Өмірден өз орнымды тапсам деймін...

Әке-шешеміз өмірге әкелді, жарық дүние сыйлады. Білім алу, бақытты балалық шақ мүмкіндіктерін сыйлады.Біз үшін қаншама қиындық көрді, қуаныш сыйласақ жас балаша шаттанды. Жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып жүретін ата-аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.
«Ата-анаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» деген қазақ халқының тамаша сөзі бар. Осыны кез-келген бала есіне сақтауы керек.
Кейде біздер ата-аналарымызды еркелікпен ренжітіп жатамыз. Ондайда олардың көңіліне ауыр тиетінін ескермейміз. Сондай ерке қыздың бірі болған мен анам мен әкемнің қасынын кеткелі бері, барлығын түсініп жүрмін.
Менің ағаларым мен апаларым әке-шешелерін қатты сыйлайды. Қазір олар олардың үмітін ақтау үшін еңбектеніп жүр. Мен де ата-анамды ренжітпей, олардың сенімін ақтап, жоғары оқу орнына түскім келеді. Оқуымды үлгілі аяқтасам, ең алғашқы еңбекақымды әкем мен анама сыйға тартсам деп армандаймын. Ол үшін, әрине, көп еңбектену керек. Ата-ананың ризалығын алу деген сөз- отбасыңа, Отаныңа үлес қосу деген сөз деп ұғамын.Барлық достарымды аяулы ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге шақырамын. Олардың қабағына ешқашан кірбің ұялатпайықшы.
Әрі қарай

Туылған күніңізбен, жан әке!

Осыдан 59 жыл бұрын апам Мәйке дүниеге Асанкелді деген ұлды алып келіпті. Сол баланың бүгін туылған күні екен. Яғни, менің әкем Асанның туылған күні. Әкей туралы не айтсам болады? Елдің бәрінің әкесі жақсы. Менің әкем өзгеден ерекше, артық деп айту әбестік болар. Әркімнің өзіне тән ерекшелігі болады емес пе? Мен бүгін әкемнің маған ұнайтын екі ерекшелігін айта кетейін. Ең біріншісі — әрине, әкемнің адалдығы, кісі ақысын жемеуі. Бір жолы кісі шақыратын болып үйге лепешкі алады. Сатушы қателесіп кетсе керек, әкейге артық екі мың теңге беріп жіберіпті. Сатып алған заты көп, басы ауырғандықтан ақшаны санамастан үйге кетіп қалады. Ал, үй дегенің ауылда.
Әрі қарай

Ажырасу – ұлт келешегіне төнген қатер

Соңғы кездері ерлі-зайыптының арасына түсіп, ажырасуға апаратын тағы бір тың себеп пайда болды. Ол – интернет. Өйткені, қазір ғаламторда жедел хабарлама ар-қылы сөйлесетін бірнеше қызмет түрлері бар.


Әрі қарай