Жарияланымдар

ККК (Керуен.Кездесу.Керекшілер)

АЛЛА деп жиналдық, тәтті шәй іштік, жаман және жақсы жаңалықтар естідік, көрістік, тілдестік, күлдік, тарқастық. Осының арасында мен біреуді ренжітім те үлгердім. Кешірім сұраймын!

Суреттер ғой керегі бастысы))))

Қарақыз бен Жамиляқыз)))
Әрі қарай

А давайте конкурс жасайық!))

Мен конкурс жариялағым кеп отыр: Ең ерекше десктоп тақырыбында. Жүлде кішкентай ғана, есесіне бар жылы ықыласыммен жеңімпаздың телефонына 500 бірлік жіберем)
Бар болғаны десктопты принтскрин жасап, tabyngirl@gmail.com адресіне жібересіз. Сосын мен оны мұнда нөмірлеп ілем (анау, Админконың ойнындағы десктоптардың заставкалары ауыстырылған болу керек). Ең көп + жинаған жеңімпаз)
Жай, іш пысқанда көңіл көтеріп дегендей)))))
Әрі қарай

Дорбаңда не бар?

Сонымен, қыздар мен ұлдар, дорбаларымызда не бар екен?
Қыздардың дорбасында «порядоктан» басқаның бәрі бар дейді. Ол таза шындық))) Әр бір рет дорбамды тап-таза қып жинастырып, ретке келтірем де, ылғи осылай жүрем деп уәде берем өзіме. Сөзімде тұрмаймын.
Әрі қарай

Күн батқанда

Фотигімді көптен бері көрмей, сағынып (белгілі бір себептер болып еді), әйтеуір қолыма тигенде, мынандай әдемілікті суретке түсіріп алмай, тыныш өмір кеше алмас едім. Сұлулықтың бәрі де табиғатта екеніне тағы да түсіндім.
Түстердің сан түрлілігі, аспанның құлпырғаны, бәрі бәрі көркем! Соны көре алатыныма АЛЛАға шүкір!
Әрі қарай

Тағы да.

Мезгілсіз көктем, қарлы ақпанның басында қонаққа келді қашықтан. Келіп отырды қасыма, сипап отырды шашымнан, ал мен жыладым егіле: «Келемін деші, келемін деші еліме! Гүл сыйлап солған бағыма, нұр сыйлап бұлтты көгіме! Келемін деші, аппақ жауын боп төгіле». Үнсіздік -ауыр, тыныштық — зіл боп жанымды басады тағы, көлеңкелермен алыстым. Аламын десең, берейін саған барымды, тек қана келші, жақындай түсші, арысым! Сүйінші десең жүрегім дайын, жаным да! Өзің білесің, жібекке ора, жалынға! Сорыма бұйыр, бағыма! Тек қана келші, тек қана келші тағы да…
Әрі қарай

Орысша.....

В моем, богом забытом сердце вдруг запели зяблики. Я просто решила задачу, я просто нашла ответ! И счастье, рукою крохи младенца открыла мне дверцу туда, где солнечный свет рассыпался в блики. А крики души забыты, зарыты в могилу и будто их не было, и будто нас нет. Ты отправляешь срочные письма, шлешь телеграммы, а раны зажили давно, и правду твою, что режешь на сотые граммы я не хочу покупать. Весь этот бред я больше не переживу. И потому, теперь по утрам вместо зарядки, и вместо чая со льдом я пою с зябликами, что запели в сердце моем. А ты оставайся в прошлом, где меня нет…
Әрі қарай