Жарияланымдар

БИ- 2 немесе маған рок ұнап қалды

Иа, иа кеше алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында олардың концерті өтті. Негізі Рокқа қызығушылығым жоқ болатын, бар ойым даңғырлаған музыкадан не ұғуға болады деген ой ғана еді…

Сомен, БИ — 2 немесе роктың алматыда фанаттарының көп екенін байқап қалдым. Бізде небір жиындарға осынша халықты жинай алмасың анық. Кеше сарай толы болды, зал қосылып ән орындағанда роктың құдыретінің жастарда басым екенін көрсеткендей. Жоқ, олай емес бұл біздің санамызды улап жатыр деген ойлар күткен боларсыздар. Әрине, оның бәрі бар. Бірақ, музыкаға келгенде талас жоқ екенін ескеріңіз.

Маған ұнаған не нәрсе? Флейтаның үніңнің рок музыкасымен үйлесуі. маған ұнаған өнер иелерінің өз ісіне беріктігі, жандарын салып ән айтуы. Мақсаттары халықты алдап, ақша табу емес. Нағыз өнерге берліп ән айтулары. Өнерді құрметтеулері. Бізде, көбіне (әрине бәрі емес) әйтеуір ән айтсам, танымал болсам дегендердің қасында рок болсада өнерге берілгендікті дәлелдеу. Біреу үшін емес, өзіңнің жан дүниеңді бере алу, жеткізе алу. Міне, өнер.

Ұнады, кешелі бері рокты тыңдап жүрмін. Әрине, ауырын емес жеңіл — желпісін ғой. Негізі қандай жанрда, мағынадағы, қай тілде де болсада мен өзіңнің бір бөлшегіңді іздейсің ғой. Сол бөлшекті бере білгендей. Не дейміз енді, бізде де сондай әншілер көбейе берсін! Орда сияқты. Ой Би- 2 сияқты.
Әрі қарай

Үйленгендерде жүрек жоқ деп кім айтты сізге?

Алдында осы жазбаны маған Бақытжан аға жіберіп еді. Ол кезде көп мән бермеппін. Бүгін бір кісімен сөйлесіп отырып, бөліскім келіп кетті. Себебі, бұл тақырып өте қиын тақырып. Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің кейпі. Былай қарасаң сатқындық, былай қарасаң жаныңды өртеген сезім… Сіз не дер едіңіз?

Әрі қарай

Ұстараңыздың тарихын білесіз бе?

 

Қырынудың тарихын адам тарихы сияқты алыстан іздеуге болады, 20 мың жыл бұрын біздің ата бабаларымыз бетіндегі түктерді қырып отырған. Оны не үшін істегендері әлі күнге белгісіз. Мүмкін, әйелдер қауымына солай істесе еркектер келбетті көрінген болуы керек, алде хайуандардан ерекшелігін бет әлпетімен ерекшелендіргісі келді ме екен?
Әрі қарай

Үкіметтік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемелекетке ұсынбақ

Алдында осы жазбаны оқып қалып ем.

Алмытыда үкіметтік емес «Алаш үні», «Ұлт тағдыры», «Аллажар-қолдау», «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі өздері дайындаған «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасымен таныстырып оны халық талқылауына ұсынды. Бұл талқылау бір ай көлемінде жүретін болады. Халықтың талқылауынан кейін бұл заң жобасы мемлекеттің қарауына тапсырылмақ.

Осы топтарға жетекшілік етіп жүрген жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Совет-Хан Ғаббасов: «тіл тәуелсіздігі болмай ұлт, халықтың тәуелсіздігі болуы мүмкін емес, осыған қарағандай қазақстан тәуелсіздігінде сезіне алмай отыр. Енді мемлекеттік тілді сыйламайтын халықтарды тәртіпке шақыру керек деп есептеймін. Егер осы заңымызды сәтті қабылдайтын болса сайлау заңы, жер заңы мен дін заңында дайындап ұсынбақпыз».

Осы топтардың тағы бір жетекшісі Дос Көшім өздері ұсынған заң жобасындағы ұстанымдарды қысқаша таныстырып өтті:

1. Негізі ұстанымның бірі- қос тілді қатар қолдануға мүмкіндік беретін ешқандай заңдық негіз жасамауға тырыстық

2. Қазақ тілді азаматтардың осы уақытқа шейін айтылған, қозғалаған мәселелерді заңдық тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретін тарауларды енгіздік.

3. Орыс тілін басқа тілдерден ерекшелендірмеу және қазақ тілімен қатар қоймайтындай жағдай туғыздық. Себебі мемлекеттік тіл-мемлекеттік тіл, басқа тіл жоқ. Этностық топтардың бәрінің тілдерінің деңгейі бірдей олардың ешқайсысына ерекше жағдай жасалмайды.

4. Қазақ тілі міндетті басқа тіл қажеттілігіне қарай ұстанымға заңды негіздеме жасадық. Басқа да тіл өкілдері өз дәрежесінде дамытуға мүмкіншілік беріледі.

5. Мемлекеттік тілді міндеттеуді ашық заңға енгіздік.

6. Шетел заңдарымен салыстыра отырып қазақ елінің мемлекеттік тілі азаматтардың құқығы мен еркіндігін шектемеудің халықаралық заңдарда бар баптарын енгізуге тырыстық. Халықаралық тәжірибе шеңберінен шықпадық.

7. Заң заңдық мәдениеттік тұрғыдан берілді.

Бүгінгі жиынның мақсаты осы заңды халыққа жеткізіп, халықтың қолдауына ие болып мемлекеттің қарауына ұсыну, халықтың көз қарасын білу.

Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Еріккен ойлар: Біз қандаймыз өзі?

Таяқшаны Қисық берген екен

Ұнайды: тыныштық, көп достар, ашық әңгіме, тура пікір, адалдық, театр, мелодрамалар, Пауло Коэльо кітаптары, өмірзая, етті тағамдар, интернетте 2 сайтымнан шықпау, «біреудің» қырсыққан сәттері, диззи, кока-кола, тауға шығу, қыздармен кездесу, машина, қалада түнде серуендеу, Вигостың джинсилары, жылауық мағынасы бар әндер, манюкир жасату, жаңбыр, аппақ қар, үйдегі диваным мен ДВД-иім

Ұнамайды: белгісіздік, түсінбестік, қысылысққан автобус, көп ақыл айтулар, мылжыңдар, мақтаншақтар, кашалар, үретін иттер, түсінігі жоқ бастықтар, аптап ыстық, дыңқылдақ музыка, адамды жақтырмаулар. т.б.

Эстафетаны АКУ ға берем.
Әрі қарай

Қонақ күтіп алдық :) сурет көбейді :)

Кеше @patik- тың Қонақты жақсылап қарсы алайық деген постындағы @sigma- ны біразымыз жапа тарғамай күтіп алдық .
Өзіміз ертерек жиналып, әңгімемізді айтып, пицца жеп алдық. Сигма келгенде мафия ойнауға дайын болайық деген ой ғой сол баяғы. Қисық, Патик, Жалғас, Неомен Сигманы күтіп алды. Күтіп отырғанда @oitaza келіп салем беріп кетті бәрімізге.
Мынау енді, Қаз ҰУ дың қыздары кетеміз деп асығып жатып үлгеріп түсіп қалған суретіміз:

@neoman cуретке түспей қойды, «тайно» болып қалғысы келді  
Жақсы отырып, сырларымызды айтып қыздар 11 де үйге қайттық. Жігіттер сыралатып сырларын бөлісуге жеке қалды .
Сол азғана есеп кездесуден. Айтпақшы бұрын кездесуге келмеген @neoman келді. Сонымен, бәрлеріңізбен танысқанымызға қуаныштымыз
Әрі қарай

Мұқағали Мақатаев мүшәйрасы.

@boztorgai аға сұрағасын жазып отырмын. Мүшәйрада тек финалға шыққан ақындардың өлеңдері ғана оқылды. Жалпы саны 150 ақын қатысқан, оның ішінде 15 ақын ғана финалға өткен екен. Барлық ақындардың өлеңдері мен ақындардың тізімін таппадым, тек финалда орын алғандары туралы ғана ақпарат бар екен:
Ғылыми конференциядан соң «Кең дүние төсіңді аш мен келе­мін!..» атты жазба ақындар мүшайрасының қорытынды бөлігі өтті. 150 ақын қатысқан жыр додасында бас жүлде – жеңіл ав­токөлік ақын Жүрсін Ерманға бұйырды. Бірінші жүлде (1млн. теңге) – Қапшағайдан келген Мақпал Мұсаға бұйырды. Екінші жүлде (750 мың теңгеден) – Иранғайып (Иранбек Оразбаев) пен қытайдан келген ақын Білісбек Әбдіразаққа тиді. Үш үшінші жүлдені (500 мың теңгеден) –Сәкен Иманасов, Әділға­зы Қайырбек, Ырысбек Дәбей жеңіп алды. Бес ынталандыру сыйлығын (200 мың теңгеден) –Жәркен Бөдеш, Қуандық Шолақ, Серік Ақсұңқарұлы, Батық Мәжит, Кәдірбек Құныпияұлы иемденді. Еркін Ібітанов атындағы екі арнаулы сыйлық (150 мың теңгеден) –Болат Үсенбаев пен Жарас Сәрсекке бұйырды. Ақпарат мына жерден алынды.
Әрі қарай

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған!

Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы. @Сатыбалды айтпақшы, мүмкін жыл бойы күткен шығармын осы тойды. Себебі, мен сол жақтың қызымын ғой. Елімнің, жерімнің аты аталатын, ұлы адамдарын ұлағаттап жасап жатқан тойды біле тұра қалай тыныш жатам? Әрине, алыстан келген кел ел тек жақсылығыңды көрсе екен деп тілейсің ғой.

Ары қарай суреттерге кезек:
Әрі қарай