Жарияланымдар

Баяғыда...

Баяғыда осы уақытта қолымыз күс-күс болып асық ойнауды бастап кететінбіз.Екі метр жер қарайса жетуші еді бізге. Қолымыз жарылып, тілім-тілім болып қаны шығып тұрушы еді. Оны жусаң ашиды. Өтірік -өтірік жуа саласың. Кешкісін қаймақ жағып бір жұмсартып аласың. Бүдір-бүдір қолмен мектепке де бара беруші едік))))
Дәл осы уақытта әріректе етектері желп-желп етіп қыздар «мак» ойнап жататын… Олардың қолы жарыла ма жарылмайма білмейм енді.
Әрі қарай

"Пакмаяның" күші

ЖАркент маңындағы Басқұншы (Баскунчи) ауылының жанындағы заставада болдым. Әскери міндетімді өтей жүріп әрине. Талай қызықтар өтті. Басқұншының қыздары солдатпен жүруді мәртебе санайды екен, неге екенін… Бұны неменеге жазып отырмын…
Солдат болған соң жоқтан бар, бардан нар жасауға тырысасың. Артымыздан «молодойлар» келіп ата болмасақта «старшый» болған кез еді. Қостанайлық бір бала екеуміздің берцы, бушлат (складтыңартық кілтін қолға түсірдік) сатып жүргенімізді бір шал застава бастығына «тоқылдап» қойды. Жазаландық. Жазалана жүріп бұның әділ еместігіне іш қайнады. Себебі, шал бізбен алдында істес еді ғой.
Досым екеуміз "Ө" операциясын ойластырдық. Өш алу. Аспазға көмектесіп жүретін «молодойға» дрожь ұрлатып алдық. «Пакмая» деген ашытқы.Естеріңізде бар шығар. Менің есімнен кете қоймас. Екі «пакмаяны қалтаға басып, бір „молодойды“ жанымызға ертіп тарттықСарыжайлауға шалдың үйіне. Үйіне емес дәретханасына. Әлгі ашытқыларды жақсылап сепкіздік. Ұзын ағашпен ара-арасына батыртқыздық. Ағашты шекара сымының ар жағына лақтырып, түк болмағандай заставаға оралдық. Ол жақтың жазы ыстық болады. Екі күн дегенде ауыл шу ете қалды. „ананың дәретханасы тасып жатыр, тесігінен асып жатыр“-деп. Не керек ауылдың жартысын алыпты сасық иіс. Шал байғұс екінші жерден шұңқыр қазып қалдықтарын сонда тасып көмсе, ол жерді де көтеріп кете беріпті. Пакмаяның күші ғой бәрі… Ақыры 40 шақырымнан астам жердегі Жаркенттен „Говносос“ шақыртты…
Әрі қарай

Самай шашым ағарды...

Мынаның жасына жетпей самайы ағарыпты деп ойламаңыздар. Төбе шашыма ақ кіргенін 16 жасымда байқағанмын негізінде…
«Керекинфоға Саммита қашан кіреді екен?»-деген ойдан ағарды самайым… Ал, Саммита, жаз, қопар барлық тақырыпты! Кекет-мұқат, опшым сені оқымағалы көп болды…
Әрі қарай

Бәкі

Баяғы ата-бабаларымыз (баяғы болғанда қазіргі жетпіске жеткендерді де қосуға болады) қонышына кездік, бәкі салып жүретін болған екен. Онысы екіталай күн туса қару, қонаққа барса ет турау үшін. Қазіргідей пышақ күтіп отырмаған.
Әрі қарай

БІздің БМП-лар ескірген...

Блогқұрылтай-2011 де кім болмады десеңізші. Мәжілістің депутаттары да, атағынан ат үркетін ақын ағаларымыз да жүрді. Солардың ішінен көзіме бірден түскені Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлов еді. Бұрындары әскери салада қызмет еткендікі ме ағамызбен шамалы сұхбаттасқан едім. сол сұхбаттан үзінді.

-Біздің әскери техникаларымызға көңіліңіз толады ма?
— Кезінде қыруар қаржы жұмсап алған «Семсер», «Найза» сынды техникаларымыз жарамсыз болып тұрғаны белгілі. Мен өзім соғыс көрген адаммын. Бізге жаңа әскери техникалар керек. Аталған техникалар бір орында тұрып атуға жарамсыз әрине.Терезелері сынып кеткен кездері болды. Машинаның рамасы соққы күшіне есептелінбеген.Ол машиналардың башмақтары болуы керек еді. Ондай жағдайда атқан кездегі күш машинаның рамасына емес башмағына табандарына түсетіні де мәлім. Осылайша бір жерге құрып атып-атып, тағы басқа жерге барып атуға жарамды. Бірақ бізге осы техникаларды игеру керек. Бір техниканың жанында шабылып жүретін ондаған адамдардың санын жаңа техникалар арқылы қысқарта аламыз
Әрі қарай

Алматыға хат

Сәлем болып жетсінші жырларымыз
Бізбен еріп кетті ме ызғарыңыз
Қалына бес Франция сиып кетер
Аман ба Қалдықыздай қыздарыңыз?

Сау жүр ме Патик пенен Қисық ерлер
Аман ба ол жақтағы көз көргендер
Заман алға жылжып жатсадағы
Сендер де Нұркөкемдей өзгермеңдер!
Әрі қарай

Керектің тұрғындарына шолу.

Қисық — ақкөңіл жігіт екен. Бұған дейін оны еш елестете алмағанмын.Құрылтайдан оның ортаға бейімделгіш, көпшіл, қалжыңды қабылдай алатын, досты күте алатын жан екенін біліп қайттым. Қызыл сөздің майын ағызтады.
Патик — бұл кісінің суреттерін көргенбіз. Кездесу арқылы, Керекинфо арқылы танып жүргендіктен қыңыр сөзге шебер шығар деп ойладым. Бірақ, өзін ұстамды ұстайды екен. Сәл сылбырлау сөйлейді десем ренжи қоймас. Екеуара әңгімемізден ұқққаным қулық- сұмдықтан ада жан екен. Құлағының сыртынан күн көрінетін, аузын ашса артынан жол көрінетін жігіт.
Ақзере — Сатыбалдының оған не үшін ғашық екенін ұққандай болдым. ақкөңіл қара қыз.
Айкона — адаммен тіл табыса алады. Өз ісіне жауаптылықпен қарайтын қыз. Жалпы сол жерде жүрген алматылық қыздар мен жігіттердің жауаптылығына әңгімем жоқ!
Салтанат-Сары қыз дәрі қыз. Жан-жағын жандырып жүретін жан секілді.
Қалдықыз — ол жайлы жазып жатудың өзі артық. Бізге белгілі Қалдықыз- сол Қалдықыз. Ашық-жарқын жүрген қалпы. Тек қалын көрсетпеді…
Аршат -админ жайлы не айтуға болады)))) Жақсы жігіт екенін Қарағандыдағы кездесуде -ақ байқағанмын. Жан-жақты терең ойлай алады. Өзімен келіншегін былай қойып баласына дейін тобылды жек көру сезімімен өмір сүріп жүрген жандар)))
Ернұр-Асұлан — Ақтөбенің аңқылдаған жігіті. Сөз жоқ оған.
Омарбрат — брат деуге тұрарлық жан.
Жалғас Ертай — түрлі тақырыпта әңгімелесудің шебері. ЖАқсы жігіт. Тек дауласса тоқтамай қояды екен)))

Әзірге осы. Маған келсек… Блогшылардың арасындағы қызыл қырты мен секілдімін. Екі сөз айтсам үшеуіне күледі. Өзімді арзан КВН-щиктердей сезіндім))))
Әрі қарай