Өзім көрген USB-модемдер: Шолу

Алғаш рет «андай»… ну енді кеңселік трафикті санамайтын Интернетке алғаш рет осы USB-модем көмегімен қол жеткізген болатынмын. Асхат «aka Urimtal» Еркімбай ағай берген құрылғының көмегімен көзім ашылған-ды. Айтпақшы, әлі жатыр үйде:)
Әрі қарай

Журналистің ұялы байланыс қызметі

Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: Журналистің ұялы байланыс қызметі

Байқамай телефоныңды үйде тастап кетсең, жаныңды бірге тастап кеткендей болатын заманда ұялы байланыстың сіз бен біздің өмірімізде қандай үлкен рөл атқаратынын ашып жаза бастасам, сәлден кейін сізді есінетіп-құшынатып, ұйықтатып аламын ба деп қорқамын. Сондықтан, жай ғана жазбаның журналистер өміріндегі ұялы байланыстың қандай маңызға ие екені, олардың қай оператор қызметін пайдаланатыны туралы екенін айта салайын.
Әрі қарай

Терминал vs Beeline соғысы



2008 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін «Beeline Қазақстан» үстеме ақыны ақырын-ақырын жылына 1-2 есеге азайтып отырды. 2013 жылғы мамыр айында компания кезекті рет әріптестеріне үстеме ақының төмендегенін хабарлап, өзара ынтымақтастыққа тиімді ұсыныстардың жаңа қырларын ұсынды. Бірақ, бұл бастама кейбір төлем терминалдарының иелерінің-кәсіпкерлердің тарапынан елеулі түрде қарсылыққа ұшырады. Олар ұялы байланыс операторының беделін түсіру науқанды бастап, өндірісті өзгертуге кірісті және Beeline абоненттерін басқа ұялы байланыс операторларына ауысуға үндейтін жапсырмаларды таратуға әрекеттенді.

Терминал бизнесі 2006 жылы жаңа бастау алған кезде «Beeline Қазақстан» терминал желісін белсене қолдаған және осы бағытта агенттік үстеме ақыны төлеу арқылы қаржыландыру көрсеткен жалғыз телекоммуникациялық оператор болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде бұл бизнес қарқынды дамып, өз аяғына нық тұрып кетті.
Бүгінгі таңда, барлық жерде орнатылған терминалдардың көмегімен әртүрлі салада көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге болады. Әрбір іске асырылған операция үшін төлем терминалдары абоненттерден төлем сомасынан 12% дейінгі деңгейде өтем ақы ұстап қалады. Айта кетер бір жайт, қазіргі кезде Қазақстанда 18 мың терминал жұмыс істейді, бір алаңқайда бірнеше терминалдың орналасуы да жиі кездесіп тұратын жағдай.
Әрі қарай

Galaxy Y, Beeline "Free Style" тарифімен! Аз ақшаға жақсы смартфон!

Сәлем Керекинфо қолданушылары! Қаладағы Билбордтардан Galaxy Y және Beeline «Free Style» тарифін байқаған шығарсыңдар? Жақында yvi.kz сайтында 3 Өз еркімен осы смартфонды және бойланыс операторының Free Style тарифімен біріккен акциясын 1 ай бойы тест жасау туралы пост шыққан болатын! Сол 3 ерікті адамдардың қатарына мен де ілініп кеттім. Басында наурыз айының басында беру керек болатын, бірақ кейбір жағдайларға байланысты 1 айға кешірек берілді. Соңында толық сәуір айы сынайтын болдық. Бізге бұл смартфон және Байланыс операторын әйгілі 3 блоггер берді! Оларды атап өтетін болсақ, Кайрат Нурмугамбетов(Beeline Pr manager), Инесса Шлапак(Samsung) және Байрам Азизов(Beeline). Олармен танысудың өзі үлкен қуаныш болды! Алған күні, бірден, твит жаздым! Титтерде мені оқысаңдар байқаған боларсыңдар. Егер оқығыларыңыз келсе мен твиттердемін!

Ал енді әрі қарай әдеттегідей фотолармен көрсетейін!

Әрі қарай

«Beeline»: тегін емес, техникалық ақаулар



Таныстарым таң атқалы «Beeline бүгін желі ішінде тегін сөйлестіріп жатыр екен, қанша сөйлессек те ақша кетіп жатқан жоқ» деп бір-біріне хабарласып, мәз-мәйрам болып жатты. Егер әлдебір акция болса, алдын-ала хабарланар еді, мұнда бір гәп бар-ау деген ой келді бізідң бейбақ басымызға.
Әрі қарай