Жарияланымдар

Келеді кездескім (МузАрт&Меломен)

сөзі: Қалқаман Сарин
әні: Арман Бексұлтан




Көңілсіз күндермен қоңыр күз жеткенде,
Қолыңа гүл берген, "қош" дедім көктемге.
Сен оны сезбедің, сен оны білмедің,
Сен әлде өзгені сағынып жүр ме едің?

Қайырмасы:
Сүйгенін сезбес кім?
Сынына төзбес кім?
Сыр айтып сен жайлы,
Мұңайтты кербез түн…
Жұбаныш болмайды,
Жаныма өзге ешкім.
Келеді кездескім…
Әрі қарай

Сол бір сезім (кажытся) Ғаділбек пен Индира

Бағынба, жүрегім, бағынба,
Мазасыз түндерім, басталды тағы да, оу, тағы да.
Мен сені ұмытқам бұрында,
Көрмеймін азабын, түспеймін торыңа, оу, торыңа…

Қайырмасы:
Сол бір сезім қайта келмес,
Мүмкін емес, мүмкін емес.
Мәңгілікке қалатын елес…
Әрі қарай

Керекинфо тұрғындары. 1-серия. Сатыбалды ва Бальзаминка: "Асар"

Блогкэмпте аузым қышып «Керекинфо тұрғындары» атты көпсериялы авторлық комикс жасауға уәде беріп қойып ем. Соны ептеп бастамақпын. Қабыл алыңыздар, алғашқы кейіпкерлер: Сатыбалды мен Бальзаминка.


Әрі қарай

Ұмыттың ба? (Б.Жамбозов)

1.Бал-бұл жанып жүздеріміз,
Жан емес пе ек, біздер егіз?
Жастық шақтың еншісіндей,
Жатыр сайрап іздеріміз.

Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа,
Жас іркілді жанарыма,
Тағдыр бізді жақындатпай,
Алыстатып барады ма?
Әрі қарай

Махаббат арман (Бақытжан Мұстафаев)

Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Әрі қарай

Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…
Әрі қарай

Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?
Әрі қарай