Жарияланымдар

Тбаймайттың қатыны...

Төсектен есіней көтерілген Есенқұл ұйқылы-ояу ауын тыр-тыр қаси есікке беттеді. Жаздың соңғы айы болғандықтан ба түн салқындау екен. «Ауылдық жердің бір жаманы дәретхананың сыртта болғаны, бір жақсысы қалаған жеріңе шор еткізе саласың» деп ойлап тұрған Есенқұлдың ойын есіктің сырт ете қалған дыбысы бұзды. Қажетін өтеп тұрған бойда мойнын бұрып есікке қарады.Жел қатты болмаса да айқара ашып кеткен есігі жабылып қалыпты. Шаруасын тындырып болған соң есікті тоқылдатты. Жылы төсекте жатқан әйелі ұйқысынан оянып келем дегенше Есенқұлдың еті құсеттеніп үлгерді.
-Кім бұл?
-Мен Есенқұл?
-???
-Есікті ашып жіберші, қатып қалдым…
-Кімсің? Жеті түнде не істеп жүрсің? Біздің есікті қаққаныңды Есенқұл білсе мені өлтіріп тастар.Болды, қылжақтай бермей үйіңе қайт.
-Тбаймайттың қатыны, есікті аш дейм. Мен Есенқұлмын, сенің байыңмын.
-Ырбаңныңда жөні бар, Есенқұл ұйықтап жатыр.Енді есік қағып мазалар болсаң есікті өзі ашады-деген келіншек сүйретпесін сүйрете басып жатар бөлмеге беттеді. Көрпені ашып енді кіре беріп, қасында байының жоғын аңғарды. Жанұшыра есікке жүгірді.Есікпен қоса көзі жарқ ете қалды.Шапалақпен жағынан тартып жіберіп:
-Тбаймайттың қатыны!-деп тістене сөйлеген байы төсекке беттеп бара жатты.
Әрі қарай

Қансонар

Аппақ далада қарайған екі ноқат көрінеді. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені қаракер ат мініп, қарсақ ішік киіп, қарына сойыл ілген жас жігіт.Кішісі сол жігіттің қара тазысы. Ақ қарды алғаш басқан тазының күшік мінезі әлі басыла қоймаған тәрізді. Біресе жапалақтай жауған қарды қауып, біресе тұмсығын қарға тығып-тығып жіберіп, басын шайқап отыра қалады.
Әрі қарай

Жартылай финал

Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін өтіп жатқан облысаралық боксшылар сайысының жартылай финалында Жамбыл облысы мен Қарағанды облысының боксшылары Қарағандының цирк ғимаратында бақ сынасты.10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасқан былғары қолғап шеберлері өзара мықтыларды анықтасты.
Әрі қарай

Еске түскен мультфилм

Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Әрі қарай

Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай

Астана сапары һәм Сигманы іздеу

Астанада болып қайттым. «Шабыт» фестивалі аясында. Оған кеңінен тоқталып қайтейін, жіберген прозалық шығармаларым жүлделі болмады.Оған бола жасыған мен жоқ. Қазылар құрамына:
-Бұл шығармаларым әлдеқашан тиісті жерлердінен, үлкен адамдардан өз бағасын алып қойған-дедім.
-Ол қандай жер,қандай адамдар?-деп Фариза Оңғарсынова бастаған әділқазылар елең ете қалды.
-Ол «Керекинфо» және керекинфолықтар!-дедім.
Не керек біраз керекші жиналып жаңа сайттың тұсауын кескен күні кезек күттірмес мәселелерге алданып бара алмай қалдым. Ертесіне Аршаттың айтуы бойынша белгіленген жерге ертерек баруға тырыстым. Баратын жеріміз Сигма жатқан қонақ үйден алыс болмағандықтан Аршат қонақ үйдегі бөлмесінің нөмірін берді. Ішімнен «жиырма алтыншы нөмір, жиырма алтыншы нөмір» деп қайталап барған мен, қонақ үйге кіре бере сүрініп нөмір шатыстырып алдым. Бардым да «27» нөмірдің есігін қақтым. Қылжақбастығым ұстап кетіп «Кто там?»деген еркек дауысына «Шампанское заказывали?» деп жауап бердім. Өзімше Сигма брат есікті ашып«Да, заказывал» дейтін шығар деп ойлап тұрм. Ананың есікті ашатын ниеті жоқ.«Заказ бергенім жоқ» дейді. «Заказ бермесең де ашсайшы» деп мен де қоймаймын.Есікті ашты да «Сен біреумен шатыстырдың-ау деймін» деп жаба салды.«Ну, братан! Приколға приколмен жауап беріп қоясың ә!» деп есігін тоқылдатқанның үстіне тоқылдата түстім. Іштегіде үн жоқ. Бір кезде ресепшін келіншек келіп, «Жұртты неге мазалайсыз» деді. Сонда барып өзімнің есік шатыстырғанымды ұғып, келіншектен кешірім сұрап Сигма жатқан нөмірдің есігін тауып алдым. Барсам Сигма братан отырақ жайма жамылған қыз жоқ…
Сөйтіп, келісілген уақытта Аршатта келді, Алдекенмен де реалда танысып бір кәукілдесіп қалдық.
Әрі қарай

Тағдыр сыйы...

Шешесіне баласының бұл түрін көру қиын тиді. Әкесіне тартқан атжақтылау ұлының жағы сәл суалғандай ма, көзінің нұры тайып, иығы қушиып кетіпті. Ұлы жұдырығымен аузын баса жөтеліп, сол қолымен бас киімін умаждай ұстап қарсы алдына отырды. Шешесі көзіне келген жасты көрсетпеуге тырысып жанарын терезеге аударды. Әріректе қара киім киген адамдар алаңға түскен жапырақтарды қараған сыпырғышпен сыпырып жүр.
Әрі қарай