Көңілдестерім. Таксист Мереке

Дос қыздың туған күнінен шығып, такси тоқтаттым. Таңғы сағат бестегі бағыма артқы есігі мыжылып қалған күрең «Опель» тоқтады. Машина таңдап кергіп тұратын жағдайым жоқ болғандықтан, отырып алдым. Қол-аяғы ұзын, сырықтай арық жігіттің біресе
Әрі қарай

Көңілдестерім. Әріптесім Әділет

Бір әріптесіміз үйленіп, соның тойында бәріміз бас қостық. Бастық Жәрменнің жанына ақша жүзді, кең маңдай, көрікті бәйбішесі отырған. Тым сабырлы, бойында ақсүйектікке тән мінезі адамды еріксіз баурап алады екен. «Қызым, қызым, айналайыным» деп маған
Әрі қарай

Көңілдестерім. Әріптесім Аслан

Кезекті біреуін баяндап берейін. Бірнеше жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кездегі бастығым Жәрмен алыс ауданға іссапарға жіберді. Жаныма өзі ерсе, шалды тағы біраз әурелесем бе деген ойым да болып еді. Алайда, немересінің шілдеханасынан босамайтынын айтып,
Әрі қарай

Көңілдестерім. Бастығым Жәрмен шал

— Көзіңнің асты ісіп тұрған сияқты ғой?!
— Ұйқым қанбағаннан шығар…
— Бәлкім, азаннан іңірге дейінгі жұмыстан шаршап жүрген шығарсың, олай болса, қысылмай айта бер. Демалысқа жіберейін, тынығып кел. Мүмкін, жалақың ауыспай жүр ме? Олай болса да
Әрі қарай

Islam.kz сайты шағын әңгімелерге бәйге жариялайды

Құрметті қаламгерлер!

Islam.kz порталы жазушылар арасында шағын әңгімелерге шығармашылық байқау жариялайды. Әдебиет – ар мен адамгершілік, иман мен ізгілік құралы, бүгінгі күннің айнасы. Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлиндер секілді шағын әңгіме жазудың шеберлері өз заманының ащы шындығын, қатпар-қатпар көрінісін көркемсөзбен төгілте суреттеген болатын. Бүгінгі күннің бейнесі де қазіргі жазушыларымыздың қаламынан туып, әңгімеге арқау болып жатса құба-құп. Бәйгеге түсер шағын әңгіме аз сөзбен көп ой айтса, қазақы мінезді сомдаса, ататанымымызды өзек етсе, жастардың жігерін жанып, жан дүниесін адамгершілікке баулыса, елін, жерін, дінін, ділін сүюге үндесе, жаманшылықтан жирентсе, тіпті қоғамда көрініс тауып жүрген қате діни түсініктерді түзесе деген үмітіміз бар. Әңгіме мазмұнының тікелей діни сарында болуы шарт емес. Өмірден алынған, ғибратты оқиға желісімен жазылған, тіпті қиялдан қиылған ақиқатқа айна болатын көркем әдеби дүниелерді күтеміз.

Бас жүлде – 300 000 теңге

Толығырақ...
Әрі қарай

Әр нәрсе тегіне тартады

Араб шөлінде қиын да ұзақ сапар шеккен бір шейх ұлына басынан кешкен оқиғаларды былай әңгімеледі:
– Бір алыс сапарға шыққан едім. Күн ұясына батып, төңірек қараңғылана бастаған кез. Алыстан көзіме көрінген үйге қарай тұра жүрдім. Үйге жақындағанымда алдымнан бір әйел шықты. Жалғыз екенімді көргенде қайран қалып:
Әрі қарай

Джазды сүйетін сұлу қыз

http://mtdata.ru

Маңғышлақ-Алматы пойызына әдетімше сөмкемді арқалап отыра берген бойда, корридорда тұтқаға сүйеніп терезеге қарап, бір аяғын көтеріп тұрған бір сұлуды байқадым.
Әп-әдемі. Терісінің мінсіздігі, қою қара шашы… тұра тұрыңдар, мені байқаған сияқты — көзінің қиығымен қарады. Қолында кітабы бар, сыртында «Одиннадцать Минут» деп тұр екен.
Оқығанды сүйетін қыз болса керек. Оның үстіне Пауло Коэльо… Кемінде «мәмбет қыз» емес.
Басымды изедім де жақындадым.
Әрі қарай

Ух, шаршадым көргім келмейді

Шын айтам. Мүлде көргім келмейтін бір нәрсе — сериал. Осы сериалдардан кім не алады, жастар өзіне қандай тіәрбие алады деп таң қаламын. Өзімнің байқағаным менің 4 жасар қызым сериалдан тіл үйренеді. Онда да, «Бахри әйелінің көзіне шөп салыпты» деген секілді. қай сериалды ашып қалсаң да, ақымақ болып жүрген біреу, өзіне-өзі сенімсіз жандар, солар тудырған жанжал, баянсыз махаббат, немесе арсыз адам… Бұл әңгіме ұзын-сонар кете береді. Жоқ деймін ау сол сериалдардың беретіні аз, тәрбиелік, эстетикалық жағынаи да. Тарихи сериалдар болса бір сәрі…
Күндіз жұмыста сериал, кешке үйге келсең, екі жақта екі түрлі сериал. Біреуін күйеуім, екіншісін ата-енем мен балаларым көреді.
Сосын қызым жыр қылып ол сериалда не болғанын айтып береді. Сөйтіп сериалмен ғұмыр өтіп жатыр.
Ал, сол екі ортада кухнядағы менің өмірім… Сонда мұндай өмірден қызық не, менің жаныма кім келіп, ішкі ойыммен кім бөліседі… деп отырмын. Балаларым мен күйеуімді сериалдың тағдырынан қалай құтқарсам екен))
Әрі қарай

Жетінші март хикаясы

«Бүгін алтыншы наурыз, ертең жетінші наурыз, бүрсікүні сегізінші наурыз...» деп күбірлегеп жатқан жігіттің шамалыдан соң көзі ілініп кетті. Бұл күндерді күбірлеуінің өзіне белгілі себептері бар еді.

***
«Ертең сегізінші наурыз...» деп ойланып отырған Арманның ойын телефон шырылы бөліп жіберді. Группаласы Жандос екен. "Үйге кел, мерекенің басы басталып кетті медколледждің қыздары бар" деді де тастай салды.Бірінші рет бұндай отырысқа баруға зауқы соқпағаны осы болды. Бармаса досының ренжіп қалатыны да өзіне мәлім.Көшеден такси ұстай салып досының үйіне қарай тартып отырды.
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Дениз"

— Дениз, ең ақыры — ол сені қан-жоса қылып пышақтап тастап, енді шала-жансар жатқан жоқсың ба?
— Қойшы Мәрт, ашудан өзін өзі ұстай алмай қалған ғой. Тиме оған!
— Дениз, ол сенің клатчыңа улы жылан салып қойып, өткен айда өліп қала жаздаған жоқсың ба?
Әрі қарай

Бейшара есек құйрығын қайтарам деп, екі құлағынан айырылды

Күндердің бірінде ауылдағы малдардың арасында бір тентек есек өмір сүріпті. Ол ауылдың айналасын аралауды жақсы көріпті. Бау-бақшалар мен адамдардың егін жерлеріне барып, өсіп тұрған нәрсені жейді екен. Оның мұндай ісі бірте-бірте адамдарды шаршатып, олар ызаланып, иесіне: «Егер есегінді қойдырмасан, өзіміз шара қолданамыз,»- деп ескертеді.

Есектің иесі есегінің алдын ұстау туралы уәде береді. Бірақ уәдесін іске асыра алмайды. Бір күні есегі шаруалардың жеріне барып, бидай жеп тұрған жерінде қолға түседі. Бидай жеп тұрған есекті көрген бірнеше адам, оны ұстап алады. Олар есектін құйрығын кесіп тастап: «Енді басқалардың бауы мен жеріне аяқ баспайтын боласың,»- дейді. Иесі естісімен сол жерге қарай асығады, бірақ кешігіп қалады. Құйрықсыз қалған есегін жетектеп, үйне қарай қайтады. Малдар құйрықсыз қалған есекті көріп, ол туралы сөз айтып, күледі. Есектердің арасында ақылды есек болған екен, ол: "Өткен нәрсе өтті. Мен саған өз істеріңмен өзінді жаман атты қыласын деп сан рет ескерттім, бірақ сен тыңдамадың, енді осы оқиғадан кейін абай бол. Құйрығынан айырылған есек: «Есек құйрықсыз бола ма?» Ақылды есек: «Сен өзін айырылдың ғой, енді не істейсің?» Тентек есек: "Құйрығымды қайтарғым келеді, былай мені барлықтар таниды." Ақылды есек: "Өзің кінәлісің, енді не істеуге болады?" Тентек есек құлақтарын қозғалтып: "Әрине, мен құйрығымды кесіп тастаған жерге барып, оны тауып әкелемін."

Мұндай әңгімені естіген малдар күлді. Ақылды есек: «Еш нәрсе істеме, өзінді қайтадан бір нәрсеге ұшырасын. Бұдан артық жағдайынды ауырлатпа.» Тентек есек: «Жоқ, мен жағдайды дұрыстаймын, көрде тұр,»- деп жауап берді.

Келесі күні есек құйрығын кесіп тастаған жерге барады, шамалы бидай жеп, құйрығын іздеуге кіріседі. Бір мезгілде: "Әй, келіңдер, тентек есек келді,"- деген дауыстарды естиді. Ол қайтадан шаруалардың қалына түседі. Адамдар: «Ақылы келгенше ұрайық,» «Иесіне апарып тапсырайық,» «Мұның барлығынын пайдасы жоқ, ақылға келетін болса, осыған дейін түсінер еді. Өткен жолы құйырығын кесіп тастадық, бұл жолы екі құлағын кесіп алайық,» – деген әртүрлі дауыстар естілді.

Есек қателескенін түсінді, өкінудің пайдасы жоқ. Шаруалар есектің екі құлағын кесіп босатады. Құйрығы мен құлақтарынан айырылған есек өз үйіне қайтты. Иесі оны көріп: «Көрдің, өзіңді бақытсыз қылдың, қайтадан не істедің, басқа есектерге не дейсің?»- деді.

Есек малдар тұратын жерге кірді, осы жолы олар шаршағанша күлді, тек ақылды есек күлмеді. Біреу одан: «Сен неге күлмейсің?»- деп сұрады. Ол: «Не үшін күлемін, біз есектер жылауымыз керек, өйткені осы жолы біз туралы қайтадан сөз таралады,»- деп жауап берді.

Есектердің бірі: «Не деп айтады?»- деді. Ақылды есек: «Енді бейшара есек құйрығын қайтаруды армандап еді, екі құлағын жоғалтты дейді,»- деп түсіндірді.

Содан бері кімді-кім қателесіп, қолында бар нығметінің бірінен айырылса, кейін оның соңына түсіп, басқа нығметінен айырылса, оған: «Бейшара есек құйрығын қайтарам деп, екі құлағын жоғалтты,»- деп айтады,"-деді.
Әрі қарай

Аңдардың патшасы кім?

Арыстан түлкіні ұстап алып: “Мен енді сені жеймін”, – депті.
— Босқа әуре болма, аманыңда тайып тұр, мен аңдардың патшасымын, – дейді түлкі.
— Жоқ, аңдардың патшасы сен емес, менмін! – дейді арыстан.
— Нанбасаң, – дейді сонда түлкі, – екеуіміз орманды аралайық, кімнің кім екенін сонда көресің.
— Екеуі осыған келісіпті де, орманды кезіп жүріп кетеді. Түлкімен бірге келе жатқан арыстанды көре сала аңдар зыта-зыта жөнеледі екен. Осылайша біраз жүргеннен кейін:
«Түлкінің айтқаны дұрыс болды, аңдардың патшасы екен бұл» деп қорыққан арыстан қашып құтылыпты.

Ел аузынан.
Әрі қарай

Қойшы мен алма ағашы

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: — Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын шайған дәрет суының қалғанын да ырымдап соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, әйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан қай әдемі алмаға көзі түспесін, кішкене ғана ұмсынып қол созғаны жетіп жатыр еді. Алайда, одан бергі қаншама жыл ішінде қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының болса, керісінше бойы барынша биіктеп, шынар ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы қанша жайқалып өскенімен мәпелеп өсірген баланың аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып: — Қане, балам, — дейтін, — бүгінгі несібемді түсіре ғой?
Айтқанындай, көп пәлсінбестен бір алма түсуші еді. Бұл көрініс дәл осы қалпында бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бір де бір күні кездескен емес.
Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты сырттай бірнеше мәрте байқап, қойшы қартты «әулиеге» жорысып қойғалы қашан.
Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын сұрады. Алайда, бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді. Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты.
Жеміс бергелі «баласы» қарттың көңілін еш қалдырып көрген емес еді. Мәпелеп өсірген баласына дәл осы жолы көңлі қатты қалды. Көңілі құлазыған қарт бойы бұл жолы тіпті шөкімдей боп, бұрыңғыдан да аласарып, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие түскендей.
Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерекше, әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан өзгеше қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жинап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті. Өйткені, есіне бір нәрсе түскен болатын.
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт бірден әлгіндегі алма ағашына қайтадан жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей құшақтаған қарт:- Күнім, әшейін,- деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі,- айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..
Әрі қарай