Ажырасқандарға айыппұл салу қажет!

Блог - nurbolkarataev: Ажырасқандарға айыппұл салу қажет!

2016-шы жылы елімізде 140840 неке тіркелсе, 51775 отбасы ажырасып кеткен.Бұның себебі неде? Ажырасуға себеп ретінде статистика мына жағдайларды келтіреді:

Ажырасу себептері;

— Отбасылық кикілжің, (ұрыс-керіс, бір-бірін түсініспеу).
— Көзге шөп салу, (опасыздық).
— Күйеуінің жұмыссыз жүруі,
— Әйелінің не күйеуінің ішімдік, есірткіге салынуы.
— Ене мен келін арасындағы жанжал.
— Күйеуі не әйелінің жұмысбастылығы.
— Перзенттің болмауы, (бедеулік).
— Тұрмыстық жағдай.

Күйеуге тиіп, бір бала тауып алсам.

Бұл ажырасудың басты себептері ретінде айтылыпта жазылыпта жүр. Бірақ біз айта бермейтін мына жайтты басты назарға салғым келеді.Ол қазіргі қыз-келіншектердің «күйеуге тиіп бір бала тауып алсам, кейін ажырасып кетемін» –деген жеңіл ойдың пайда болуы. Өкінішке орай біз бұл тақырыпты әліде ашық айтуға ұяламыз. Егер бұл тақырыпты бүгін біз көтермесек, ертеңгі күні статистика биылғы жылы ажырасқандар саны өткен жылға қарағанда артты деген деректі ғана оқып отыра беретін күнге жетеміз. Әлемдік рейтингке назар салсақ Қазақстан ажырасу бойынша 10-шы орынды алады екен. Бұл Отбасы Институттарының жоқтығы ғана емес, адамдар арасындағы сенімнің аздығы. Отбасын ажырастырмаудың тиімді жолының бірі. Ажырасқан отбасыларға орташа көлемде айыппұл салу қажет.

Айыппұл көлемі қандай болады?

Мысалға 50-200мың теңге көлемінде. Егер күйеуінен кінә болса 100мың, әйеліне 50мың теңге. Әйелінен кінә болса керісінше. Айыппұл екі жаққада салынады. Бұл екі жақтың ажырасуға шешім қабылдағанда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Ал екі жақ араға жыл салып қайтадан бірге болуды қалап некеге тұрса салынған айыппұлдың 50%-ы екі жаққа да қайтарылады. Бірақ екінші рет ажырсқан жағдайда айыппұл еселеніп салынады, және қоғамдық жұмысқа тартылатын болады. Бұл ажырасқан отбасы үшін өте үлкен жаза болар еді.

Айыппұл қайда кетеді?

Айыппұл мемлекетке салық ретінде түспейді. Мемлекеттік емес ұйымдар жанынан Институт құрылып ақша тікелей сол ұйымға түседі. Институттың басты жұмысы отбасылы адамдардың ажырасуын болдырмау. Ал, айыппұлдан түскен ақшаны Институт атынан ашылған порталдан онлайн бақылауға болады.
Ажырасу бүгінгі қоғамның басты дертіне айналып бара жатыр. Ал сол дертті қоғам болып бірге жеңуіміз қажет.
Әрі қарай

Ненің артық екенін қалай білуге болады?

Салыстыру кезінде артығын табудың мехазнизмі қандай? Елден қалғаннан гөрі кредитке белшеден батып той жасаған артық. Білім алып мансап қуғаннан Бәкенің тілін тауып жағымпазданған артық. Қаланы таза ұстаудан, лас қаланы тазалау артық. Таза жолмен документ
жасағаннан, ақшасын беріп жылдамдатқан артық. Дұрыс оқығаннан мұғалімге ақша жинап баға қойғызған артық. Мұндай елде тұрғаннан гөрі шет елге кеткен артық. Рашевтың сөзін қазақшалап жағаннан жазбай-ақ қойған артық.
Осы сөздерді ести жүре, мен ойға келемін: Біздің елде ненің артық, ненің кем екенін қалай біледі адамдар?Блог - upcity: Ненің артық екенін қалай білуге болады?
Әрі қарай

Күнделік. Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңес мүшесі ретінде. Жеке блогым.

2016 жылдың қаңтар айында «ҚР Қоғамдық Кеңестер туралы» Заң талаптарына сәйкес Қоғамдық Кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі комиссия құрылып, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов жетекшілік еткен. Конкурстық негізде Жамбыл облыстық "Қоғамдық Кеңестің" құрамына еніп, ең жас мүшесі атандым. Маған біріншіден, бұл үлкен міндет пен қоғамның қозғаушы күші жастардың атынан мәселе көтеріп оның шешу жолдарымен xалықтың тыныс-тіршілігін билік өкілдеріне жеткізу деп білем. Алғашқы отырысты Төрағамыз болып белгілі қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы, xатшы болып Қайрат Шотбақов сайланды. Облыстық Қоғамдық кеңес өз жұмысын облыс әкімінің есебін тыңдаудан бастады. Мен сол отырыста кеңес мүшелері мен билік өкілдеріне ұрпақтар сабақтастығын мәселесін көтеріп қоғамда жалғастыруын айта кетіп, қызметте, жастар арасындағы кейбір келеңсіз жақтарына тоқталып бала тәрбиесіндегі ата-аналарының, оқу орындарының, еңбек ұжымдарының рөлін көтеруге ұсыныс, пікірлерімді ортаға салдым.

Ендігі кезекте Қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы сәуір айының 15 жұлдызында өтіп, онда облыстық әкімдіктің басшылары ұсынған мәселелер қаралды. Оның ішінде облыстық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалардың облыс әкімдігінің қарауына жататын нормативтік құқықтық актілерін қарап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер регламенттерінде азаматтардың құқықтарын бұзылмауын зерделеу міндеттелген болатын. Айта кететінім, кейбір стандартта жұмыс күні емес күнтізбелік күн көрсетілген болатын, осы мәселені облыстық білім басқармасының басшысы С.Құрманбековаға стандарттағы күнтізбелік күнді жұмыс күніне ауыстыруға ұсындым. Өйткені, дипломның телнұсқасын алуға бағытталған стандартта барлық атқарылар жұмысқа 20 күнтізбелік күн көрсетілген болатын, бізде кейбір кезде демалысымыз 5 күнге дейін үзіліссіз демалыс болып қызмет көрсетушінің құқықтарын шектеліп қалады.
Келесі кезекте облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Байтелиевке студенттер жастарға проездной мәселесі мен қара түтінді шығаратын автобустар туралы болды. "қара түтін шығарғыш автобустарды" газдық баллондарға жоспарлануда, ал проездной мәселесі күрделі деп жауап қайтарды. Бұл жауапты естіп облысымыздың белгілі азаматы, мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы «мен сіздің жауабыңызға қанағаттанбадым» деп сұрақтың астына алды. «дағдарысқа байланысты тура бір жылда, екі жылда шешіледі, бірақ даму бағдарламасы бойынша автопарктердің автобустары жаңартылады» деп Р.Байтелиев жауап қайырды.
Одан кейін мінберге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимов шықты. Өзім зерделеген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының ішінен «псиx диспансер мен наркологиядан алынатын анықтама туралы регламенттерінде» жұмыс уақытысы қызмет беруші қазақшасында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, ал орысшасында сағат 9.00ден 17.00-ге дейін үзіліссіз делінген сәйкессіздіктің бір ізге түсіруді ұсындым. Тағы да қаланың азаматы ретінде екі сұрақ қойдым: 1) қалалық жаңа ауруxана қашан қолданысқа беріледі: шілде-тамыз айларында беріледі; 2) облыстық ауруxана күрделі жөндеу жүргізілейін деп жатыр, ем алушыларға қаншалықты жағдай жасап жатырсыздар: ауруxана жөндеуіне 100 млн теңге бөлініп, мамыр айында бастаймыз, ал емделушілерді арнайы бұйрықпен қалалық ауруxаналарға және облыстық ауруxана да қабылдайтын боламыз. Ертеңгі күні емделемін деп келушілерге қиындықтар туындамау қажет деп Ерлан Тоқтарұлы жауап берді.
Кезекті алып облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының орынбасары С.Арубаев жаңа қабылданған стандартты таныстырды, ол стандарт атауы «ақталған адамға куәлік беру регламенті». Бұл жаңа регламент мәні сот шешімімен жазықсыз сотталғандарға арналып ақтау куәлігі беріледі. Бұны көбінесе «желтоқсандықтарға» арналған регламент екен.
Соңғы болып мінберге облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева сөз алып, Тараз қаласы «Арай» алқабындағы есімі жоқ екі көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі берілу туралы республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен таныстырылып қабыл алдық. Бірақ алдағы уақытта биыл 150 жасқа келген Алаш орданың көсемі Әлиxан Бөкейxанұлы мен Мұстафа Шоқай есімдері әрбір қазаққа таныс есімдерді мектептер мен көшелерге берілу туралы ұсыныс білдірдім. Ғалия Бектенқызы "Ә.Бөкейxанұлының көше мен мекемеге атау берілу туралы ұсыныс түскен болатын, негізі есімдер берілуге мораторий етін, мораторий ҰОС Ардагерлеріне ғана жүрмейтін, сәуір аяғына қарай министрліктен бұл мәселе шешім тапса, Әлиxан Бөкейxанұлының есімін қай жерлерге берілетін қарастыратын боламыз" деді.
Мені қынжылтатын Әлиxан Бөкейxанұлына көше мен мектеп атауы жоқтығы еді, алдағы уақытта шешімін тауып жатса өте дұрыс болар еді.

П-с: Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Қоғамдағы түйінді, тыныс-тіршіліктеріңіздегі мәселелер болса маған жеке жазып өтініш білдірсеңіздер болады. Мен өзім жағымнан бар күш-жігерімді мәселелердің шешілуіне оң септігімді тигізсем деп едім. Сіздерден ұсыныс пікірлеріңізді күтемін.
Әрі қарай

Өмір селфимен шектелмейді

Блог - madinarebrova: Өмір селфимен шектелмейді
Бір сәтке айналадағы адамдарға көз жүгіртейік… БІіз білген заман өзгерді. Қоғам не боп барады? Технология дамығаны дұрыс-ау. Дегенмен жас және орта буын ұялы телефонға толықтай тәуелді болып бара жатқанын көріп, көкейде болашаққа деген уайым орнығуда. Көз жанарын тауыстып, қайта оралмас уақытын сарп етуден тайынбайтын жастарымызды түсіну қиын.

Қолданыс жағынан рейтингі жоғары: «ВКонтакте», «Whats app», «Instagram», «Facebook», «Twitter», т. б. әлеуметтік желілер мен байланыс бағдарламалары бүгінгі қоғамға ауадан да артық қажет болып кеткен сынды. Негізгі мақсаты жаңадан фотосурет енгізу, ұнамды публикацияларға пікір жазу(комментарий), хат алмасу, ақысыз байланысты пайдалану. Әрине бұл ыңғайлы құрал. Бос уақытта пайдаланып тұруға болады, алыстағы жақындарыңмен хабарласу жағынан да тиімді, әрі адамдардың бір бірімен тығыз араласуына септігін тигізеді. Бәстесу қиын, пайдасы сол жағы болмаса, зияны да жетіп артады. Бұқара күндіз түні сымтетік пен компьютерді(ноутбук) пайдалану арқылы өз уақытына ғана қиянат жасамай, денсаулығына да кері әсерін тигізіп жатқанынан хабардар ма?

Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды «канцерогенді» деп сипаттайды. Адам телефон қолданғанда миы өзгеше жұмыс істейді деген фактімен ғалымдардың зерттеулерінен таныс болдық. Сондай-ақ бас аймағындағы ісіктерге шалдыққандардың саны өскенін, дәрігерлер ұялы сымтетікпен байланыстырып отыр. Әлем ғалымдарының зерттеуі әлі күнге дейін жалғасуда. Әзірше телефонға нақты «айып» тағылған жоқ. «Денсаулық – зор байлық» демекші, біреу келіп саусағымен нұсқап көрсеткенін тосқанша, өз денсаулықтарыңызды күткен дұрысрақ. Себебі ертең кеш болуы мүмкін.

Ұялы сымтетіксіз өмір сүру мүмкін емес. Тіпті бір күн үйде қалып қойса күнімен жүйкесі тозып, қолымызды қалтаға жүгіртіп іздейтін әдетке де толықтық. Ауыр зардап шекпеу үшін кішігірім кеңесті құлаққа түріңіз:

-қоңыраурды тек құлаққаппен қабылдаңыз, барынша аз сөйлесуге тырысыңыз;

-электромагнитті толқын тасушы құралды жастық астына, бел айналасында, қалтада алып жүрмеңіз;

-телефон құшақтап ұйықтамаңыз;

-қоңырау соғудан гөрі хабарлама жазуға әдеттеніңіз, барынша миыңыздан, құлағыңыздан аулақ ұстаңыз;

-қиын болса да, күштеп болса да өзіңізді ұялы сымтетіктен арылтуға тырысыңыз.

Болашақ — адамдардан тұрады. Дендері сау, естері дұрыс, эстетикаға құмар, еңбекке бейім жандардан құралады. Келер ұрпақтың амандығы қазіргі қоғам қолында. Зиянын біліп тұрып, өзіне тосқауыл қоя алмайтын тәуелді адамдар саны сансыз. Дегенмен бұл заттың орнын басар құралдар мен әдістер көптігін жадта тұту ләзым. Мысалы, электронды кітапты, газетті оқып отыруды – баспадан шыққан қолмен ұстап, парақтап отыратын газет пен кітапқа айырбастау. Қоңырау соғып, әуре етіп, өзіңе де өзгеге де зиян тигізгенше – жолға аттанып, шынайы кездесу. Арнайы адамдарды сауатсыздандыру үшін шығарылып жатқан ойындарды ойнау орнына – есік алдына шығып достарыңмен доп тебу, серуендеу. Кундіз-түні хабарлама «атысып» отқанша –таза парақ алып қалам тербеп, сағындырып, анда-санда хат жазғаның әдемірек. Міне романтика, нәзік сезімдер қайда жатыр… Көрінгенмен суретке түсіп, селфи жасап жеке парақшаға жариялап, «лайк» жинаумен әуре болғанша – фотоальбомға клеймен жабыстырып, немесе қабырғаға іліп қойған абзалырақ.

Адам — жақындары, дос-жарандары, туған-туыстарымен телефонмен хабар алмасуы арқылы тек өзіне ғана емес, сол танысына да қауіп тигізетінін есте сақтасын. Қолмен ұстап, йісін сезбейтін «ғалам» ешқашан кереметтей, ғажабы мен қуанышы мол әлемге «тор» бола алмайды. Ендеше, бәріміз бірге атсалысайық.

Мадина Реброва
Әрі қарай

Сүлеймен мен сүмірейгендер...

Бұл фәниде ақ түс бар жерде қара түске де орын табылады. Жақсы жігітке жаман қыз жолықса, инабатты қызға, сайқал жігіт кезігеді. Бұл заңдылық. Бұлардың кемшіліктерін айта берсек араларындағы алып бөгеттің соңына жетпеспіз. Айтпағым, әрбір затқа, құбылысқа қарама-қарсылықтары дайын тұрады. Алысқа ұзамай кәрі қыздардың қатарын толтырайын деп жүрген үйленбеген «дүр жігіттер» жайлы тақырыпты қозғасақ.
Блог - DinaAbdigalieva: Сүлеймен мен сүмірейгендер...Дүр жігіттер — 30 бен 40 жасқа толып қалған ағаларды (еркектерді) атайды. Біздің нысанамыз — бойдақтар! Көбіне жылы ошаққа үйреніп, анасының қанатынан шықпаған, дайын дүниеге үйреніп қалғандар. Олардың өзге еркектерден айқын бір ерекшелігі қарынның қомпиюы. Яғни, жастардың тілімен айтқанда «авторитеттерінің мықты» болуы.;) Бұл дұрыс па? Әлде бұрыс па? Санамызға үйленбеген сіріңкедей жігіт, кейін тығыршықтай болуы қалыпты жағдайға айналғандай. Сондай жағдайда "әйел алғаны жағыпты" дейміз де кете береміз. Қоғамда бойдақ дүр жігіттердің көбеюіне не себеп болды?
1.Анасының ботақаны. Бұндай жігіттерді кішкентай балалардан түрі мен жасы ғана бөлектеніп тұралы. Қалған істері, қылықтары «Мам, мен бүгін кездесуге барайыншы?!», «Мам, тамақ дайын болды ма?», «Көйлегімді жуып қойдың ба?» және т. б. қарапайым ұсақ-түйекке дейін сұрап шығады. Ананы тыңдаған, құрметтеген дұрыс, бірақ өз-өзіне есеп бере алмаса жігіт болғанынан не пайда?
2. Үйде отырып қалғандар.Кәрі қыздар секілді төрт қабырғадан адым баспайтын жігіттеріміз де кездеседі. Көбіне ойын құмарлыққа салынған. Олардың жары ойын приставкалары болмақ. Ондай жігіттер ашушаң, жүйке жүйесі тез сыр береді. Желіде «онлайн» өмірде «оффлайн» бола қалады.
3.Талғампаз бойдақтар немесе қыздан жамандар. Өздеріне тым көп назар бөлуі. Қыздар сияқты айнаның алдында сағаттап тұрып, сақал-мұртына дейін түп-түбімен қопарып шығады. Оларды алыстан тануға болады. Тұрыстары мен киім киістері өзгешеленіп, шаш қою үлгісі мен жұлынған қастары көзге шоқтай түседі. Бірақ қыздарға сырлас бола білгенмен, жолдас бола алмайды. Өздерін патшадай көріп, лайықты қызды іздеумен әлек.
Блог - DinaAbdigalieva: Сүлеймен мен сүмірейгендер...4.Жүрістері көп жігіттер. Талай қыздардың көз жастарына қалғандарды айтамыз. Оларға бір қызбен жүру көңілдерін қанағаттандырмайды. Бір күн біреуімен, келесі күні екіншісімен қыдырғанға үйреніп қалғандар. Қасындағы жалғыз аққуын бағаламай, өзге тауықтарға көз салады. (Маша қыз негізі дұрыс айтады;))
5. Жұмысбастылар. Заман түлкі болса, тазы боп шал демекші бүгінде билікке құмар азаматтарымыз жетерлік. Олардың бар базары мен назары жұмысқа бейімделген. Тік жолдан бір қадам аттамайды. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге келуге үйреніп қалғандар. Қыдыруға мүлдем уақыт таппайтындар. Әр уақытта тек ақша табуды көздейді.
P.S.: Сонымен, қоғамда ұсақталып бара жатқан ер жігіттеріміздің қылықтары күннен-күнге жаға ұстатарлық жағдайға жеткізуде. Ілияс Есенберлиннің "Ғашықтар" романнында «жүзігі бар болса Сүлеймен, жүзігі жоқтар сүмірейген» деген үзіндісі еріксіз еске түсуде. Қалай дегенменде жалғыздық тек құдайға ғана жарасқан. Оны да бір ескеріп кетейік.( Тым қатты асырып жіберсем, айып етпеңіздер)
Әрі қарай

Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!

Блог - Great: Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!
Өмірінде көп кітап оқымаған, оқысада бірен-сараңын қарап бірнәрселерді түйген, жартысын алып, керек емесін тастаған адам саған бірнәрсе айта алады деп ойлайсың ба? Иә, әрине, дәл қазіргі қоғам «попугайға»да микрофонды беріп, сөйлетіп қоятын заман
Әрі қарай

Жезөкшелікті заңдастыру керек па?

Ауруды жазу үшін, сол ауру бар екендігін мойындау керек. Ал жезөкшелік жаман болсада Қазақстанда бар құбылыс, бырақ билік басындағылар бұл жаман құбылыспен күресу үшін ешқандай шара қолданбай отыр. Сіздің ойыңыз қандай, қалай күресу керек?
Әрі қарай

Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы

Қоғам деп тұтас адамдардың бірлестігін, жиынтығын, бір-бірімен байланысын айтамыз.Қоғамда ең басты рөлде адам тұратыны даусыз.Адамдардың әр түрлі болуы, мысалы:
1)Жынысына байланысты — ер мен әйел
2)Жас өлшеміне байланысты — балалар, жастар, егде адамдар,қарттар
3)Материалдық игіліктерге байланысты-жоғары тап, орта тап, төменгі тап болып бөлінуі;
4)Біліміне байланысты — орта біліммен шектелген не жоғары білімі бар,ғылым жолына бағыт алғандар;
5)Қызметіне байланысты — жұмыссыздар мен жұмысшылар;
6)Мүмкіндігіне байланысты — дені сау, он екі мүшесі түгел жандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар
және осылай бөлініп кете береді.
Ал мен бүгін қоғамдағы өз орны бар және мемлекет пен қоғамның қолдауын аса қатты қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандардың, соның ішінде қос жанарынан айырылған зағип жандар тұрмысын қозғамақпын.Себебі 13 қараша " Халықаралық зағип жандар" күні болып бекітілген, бұл жыл сайын атап өтіледі.Сол себепті Астана қаласынан зағип жандар барып тұратын қоғамдық орындарды іздедім.Астанада зағип жандарға, яғни зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді екен, мекен-жайын алып, сабақ біте салысымен құрбым екеуміз жаяулатып Таха Хусейн көшесі 2/1 мекен-жайына жол тарттық.Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Жол-жөнекей адамдардан сұрастырып, кітапхананың қайда орналасқанын білмек болып едік, кездескен адамдардың барлығы жақын маңда кітапхананың жоқтығын, тіпті біз айтқан мекен-жайдың барын білмей шықты.Адасып жүріп үйлердің арасынан әзер дегенде кітапхананы тауып алдық.Біз күткендей биік ғимаратта орналасқан, жаңа кітапхана болып шықпады.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Жұмыс кестесі - дүйсенбі-жұма таңғы 9-дан 17:00-ге дейін жұмыс жасаса,сенбі,жексенбі күндері демалыс
.
Кітапхана ішіне кірдік, бізді осында жұмыс атқарып келе жатқанына 4-5 ай шамасы болған кітапханашы — Ғалым Нұрланов деген кітапханашы қарсы алды.Біз өзіміздің не себепті келгенімізді түсіндіре кетіп, кітапханашыдан кітапхана тынысымен таныстыруды сұрадық.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Кітапханада 29 000-нан аса материалдар бар.Бұл материалдарға арнайы «брайль» жүйесі бойынша жазылған кітаптар, аудиокітаптар, дискілер және газет-журналдар жатады.Кітапхана бір оқу залынан, және екі бөлмелі абонементтен тұрады.Мұндағы кітаптардың көп бөлігі «Брайль» жазу жүйесімен жазылған кітаптар болғанымен, көпшілігі орыс тіліндегі кітаптар.Ғалым мырзадан қазақ оқырмандары мен орыс оқырмандарының айырмашылығын сұрағанымызда, екеуі де бірдейкітапханаға келетіндігін айтты.Алайда біздің аңғарғанымыз,«Брайль » жазу жүйесінде қазақтың төл әріптерінің жоқтығы еді.Сіз өз Отаныңызды жазу үшін "Қазақстан" емес «Казакстын» немесе «кітапхана» емес «китапхана» деуіңізге тура келеді.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Ғалым мырза бізді кітаптармен қатар арнайы аппараттармен де таныстырды.Мұнда арнайы
шетелден кітап қаріпін үлкейтіп көрсететін аппараттың барын, оның қалай жұмыс жасайтынын көрсетті.Сонымен бірге арнайы лупалар, жазу құралдары, сонымен бірге А4 форматындағы қағазға кәдімгі әріппен көрсетілген мәтіндерді оқитын аппаратпен таныстырды.Кітапханада оқырмандарға арналған екі компьютер жұмыс істейді, интернет желісіне қосылған, дегенмен біз тексеріп көргендей интернет желісі нашар жұмыс істейді екен.Зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған кітапханада арнайы қысымдарын өлшеуге арналған құралдармен қамтамасыз етілгендігін атап өткім келеді.Және кітапханаға келген оқырмандарға шахмат ойынын ойнауға да мүмкіндіктер қарастырылған.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Кітапхана қызметкерлерінің жалпы саны 7-8, олар келген оқырмандарға қызмет етумен қатар, тыңдағысы келген кітаптарын оқып береді, мұндағы оқырмандарды тыңдайды емес, оқиды деп айту керек екен.Сонымен қатар арнайы бір бөлме зағип жандардың шығармашылықпен айналысуына арналған екен.Бірақ та заманауи техника мен жаңа жиһаздардан құр қалған бұл кітапхана шырайына көлеңке түсіріп тұрған секілді көрінді.

(Төмендегі фотолар кітапхана мұрағатынан алынды)
Кітапханаға студент жастарда келіп тұрады, мысалы 12 қараша күні колледж студенттері келіп, зағип жандардың қалай кітапты оқитындығымен,қандай аппараттардың барын және қалай жұмыс жасайтындығымен танысып кеткен болатын.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Біз барған күні оқырмандарды көре алмадық, оның себебін Ғалым мырза былай деп түсіндірді:
— Қыс мезгілінде оқырмандар сирек келе бастайды, себебі оларға мұнда келу оңайға соқпайды.Бірақ бізде сол жандардың үйіне арнайы кітап апарып беру немесе оқып беру қызметі қарастырылған.Және де зағип жандарға арнайы көлік те қарастырылған,-деді.
Шағын ғана кітапхана оқырмандары 1000-ға жуық екен.Бірақ та мамандандырылған кітапхана жағдайы көңілімізден шықпады.Себебі:
1)Кітапхана тым ескі, жөндеуді соңғы рет қашан көргені белгісіз
2)Тым тар, мүмкін жаңа ғимаратқа көшу керек те шығар
3)Есіктері де кішкентай, мұнда арбамен келетін жандар да бар
4)Пандустың жоқтығы, бұл үлкен проблема
5) «Брайль» жүйесінде қазақ қаріпінің болмауы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Бұл қоғамдық орынның бақылау көрмегені көзге ұрып тұр.Жихаздары да, аппараттары да ескі.Кітапхана аумағы тар, орналасқан жері де ыңғайсыз.Зағип жандардың бәрібір көзі көрмейді ғой деген сияқты, бұл кітапханаға жоғарғы орындардан ат басын бұрып, тіршілігін көріп жатқандар жоқтың қасы секілді.Кәдімгі көзі көретін, дені сау адамдар егер де осындай олқылықтардың барын көрсе, дер кезінде басшылыққа шағымданатын еді.Бұған кітапхана қызметкерлерін кіналаудан аулақпыз, себебі олардың қолдарынан өз қызметтерін жасаудан басқа ештеңе келмейді.Жаңа аппараттар сатып алуға үлкен қаражат керек,ғимарат орнын ауыстыру мәселесі де бар.Біз мүмкіндігіміз бар бола тұрып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудан тыс қалып жатамыз.Олар қоғам көмегіне зәру, сол себепті осы кітапхананы басшылар өз көзімен көріп, көмек көрсетсе деймін.Өйткені зағип жандар демалатын қоғамдық орындардың санаулы екені, соның бірі осы кітапхана екенін айтқым келеді.
Әрі қарай

ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

Ескерту: Мен бұл репортажды Астанаға қоныс аудармай тұрғанда жазған болатынмын, тек жарияланбаған ешқайда… Сонымен, осы жұмыс істеп тұрған орталықтарға өзім бардым. Жеңіл жүрісті жолмен табыс табатын қыздармен пікірлеспестен бұрын, менде үнемі «олар, неліктен мұндай жолға барады?» деген көкейімде сауал болды. Сөйлескеннен кейін оларды кінәлай кетуден бұрын бұл жолға итермелейтін салдар мен себеп бар екенін ұқтым. Сосын бұл қыздардан алақандай пікірді алуым оңайға түспегені рас. Және қандай жолмен пікір алғанымды ашып айтпауды жөн санап отырмын. Себебі, керекинфода бұдан әріректе жарияланған бір жазбамды жеке өміріммен байланыстырып, сыртымнан әңгіме қылғандарды естіп, ренжігендей болғаным бар. Сол себепті кей жерлерін күңгірттеу етіп тастап кетіп, тек артық пікірімді тықпаламастан айтылар ойды маман ауызынан естігендеріңізді құп көрдім… Мархаббат, ендеше...

Керек тілші: ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?<img
Әлеуметтанушы уәжі


«Жезөкшелік – жастарды құндылық-моральдық тұрғыдан тәрбиелей алмауымыздан» дейді әлеуметтанушы. Алайда студент қыздар мұндай жолға әлеуметтік теңсіздіктің кесірінен баратындарын айтады.

«Қыз-келіншектерді мұндай жолға түсуге итермелейтін нәрсе – ол салыстырмалы түрде оңай жолмен жақсы ақша табу мүмкіндігі. Макродеңгейде бұл құбылыс елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты десек те, негізгі себебі соңғы 20 жылда біздің құндылықтық-моральдық тұрғыдан жастарды бейімдей алмауымыздан туындап отыр. Яғни құндылықтық дағдарысымыздың деңгейінің көрсеткіші» дейді әлеуметтанушы Серік Бейсенбайұлы.

Алайда Алматыдағы «Paradise», «Золотой Дракон» сынды ойын-сауық орталықтарында жұмыс істейтін студент қыздар жезөкшелікпен айналысып, қосымша ақы табуға мәжбүр болуының негізгі себебі қаржылық тапшылық екендігін айтады. Өздерін официант-аниматор деп атайтын олар тек Кореядан, Жапониядан, Қытайдан келген шет елдік азаматтарға қызмет көрсетеді. Бір кеште қызмет көрсету ақысы айтуларынша 300 бен 500 доллардан кем емес. Жұмыс уақыты кешкі жетіден түнгі бір сағат шамасы аралығы. Олар жылу батареялары істен шыққан караокенің жертөлесінде қонақтардың келуін күтеді. Караокеге көңіл көтеруге келген қонақтар алдына қаздай тізілген қыздардың арасынан келушілер көңіліне жаққанын таңдап алады. Әлгі «шекесінен шертіп жүріп таңдап алу» деген нақ осындайда айтылса керек.

Мұнда жұмыс істейтін жасы отызға жетпеген қыз-келіншектердің жарымы студент, біразы отбасынан ажырасқан балалы әйелдер. Официант-аниматор қыздар өздерін әр түрлі шет елдік лақап есімдермен атайды.

Кәсіби маман сөйлесе

Керек тілші: ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Алматыдағы ірі караоке орталығының бірінде жұмыс істеп келе жатқанына жеті жыл болған Алина С. Асфендияров атындағы медицина университетінің студенті. Жұмысым сабақ үлгеріміме кері әсер етпейді дейді ол.

«Сабақтан да қалмаймын, ақшам да бар. Тіпті осы шет елдік клиенттерімнің арқасында тіл үйрену үшін Америкадағы жазғы тіл үйрету мектебінде оқып келдім былтыр. Дубайда дем алып келдім. Өзіме ұнайды. Машинам да бар. Бастысы келісті фигураң мен әдемі түрің болса бәрі сенікі. Бұл караокені екі жылдай болды полициялар мазаламайды. Соған қарағанда мықты «крыша» тапқан болу керек біздің бастық. Бұл жерде қорқынышты ештеңе жоқ. Ұжым болып жұмыс істейміз. Әртүрлі мерекелерде бастығымыз қыздарға сыйлық береді. Осындай кішкене көңіл бөлгенінің өзі қуаныш» дейді Алина. Ол жеті жылдың ішінде талай рет полицияларға ұсталған. Бірақ оларға да тілегені мен сұраған ақшасын берсең оңай босатып жіберетіндігін айтады.

Ал мұнда екі жылдық стажы бар Хабиби Абылайхан атындағы әлем тілдері университетінің төртінші курс студенті. Ол жақында тұрмысқа шықсам, бұл жұмысымды біржолата тастаймын дейді.

«Әкем мен шешем кішкентайымда ажырасып кеткен. Өзім ақылы бөлімде оқимын, өзім төлеймін. Мен біреудің ақшасын ұрлап жатқан жоқпын ғой. Өз күшіммен ақша тауып жүрмін. Сондықтан менің өмірімнен хабары жоқ біреудің маған сын, ескертпе айтуына еш қақысы жоқ. Сосын мұндағы шет елдіктер жергілікті қазақстандықтардан көп төлейді. Қазақстандықтар келмейді де. Бізге Кореядан «Samsung» компаниясының бастықтары келеді. Басқада шет елдік мықты компаниялардың қызметкерлері жиі келіп тұрады. Бірақ жаңадан жұмыс істеуге келген қыздарға бас тартуларын айтамын. Себебі бір сағат жезөкше болып істесең, мәңгілік жезөкше болып кеткенің» дейді.

Хабибидің жақын құрбысы Зара ҚазЭУ-нің 3 курс студенті. Олар Талдықорғанда мектепте бірге оқыпты. Зараның айтуынша бұл жерде тұрмыстық қиындықтарды басынан кешкендер жұмыс істейді екен.

«Жеке өзімді айтар болсам, оқуымның ақшасы, квартирамның ай сайынғы төлемі, өмір сүруіме керек ақшамен ата-анам қамтамасыз ете алмайды. Өздерінің кредитін төлей алмай отыр. Үйіме ай сайын елу мың тг жіберіп тұрамын.Біреу ерігіп мұнда жұмыс істемейді. Еріккендер істей алмай екі күннен соң кетіп жатады. Күндіз жарты ставкамен мамандығым бойынша бухгалтер болып жұмыс істеймін. Кешке осы жұмыстамын. Әрине қиын, бірақ уақыт өте келе үйреніп кетесің» дегенді айтады.

Психолог уәжі

Керек тілші: ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Психолог Бақыт Дастанқызы мұндай жолмен қосымша ақы табуға мәжбүр студент қыздардың бұл жолға келуінің әр түрлі себептері бар дейді. Мысалы, отбасы жағдайының дұрыс болмауы, материалдық жағынан қиындық көруі, жеке факторлар, ортасындағы адамдардан алдануы, жігіттерге қатысты алданып қалуы, ауылдан келген қыздардың қалада жүргенде өз орындарын таба алмай қиналған кездегі оңай жолды іздеуі немесе алданып қалуы және т.б. факторлар әсер ететіндігін айтады.

Психолог Бақыт Дастанқызының ойынша, «студент қыздардың жезөкшелікпен айналысуының негізгі себебі осы жолда жүрген тұлғаның жеке мінезінен немесе оның тәуелділігі есебінен, замандастарымен қарым-қатынасының күрделігінен, білімде, карьералық өсуде талпыныстың жоқтығынан. Сондай-ақ, материалдық және тағы басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында осы жолға түсуі мүмкін. Бізде қазір материалдық құндылық бірінші орынға шығып кеткендіктен, рухани құндылықтар екінші орынға қалып жатады».

«Ол қыздарға неліктен мұндай жолға түсуіне қатысты, қалай азайту керкетігі жайлы жалпылама ештеңе айта алмаймыз. Психологтар индивидуалды ерекшеліктеріне қарай отырып, әр қайсысын жеке тұлға ретінде тыңдап, мәселелерімен таныса отырып қана көмек қолын соза аламыз» дейді психолог.

ІІД-нің айтуынша 2014 жылы қаңтар айында Алматы қаласында жеңгетайлық ісі бойынша сегіз факт тіркелген, оның төртеуі қылмыстық іс негізінде танылып, сотқа жолданса, 2013 жылы 65 іс тіркеліп, 19-ы қылмыстық әрекет болып танылған.

P.S: Суық жертөледе топтанған қыздар әңгіме айтып отырды. Сонда әрқайсысы өз армандарын ортаға салды. Біреуі тұрмыс құрғым келеді дейді, біреуі шет елге кеткім келеді дейді. Сонда тұрып ішіндегі біреуінің айтқаны ғой:
Мен аристократтардың арасында осы жұмысымды істегім келеді, күшті ғой.


***Өзiм түсiрген суреттерiм дәл қазiр қолымда болмағандықтан репортажға көркемдiк мақсатта немiс көркем суретшiсi Отто Дикс шығармалары пайдаланылды. Суретшiнiң туындылары жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтiк маңызы бар тақырыптарды бейнелеуiмен ерекшеленедi. Бiрiншi картина «Проститутки» деп аталса, екiншi картина «Светские дамы», «Люди» атты суреттерi.

Ая Өмiртай
Әрі қарай

Күнделікті күйбеңдегі "оқушы" (студенттер). Адам табиғаты: біз әртүрліміз. Адамдардың бір -біріне жақындығы

Блог - bake: Күнделікті күйбеңдегі оқушы (студенттер). Адам табиғаты: біз әртүрліміз. Адамдардың бір -біріне жақындығы
Бір күні маған сұрақ қойды:
-Аға, қазір анау –мынау дегендер көп. Секталар, ағымдар, қозғалыстар дейді. Солардың біріне қосылып кетпеуі үшін не істеу керек?
Сұрағына жауап беру үшін ойша жан –жағыма қарадым. Жауабы да келе қалды:
-Жан –жанғыңа қарашы, көпшілік адам не істеп жүр? Бұл қоғам. Оны жақсартуға немесе жамандыққа толтыруға болады. Қоғамның ортасында және сол, оң жақ шетінде жүретіндерге бөлінеді. Бірақ осы қоғамнан бөлініп шығып, жаңасын құрамын деме. Бәрібір осы қоғамға қайтып келесің. Егер қоғамда өміріңді жақсартамын десең, оның ілгері қатарыңда бол. Артыңнан ергенді жетеле. Осы түсінсең, ешқандай сектаға, ілімге, қозғалысқа ілеспейсің. Тіпті белгісіз себептермен тұзақтарына түссең де, көзің ашыла салысымен одан құтыласың, -дедім.
Жауабын бердім де, ішімнен ойланып келемін:
Әрі қарай

Сені үздік адам ететін 6 шындық

Бұл жазбаның авторы Дэвид Вонг есімді блоггер. Сracked.com — ға жазып тұрады. «Сені үздік адам ететін 6 шындық» мақаласы 2012-жылдың 17-желтоқсанында жарияланыпты. Содан бері (05.06.2013 ж. дейін) 9 112 525 рет қаралып, 8799 пікір жазылған. Мықты, иә. Қысқасы, мен аударған болдым. Сөзбе сөз емес, кей жерлерде аздап еркінсіп кеткенім де болды. Мақала ұзақ, алты бөліп саламын. Кеттік.

Егер карьераңа ырза болсаң, өзгелермен қарым-қатынасыңа жұрт қызыға қараса, жалпы өмірің қызық болса әрі қарай оқыма. Қазіргі күйіңнен ләззат ал, достым, бұл мақала сен үшін жазылмаған. Сен кереметсің! Біз сені мақтан тұтамыз.
Ал, қалғандарыңа тапсырма. Өзің мақтанышпен айтатын бойыңдағы бес қасиетті тап. Алайда, жазғандарыңның арасында «Мен тамаша адаммын. Мен әділмін» деген түсініктер болмасын. Өз қолыңмен жасаған, өзгелерді таңқалдыра алатын нәрселерді жаз (Мен күрестен ел чемпионымын. Мен төрт күй шығарып, бес кітап жаздым. т.с.с). Мұндай жетістіктерің жоқ болса бұл мақала сен үшін және саған ұнамасы да анық.
Әрі қарай