Таңдаулы

Егер мен бай болсам, анама ... алар едім...

Ағылшын тілі мұғалімінің естелігі (Авторы белгісіз, интернеттен аударма).

2000 жылдың желтоқсан айы еді. Университетті жаңа бітірген кезім. Бір мектепте сабақ беріп жүрмін. Бір күні оқушыларға «Егер мен бай болсам, анама… алар едім» сөйлеміндегі бос орынды қиял күшіңізді қолданып, толтырыңдар деген тапсырма бердім. Сынып ойланып, жаза бастады. 5 минуттан кейін жауаптарды жинадым да дауыстап оқи бастадым. Ғарыш кемесі, Феррари, Майамиде вилла, Мальдивтерде арал… Мен оқыған сайын оқушылар күледі. Соңғы қағазды ішімнен оқыдым. «If I were rich, I would buy flowers for my mom.» (Егер мен бай болсам, анама гүл алар едім.) Мұны жазған сыныпқа жақында қосылған, әлжуаз, тұйықтау келген бір бала еді. «Арамызда сезімтал бір бала бар екен. Селим, орныңнан тұр. Жауабыңды өзің оқып бер» дедім. «Гүл аламын деп жаздым, ағай» деді. Сынып тарқылдап күлді. «Мен сендерге қиял күштеріңді қолданыңдар, өте бай болғандарыңды елестетіңдер. Сонда да гүл деп жазуыма қарағанда бір себебің бар ау?» дедім. «Ойыма басқа ештеңе келмеді» деп жауап берді. Жүзінде Мона Лизанікіндей күлу мен жылаудың арасындағы бір мимика бар еді. «Мазақ қылып тұрсың ба? Ойларыңа бірдеме келу үшін де көмектесуіміз керек пе?» дедім. Үндемеді. Оқушыларға қағаздарын қайтарып бердім. Қоңырау соғып, сынып үзіліске шығып кетті.
Әрі қарай

Мерекелеріңмен "біздің" қыздар!(видео)

Көктем келді. Көктеммен бірге мерекелер де келді. ертең біраз жігіттер өз сүйіктілеріне гүл сыйлайды. Себебі, гүл әдемілік символы. Гүлдің әдемі екенін біз қыздың әдемілігі арқылы сезіндік. «Біздің» қыздарды шын жүректен құттықтаймын. арзан сыйлығымды қымбатқа балаңыздар!
Әрі қарай

Әкеме айтып қоймаңыз...


Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын.
Әрі қарай

Шігер-шігер!



Рок музыканың этно-фольк бағытындағысы ұнайды ма? Қытайлық моңғолдар құраған HANGGAI атты топтың орындауындағы мына әнді көптен бері тыңдап жүрмін. Сөздерін түсінбесем де әннің әуені, орындалуы қатты ұнады. Түсініп те керек емес, ән жылқы үстіндегі көшпенді екені түсінікті онсыз да.
Әрі қарай

Боқтың түрлері (жеркенiштi пост)

Екі шал поездта келе жатыр екен. Біреуі кітаптан басын алмай отырған соң, екіншісінің іші пысып: «Осы атомды қалай жарады екен? Өте қызық» — депті.
Кітап оқып жатқан шал: «Атомды қоя тұр, қай жануар жүзім сияқты тышады?»- депті.
Әңгімеші шал: «Білмедім, қай?»- депті.
Кітап оқып жатқан шал: Ешкі! Ал қай жануар наурыз көже сияқты тышады? — депті.
Әңгімеші шал: Оны да білмедім. Қай? — депті.
Оқығаш шал: Өгіз! Мм, немесе қай жануар қой бүлдірген сияқты тышады?
Әңгімеші шал: Біле алмадым. Қай?
Оқығыш шал: Қой қарағым онда! Боқта түсінбейтін адам боп атом жару туралы әңгіме айтпашы!
Әрі қарай