Жарияланымдар

Бизнес-Жоба: Дөнер Кебаб

Блог - FaraOn1: Бизнес-Жоба: Дөнер Кебаб
Жоба: Дөнер Кебаб жүрекжалғар ашу
Жоба мақсаты: Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына жылдам дайындалатын, арзан, әрі дәмді, сонымен қатар пайдалы тағам ұсыну.
Әрі қарай

1990 жылғы айтыстың видеосы

Жуырда Петропавлға Нәсіпжан жеңгеміз келді. Ол суырып салма айтысты қалыптастырушылардың бірі, солтүстіктің тумасы, марқұм Ерік Асқаровтың жұбайы. Мен үшін бұл үлкен қуаныш болды. Себебі Ерік Асқаровтың жеке сайтын ашу туралы идея туып, соны ісе асырып материял жинап жүрген едік. Көп мәлімет айтып, 1990 жыл болған айтыстың видеосын берді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамын.


Ерік Асқаров туралы Нәсіпжан жеңгеміздің әсерлі әңгімесін сілтемемен өтіп көре аласыздар.
Әрі қарай

Солтүстік эпидемиясы: ұсақталып, орыстанып барамыз.

арғы-бергі тарихымнан бастайын. менің ауылым шағын облыстағы, ең кішкентау аудандағы екі таза қазақ ауылының бірі. біздің ауданда сіган да бар, уакраин, татар, чечен, неміс, қай ұлтты қалайсың бәрі бар. интернационалмыз обшм. алайда ауыл тап-таза қазақша.
өз басым орыс тілін мектеп программасы бойынша ғана үйреніп шықтым. қалаға оқуға келгенде акцент болғасын дүкенде нан сурауға да ұялып жүрдік. қазір тфә-тфә орыс қыздарын сындыруға жарап қалдық
біз бітірген 2007 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша біздің мектеп еліміздегі үздік 100 мектептің қатарына кірді. білімді базар жоқ берет. ауданда үнемі алда. облыста да алдыңғы қатардың бірінде. көптеген жетістіктері үшін химия, физика кабинеттеріне заманауи деп жатады ғой, қажетсіз құрылғылар көп әкелді. лингофон кабинетін берді. су жаңа газел де сыйлады. білім жағынан мықты енді. ауылда 60-ақ үй болса да осы мектеп ұстап отыр. көрші ауылдардан келеді оқуға. тіпті қаладан да квота үшін келіп жатады.
іштен шыққан жау жаман дейді ғой. ауылбайлар қалаға келіп, орысша шүлдірлегенсіп, ана тілін ұмытып кетіп жатқанды жиі көріп жүрміз. басында қаным басыма шапқанмен, қазір қалыпты қараймыз. үйреніп кеттік. алайда осы қаланың бәлелері ауылға келіп, іріткі салып кетет деп ойламаппын.
Былтыр 11 сыныпқа қала мектепбінен ауысып екі бала келген екен. бұл сыныпта өңкей ұлдар, арасында көрші аулдан келген бір қыз ғана бар. ұзын сөздің қысқасы, ана бәлелер келіп түгел сыныпты орыстандырып жіберді. бәрі понтоватся етіп орысша сөйлеп жүр. ана балаларды аяйма керек апайлардың өздері городскойлармен орысша сөйлеседі. епті осыны көргенде қаным басыма марафон жасап кетті. біздің кезімізде сыныпқа жаңа бала келсе, міндетті түрде төбелесіп өзіміздің заңға бағындырып алатын. мыналар түгел ұлдар жүріп, қаладан келген екі бәлені құдайындай көріп, артына қойша еріп кетті шешессс.
цгиннен басқа айтарым жоқ © asaubota
солтсүтік эпидемиясы: ұсақталып барамыз, орыстанып барамыз.
Әрі қарай

Бұрынғы полицейлер бала ұрлады

13 наурыз Петропавлда адам ұрлады деген хабар тарап елді дүрліктіргенін білеміз. Мұндайда жалғыз өзі барып жаудың ойран-топанын шығаратын «крепкии орешок» Брюс Уиллис табылмас. Дегенмен СҚО ІІД мен Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы жұмылдырылып, үш күн, үш түн тынымсыз еңбек етіп Сергей Семенченяны дін аман ата-анасының қолына жеткізді.


Әрі қарай

"Алашұлы" этно-тобы - ұлттық әуен

Қазақ эстрадасына өзіндік қолтаңбасымен келген «Алашұлы» этно- тобына тоқталып кетсек, ол 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылды. Өткен жаздан бері «А+» компаниясымен 5 жылға келісім-шартқа отырды. Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Ал топтың шығармашылық жұмысымен Алуа Қонарова айналысады.

алашұлы, этно-топ, махамбет жыры,
Әрі қарай

Аделе - скайфол(қазақша текст)


Міне соңы
Дем алмай онға дейін сана
Жер қозалады сезін оны, содан
Тыңда: жүрегім тағы жарылды жаңа
Бүл өйткені соңы
Суға кеттім, осы сәтте көзім ілінді
Мен кешіктім, ешкім кешірмейді бұнымды
Қолға түстім, жолымнан жаңылдым бұрынғы
скайфол
Әрі қарай

Киллердің нысанасына блогер де ілікті

Үстіміздегі жылы кәсіби қызметі кезінде өлтірілген журналисттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артты. Нақты сандарға жүгінетін болсақ, 2012 жылы 86 журналист өлтірілген дейді «Репортеры без границ» ұйымы.
Сонымен қатар ұйым бұл 1995 жылдан бергі ең сұмдық көрсеткіш деп есептейді. Осыған жақын көрсеткіш 2007 жылы тіркелген екен(87 журналист). Ал бұл көрсеткіш 2009 жылы — 75, 2010 жылы — 58, 2011 жылы — 67 болған. Көптеген журналисттер Сириядағы соғыс, Самолидегі хаос және Пәкістандағы тәлібтердің зорлық-зомбылығы кезінде мерт болған екен.
Әрине, кәсіби журналисттерді сыйлайтындар үшін таңдай қақтырып, ішек тарттыратын ақпарат. Бірақ ең сұмдығы жалдамалылардың назарына биыл блоггерлерде ерекше ілігіпті. 2011 жылы 5 блогер өлтірілсе, Ұлу жылында өлтірілген блогерлердің саны 47-ге жетті.

сурет
Әрі қарай

Ғажайып бір сезім бұл...(виртуалды махаббат туралы)

не ғо: көп әріп деп сөге, заһарларыңды төге көрмеңдер! 16 жастағы қарындасымның жазған әңгімесі. Төзімдеріңнің тұнығын тауыспай, оқып ой-пікірлеріңді білдіріңдерші. Маңызды болып тұр! Алдын ала рісбек!

сурет орны
Жаз айы.Көптен күткен сынақ – емтиханда өз мәресіне жетті.Оқушы біткеннің бәрі мәз, ал түлектер болса алдағы болашағына жол сілтер бақыт құсын жолықтырам деген арман үстінде… Студенттер де өздерін асыға күткен үйлеріне тарауда… Ал ендігі кезек дем алу… Біреу күні-түні ғаламтор әлемін шарлап уақыт өткізсе, екіншілер таң сәріге дейін ұйқының тәтті құшағына батуда, ал соңғылары болса үй ішін азан-қазанға айналдыратын іні-қарындастарын бағып-қағуда…
Ақнұр біріншілердің қатарына жатады десем,қателеспеспін.Бойы аласа ғана келген,қазақтың нағыз қара домалақ қызы.Демалыс кезеңін көп күткенмен,қазір ештеңеге зауқы жоқ ол, мүмкін қасында дос-құрбылары жоқтың қасынан ба әлде үй ішінде балалардың үлкені боп, сырласатын, жайма шуақ күндері серуен құратын ешкімі болмағандығынан болар, «агент», «в контакте» ,«facebook» секілді ғаламтор әлемінде өз сырласын іздеп күн кешетін жастардың бірі.
Қызық… Сіздер қашықтықта, бір-бірінен алшақта жүріп-ақ ғашық болған жандардың махаббатына таңдана қарайсыз ба?! Басында мен де сенбеп едім, бірақ ол да мүмкін екен…
Әрі қарай

Моңғол күресі



Моңғол күресі — (монг. Бөх, бөхийн барилдаан) моңғол халқының ұлттық күресі. Моңғолия, Бурятия мен Тываға жақсы тараған.

Күресте әртүрлі әдістер қолданылады. Палуандарға ерекше күрес киімі кигізіледі: басы қайрылған ұлттық етік – «монгол гутал», шолақ шалбар – «шуудаг» және жеңі бар өзіндік көкірекше(зелетке), бірақ кеудесі ашық келген – «зодог».

Моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Бұрындары белдесулер уақытпен шектелмейтін(қазір шектелетін болды), салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда жүре береді. Табаны мен білезікке дейін қолнан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол палуан жығылады. Әр палуанның жеке көмекшісі(секунданты) болады – «засуул». Алысып болғаннан кейін жеңілген палуан жеңімпаздың көтерілген оң қолының астынан өтуі керек. Бұл оның өзінің жеңілгенін мойындағанның белгісі. Ал жеңімпаз болса дәстүрлі бүркіт биін билейді.
Әрі қарай