Жарияланымдар

Бәрі де өткінші

Нан-шайына ақшаны әрең айыратындай кедейленіп те өмір сүрдік. Азын_аулақ ақшамыз болғанымен нан алу үшін талон керек болатын. Таңертең тұрған ұзын да сонар кезекте кезегіміз келіп, нан алып үйге келгенде түскі ас уақыты болып қалатын. Бүкіл ауыл тұрғындарының таңғы астары осылай өтетін. Ол уақытта өтті. Құдайға шүкір, қазір елімізде астығымыз бар, нан дайындайтын зауыттар мен кішігірім наубайханалар бар. Бұрынғыдай жаппай қысылтаяң кез жоқ.
Әрі қарай

Кибер-айтыстың бесінші жұбы

Айтыс айтыс болмады.
Кибер-айтыстың бесінші жұбы "Диплом көт сүртуге жарамайды!" деген тақырып айналасында болды. Айтыстың басталғанынан-ақ бет жыртысқан айтыскерлерді көре алмадық.
Алғаш болып тақырыпты жақтаушы Йесмэн былай деді:
Диплом *өт сүртуге жарамайды. Үзілді кесілді айтқаным үшін кешірім өтінем, әрине! Бірақ, материалдық та, басқада тұрғыдан алсақ бұл тұжырым ақиқаттың ауылынан алыс емес. Қоғамда жоғарғы оқу орнын бітіріп, сандалып жүрген қаншама амиголарды көз көріп, құлақ естіп жүргені шындық. Арамыздағы Ағзам-үл Хәкім @satibaldi — ның да университет бітірмеген, яғни дипломы жоқтығын ескерсек, ответ будет очевиден
Әрі қарай

Bookcrossing

Әлемде Bookcrossing деп аталатын жақсы дәстүр бар. Кітапқа жаны құмар жандар жиналып, әңгіме-жүкен құрып, оқып болған кітаптарын басқа адамдарға сыйлап, орнына басқа кітаптарды алады. Ол кітаптарды оқып болған соң келесі Bookcrossing-те мүлдем басқа кітаптарға ауыстырып алады. Солай солай кете береді.

Елде бірнеше қалада өтіп тұратынын білемін. Керекшілер де жиналып, оқитын кітаптыр болса, басқа керекшіден сұрап, алмасып оқып тұрса деген ұсыныс бар. Біралық керекшінің бір шаһарда жиналуы міндетті емес. Екі керекші бар ауыл-аймақта өткізуге де болады. Ниет болса, қызығушылық болса жетеді.

Осы идеяны айтып қалған @meirzhan-ға алғыс жарияладым!
Әрі қарай

Өлі-тірі тақырыптар. Айтысатын кибер ақындардың назарына!

Кибер айтыстың келесі тақырыптары мынадай екен:
Сейсенбі: «Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!»
Сәрсенбі: «Пікірталаста шындық тумайды!»
Бейсенбі: «Диплом көт сүртуге жарамайды!»
Жұма: «Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ»
Ертеңгі айтыстың айтыс болатынына күмәнмен қараймын. Қандай шешен, күрт, авар шықса да ол күнгі тақырыпты өлген тақырыпқа жатқызамын. Соны да әңгіме деп айтысады ғой екі керекші. Тақырыптарыңдыссс…
Әрі қарай

Кибер-айтыстың екінші жұбы

Кибер-айтыстың екінші жұбын @a63a1 мен @meirzhan құрады. Көпбалалы болған бір балалы болғаннан жақсы! деп айтысқан @a63a1 алғашқы сөзінде бүйдепті:
Ия жақсығой, Әйелім шыдап берсе бытырлатайын деген ой бізде де бар. Оны бұйыртса көре жатармыз. Дегенмен еліктеп елпініп жүрген ініңнің болғанына не жетсін, еркелеп аға дейтін қырмызы қарындасыңның болғанына не жетсін, еркелетіп айналған әпкеңнің болғанына не жетсін, алдыңа қарап бой түзер, қиында қамқоршы болар, қарсы желге қасқайып тұрып ығына алар ағаңның болғанына не жетсін. Жаманыңды жасырған, жақсыңды асырған баурларыңның болғанына не жетсін. Бордай тозып, тарыдай шашылған кейбір ағайындар да бар оны айтпай кете алмаспыз, бірақ ағайынның азары болса да, безері болмайды жеме-жемге келгенде сол ағайындар бір-біріне көмек беріп жатқанында көрген көзғой мынау. Туғаны жоқ «тұл» тұлға, эгоизмге "құл" тұлға.
Әрі қарай

Қазақша фонттарды жасасақ

Қазақша әріптерді көрсететін фонттар жазатын қыз-жігіттер бар ма? Білсеңдер айтыңдаршы қандай программамен жасауға болады? Жасаған фонттарын болса лақтырыңдар.
Әрі қарай