О дүниеге саяхат

Түсімде өліп қалыппын демекші… Ондай түстерді мен де жиі көрем. Бірақ өткендегі түсім тіптен қызық болды. Өлмеппін, бірақ о дүниеге экскурсиялық сапар шегіппін. Яғни, кейін қарай, бұл дүниеге қайтып келетініме сенімді боп жүрдім. О дүниенің кереметін суреттемей-ақ қояйын, бір сөзбен айтқанда, болашақты сипаттайтын фантастикалық фильмдердің көрінісін көрдім десем болатын шығар. «Дәу де болса, жұмақ-ау» деп ойладым. Қызығы ол емес, о дүниеде жүрген бір кісінің маған айтқан сөзі. «Шын өмір өлгеннен кейін басталады деген құр сөз», — деді ол: «Нағыз қайнаған өмір — сен келген жақта. Себебі жалғанның қысқа екенін біле тұра, сен алдыңа мақсат қоясың, оған жету үшін жанталасасың. Биікке көтерілем десең, жетістікке жетем десең, әрекетіңді тірі жүргенде жасап қал. Ал біз мұнда еш мақсатсыз жүрміз. Бізге ештеңе де керек емес...»
"Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді..."
деген «Жігіттер» квартетінің пәлсапасын жайына қалдырып, пойызға отырып (кәдімгі қарапайым пойыз), өз дүниеме қайтып келдім)))

 Тотының "Іздеп келген бала арман" жазбасын оқып, өзімнің армандарым есіме түсіп кетті… Солардың ішіндегі ең тәттісі — қаламгер болу еді. Республикалық "Ұлан" газеті, «Ақжелкен» журналдарына өлең, мақалаларымды үздіксіз жіберіп тұратынмын. Бірсыпырасы жарияланды да. Бірақ "Ұланның жас тілшісі" деген куәлікке қолым жетпей-ақ кетті. Мектептің соңғы жылдарында жазуды мүлдем қойып кеттім. Мамандық таңдау барысында ойлана келе ортақол журналист болғанша, ортақол технарь болсам, елге пайдам көбірек тиер деген желеумен «Есептеу техникасы» мамандығына оқуға түстім. Әлі де сол мамандығым бойынша оқуды жалғастырудамын.