Жарияланымдар

Донгандар жайлы әнек))))

Донған, дүнген, обшым осы бір ұлттың баласы әкесінен сұрапты.
-Әке, біздің ұлт қалай пайда болды?
-Балам, бізде қазақ, өзбек,қырғыз деген тәрізді жеке ұлтпыз. Баяғыда Дон және Ган деген екі тайпа болыпты. екеуі бір-бірімен көрші жатқандықтан
Әрі қарай

Сарымсақ

Кейбір білгіштер чеснокты сарымсақ деп аударып жүр. Сарымсақтың орысшасына бас ауыртпаймын. Тек чесноктың нағыз сарымсақ емес екенін білемін. Жабайы дала сарымсағы дәм жағынан осы чеснокқа келіңкірейді. Бірақ түбінде жалғыз ғана түйнегі бар. Сар далада жапырағы ұзынша келген басында көк шашақ гүлі бар өсімдік көрсеңіз жұлып көріңіз. Түбінен пияз тектес бас бармақ көлеміндей түйнек шықса ол- сарымсақ. Сарымсақ мына ауруға ем, ана ауруға ем деп айтпай-ақ қояйын. Ешқандай ауруымды емдеп жазып алғаным жоқ. Көп нәрсеге ем негізінде.
Әрі қарай

Цирктің түрлері

Цирк те үлкен цирк, кіші цирк болып екіге бөлінеді.
Үлкен цирктер үлкен қалалардың цирк ғимараттарында өнер көрсетсе, кіші цирктер кез-келген қалаға барып көшеде өнер көрсете береді.
Үлкен цирктер көбіне арнайы бағдарламаларымен келеді. «Мұз айдынындағы цирк», «Судағы цирк» дегендей, кіші цирктер аралас бағдарламалармен жүреді, яғни арқанмен жүру, кір тасын көтеру дегендей ғой…
Әрі қарай

Қайсың әңгіме айтып отырған?

Жұма күні сағаттың үлкен тілі 12-ні кіші тілі 5-ті соққанда жұмыстан сытылып кеткен мен автобуста отыр едім. Жанымда бір жолдасым бар. Жол қысқарсын деп әңгімені ұрып келеміз.Студенттік кездер, ауылдың жағдайы, саясат… Расында да біраз жер жүріп тастағанымызды байқамай қалыппыз.Біздің тамаша әңгімемізді кілт тоқтаған автбус және қолына монтировка ұстап ортаға шыққан жүргізушінің сөзі бұзды.
-Қайсың,әй әңгіме айтып жол қысқартып отырған! Кейбір «астановкалар» жоқ болып кетті.План орындауымыз керек, адам аз, айтпаңдар әңгіме!
Әрі қарай

Күнәнің көлемі...

Бұл жазып отырғаным хадис пе, хадис болса сахих па білмеймін. Сондықтан мысал әңгіме деп айта берейін. Сіздердің кейбіріңіз басқаша (дұрысырақ) нұсқасын білулеріңіз де мүмкін.
Бір қария аулада отырып адамдарды бақылап отырады екен. Бір көршісінің үнемі Жаратушыға жалбарынып күнәсін кешуді сұрап отыратынын байқапты. Өтіп бара жатқан басқа көршісінен осының мән-жайын сұрапты. Ол «Бұ кісінің жасаған күнәсі ауыр, сондықтан да осылай кешірім сұрап отырады» деп жауап беріпті. Қария «Сенің күнәң жоқ па?» деп сұрағанда әлгі «Менікі ұсақ -түйек күнәлар ғой» деп жауап береді. Содан екі көршісін қасына шақырып алған қария «Сен екеуің маған өз күнәларың қандай деп есептесеңдер, сондай көлемді тас әкеліңдерші» депті. ана екеуі шамалыдан соң айтылған тастарды әкеледі. Алладан кешірім сұрап отыратын көршісі дәу қара тас әкелсе, екіншісі ұсақ тастарды етегіне салып әкеліпті. Қария:«Енді осы тастарды орындарына қойыңдар»
Сонда ұсақ-тас әкелген көршісі «ақсақал, мен бұл тастарды орындарына қоя алмаймын,қайсын қай жерден алғанымды білмеймін» деп жауап беріпті. Қария: «Балам, сенің ірілі-ұсақты күнәларың да сондай көп. Қайсын қай жерде жасағаныңды білмейсің.Әсілі күнәнің үлкен кішісі болмайды. сондықтан да Алладан кешірім сұраудың артықшылығы жоқ» деп жауап беріпті.
Әрі қарай

Киік ауған жыл...

Бір кездері мына сар далада маңғырған киіктер жайылып жүретін десе бізден кейінгілер сене қоймас. Біздің өзіміз сол киіктердің ауып бара жатқандағы соңғы көшін көрген ұрпақ болармыз бәлкім… Бәлкім олар аумаған шығар, ауып емес, құрып бара жатқан болар сол кездерде… Қайткенмен де адам қолымен жасалған қиянат еді бұл осынау әдемі жаратылыс иелеріне…
Әрі қарай

Жайлауым

Шешетін көңіл байлауын
Жайлауым, ай-хой жайлауым
Шыңғырған құлын желіде
Кете алмай үзіп байлауын.

Өзім мінген тайынан
Алааяқ менің құнаным
Тұр ма екен қазір ат болып
Қайшылап қос құлағын

Бұлдыраған сағымдай
Кішкене жота тауым-ай
Көзіме биік көрінер
Жоңғар Алатауындай

Көзінен шыққан бұлақтың
Тастайтын мені, мас қылып
Суыңнан қашан ішемін
Сайдағы салқын Тасқұдық

Көл жоқ деп мұнда налыман
Тәуба қып өзен барына
Сайдағы салқын Қарасу
Мен үшін Сырдария

Көк майса кілем шабындық
Үстіне ақ боз үй тігіп
Сәукелесін үкілеп,
Түсірcе, шіркін, қалыңдық

Көріппе едің досым-ау
Самалдың шөппен ойнауын
Сағындым қараторғайдың
Таң бозынан сайрауын

Асыр салып беліңде
Келеді менің ойнағым
Қызығың сенің таусылмас
Сағындырған Жайлауым
Ай-хой менің Жайлауым
Әрі қарай

Сондай күндер де болған...

Қазіргі оқушыларда бәрі бар. Қағаз-қаламдарының түр түрі жетерлік. Сонау бір жылдары «ручкалардың» өзі қат болып кеткен. Шарикті стержіндері болушы еді.«Ручкамның пастысы бітіп қалды» деген әңгімелер болатын сол замандарда. Пастының басын тіспен жұлып алып, пастысы біткен досыңа үріп сия құясың. Бензіні біткен мәшинеге бензін бергендей… Отырасың сосын аузыңның маңы көкала сияланып…
Фломастер дегендер де қолға көп тие бермейтін. кеуіп қалған фломастерге одекалон тамызтып алып әрі қарай қолдана беруші едік…
Әрі қарай