Жарияланымдар

2 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, бұл жолы да тігіліп айтқан болжамым желге ұшты немесе Реал өз ойынын таба алар емес. Сырт алаңда Гранадаға қонаққа барған Реал 0-1 есебімен терлеп қайтты, терлегенде де ұтып терледі. Жеңіс оңай келді дей алмаймын, әрең дегенде жеңді. Реалға не болғанын Ванганың өзі де айтып бере алмас еді, тірі болса да. Қонақта соғылған жалғыз голдың авторы француздық қисықмерген Бензема. Енді ойынға келер болсақ:
Әрі қарай

Ертеңгі матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
ХАЛА МАДРИД !!! Интернетті ашып-жапқанша мінекей бір апта да өтіп кетіпті. Еуропада Футбол маусымы қызуға бетбұрыс жасап жатыр, трансферлік терезе жабылысымен қыза түсетініне сенім берік. Сонымен іске көшейік, Мадридтік Реал ертең гранадалық Гранадамен Нуэво Лос Карменес стадионында Ла Лиганың 2-турын жабады.
Әрі қарай

Рауль Мадрид. Соңғы матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Рауль. Бұл адамды танымасаңыз, футболды көрмей кетсеңізде болады. Бірақ, Реалдың періштесіне баланған Раульды білмейтін адам жоқ шығар. Сол Реалдың мәңгілік капитаны саналған Рауль кеше футболдағы соңғы матчын өткізді басқаша айтқанда карьерасына нүкте қойды. Сантьяго Бернабеуде өткен «Саньтяго Бернабеу кубогы» үшін Реал Мадрид пен Катардың Аль Садд командасы кездесу өткізген еді.
Әрі қарай

1 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, өзімше бір тігіліп болжам айта қойып едім 4-0 деп, Шиваға жақпай қалдым-ау деймін. Қарапайым ғана, сонда да адуынды Бетисті әупірім деп жүріп жеңдік енді өйтіп-бүйтіп, бастысы мен үшін 3 ұпай қалтада. Мадридтіктер Каталондықтар секілді голдан тау тұрғызбаса да кішкене болса да голдан төбе жасады. Ойынның есебі 2-1. Қанжығасы майланғандар: Бензема мен Иско (менің құрдасым ол)
Әрі қарай

Керектегі эмоциялар

Эстафеталар: Керектегі эмоциялар
Керекте көптеп посттар жазылып жатыр. Шива жарылқай берсін (kariim ағасы ренжи қоймас) жазбалар көбейсін. Керемет-керемет жазбалар бар, құсықтарда бар. Мен бір осы жазба секілді (бір нәрсе енді) жазбамда керекшілердің ойын, ойын болғанда эмоциясын, эмоциясы болғанда (тіфу не деп кеттім) түр эмоциясы жайлы білгім келді.
Әрі қарай