Кім қазақша жақсы сөйлейді?!
Спорт саласына қызыққаннан кейін, ел абыройын арқалап, намысымызды қорғап жүрген бірнеше спортшымен тілдесудің орайы келді. Расы керек, қазір қазақ тілі орыс тілін ығыстыра алмай отыр ғой. Оның ішінде, спортта жүрген қыз жігіттердің біразы ресми тілде әңгіме тиегін ағытатыны мен үшін таңсық емес. Қоңырау шалып, сұхбатқа келіспек болғанда, қазақша сәлемдессе, марқайып қалатыным бар. Бапкерлер де, басқалары да өзге ұлттың өкілінен саналатын ел футболындағы маңдайалды ойыншылар ішінде Қайрат Нұрдәулетов, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Нұрбол Жұмасқалиевтерге ырзамын. Қазір қазақша сөйлегендерді көрсек, атамыз тіріліп келгендей қуанатын заман ғой. Әсіресе, Қайрат Нұрдәулетовты бөліп-жарып айтқым келеді.Тіпті, ауызекі тілді қолданылып кететін «вообще», «типа», «тренеровка» деген сөздерді қосып жібергені үшін қайта қайта кешірім өтінгенінің өзі оның туған тіліне жанашыр екенін байқатты. Онымен қоймай,"қазақша сұхбат аламыз дейтін журналистер сирек хабарласады. мейілінше, жиі соғып тұрыңыздар" деген тілек білдірген еді. Ал, Самат Сымақов, менің сүйікті «Ақтөбемнің» капитаны қазақшаға шорқақтау. Ол рас. Ал, қалыптасып қалған дағдымен, Абзал Рақымғалиевке орысша шүлдірлей бастағанымда, оның қазақша жауап бергені бар. Сонымен қатар, үнемі орысша жауап беретін Әлия Юсуповаға қоңырау шалып, ресми тілде зуылдай бергенмін. Бір кезде ол: "Қандай газеттенсіз" деп қойып қалды. Ұялыыып қалдым. Бұл жерде ешкімді сынап, мінегім келіп отырған жоқ. Тек, туған тілімізді басқа емес, жер жүзілік додаларда елдің атын шығаратын спортшыларымыз білсе екен деген ой менікі…
Әрі қарай