Жарияланымдар

Elirgen
Айтып отырғаның трихофития деген ауруға ұқсайды, қазақшаласақ, бұзаутаз ауруына ұқсайды, жұқпалы, емделу қажет
Elirgen
© Марк Твен.

Дегенмен, батыл іс, оңға бассын)))
Elirgen
Солтүстікте айтады. "Құлағнан" деп етпен бірге пісірілетін нанды айтады, ал жалпы ет, етасу, ет жеу деп айтады
Elirgen
Өзіңіздің ойыңызды объективті санайсыз ба?
Elirgen
Мемлекет онсыз да тегін білім мен әлеуметтік жеңілдіктерді молынан жасауда.

Мына бір «данышпан» сентенцияңыз мықты айтылған екен. Сол әлеуметтік жеңілдікке молынан қарық болып жатқан адамдардың да кім екенін «аңқау емес» халық көріп отыр, тегін білімнің де не екенінен «еміс-еміс» хабары бар халық сезеді.
Ал
Бәрі әділетті.
дегеніңізді классикалық афоризмдер қатарына қосуға болады, бірақ шынын айтайық, «патамушта, патамушта»-дан танымалырақ болуы екіталай.
Elirgen
Біздің жақта «нанды» нан дей береді © Сатыбалды))) барлық үлкен мәшінді джип дид
Elirgen
Тозақтың жолы текеметпен төселген демекші, зейнетақының көлемін күйттеген үкіметтің бүгінгі іс-әрекеті керемет таң қалдырып отыр. Құдайым-ау, сонда қалай, зейнетақы жүйесін қалыптастырғанда барлық факторлардың есепке алынбағаны қалай??? Дегенмен, біздің үкімет тауық милы делік, яғни, бір ойдан артық ой миларына кірмейді делік, сонда қазіргі қызық- үкімттің тап қазір ойлағаны не? Егер, еліміздің қаржы жүйесінің халі мүшкіл делік, оның сол жағдайын жеңілдету үшін, халық бір ұшының ауыртпалығын көтерер-ақ еді, бірақ, сол сорлы халық соқыр емес қой, анау талан-таражға түскен бюджеттің тесік-шұрығынан азулысы арбалап, тырнақтысы түйелеп алған ұрыларды неге тыймайды? Оны халық біледі деген ой неге келмейді?
Неліктен қарапайым халықтың есебінен шешілуі керек? Қарапайым халық болғанда неге әйелдердің есебінен? Тағы да бұл реформасстың бір ұшы-жалғыз қор құрылмақшы, мемлекеттік болады деседі. Ойды жүгіртсеңіз, қилы-қилы фантазиялар келеді жұмыр басқа, пендеміз ғой, сонда да, сумаңдаған сол жаман ойлар нені түртпектейді, күдік, күдік… демекші… Егер бүкіл халықтың тырбаңдап жинап-тергені бір, мемлекеттік қорға жиналады десеңіз, оны пайдаланатыныңыз шенеунік боп шыға келеді, бұны бір деңіз, екінші жәйт-ЭКСПО-17 өтетіні, оны өткізуге қаражат керек, қаражатты сұға бергенде бұға берген халықтан жинау ең жуас жол. Жолдастар, сондықтан, үкіметті мәймөңкелеп, қорғаудың қажеті жоқ, қойнынан бөзі, аузынан сөзі түсіп тұрған министрсымақтың патамушта-патамушта деп еркелегенін көтеруге еш жол жоқ.
Elirgen
Сол «Секаңыздың» соңынан ерген «суық» хабарлар бар секілді,
ШҚО 2009
дегенмен, 36 жаста әлеуметтік сала министрі болуының өзі көп жайттарға меңзесе керек, меніңше, сол орында білімді ғана емес, бірінші кезекте, өмірлік тәжрибесі бар адам отыруы керек. Таң қалдыратыны-екі сөздің басын қосып, тиянақты ой айта алмаған адамның министр болуы, әрине, бір ретте ондай болуы әбден мүмкін, бірақ, ютубтен Айтқожа Фазыловқа жауабын естісеңіз:
Қарағандыдағы кездесу
Секенің қай жерде, кіммен сөйлесіп отырғанын ұмытып кетедідеген ой еріксіз келеді.
Elirgen
Бауырым, гиперсілтемені шертсең, құжетты толық көресің, мында ілінгені бірінші беті ғана
Elirgen
Менің естуімше, 15-ғ. басында Алтын Оданың ыдыраған кезінде, қазақ халқының негізін құраған рулар Әбілқайырдың туының астына кеткен, ал ноғайлар Дон өзенінің маңында қалған, кейін, қазақтар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шыққан, ал Әбілқайыр өлгенсін, оның хандығындағы өзін өзбек деп айтатын 92-рулы ел Мәуеренахрға кеткен.
Қазақтың "өзбек-өз ағам, сарт-садағам" дейтін мәтелі сол заманнан қалған, қазіргі өзбектерге өз атын берген Әбілқайыр хандығының халқы мен қазіргі өзбектердің арасында жер мен көктей алшақтық жатыр, бір қызығы қазақ өзін сол уақыттан қазақ десе, өзбектер өздерін 20-ғасырдың басында ғана солай атай бастаған, ал олардың негізгі құрамы — сарттар, бірнеше кезең бойы Мәуереннахрға келген халықтардан құралған, солардың ішінде ирантілдес ирони, тәжіктер, соғдылар, түркі тілдес қарлұқтар, оғыз этникалық элементтері, монғол тілді рулар-хатахин (қатағандар), түркіленген монғолдар (барластар), қыпшақ тілді түркіленген қыпшақ тілді құрама және өзбектер барған.
Elirgen
Мен үшін түсінетін фильм емес, түйсікпен қабылдайтын кино болды, ауылға барып келгендей болдым, қазақтың қазақ туралы, қазақтарға арналған киносы, Сайын Мұратбековтың «Жабайы алмасын» оқығанда сондай сезім болған
Elirgen
"өлеңдегі" «Ақтөбе» сөзінің орнына басқа қала атауларын жазса, бара береді екен
Elirgen
«Тырнақ астынан тапқан кіріңіздің» бәріне дау айтамын.

1. Шайтанбек: Даланы тұман басты
Иісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее…

Далаға шыққысы келмеген адамның ісін, бала деп алдаусыратуды анық көрсетеді, қойларға нөмірлерді салған кездегі Шалдың сөзі есіңізде болар?
«арақты қимаймын десеңші....»

2. Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты

Кейіпкердің еш зиянын көргемін жоқ, таза субъективті дүние

3. Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение)

Меніңше, көркемдік тәсіл, хикая желісін сақтауға бағытталған

4. «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз

Кезінде алапат «Титаник» те құрдымға кеткен болатын…

5. Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ???

Фильмдегі ТЖМ тым жақсы сипатталған, ал нағыз өмірде дәл солай әрекеттенетіне де үлкен күмәнім бар

6. Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген…

Қасқырлар оңай қойға тигенде, бас-көзсіз қыра беретіні бар, Атбасар жақта төрт қасқырдың 40-тан астам қойды қырып кеткенін көзіммен көргенмін

7. Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты.

Меніңше, көркемдік тәсіл, хикая желісін сақтауға бағытталған

8. Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.

Қасқырдың бөлтірігі ақпаның аяғында — наурыздың басында дүниеге келеді, ал оқиға болған уақытта бауыр көтере бастайды, сенбесеңіз:
fauna.su/volk-razmnozhenie-3.html
Elirgen
Бір қазақтың отанын модер анықтаған секілді

Бір қазақтың отанын модер анықтаған секілді

Elirgen
 , Сатеке, Сіздің персона-нон грата сайттарыңыздың бан-листін көре алмай әлек болатны болдық қой
Elirgen
Өзіңіз айтқандай, тарих пен романның айрмашылығын жоюды тікелей қолға алған адамға ұқсайды