Алты сөзден құралған 18 әңгіме

Ал сол кезде...: Алты сөзден құралған 18 әңгіме
Бірде Эрнест Хемингуэй: кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтын ең қысқа әңгіме жаза аламын, деп біреумен бәстескен екен.
Ақырында: «Балалар аяқ киімі сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn») деген әңгіме жазған жазушы бәсте ұтыпты.
Міне, содан бері осы бір қысқа әңгіме жазу әрекеті көпшілікке тыным бермей келеді. Талай адам оқырманды таңқалдырып, тебірентіп, толғантатын тұтас оқиғаны бар-жоғы 6 сөздің ішіне сыйдыруға тырысады. Бәрі болмаса да, бірді-екілісінің жазғаны сәтті шығады.

  1. Бейтаныстар. Достар. Жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныстар.
  2. «Сіз нөмірден қателестіңіз», деді таныс дауыс.
  3. Жолаушылар, сендермен сөйлесіп тұрған капитан емес.
  4. Өз жартымды кездестірдім. Бірақ, ол елемеді.
  5. Парашют сатамын: ешқашан ашылмаған, аздап қанданған
  6. Бұл алтын тойымыз. Бір орындық дастархан.
  7. Бүгін тағы да өз анама өзімді таныстырдым
  8. Жихангез дабыл жіберді. Жерден жауап жоқ.
  9. Үйіме раушан әкелдім. Кілтім сәйкес келмеді.
  10. Анам маған қырынуды үйретті.
  11. Шытынаған маңдай әйнегінде «жас жұбайлар» деп жазулы.
  12. Біздің төсек. Екі дауыс. Есік қақтым.
  13. Секіріп кеттім. Артынша ойымнан айныдым.
  14. Менің бейнем қазір ғана маған көзін қысты
  15. Ренжіме, сарбаз. Аяқ киімді жұбымен сатамыз.
  16. Мұның әйелін өлтірушіні бөтелкемен тамақтандырады.
  17. Есейген адаммын деп елестеттім. Есейдім. Елесімді жоғалттым.
  18. Дәрігер науқасты құтқарды. Науқас Құдайға алғысын жаудырды

дереккөз: ADME
Превью мен посттағы сурет Freeimages сайтынан алынды

Егер қысқа әңгімелер қызықтырса, бұған дейін жариялаған мына екі постты оқыңыз:

1. Аз әріпті 9 әңгіме
2. 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман
Әрі қарай

15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман

Кітаптар әлемі: 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 романЕсте болса, керекте осыдан бірнеше күн бұрын «Аз әріпті 9 әңгіме» атты пост жазған болатынмын. Сол жазбадағы әңгімелер жайлы аз-маз түсінік бере кетсем: Негізі әлемдік әдебиетте қысқа, қысқа болғанда да өте қысқа әңгіме жазу тәжірибесі бар. 1980 жылы Ұлыбританияда «Drаbble» атты әңгіменің ерекше жанры пайда болған. Drаbbleда әңгіме 100 сөзден аспауы шарт, және осы 100 сөздің аясында шиеленісі, шарықтау шегі, шешімі бар әңгіме жазылу қажет. Бұл жанрдың көпшілік арасынан қолдау тапқаны себепті, «New Time» журналының редакторы Стив Мосс Drаbbleдің қатып қалған канондарына өзгерістер енгізіп, 1987 жылы байқау ұйымдастырады. Байқаудың атауы: «55 сөзден аспайтын әңгіме» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, әңгімедегі сөз саны 55-тен аспау керек. Көп шығарма қатысады, сол әңгімелер жинақталып, «Құмарлық, махаббат, сатқындық, кек, өлтіру, үрей туралы әлемдегі ең қысқа әңгімелер» деген атпен кітап болып, басылып шығады. Өткен жазбада сол кітаптағы әңгімелердің ең танымалдарын аударып, ұсынған едім. Ал бүгін одан да қысқа, көлемі 10-15 сөзден аспайтын, ары кетсе 2-3 сөйлемнен құралған әңгімелерді жариялап отырмын. Жатталуға оңай, мағынасы бар, авторлары да белгілі, бастысы анекдот емес.

Кітаптар әлемі: 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман1. Бірде Эрнест Хемингуэй «Бірнеше сөзден тұратын, оқырманды бей-жай қалдырмайтын қысқа әңгіме жазамын» деп достарымен бәстескен дейді. Бәске құмар, боксшы жазушы сөзінде тұрып, өзінің атақты 6 сөзден тұратын әңгімесін жазған. Ағылшыншасы: «For sale: baby shoes. Never worn». Сөз саны санаулы болғандықтан, тікелей аударсақ:
«Балалар аяқ киімі сатылады. Ешқашан киілмеген.»
Әрі қарай

Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгімеБұл әңгімелердің қай-қайсысынан да толықметражды фильмге сценарий жазуға болады. Сиырқұйымшақтанбаған мелодрама, комедия, тіпті болмаса философиялық тәмсіл де жасалады. Деталь қосып, кейіпкерлерін дамытып, романның көлеміне жеткізуге де жарайды. Әйткенмен, олай етіп қажет емес. Қысқалық-талант.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме1. Джейн Орвис. «Терезе»
Ританы желкесіне пышақ тығып, артынан айдап өлтіріп кеткелі, Картер тек терезе алдында отырады.
Әрі қарай