Жарияланымдар

Айбек Қуатбаев: ІТ-мамандары заман талабына сай бейімделуі керек (сұхбат)

IT маманның кеңестері: Айбек Қуатбаев: ІТ-мамандары заман талабына сай бейімделуі керек (сұхбат)
Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы — жас кәсіпкер, «Бүгін Групп» компаниясының бас директоры, ІТ-маманы Айбек Қуатбаев.

— Алғашқы сауалымызды қазақ математиктерінен кімдерді айтар едіңіз деп сұрасақ және бизнеске деген қызығушылығыңыз қай кезден басталды?
— Асқар Жұмаділдаев ағаны исі қазақ біледі. І курста еліміздің жас ғалымы, математик Дөрбетхан Сұраған, жанында Болыс Сәбитбек деген жігіттер болды. Болыс қазір АҚШ-та оқып жатыр, Дөрбетхан Нью-Йоркте оқып келді. Сосын Нұрғиса деген тағы бір жігіт болды. Империал Колледж деген Лондонның атақты университетінде білім алып жатыр. Бұлар математиканың соңына түскен таланттар. Өзім екінші курстың соңына қарай бизнеске қызыға бастадым.
— Студент кезіңізде АҚШ-қа барып қайтыпсыз. Ол жақтан түйгеніңіз қандай?
— Иә, екінші курстан соң Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа барып қайттым. Ол жаққа барған соң, айналама зер сала қарай бастадым. Әлемде қатты байып, кейін кедей болып қалған, кедей болып өмір сүріп жүріп, кенет байып кеткен адамдар және әлеуеті тұрақты адамдар көп. Түсінгенім, адамдар жұмысты ақша үшін істемейді екен. Олар нарықта бар дүниені қалайша одан да жақсы, әдемі, ыңғайлы етіп жасаймын деп бас қатырады. Ақшаға қатты мұқтаж болса, аз пайызбен несие ала салады екен. Зәулім үйде тұрғысы келсе, қолжетімді ипотека рәсімдей салады. Инфляция өте төмен және 1-3% ғана.
— Бұған дейін бірнеше жыл бұрын бизнесімді IPO-ға шығарсам деген сұхбатыңыз шыққан. Қазір ол туралы не айтасыз?
— Иә, «7 күнге» (http://7kun.kz сайты — ред.) 2 жыл бұрын берген сұхбатым болатын. Шыны керек, қазір сайттан алшақ кеттік. Соңғы интернет жобаларымыздың бірі «Егемен Қазақстан» газетінің порталын жаңарту болды. Тұтынушылар өздері бізді іздеп келеді. Өзімізді жарнамалау жағына аса көңіл бөліп жатқанымыз жоқ. Алған бағытымыз қазір hard soft (құралдарды бағдарламалау) саласы. Мәселен, қазір көлік жолдарындағы жылдамдық, stop-сызықтарды анықтайтын бақылау камераларын өндіруші ірі компаниялары Қазақстан, Ресей, Венгрия, Қытайда бар. Камера құны 1 000 000 теңге тұрса, оған бағдарламасын қосып, Қазақстанға шетелдік компаниялар 5 000 000 теңгеге сатады. Біз осы жұмыстарды өз қолымызға алдық. Амал жоқ, корпусын, темір-терсектерін сырттан сатып аламыз. Себебі бізде темір-терсек өндіретін салалық компания жоқ. Өзіміз өндірейік десек, қымбатқа шығады. Негізінен кез келген құрылғыға бағдарламалық жүйе жасауға бейімделдік. Сонымен қатар, банктік жүйелердің бағдарламасын да әзірлей аламыз.
Қазіргі жобаларымыздың қаржылай айналымы 10 000 000 $ болды. Жартысынан көбі темір-терсек сатып алуға және қалғаны бағдарламалық жүйелер әзірлеуге кетеді.
— Бумеранг жобасы дегеніміз не?
— Беспилотник дрон құрастырғымыз келеді. Жұмыс істеу принципі келесідей: дронды ұшырасыз, жіберген жеріңізге барып, қайтып келеді. Ұшу бағытын Яндекс Карта, Google Карта координаталарымен белгілейсіз. Бұл — шекара қызметіне, құрылыс компанияларына, жол салушы компанияларына, ауылшаруашылық саласына қажет құрал. Әзірге дәл қай уақытта істеп бітетініміз белгісіз және келесі жылы халықаралық «Kadex» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктер көрмесіне прототипін көрсетпек ниетіміз бар. Жобаның әрі қарайғы тағдыры белгісіз, бұл — энтузиазммен істеліп жатқан жоба.
— Еліміздің нарығында шетелдік IT-компаниялардың келтіріп жатқан ыңғайсыздықтары бар ма?
— Иә, біздің нарықта шетелдің компаниялары көп. Біз олармен, керісінше, серіктестік орнатып жұмыс істеудеміз. Мысалы, ол компаниялар өздеріне тиесілі жұмысты істеген соң, біздің компанияға тиесілі істерді бізге тапсырады. Сәйкесінше біз істей алатын жұмысты өзіміз істеп, шамамыз жетпегенін оларға береміз. Осылай жұмыс істеу арқылы біз шетелдік компанияларға төтеп бере аламыз және өзімізге пайда әкеле аламыз. Оларды тоқтату өте қиын, себебі елімізде маманданған IT-компаниялар өте аз.
— ІТ-саласының басқа елдерде дамуы қалай?
— ЖІӨ 20% Қазақстанда мұнайға тиесілі болса, Украинада ІТ-саласына тиесілі.
Өткен жолы екі жігітіміз Украинаға барып қайтты. Ол жақта 40 жасқа келген адамдардың өзі IT-саласына бет бұрып жатыр екен. Олардың жері қазба байлыққа толы емес, шикізаттары бізбен салыстырғанда аз. Сондықтан олар үшін табыс табудың қолжетімді және ыңғайлы жолы — IT. Біз комьюнити ұйымдастыруды қолға алудамыз. Украинада комьюнитилер жақсы дамыған. Яғни, білімдері мен тәжірибелерін өзара бөлісу, көмектесу жағы жақсы жолға қойылған. Бір-біріне өте жақсы көмектеседі. Білгенін жасырып қалу, айтпай, көмектеспей қою деген оларда жоқ. Посткеңестік елдердің арасында Украина мен Белоруссияның IT-саласы қарқынды дамуда. Ал Ресейге келер болсақ, олардың ЖІӨ жоғары көрсеткішке ие, мұнай-газ, тау-кен және басқа да ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің сұранысының арқасында жақсы дамып жатыр.
Біздің нарықтағы шетелдік компаниялар бізге кедергі келтіріп жатқан жоқ және нарығымызда әлі игерілмеген, сұранысқа ие табысты бағыттар көп, оларда бәсекелестер аз. Сондықтан әзірге шетелдік компаниялар отандық компаниялардың бәсекеге қабілетті болуын шыңдайды және серіктестік мақсаттағы тәжірибе алмасу арқылы біліктіліктерін арттырады.
— Қазіргі таңда елімізде ІТ-саласын таңдаған жастар көп және көбі өз саласында жұмыс істемейді. Істейтіндердің өзі салыстырмалы түрде шетелдік ІТ-мамандарынан әлдеқайда төмен жалақы алады екен. Себебі неде деп ойлайсыз?
— Иә, өте орынды сұрақ. Еліміздегі ІТ-мамандары бізге көп сияқты көрінгенімен, салыстырмалы түрде жоғарыдағы аталған елдерден саны аз екен. Себебі оларда әрбір бесінші адам ІТ-ға қызығады. Сондықтан олардың ЖІӨ 20% ІТ саласына тиесілі. Біздің мамандар басын бастайды, толығымен тереңдеп игеретіндері аз. Сөйтіп, жұмыс жоқ деп қарап отырады. Мысалы, біздің компанияда жүйелік аналитик, жоба менеджері, аналитик, инженер сияқты ашық 3-4 жұмыс орны бар. Бұл мамандарды 3 айдан бері іздеп жатырмыз. Яғни, жұмыс берушілердің талаптары тереңдеп бара жатыр, ал жұмыс іздеушілердің көбі біліктілігін арттырмай, тоқтап тұр. Менің ойымша, жұмыс іздеушілер қазір қай компанияға қандай мамандықтар жетіспейді, соларды зерттеп, сол бағытты меңгеру керек сияқты. Өздеріңіз білесіздер, қарапайым компьютер ғана жөндеп, бірнеше редакторлық бағдарламамен жұмыс істеп көріп, «программистпін» деп айтатындар бар. Альберт деген таныс ағылшын ІТ-маманының: «ІТ-маман қандай программалау тілін меңгергені маңызды емес. Олар музыкант сияқты, бастысы есту қабілеті жақсы болса, кез келген музыкалық құралда ойнап кете алады екен». Сол сияқты, икемділік керек. Жалпы жас буынға, ІТ-саласына бет бұрып жатқан мамандарға айтарым, нарықта қандай талаптар қойылып жатыр, не нәрсеге сұраныс бар соны жылдам меңгеріп, сұранысқа ие маман болуға болады. Елімізде ІТ-компанияларының саны артып келеді, соған байланысты мамандарға да сұраныс арта түсуде.
— Big Data, әлеуметтік инженерия туралы, жасанды интеллект туралы не айта аласыз?
— Қазіргі таңда жасанды интеллект, Big Data салалары әлемдік драйвер бола алады. Мәселен, кезінде Жібек жолы, қазір мұнай салалары ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетті. Дәл мұнай саласының орнын баспаса да, адамзат өміріне қажетті бір сала болары анық. Big Data күннен-күнге өсіп келе жатыр. Себебі адамдардың ақпарат алмасуы бұған себеп. Жиналған ақпаратты machine learning-ке салып, мәліметті адамзат игілігіне де, адамзатқа қарсы мақсатқа да іске асыруға болады.
— Елімізде ІТ-саласы бойынша қай бағыттар әлі де жетілдіру мен толықтыруларды қажет етеді деп ойлайсыз?
— Біздегі мемлекеттік органдардың өзара құжат, хат алмасу мүмкіндіктері әлі де толық дұрыс жолға қойылмай келеді. Басты себебі, меніңше, реформалардың жиі істеліп, бір үлкен жұмыстың соңына дейін аяқтала алмай қалуы себеп сияқты. Екіншіден, банк саласындағы cyber security жүйелері жақсы дамымаған, әлі де болса олқылықтары бар. Үшіншіден, жасанды интеллект саласы. Осыны көптеген кәсіпкерлер маркетинг саласында пайдаланғысы келеді.
Бізге түркі, ислам елдері арасындағы ІТ-нарықта бәсекеге шығуға болады екен. Сонымен қатар, жақында Катар мемлекетін зерттедік. Ол елдің бір қызығы, Израиль мемлекетімен жұмыс істегісі келмейді. Екіншіден, ол елде жергілікті ІТ-компаниялары өте аз. Үшіншіден, ол елдің билік тарапы жергілікті компанияларына сыртқы нарыққа жұмыс істеуге дұрыс жағдай жасай қоймаған. Көп араб елдерінің ІТ-нарығын үндістандықтар қамтамасыз етеді. Сондықтан біз де ол елдерге өз қызметімізді, өнімдерімізді шығара аламыз деп ойлаймын.
— Сөз барысында Украинаның ЖІӨ 20% ІТ-саласы қамтамасыз етеді дедіңіз. Қалай ойлайсыз, біздің елдегі ІТ-саласы осындай жетістікке жете ала ма?
— Еліміздің экономикасының 5 негізгі драйвер саласы бар. Олар: құрылыс, транспорт, агроөнім, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет түрлері. Қазақстанда ЖІӨ 4%-дан 5%-ға өсті. Шамамен 160 млрд. доллар болса, яғни ол 9 млрд. долларға тең. Қазақстанда ІТ-саласы драйвер болуы қиын, себебі біздің ІТ-компаниялар шетелдерден қаржы әкелулері керек. Өкінішке орай, біздің ІТ-компаниялар сыртқы нарықты қойғанда, ішкі нарықтың өзін қанағаттандыра алмай келеді. Әрине, болашаққа позитивті көзқарастамын, ал қазір ЖІӨ-дегі көрсеткіштің елеулі бөлігі ІТ-саласына тиесілі болады деу қиын.
— Жоғарыда айтқан 5 драйвер салаға ІТ-саласын сүйемелдесек, ІТ-саласының қаржы айналымын қаншалықты жоғарылатуға болады?
— Әрине, бұл жағдайда ІТ-саласының қаржылай үлесі жоғарылай түседі. ІТ-саласы жалпы кез келген жұмысты оңтайландыратын, оны оптимизациялап ыңғайлы әрі жеңілдете түседі. Соның есебінен ЖІӨ өсе алады. Көлік саласына әлі де жаңа технологияны енгізіп, жүргізушілерге барынша ыңғайлы етуге болады. Ауылшаруашылық саласына жаңа технологияны енгізіп, басқаруды оңтайландырып және өнімділікті арттыруға болады. Жеріміз үлкен, оны бақылау, қадағалау, өсімдіктердің дұрыс өсуі бар, оны әрі қарай дамытуы бар, барлығына ІТ-технология қажет. Мысалы, Латвияда Big Data пайдаланатын бір ІТ-жоба бар екен. Олар әртүрлі жерлерге датчиктер орнатып, соның есебінен жер туралы түрлі мәлімет жинайды. Қай жер құнарлы, климаттық ақпарат, қай жерге қандай өсімдік өсіру қолайлы сияқты мәліметті фермерлерге сатады. Ондай мәліметті сатып алған фермерлер мол пайдаға кенеледі. Міне, осындай өнім істеуімізге болады. Кең жеріміздің егістік картасын істесек, қай өңірге не егу тиімді екені туралы мәлімет алуға болады, кәсіп істегісі келген адамдарға бағыт, еліміздің қазынасына кіріс әкелуге болады. Сөйтіп, 5 драйвер саланың жұмысын алға жылжытып, сыртқы нарыққа шығып ЖІӨ көтеруге болады.
— Еліміздің ІТ-мамандары шетелдік ІТ-компанияларда жұмыс істеуге қаншалықты лайық деңгейде?
— Қазақстаннан шетелге жұмыс істеуге кетіп жатқан мықты ІТ-мамандар бар. Бұған әлі де кінәлі біздің ІТ-компанияларымыз деп ойлаймын. Олармен әлі де мықты жобалар істеп шығаруға болар еді. Герман Грефше айтқанда, «миды экспорттап» жатырмыз. Әлемдік математика, физика, информатика пәндерінен олимпиада, ғылыми жобалар бойынша мектеп оқушыларымыз ТОП-30-ға кіреді. Бұл — үлкен жетістік. Яғни, елімізде ІТ-жүйесі дұрыс құрылмаған. Бұған мүмкін уақыт керек, мүмкін мемлекет тарапынан қолдау керек. Елімізден әлемге әйгілі бір компания шығатын болса, шетелдегі мамандарымыз қайтып келеді деп ойлаймын. Әлемнің 10 мықты Google, Microsoft, Amazon сияқты т.б. ІТ-компанияларын алып қарасақ, барлығында қазақ жігіттері жұмыс істейді. Бұл біздің мамандарымыз шетелдік үздік мамандармен бірігіп, бір деңгейде жұмыс істей алатындығын дәлелдейді.
— Сұхбатыңыз үшін алғыс білдіремін. Ісіңізге сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан — Нұржол Табиғат

Қазақстан-ZAMAN газеті, №45 (1174), 9-қараша

http://kazakhstanzaman.kz/new/2017/11/09/айбек-қуатбаев-іт-мамандары-заман-тал/
Әрі қарай

Отбасылық бюджет туралы

Кіріс пен шығын алдын ала жоспарлы түрде жасалып отырудың маңызы зор. Кіріс пен шығын үнемі тіркеліп отыруы қажет. Ол қаражатты бақылауда ұстауға, отбасылық бюджетке қатысты проблеманы болдырмауға, берекенің болуына және отбасы жағдайының жақсаруына мол әсер етеді.

Блог - AL-ASTER: Отбасылық бюджет туралы
Әрі қарай

Блогерлер күні

Құрметті блогерлер! Мереке құтты болсын!!!

BlogCamp: Блогерлер күні
Сіз білесіз бе? Blog сөзі 3108 деген сандарға ұқсас екен. Сондықтан, блог (блогерлер) күні 8 айдың 31 күніне белгіленген екен.

Ұсыныс:
1. Өзіңіз жақсы көретін 5 блогерді атап өтіңіз;
2. Өзіңіз жақсы көрген, осы жылдағы 5 үздік жазбаны атап өтіңіз;
3. Блогер күніне орай, 1 жазба жариялау қиын деп есепетемесіңз, 1 жазба жариялаңыз!
4. Өзіңіз үшін үздік 5 блогплатформа;
5. Жоғарыдағы пункттерге #blgoday2014, #блогкүні2014 хэштегтерін қосуды ұмытпаңыз. Іске сәт!
Әрі қарай

Сайт жасау туралы кеңес

Сайт жасамас бұрын, олардың түрлерін тізіп шығайық:
1. Сайт-визитка;
4-5 парақтан тұратын қарапайым сайт.
Компания туралы, көрсететін қызметі, өнімдер каталогы, прайс, контакт ақпараты туралы парақтары бар. Тексттік, графикалық, видео мәліметтерден құрылуы мүмкін.
Әдетте, дерек базасымен байланыспайды.
Мысалы, uart.kz полиграфияның визиткалық сайты.
2. Корпоративтік-ақпараттық сайт;
Бұл сайт интранет түрінде кездеседі. Интранет — мекеме ішіндегі желілік байланыс арқылы ғана ашылатын сайт. Мәселен, компания ішінде, оқу орындарында студенттер тапсырма алу үшін, құжат алмасу, есеп, аналитика жүргізу, бағалау, өзара байланысу, тест тапсыру үшін, тапсырмаларын электронды түрде орындау және басқа да операцияларды орындау мақсатында қолданылатын сайт.
Әрі қарай

Мен қалай рухани бітіріп, адамдардан сауал(п?) алдым?

Обшым, пост жазу қысқарған екен. Фейсбук пен твиттер әсер еткен ғой.
Farabi
вк-га кош келд1н!!!
15.06.13

Nurzhol
қош көрдік, амиго
15.06.13
кезекті социальная сеть ауруы болып жабысты

Farabi
вхахаахахх

Посттың басы, Вконтактенің көк парағы:

Әрі қарай

Домбыра Party: Алматы және Шымкент (16.04.2013)

Сәлем, достар! Астаналық «керекшілердің» бастауымен өтіп жатқан Домбыра Party Қазақстанның түкпір-түкпірінде болуы заңдылық.  

Сөзді созбай, фейсбуктағы жазбаларды осындай салайын:

Nurzhol Tabigat:
Алматылық ағайын. Сейсенбі (16.04.2013) күні кешкі 19:00 Dombira Party-ға шақырамыз. Арамызда John Pannello. Қазақтың күйін, қара өлеңін сағынып жүргендер де бар болар. Ендеше, Республика Алаңындағы монументтың жанына жиналамыз.

Құрметпен,
Нұржол Табиғат

— Sadyk Sherimbek:
Хұрмәтлі ханымла вә әпәнділә  Астанадан башланған Домбыра чалмақ адатын бүгүн ла Чырайлық шәһәріміз Шымкенттә дауамлаштырмақ ниәтіміз вардыр ыхыххы, ойбай не деп кеттік, ұйғыр ағайындар шок боп қалған шығар
Иә, ощм, құрметті ағайын, Елордамыздан бастау алған осы бір дәстүрлі DOMBYRA PARTY шараcын Шырайлы қаламыз Шымкентте өткізсек деген ақ ниетіміз бар еді. Сондықтан, осы жердегі біраз, ақылы асқан, мерейі тасқан бауырларымызбен мәжіліс жасай келе ертең, яғни, Сейсенбі|Сешанбә|Вторник|Salı|星期二|Selasa|Jumanne 16.04.2013 күні сағат кешкі 20:00-де «Ордабасы» алаңының жоғарғы жағындағы «Тәуелсіздік» саябағында Шымкент қаласының үстінееен қараааап отырып, сұлу панорамадан ләззат алып өткізуді жөн көріп отырмыз. Домбыра тартатындар домбырасымен, ал жай ғана тартатындар былай келе беріңіздер  Тәуелсіздік саябағының қақ төрінде тұратын әр ұлттың суреттері бар шеңбер кейпіндегі монументтің алдында боламыз  Баршаңызды сонда күтеміз

Фейсбуктағы Домбыра Party парағы: www.facebook.com/groups/319847841473949/

Астанадағы домбыра тартудан көрініс:

Әрі қарай

Latin alippesi [qazaqsha]

Латын әліпбиі – халықаралық тіл құралы болған ағылшын тілі сияқты, халықаралық әріп құралының рөлін атқаруда. Дамыған және дамушы мемлекеттер, даму стратегияларының түгелін ақпараттық технология арқылы жүзеге асыруды жоспарлап, сол үрдіспен даму үстінде. Технология мен адамды байланыстыратын негізгі сигнал – визуалды элементтер. Ол әлбетте алдымен: әріп, сөз, сөйлем. Осы орайда, латын қарпі туралы сөз қозғасақ. Жалпы, латын әліпбиінің бүгінде Unicode халықаралық стандарттау жүйесімен бекітілген 16 нұсқасы бар. Әр нұсқа тиісті өңірлер ерекшелігі бойынша қолданысқа енген. Түгелі базалық ASCII стандартының негізінде құрылып, қосымша толықтырулар арқылы дамып, жаңа атау, нұсқалары қосылып отырды. Ең бірінші latin1 стандартына, нақты ISO/IEC 8859-1 стандарты жатады. Қолдану аясы негізінен – АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері аумағы. Ақпараттық технология күншығыс және күнбатыс елдерінде қарқынды жүріп жатқандықтан, стандарт, ережелерді осы мемлекеттер енгізіп, жаңартып отырады. Ол заңдылық. Әлбетте, қазақ тілінің латын қарпі, жоғарыда аталған стандарт негізінде жасалғанын, көпшілік ІТ, физмат, техника ғылымдарының мамандары бірауыздан қолдар еді деген тұжырым бар.
Себептеріне тоқталатын болсақ: бірінші, құрылғы интерфейсінің локалды әріптермен бейнеленуі. Дүниежүзілік географиялық картаны алып қарасаңыз, кириллицаны пайдаланатын елдер саны саусақпен санарлық қана, сонымен қатар ескерілген мемлекеттердің ақпараттық технология саласы даму қарқыны төмен. Сол себепті, олар тек «тұтынушы» елдер қатарына жатады. Реформаға салынатын қазақ тілінің әліпбиі, латыншаға аударылатыны қуантарлық қадам. Техниканың дамуы бастау алған АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттерінің әліпби стандартын негізге алса, нұр үстіне нұр болар еді. Оның пайдалы тұстарының бірқатарына назар аударсақ:
1. Ірі компьютерлік бағдарлама өндіруші компаниялар қолмен жазылған жазуларды танып, оны компьютерлік қаріпке аударатын; дауыстық сигналды түрлендіретін, адам санасынан шығатын толқындарды түрлендіріп, компьютерлік ақпаратқа айналдыруға қабілеті жететін «ақылды» бағдарламаларға қазақ тілін интеграциялауға пайдасы тиер еді.
2. Аударма, транслитератор саласына пайдасы тиер еді ақпараттық техникалық параметр бойынша;
3. Арнайы консолдық команда қабылдайтын арнайы салалық бағдарлама, операциялық жүелермен локалды тілдің өзара сәйкес жұмыс жасай алуына; әскери, қауіпсіздік, өндірістік күрделі аппараттарға кодировкалық кедергісіз локализация жасауға;
4. Қазақ тіліне қажет қаріптер саны өте аз. Осы тұрғыдан, саны да көп сапасы да жоғары, құрылғы мен заман талабына сәйкес қазақша фонттарға автоматты түрде кол жеткізе аламыз.
5. Базалық (ASCII) стандартынан неғұрлым алыстаған сайын, ақпараттың жадтан алатын орын салмағы кодталу тобына байланысты соғұрлым ауырлай түседі. Халықаралық алпауыт техника, құрылғылар, бағдарламалар, сайттар және т.б. ІТ саласындағы қызмет түрлері ондай тілдік кодировкадан бас тарту ықтималдығы бар, нәтижесінде әріптердің көрінбей қалу проблемасы туындап, қосымша оны шешудің жолдары талап етіледі. Әрқашан тілдік проблемаға таңба болып қалыптасады.
Латын тілін қабылдаған Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің латын әліпбиінің технологиямен интеграциялаудағы проблемалары, қазақ тілінде туындамауы үшін, ISO/IEC 8859-1 АҚШ, Батыс Еуропа аумағына арналған стандарт қарастырылуы ұсынылады.
Әрі қарай

Өлген яки тірілген сала

Рас, алғашында мені жұрт программист дейтін. Жұрт дегені, тамыр-таныс, көз көріп қол ұстасып амандасқан шағын орта ғана деп мақтан етіп жариялаудан басқа вариант жоқ. Мектепте пайнтпен үйшік салғанға мәз болған кездер де жоқ емес. Себебі, аспаннан түскен жоқпыз ғой. Алғаш көк экранды қызықсыз программаның көмегімен төртбұрыштың ауданын есептеп шығаратын программа жазып шығарып, кәдімгідей ғылымға бас сұғып жемісін көріп отырған адамша нәтижесіне масаттана іштей қуанатын кездер, фотошоппен монтаждаулар (яки өзіңнің жеке суретіңді кистпен батпитып бояп, болмаса фифтисенттің басын кесіп, орнына контрасты сәйкеспейтін сапасыз суреттен қиып алған сопақша басты орналастырып, мәмбеттік шедебір әзірлеп, мирге қоятын кездер ше). Жоқ, оны да білмейтіндер «Уау! Хакер!» дегенде, көзді жұмыңқырай төмен қаратып қалатын кездер таныс па? Әрине. Тек бқл жерде әділдік еместігін де мойындау керек. Пиннекл мен мовие мейкер қалып кетпесін. Әйтсе де, программист деген мамандық бүгін жойылып барады. Бұл заңдылық. Резюмеңізде "Қосымша жетістігім — ағылшын тілін білемін" деген сияқты, белгілі бір (майкрософт Офис, Адоб, Автодеск т.с.с) программаларда жұмыс жасай алатыныңыз бүгінде қарапайым қосымша «білімге» ғана айналып шыға келді.

Компьютері НТЛДР ис миссинг! деген қате шығарды ма, дереу алып НТЛДР файлын жүктеуші дискке Виндовс папкасының жанына көшіре сал, кетті әрі қарай жұмысын жалғастырып. Мұндайда, көлігінің дөңгелегі жарылған адам да өзі дөңгелегін ауыстырып алмай ма, сол сияқты жағдай. Қысқы маусым келе жатыр, көлігіме қандай диаметрлі қай сападағы қай брендтің дөңгелегін аламын деген сияқты, видеокартасын жаңартқысы келген адам да осындай параметрлерге сүйеніп қажет тауарын өзі таңдай алатын күндер жетіп қалыпты.

Дизайнер өз тәрелкесінде: дизайнын әзірлеп, оны өзінің "қосымша білімі" арқылы бір бағдарлама арқылы компьютер көмегімен жұртқа демонстрациялап жатыр; Суретші өзінің суретін салып, оларды орналастырған күйі компьютерлік программаға салып, «косымша білімінің» көмегімен шағын скрипт жазып, сызғанына жан бітіріп анимация әзірлеуде. Физик амиго да қарап қалмай, белгілі бір мақсатты орындауға арналған оқушыларының лабораториялық жұмыстарын жеңілдету және озық техника көмегімен түсіндіру үшін, Си тілімен өзінің мыжық дәптеріндегі сызбаларын программалап, тәуір программа жазып шықты. Ал кіреберістегі бұғалтыр тәте, 1с-тің айлық кварталдық есептеу жұмысын жеңілдету үшін, жеке конфигурация программалап шығыпты. 1с программистке жалынбайды, себебі екеуінің де қолданып отырғандары бір программа, ал кварталдық есепті программисттен гөрі, есептік мамндығы бар бұғалтыр формулаларды жақсы түсінеді, керегі тек: бағдарламалау тілі: процедуралар мен функциялардың сипатталуы. Оны өз қажеті үшін меңгеріп алған. Программисттің ендігі қажеті жоқ. Ол ол ма, сырттағы дүңгіршектегі етікші де, әр келген аяқ киімнің параметрлері бойынша төлемін автоматтандыратын терминалға программа жазып шығыпты.

Сексенінші жылдары «ақ халат» киіп, абайлап кіріңдер, «компьютерге вирус жұқтырасыңдар» деген әңгімелер 360 градусыңыз бірнеше рет айналып, бесіктен белі енді ғана шығып жатқан бала өзіне логин ашып алып, гуглдан сүйікті персонаждарының өнерін тамашалап отырса, ол ешқандай да программитс деген сөз емес, қарапайым қолданушы. Ал оның компьютерді жетік меңгеруі, кім болса да тек заман талабына ілесуші адам ретінде қабылдауға болады.

Қап. Қайда сол программисттер? Олар — түгел халық. Әр маман классикалық бағдарламалаудың негізінен хабардар болып жатса, кешегі «ағылшын тілінен хабары бар» модерн маман иесі, бүгінде және бір қосымша білімді қажет етуі айқын білінуде.

Сонымен қатар, программалаудың майын тамызатын нағыз программисттер де өте қажет! асылы, ондай мамн иелері тек бір ғана саламен айналысады. Сайт жасаушы мамандардың қарапайыи құрамымен танысайық: Жоба жетекшісі, дизайнер, кодер, үйлестіруші css маманы, сео мамн, контент менеджер, дайын жобаны басқарушылар тобы т.с.с.
Әрі қарай

Қазақша пернетақта

Пернетақта (клавиатура) ұғымы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қалыптаса бастағаны белгілі. Жазба мәшинелеріндегі батырмалар орналасу реті, әліпбилік қатар бойынша орналасқан. Кейін бұл орналасу комбинациялары психологиялық талапқа байланысты, өзгертулерге ұшыраған көрінеді. Себебі, сөздерде көп кездесетін әріптер шетте қалып, көп қолданбайтын әріптер саусаққа оңай жететін орында тұруы қисынға келмейді.
Әрі қарай

Ядролық қару (мазмұнын айту очм)

Мектепте жүргенде, физикадан қашып жүріп, қос протон мен нейтрон амиголарды ренжітіп алған жай бар екен. Очм, пәннен гөрі, мына постты оқып алып, осы қару туралы базалық мыңқ етерлік бірдеңе оқып көрген бар, мектепте әңгімені мазмұндап беру деген дағды және бар, пікір ұзақтау болған соң постқа салжіверуден басқа вариант болмай қалды. Кіріспесініссс дегеннен басқа айтар жоқ.

Түймедейден түйедей энергия алу, адамзаттың ертеден бергі арманы. Қарапайым су электр станциясында энергия өндіру қалай іске асады? Су жоғарыдан құлап, энергия далаға кетеді. Осыны адамзат пайдасына жарату үшін, вентилятордың құлақшаларын су құлауына икемдеп, судың астына қояды. Нәтижесінде, ол вентилятор айналып, ортаснда орналасқан моторчикке энергия жүгіреді, генератор ол энергияны токка айналдырып, конденсатор оны жинайды. (кішкентай балалар микросхемада орналасқан конденсаторды «фляг» деп атайтын көрінеді).
Осы ток өндіру моделіне ұқсас басқа да тәсілдері бар. Бүгінде жер шары электромагниттік өрісі арқылы, жел, күн энергиясын пайдалану түрлері бар. Кибернетика сияқты ғылымдар даму үстінде. Қысқасы, энергия өндіру кезінде, адам шығындаған энергиясын толық немесе артығымен өндіріп алу жолын таба алмай келеді. Қарапайым мысал: адам құдықтан су тартып алады, тартып аоынған су тек бұлшық еттен жұмсалған энергияның нәтижесінде су алынды делік. Ал қалған асқазан, қан айналым, денеден шығып жатқан жылу далаға кеткен энергия. Адам өзі күрделі механизм. Сол сияқты, бір міндетті шешетін құрылғылар да кұрделі құрылымнан тұрады.

Уранды жер астынан тас күйінде қазып алады. Алтынға шақ бағалы металл. Кейін өңдеп, тазалап таза уран алады. Қазақ даласы уранға бай: Арқадан Жамбылға, Ақтаудан Арқаға дейін жер асты уранға бай.

Өздеріңіз білесіздер, кез келген зат атомнан құралады. Атом өз кезегінде протон, нейтрон, оны шыр көбелек айналып күзетіп жүретін электроннан тұрады.

Мысалы шаңды білесіз. Сол бір дана шаңның құрамында, бірнеше миллион (миллиардқа жуық) атом жүреді.

Атомдық энергетиканы пайдалану, өткен ғасырдың шамамен елуінші жылдарынан бастап кеңінен пайдаға аса бастады. Сол жылдары АҚШ, Германия, КСРО сияқты державалардың физик ғалымдар жарыса атомдық энергетиканы дамыту жолдарын қарастырған болатын. Әрине. Осы құбылысқа негізгі себеп, уран элементі болды. Нақтырақ, жер бетіндегі энергияның шамамен 98 пайызы, уран 238, оның 90 пайыын байыту арқылы уран 235 алады. Атомдық жарылыстарға у235 қолданады, оның қоры өте аз.

Іске асу барысы: реакция барысыда нейтрон басқа атомдарға соғылып кете береді, әр соғылған сайын орта есеппен жаңа 2,5 нейтрон пайда болады.

Осындай бір капсула уран өнімі үздіксіз бір бірімен байланысқан реакциядан үлкен жарылыс тудырып, қуаты шамамен 40 вагон көмірге тең энергия береді.

Энергия станцияларында, уранды реакцияға жіберіп, су қайнатады. Су шамамен бірнеше жүз градусқа қайнап, бу пайда болады. Оның көмегімен жоғарыдағы «вентиляторларды» айналдырып, генератор көмегімен энергияны токқа айналдырып, адамзат пайдасына жаратады.

Тек, пайдаланған капсула қабықтары, уран реакцияға түскен аумақ пен ондағы заттар т.гел кейін радиоактивті сәуллі объектке айналады. Ол тірі ағзалардың мутацияға ұшырауына себеп болады.

Радиоактивті сәулелер, атом жарылысы болмаса да адам өмірінде кездесе береді, қарапайым мысал: күн сәулесі радиоактивті сәуле болып саналады. Яғни, р. сәуле өз нормасы болады, нормадағы сәуле адам денсаулығына пайдалы. Осы сәулемен емдейтін курорттар да бар.

Тек, әр нәрсе шамадан асса, зиянын тигізеді екен. Осылайша, атомдың энергетика саласы алға сенсацияланып ашылған уақытта, адамдар көп үміт артты. Страгтегиялық жоспар жасап, әлемді жұмаққа айналдырғысы келген. Тек, оның зардабы белгілі болғанға дейін, қаншама сынақтар жасалып тастаған болатын. Бүгінде, бұл сала аса қауіпті әрі тыйым салынған сала.
Әрі қарай