Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында) (Жалғасы....#2)

Амалсыз қорыққаннан бұлар түсті,
Көрмейміз, — деп едік мұндай істі.
Алдынан қашқан ісің кез қылыпты,
Құданың құдіреті қандай күшті.

Бұл қыздың екеуіне көңілі кетті,
Тамаша, қызық мәжіліс, ойын етті.
Қызбенен екі патша ойнап күліп,
Жұмысы көңілдегі түгел бітті.
Қыз екен диюмен жүріп жаһан кезген,
Телміріп көрінгенге көзін сұзген.
Шығарды бір әмиян қалтасынан,
Ішінде талай жүзік жіпке тізген.

Әрі қарай

Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында)

Бастайын бысмыла, -деп сөздің басын,
Кішкене құлақ салып халық тыңдасын.
Айтайын біразырақ әңгіме етіп,
Бұрыңғы өткендердің хиқаясын.

Бір патша болып еді самарқанда,
Жайылып аты кеткен әр таманға.
Өзінің аты еді –Шаһіраман,
Жүргізіп тұрған өкім барша жанға.

Бар еді бір туысқан бір ағасы,
Бір еді екеуінің ата-анасы.
Ағасы Шым-Машынға патша еді,
Жол еді бір айшылық аралары.

Әрі қарай