Мұхтар Әуезов һәм қазақ футболы
Келер шақ. Африка құрлығы. Мыңдаған қазақ жанкүйерлерімен лық толы стадионда кезекті әлем чемпионатының ақтық ойыны. Алаңда Қазақстан және Германия ұлттық құрамалары. Санаулы секунттардан соң ойында өзінің мәресіне жетеді. Табло есепті көрсетіп тұр. Есеп 3:0, қазақтар пайдасына….
Әркімнің өзіндік ойлау және пікір білдіру құқықы бар. Бұл менің құқықым, қазақ футболының келешегін осылай елестетемін, солай боларына сенемінде. Қазақ футболы туралы сөз кетер екен бүгіні туралы айтарлықтай ештеңе айта алмаймын. Бүгінгі футбол ортанға жолы болса керек. Ешкімнен артық емесіміз анық, бірақ ешкімнен кемде емеспіз. Аты аңызға айналған, атақтары ауыз толтырарлық Германияда, Бразилияда, Италиямен Англияда осы денгейдегі футболды өз бастарынан өткерген, ал, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан секілді көршілеріміз біздің деңгейімізді армандап жүр. Бұл күнгеде шүкір дейік, бұл денгейгеде тәубе дейік.
«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар», деген екен ата-бабамыз. Неге айтты екен? Мұнысын анық білмедім, бірақ, бір анығы ата-бабамыз доп ойнағанды яғни футболды білген екен ғой.
Осы орайда нақтылап алсақ, қазақ қашаннан доп тебе бастады? Қазақ топырағында футбол мектебін ашқан кім? Біздің алғашқы ойыншыларымыз кім болған? Олар арасында жарыс ұйымдастырып, қаржылай қолдаған кімдер? Тізбейтек берсек сұрақ таусылмасы анық, ал, қайтарар жауабымыз жеткіліктіме? Жә, осынша сұрақты туандатқан екенбіз, азда болса жауап қайтарып көрелік. Осы сәтті пайдаланып қазақ футболының тарихына шолу жасайық…
… Қазақ футболы неше жаста? Ия, Мұқаң алаңда доп теуіп бастап берген футболымыз бір ғасырдан астам уақытты арқаға тастады. Бір ғасыр, тарих үшін ауқымды уақыт болсада, біздің футбол үшін қысқа ғана уақыт болды. Түп тамыры ағылшындарға барып тақалатын бұл ойынның добы Мұқаңның аяғына қалай тиіп жүр? Қызығы осы…
Жүз жыл алдын. Анығырағы, 1912 жылы Мәскеуден Семей өңіріне келген Куприянов деген кісі сол өңірге танымал көпес Плещеевтің дүкеніне орналасады. Ол орыста қазақ даласына құр қол келмесе керек, өзімен бірге қара домалақтарымызға доп, қақпа торы секілді дүниелерді ала келеді. Футбол туралы түсінігі бар кісі емеспе, қолайлы орын тауып алаң сызып, қос қақпа орнатып қазақ даласындағы алғашқы «стадионның» қазығын қағыпты. Алғашында аяқ соққысынан ауаға әуелей ұшқан допқа үрейлене қараған қара сирақтар күн өте ширалып, футбол өнерін әжептеуір бежереді. Осы қолбала алаңда доп теуіп жүрген балақайлардан даламызда 1913 жылы алғашқы «Жарыс» (татарша «Ярыш» деген атауда болған) футбол командасы құралады. Команда құрамының басым бөлігін сол кездері Семейде мекен еткен жергілікті татар ұлтының балаларымен қазақ балалары құрайды. Балалар бойындағы ойынға деген құштарлықты байқаған Юнустың әкесі, танымал көпес Сыдық Нигматуллин оларға демеушілік етіп көп уақыт қаржылай қолдап тұрған.
Жергілікті татар ұлты дедік. Ия, ол кездері өңірде өте бай, сауатты татарлар көп болған. Футболға деген қызығушылығы өте жоғары болған Юнус Нигматуллин осы команданың сардары болған, өз тобының кейінірек дамуына көп үлес қосады. Біреу білсе, біреу білмес, осы жылдары мұғалімдер семинарында оқып жүрген жас Мұхтар Әуезов «Жарыс» («Ярыш») тың сапында доп тебеді. Допты құр теппейді, жартылай қорғаушы болсада қарсыластар қақпасын нысанаға алып отырады.
1914 жылы «Жарыс» («Ярыш») өзінің алғашқы ойынын Семейде құрылған гимназияшыларға қарсы өткереді. Осы тарихи ойында қарсыластар қақпасына гол соққан, қазақтың біртуар азаматы, ұлы әдебиетші Мұхтар Әуезов екен. Команданың алғашқы ойынында Мұқаңмен бірге алаңда Ахметсәлім Каримов, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнис Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Габдулхан Габбасов, Мухамедулла Курманов, Гусман Ямбушев және Сабыржан Ахмедшиндер доп тебеді.
Соңында өлмес туындылары қалған Мұқаңның бұл дәрежеге жетуіне балалығында бірге ойнаған достарының ортасы ерекше болғандығы тәсір еткен болуы мүмкін. Сол уақыттары команданың ойыншылары ақылдаса келе, біркелкі жиде тіктіреді және топтың өзіндік эмблемасын (белгі) ойлап табады. Бүгінгідей теледидары бар заманда емес, футбол әлемінен алыс ауылда доп тепкен бұл балақайлар ойыншылар киімінің бірдей болуы немесе өзіндік белгілері болуын қайда білді екен, ә? «Болар бала басынан» демекші, ұлы тұлға болып қалыптасқан Мұқаң бала кезінен ақ зерек, көреген болған екен ғой. Сол төсбелгі негізінде 24 дана болған, бүгінгі күні жалғыз данасы сақталып қалған. Қазақ футболының бұл құнды жәдігері Юнус Нигматуллиннің Германияда тұратын немересі тәрепінен қазақ футболының 100 жылдығы қарсаңында Семейдегі татарлар мұражайына тапсырылған.
Бертін келе, 1913 – 1916 жылдар аралығында Семей қаласында тағыда «Нептун», «Семинаршылар», «Ласточка», «Орлята» секілді командалар құрылады. 1915 – 1916 жылдары көрші Павлодар қаласында «Ястреб» және «Звездочка» деген атпен қос команда бой түзейді. Ары қарай футбол ойыны Орал, Ақтөбе, Петропавл өңірлеріне тарайды. Осы топтардың көршілес ауыл – аймақпен күш сынасулары нәтижесінде ойын Орта Азия және Сібір бойлап ен жаяды.
Іргетасын өз қолымен қалаған Мұқан бүгінгі қазақ футболына шүкір, дейтін шығар. Азияның емес, Еуропаның алпауытына айналуға әрекет етіп жатқанымызды құптары анық. Қазақ әдебиетіне ғана емес, қазақ футболындада өзіндік қолтаңба қалдырған Мұхтар Әуезовтың ізбасарлары ешкімнен кем болмау керек, кем болмайдыда.
Осы блогымды келер шақта Африка стадиондарында өтіп жатқан әлем чемпионатында бір қаракөзіміз тағы бір рет оқыр. Армандар ақиқатқа айналған күні. Бұл енді менің арманым, әрбіріміздің жеке пікіріміз болғанындай, менің жеке арманым. Әрбір кісінің армандауға құқықы бар…
P.S; #НаурызДода
Әрі қарай