Ит пен мысық
«Ит пен мысықтай өш» деген сөз бар ғой.Қысқы бір ай демалыста ауылымда болған кезімде мына ит пен мысықтың жанашыр достықтарына кездейсоқ куә болып, фотоға түсіріп алған едім. Ит пен мысықтай дос та болуға болады екен ғой деген ойға қалдым.
Әрі қарай

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті 3 курс студенттері, яғни 301 топ арасында «Тек қана қазақша сөйлеу» науқанының басталғанына екі аптадан астам уақыт өтті. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ тілін алашұбарлықтан құтқару. Яғни, алаңға шығып бәз-біреулердей ұран тастап «мен мынаны істеп жатырмын!!!» деп аттанды салмай, әр кім өзінің жеке басынан бастау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырып, қазақ тілінің өміршеңдігіне қарлығаштың қанатымен су тамызғандай болсын үлес қосу. Аталмыш шараның «күнделікті ауыз екі қолданыстағы орысша сөздерді араластырмау, қадарынша көнерген сөздерді тілдік қолданысқа енгізуге талаптану» деген сияқты бірнеше қағидалары бар. Және қай жерде болсын, бастысы қоғамдық орындарда тиісінше қазақ тілінде сөйлеу, сұраныс жасап, тіл қатқан кез-келген адам баласына ұлттық тілде жауап беру басты талаптардың бірі екенін айта кеткен орынды.
Қандай жазғышбектер болсын айтары ес білгеннен қазіргі ғұмырына дейін күнделік жазады екен. Біреулері өткен дәуреннен естелік ретінде шимайласа, біреулері машық үшін дейді, яғни жазу қалыптасуы үшін. Өзімше мен пақырда естелік болсын, машық болсын деп шимай-шатпақ жазайыншы деген ой келсе болғаны, ұйқы уақытына тұспа-тұс келіп қалады да тұрады. Содан әй, қойшы деп, қолымды бір сілтеп ұйқыға сүңгіп кетуші едім. Бірақ, енді не дегенмен де махаббат машақаты деген дерт оңай ма?! Осы кейінгі кезде жабысып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған кеселі бар. Күштеп күнделікті де жаздыртқызып қойды. Ал, ендеше… Отырып та, жатып та, кешке де, күндіз де қиялдаааай беремін, қиялдай беремін… «Неге маған қарамайды екен?»-Деген ой санамды сансыратееп, кеуек басымды шырмап алғаны былай тұрсын, агент әлеміндегі ныспысына телміре қарап түнгі 3-4 ке дейін отыратыным өтірік емес. Әй, әй. әй қап-қара, шыңыраудан жылтыраған от сияқты жанарларының адамды арбааап тұратынын-ай… Сыр тұнған көздері шерінің көздеріндей. Болмаса да бер жағы))Еркек десе еркек шынымен, Бойда намыс, ойда қуат, бойда күш ұрып тұрады ғой, ұрып!!! Саңқ-саңқ еткен сұңқардың шаһбазындай болған үні мірдің оғындай болып жүрегіме қадалып жатқаны ол сөйлеген сәттерде...Әсіресе жырауларды тірілтіп, көмейінен жыр ақтарған кездерде… ееех… жүрегім-ай… Ең өкініштісі бар ғой, ол басқаа қызға «ғашықпын»- деп тақпақ арнағаны менің жаныма қатты батып, көңіліме қаяу түсірсе де, оны кез-келген сәтте кешіре салуға дайын сияқтымын. Тақпақ арнаған қыз бейнесін көз алдыма елестетіп: «Қай жеріне ғашық иии???» деп сол сұрақты қайталап, ойланамын. Мұхтар Мағауинннің кейіпкері Едігенің сүйген қызы Гүлшатқа Бердібек жайына қатысты айтпақшы: «Бақсам, бойында аталық малға тән көрік бар екен»-деп.(«Көк Мұнарды» оқымағандарға түсініксіз болып қалды-ау деймін мына сөйлем, теңеуім, кешірім...) Мұнда да солай тәрізді, мен мойындамағаныммен өзгелерге өзінше байқалатын «аналық малға тән көрік» бааар сияқты… Солай, солай, солай кете береді...Қайтемін, оның бәрлығын тізбектеп. Одан да айтыңыздаршы, жігіттерді «морт сындырудың» қандай оңай болсын, қиын болсын тәсілдері бар? Жігіттер сіздерге көбіне қыздардың қандай қылығы жүректеріңізді жаулап алады? Маған өмір-тәжрибелеріңізден келелі кеңестеріңіз керек болып тұрғаны...Әйтпегенде өліп қалуым кәдік. Кәдік емес, бек мүмкін…
«Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады...». Бірақ біздікі көргеннен кейінгі, естігеннен кейінгі туған ой.