Менің кідай жіректерім

Менің «кідай жірегім» 1-2 жылдан бері бірге ойнап-күліп келе жатқан қыздарға айтылады. Олар: Айко (Монти), Салтанат (Балғырған), Мәкөщ (Қалдықыз), Анар (Ақзере), Айжан (Айкона), Айгерім (АК), т.б.

«Маған неге айтпайсың» деп ренжитіндер табылып жатыр даЧ. Ішінде мужиктер де бар :). Соған қатысты ескертіп жатырмын.

ПыСЫ: Кідай жіректерім ғой олар менің :)
Әрі қарай

Жеміс сатушы және қыздар

*************
Базарда алма сатып тұрған біреу: Алма аламызззззз, алмааааа, Чернобыльдың алмаларыыыыы,-деп айқайлап тұр дейді. Жанынан өтіп бара жатқан әйел кісі: Жындысың ба, өйдесең кім алады,-деп ұрсады. Сөйтсе әлгі: Қайдан білейін, жеңге. Біреуі әйеліне, біреуі енесіне… әйтеуір алып жатыр ғо. Қайта үлгертпей жатыр,- дейтін көрінеді.
************
Екі қыз машинасының кілтін үйіне ұмытып кетіпті де, есігін сыммен ашуға тырысып жатқан көрінеді. Біреуі екіншісіне: Тез болшы, жаңбыр жауып жатыр, үстім су болады,-дейді.Екіншісінің жауабы: Ақыры су боласың емес пе? Машинаның үсті ашық.
Әрі қарай

Қыз жасауы

Қызын қонағындай құрмет тұтқан қазақ халқы жат жұрттыққа жаралған қыз баланың барған жерінде абыройлы болғанын қалайды. Қыз жасауын әзірлеуде де ескерілетіні осы болса керек-ті. Ұлттық ғұрыптарымыздың бірі болып саналатын жасау дайындаудың бүгінгі сипаты, әрине, тіптен ерек. Жасау — жас отауға ең қажетті деген негізгі бұйымдардан құралуы тиіс. Ал қазір?!
Әрі қарай

Қош келдіңдер қыздар, рахмет қыздар!


Бұрын қазақ қыздарынан дәл осы сайттағыдай белсенділік байқамап едім. Сайт ашылғалы тіркелген қолданушылар бойынша жігіттерге қарағанда сандары аз болса да белсенділіктері көп болып тұр біздің қыздардың. Біздің қазақ қыздары тек Моймир, агенттерде отырмайды, олар блогқа пост та жаза алады, посттарға әдемі камент те жаза алады. Сайт админі ретінде риза болып отырмын қыздарға, осы сайтты дамытуға көп үлестері болатын сияқты. Суреттегідей қарды бұзып жарып шыққан гүлдей болып көрінді маған қыздардағы бұл серпіліс.
Рахмет сендерге қыздар! Демалыстарың сәтті өтсін!
Әрі қарай

Қыздар неге сондай?

Осы жерде жиналып отырған бәріміз мектеп қабырғасын көрген болармыз))Сол мектептік жылдарда көптеген қызықты оқиғалар болып жататыны бар. Кейін кластастар кездескенде еске алып отыруға жақсы соның бәрі. Қыз-ұлымыз жиналатын осындай кездерде қыздар неге өткенді еске алмайды?
Мектепте жүргендегі тәртіпсіздіктер мен шамалы бұзақылықты неге ұстаздарға жеткізуге құмар?
Сабақ үстінде жел шығарып алып «Кім осырды ?» деп не үшін өтірік сұрайды?
Қыздар неге сондайсыңдар?
Әрі қарай

Футбол тек еркектердікі!

Футбол, тек қана футбол!: Футбол тек еркектердікі!

Қазір стадионда футболға келетін қыздар көп, интернетте мойындарына шарф таққан, беттерін бояған қыздар суреттері көп. Спорт сайттары, форумдарында да фанат қыздардың каменттері. Қысқасы қыздар "біз де фанатпыз" дейді. Бірақ мен бұған қосылмаймын, мұның уақытша қызығушылық екенін дәлелдеуге тырысамын. Біраз жыл футболдың және фанатизм айналасында жүргесін өз тәжірибем бойынша шағын анализ жасап көрейін.
Әрі қарай