, көреміз) Қырғауылдың алты балапаны үшінші суреттегі астыңғы торда отыр — оларға кеңірек орын жасамаса болмас…
KILYZAMAN
Суреттерді дұрыс іле алмай жатырмын :-(
KILYZAMAN
Бір реті келгенде суреттерінде ілермін…
KILYZAMAN
Өнертапқыштардың арасында Ракета деп аталып кеткен бұл қазандықты жасау әлдеқайда жеңіл екен…
KILYZAMAN
18 қырғауылдың жұмыртқасынан 7 балапан, біреусі өлді
100 бөдененікінен 37 балапан
Бұлар бірінші лектен
Келесі салғандарым 60 брамнан 35 балапан
60 манчжурдан 33 балапан
Онан кейінгілері 60 фараон мен манчжур аралас еді бүгін 38 балапан алдым инкубаторда жатқандары Джерсий тұқымды тауықтың 10 Пушкин тұқымды тауықтың 7 және Жібек қауырсынды қытай тауығының 10 жұмыртқасы жатыр. Кейінірек салынған бөденелердікі де бар…
Мына Айпадқа үйрене алмай жүрмін, әріп теру мен үшін бір азап :-)
KILYZAMAN
Ракета — қи мен тезектің қызуын алуға келгенде ана ғұрлым тиімділігі жоғары болатын сияқты ауылдағы ағайындарға…