Жарияланымдар

Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсы үшін

Соғыс гүлдері / The flowers of War фильміне рецензия
Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Өз басым соғыс туралы фильмдерді ұнатпаймын. Ұнатпағанда эмоцианалды тұрғыдан ондай жанрдағы фильмдерді қарау мен үшін сондай ауыр. Сол себепті менен соғыс туралы қандай фильм көрдің деп сұрасаңыз эээ… ммм… деп қалуым ықтимал. Дегенмен, мына бір соғыс туралы фильмнен теріс айнала алмай кеттім. Негізі фильмді, сөздің шыны керек, соғыс туралы деп ойламадым. Сенесіз бе, тіпті, жеңіл комедиялы фильм деп те ойладым. Фильмнің сюжетін оқымаған едім, постеріне де назар салып қарамағанмын. Тек актерлік құрамына ғана көз жүгіртіппін.
Сонда басты рөлде қолында қос оскары бар, красавчег Кристиан Бейл ойнайтынын білдім. Фильм қандай болғанда да, жаман болмау керек деп шештім де, жүктеп алып, жайғасып қарадым. Әсерленгенім соншалық, уақыт тоқтап, 1937 жылдың 13 желтоқсанында болған Қытай-жапон соғысына тап болғандай болдым.
Фильм маған өте ұнады, әсерлендірді,әйтеуір биылдыққа бұдан артық әлі әсерлі дүниені қарамадым. Дей тұра, супер, қызықты деп те айтуға аузың бармайды екен. Соғыс көріністері, жапон солдаттарының хайуандығы, адам мүрделері, жарылыс, қан − мұндайды көре тұра «мәәә, қандай қызық!" дей алмасың анық.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Фильмнің сюжеті қытай-жапон соғысы кезінде болған шынайы оқиға желісімен түсірілген. Басты кейіпкер, америкалық табытшы Джон, қайтыс болған дін қызметшісін көму үшін, шіркеуге келеді. Сонда ол жасырынған шіркеу қыздары мен көрші көшенің жезөкшелерін көреді. Қыздарды жапондардың хайуандығынан құтқару мақсатында, ол өзін дін қызметішісі етіп көрседі.
Қысқа да нұсқа сюжеті осындай.
Сипаттамасына қарасаң, сондай бір барлық Голливуд киноларына сай банальды сюжет сияқты, иә? Сондай банальды сюжеттен фильмді кереметтей әсерлі еткен, ол – актерлер. Енді Кристиан Бейл оскарларды бекерге алып жатқан жоқ қой, оның талантына шүбә келтірмейміз. Ал қыздар ше? Қыздар жағына келсек, басты рөлдегі актриса Ни Ни үшін (оның өзіммен жасты екенін білгенімде, аздап шок болдым) бұл кино әлеміндегі алқашқы дебюті екен. Ом мане! Түріне, ойынына қарап, Қытай кинематографиясына еңбек сіңірген әртісі дерсің. Қалған қыздар да рөлдерін өте сәтті ойнап шыққан, бәрі орнымен, еш артық немесе кем нәрсе байқамадым.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Аа иә, айтпақшы, мен қалай фильм режиссері туралы айтпай отырмын? Ол деген Чжан Имоу ғой! Одан құсық туынды күтіп көр! Ол кім еді десеңіз, бұл кісі «Герой», «Дом летающих кинжалов» сынды әлемдік кинематографияның алтын қорына енген шедеврлердің режиссері. Байқап отқаныңыздай, бұл кісі фильмдерінде зұлымдық пен бірге сұлулық да қатар алып жүреді.

Қорытынды: Фильм соғыс драмасы. Мұнда соғыс атмосферасы өте жақсы берілген, қарап отырып, денең түршігеді. Фильм − ауыр, салмақты, қыздардың іс-әрекеттері ойландырады, әсерлендіреді, жігерлендіреді. Сондай режиссерімен, актерлік құрамымен, орнымен әрленген әуендерімен өте жоғары деңгейдегі жасалған фильм деп ойлаймын. Барлығына қарауға ұсынамын (әсіре қыз балдарға))).

10/10

Марапаттары:
Фильм 2012 жылы шет тіліндегі ең үздік фильм номинациясы бойынша «Алтын глобусты» жеңіп алды.
Актриса Ни Ни Азия киноакадемиясының «алғашқы дебют» номинациясын жеңіп алды.

Білесіз бе,
Фильм Гэлин Яньнның «Нанкиннен шыққан 13 гүл» атты романы бойынша түсірілді.
Басты рөлге Кристиан Бейлді Стивен Спилбергтің өзі ұсынған екен.
Қытай тарапынан «шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша 2012 жылы Оскарға ұсынылды.
Әрі қарай

Жастықтың көзі

Сәлем бердік!
Көптен бері Қолөнер тақырыбына ешнәрсе жазылмай кетті ғой. Бүгін сол жазып қояйын. Қолөнершілерге артықтық етпес деймін. Бұл жолы тоқыма емес, жастыққа көз. Көз болғанда не ғой, жастыққа сән ретінде жасайды. Әдетте мен көбіне құрақтан жасалған жастықтың көздерін білетінмін. Кейін мынадай түрлерін жасайтынын білдім. Білгенде, жеңешемнің артынан келген көрпе-төсекте сондай жастық бар екен. Міне, мынадай.
Әрі қарай

8-ші наурызға шәлі тоқиық

Құрметті қыздар, құрбылар, әпкелер, аналар, әжелер, келе жатқан мейрамдарыңызбен!
Қатипаштың постында кімге қандай сыйлық сатып алу керектігін білдік, бірақ қолдан жасалған сыйлыққа не жетсін, иә? Мысалы тоқылған шәлі, шарф және т.б. Ерінбесек шәлі тоқыиық. Бізге керегі жіп, ілмек(крючок), қайшы және әрине шыдамдылық.
Әрі қарай

Жіппен бомбалаушылар немесе тоқылған граффити.

Қыстың суық бір күнінде американдық Магда Сайег деген келіншек өз дүкенінде отырып, жалығады. Сөйтіп, ерігіп отырып дүкен есігіне қап (чехол) тоқиды. Келген клиенттер қызығып; «бұл не?, «қайда сатылады?» деген сияқты сұрақтар қойып, қызығушылық танытады. Осыдан бастап ол еріккен кезде тоқымашы құрбыларымен бірге көше «интерьеріне», яғни ағаштарға, қоршауларға, тұтқаларға, сілтеуіштерге(указатель), орындықтарға, фонарь бағаналарына қап тоқи бастайды Орта жастағы бұл әйелдер топ құрып, тобына «Knitta Please» деген ат та қойып алады. Міне осыдан кейін, «Yarnbombing», «yarnbombers» немесе «urban knitting» деген ұғымдар пайда болады.
Әрі қарай

Тоқылған башмақай етік

Сәлем баршаға!
Жаңа girl's talking тақырыбындағы угиді көріп, есіме түсіп кеткені. Ілейінші дедім. Жаңа туылған сәбилерге башмақай тоқитын әдетім бар ғой. Сол біраз күндер бұрын инет шарлап жүріп мынадай кішкентай сәбилерге тоқылған башмақай-етік көріп қалдым. Әуесім келіп кетті де, тоқыған болатынмын. Жаңа суретке түсірдім.
Әрі қарай

Үздік саундтректер.

Менің быкусыммен:

Мен үшін ең үздік OST, тек қана мен үшін емес көпшілік үшін үздік саундтрек -Celine Dion — My Heart Will Go балладасы. Бұл Селин Дионның ең танымал әні. Бүл ән «ең үздік ән» ретінде «Оскар» және «Алтын глобус» сияқты беделді сыйлықтарға ие болған ән. Сонымен қатар бұл ән Селин Дионға бірден екі «Грэмми» сыйлаған.
Әрі қарай

Аватар: Аанг туралы аңыз.

Аватар: Аанг туралы аңыз.

Бұл мультсериалды ініммен бірге мультарнаны қарап отырып, көріп қалдым. Көргенім сол-ақ екен, бул мультфильм мені өзіне баурап алды. Бір күні 2х2 арнасыннан үш күн қатарынан «Аватар»ды береді дегеннен (жақсы мультфильмдер беретін екен деп қалмаңыздар) тірліктің бәрін ысырып, жайғасып үш күн бойы осы мультфильмді қарап шықтым. Алған әсерімді жеткізе алсамшы. Керемет! Негізі былай қарасаң аниме жанрында сияқты, ал мульт Америкада жасалған. Сол үшін аниме деп атай алмай отырмын. Әлде жасап шығарылғаны маңызды емес пе?
Әрі қарай

Ең алғашқы тамағым.


Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді
Әрі қарай

Мен ұсынатын қазақша әндер.

Мен де қазақша әндерден сүйікті үш әнімді ұсынайын. Маған қазақша әндерден тек ескі немесе халық әндері ұнайды. Қазіргі заманауи әндерге «фанатеть» етпейді екенмін. Әйтеуір көпшілікпен ілесіп МузАрт, Жігіттер және т.б. әншілердің әндерін еститінім болмаса, қалғандарын тыңдамаймын, сол үшінде болар қазақ әншілерін(жастарын) жақсы тани бермеймін.
Әрі қарай