SMM-шінің негізгі міндеттері

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері

Қазір сұранысқа ие мамандықтардың бірі — SMM менеджері. SMM бәріне керек, бірақ оның міндеттерін, SMM-шіге қойылатын талаптарды білеміз бе? Жұрт неге арзан SMM іздейді? Жұмыс нәтижесін қалай анықтайды? Кімдер SMM жүргізе алады? SMM деген тек әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, сілтеме бөлісу ме? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

SMM (Social Media Marketing) — Әлеуметтік желілердегі маркетинг. Яғни, желі қолданушыларын өз сайтыңа, жарнамалаушы өніміне тарту.

Жұмыс әлеуметтік желіде болғандықтан SMM маманы әр желінің мүмкіндіктері мен функционалын жақсы білуі тиіс. Аккаунт ашу, топ құру, парақша бастау, іс-шаралар ұйымдастыру — бұл жұмыстың басы ғана. SMM-ші лайк санын көбейтуді, дұрыс жарнамалауды, желіде жарнама алаңдарын сатып алуды білуі керек. Толығырақ міндеттеріне тоқталайық.

Стратегия
  • негізгі аудиторияны анықтау (жасы, жынысы, география және т.б санаттар бойынша)
  • оларды немен қызықтыруға болатынын білу
  • аудиторияның шоғырланған жерлерін анықтау
  • жұмыс жоспарын құру
  • күтілетін нәтижені болжау
  • жұмыс бойынша жаңа ұсыныстар дайындап отыру

Маркетинг
  • дұрыс имидж қалыптастыру (шыншыл ақпарат, модерация, боқтық сөздерді өшіру, сыпайы диалог)
  • желіде таргетинг арқылы жарнама жасау
  • жарнама шығындарын сараптау және болжау
  • конкурстар, ойындар өткізу
  • іс-шаралардың анонсын жасау және күнтізбелі парақшасын құру
  • аймақтық топтармен жұмыс істеу (жергілікті танымал топтармен байланыс құру)
  • лентада жоғары шығудың механизмдерін білу
  • әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін және қызметтерін қолдана алу

Диалог
  • жағымсыз қолданушыларды қара тізімге кіргізу
  • жанжал туғызатын пікірлерді және боқтық сөздерді өшіру
  • әңгімені дұрыс бағытқа бұру
  • қолданушыларды пікірталасты өрбітуге итермелеу
  • барлық сұрақтарға және хаттарға жауап беру
  • қолданушыларды басқа адамдарды шақыруларына түрткі болу, оларды сондай дәрежеге жеткізе алу
  • негатив пікірлерге және сұрақтарға сыпайы жауап беру

Постинг
  • сілтемелерді қолданушыларды қызықтыра алатындай тақырып және мәтінмен шығару
  • постқа дұрыс сурет таңдай білу
  • сауатты жазу
  • контентті әр желінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі етіп дайындау
  • жариялау уақытын дұрыс таңдау
  • постинг жиілігін реттеу

Шығармашылық
  • логотипті дұрыс фонда, дұрыс түстермен, дұрыс көлемде орналастыру
  • парақшаларда мұқаба суретін дұрыс таңдау
  • фон суретін дұрыс таңдау
  • промо-роликтер сценарийіне қатысу

Мониторинг
  • желі мониторингін жасайтын қызметтерді қолдана алу
  • статистиканы бақылау және нәтижелерін сараптау
  • жағымсыз пікір көздерін табу
  • өз жұмысын және бәсекелестердің SMM-ін сараптап, салыстыра алу
  • сауалнамалар және зерттеулер жүргізу

Менеджмент
  • қолданушыға ақпаратты дұрыс жеткізе алу
  • келіссөздер жүргізу
  • кей нәрселерді орындаушыларды табу және жұмыстарын қадағалау
  • провакацияларға берілмеу, ұстамды болу
  • жобаны басқару

Байқағаныңыздай SMM жүргізу оңай нәрсе емес. Сәйкесінше ақысы да жақсы болуы тиіс. Өйткені ол — әлеуметтік желідегі басты жарнама менеджері. Арзан, тәжірибесіз SMM-ші іздейтіндердің қателіктерін қайталамаңыз. SMM жұмысының нәтижесін бақылаудың ең жақсы жолы — Klout жүйесіндегі ұпайы. Қазақстандық рейтингті kaznet.me/rating/ сайтынан Үкімет, БАҚ, Мекеме санаттары бойынша қарай аласыз.

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері
Әрі қарай

Әлеуметтік медиа ақша табу құралы

Жатып алып ақша тапса ғой, шіркін! Өміріңізде ең болмас бір рет осылай армандадыңыз ғой. Алма пісіп, аузыңа түсіп жатса, несі жаман? Интернетте батпан құйрық уәде ететін сайттар жыртылып айрылады. Ит жеместей көремін бе, әйтеуір өзім соларды айналып өтем де жүрем. Бірақ шаш етектен болмаса да, пайда тауып жүргендер бар. Солардың бірін әңгіме тартқан едім.
Әрі қарай

Қазақстандағы үздік әлеуметтік желілер. Топ 5

Блог - ademi_alem: Қазақстандағы үздік әлеуметтік желілер. Топ 5
Cоңғы уақытта біздер жиі қолданатын сөздердің бірі – әлеуметтік медиа. Жиі қолданғанмен, бұл сөздің қандай мәнге ие екендігін терең түсіне бермейміз. Қарапайым тілмен «Әлеуметтік медиа – адамдарды бір-бірімен сөйлестіретін online технологиялар жиынтығы» деп айтсақ болады. Бұл жазбада Қазақстан бойынша жиі қолданылатын әлеуметтік желілердің үздік бесеуін анықтайтын боламыз.
Әрі қарай

2012 жаңғырықтары: Обама мен Ромнидің әлеуметтік медиадағы айқасы

Төртінші билікті алғашқы үшеуінің пайдалануы таңсық дүние емес. Ал егер ол, дәлірек айтсақ, оның ғаламтордағы ең озық және жылдам бөлігі ең ресми билікке жетудің құралы болса ше?
Бұл жазбада біз 2012 жылғы Америка Құрама Штаттары Президенті сайлауының екі басты үміткері — Барак Обама мен Митт Ромнидің жүргізген ақпараттық айқасын талдап, салыстырып көреміз. Яғни, біздің негізгі салыстыру объектілеріміз — қос кандидат кампаниясының әлеумедиадағы жұмысы.Блог - Medium: 2012 жаңғырықтары: Обама мен Ромнидің әлеуметтік медиадағы айқасы
Әрі қарай

Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...



Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын.
Әрі қарай