Сол кездер...

AknietTanirbergenkyzy — ның такси туралы жазбасын оқып есіме түсіп кетті.
Такси демекші мен күйеуіммен таксиде танысқам. Бір күні үш құрбы клубқа бармақшы болып такси тоқтатып тұрмыз, бір уақытта бір такси тоқтады. Опшым, не керек 200 тг апаруға келісті. Бір клубқа бардық жабық, екіншісіне апарды онда орын жоқ, мен алдыда отырмын, екі көзі менде, қайда апар дедік сонда тасып жүрді, ақыр аяғында клубқа кірмей бильярдқа апарып бізбен бильярд ойнап кетті. ))) Сонымен екі құрбымды уйіне апарып тастады, ең соңында мені әкелд, ертеңіне звондап, ресторанға шақырды. Звондағанда мен әшейін қараңғыда әкелді ғой таба алад деймісің деп ойлап, үйді тауып келсең кездесуге шығам дегем, бір кезде звондап тұр, осындай осындай үй, мындай подъездің алдында тұрмын деп.
Сонымен қызық үшін басталған кездесуден кейін мен оған шын ғашық болдым. Айтатын әңгімелерімен, мәдениеттілігімен мені баурап алды.
Демалысым бітті де, Атырауға жұмысыма кетіп қалдым. Сол кездегі билайнның Летние ночи деген тарифына қосылып алып таң атқанша сойлесетін едік, қазір ойлайм сонша не айтатын едік деп)))
Бір жылдан кейін қосылдық. Қазір үш ұлымыз бар Аллаға шүкір!!!
Кейде қыз күнімді армансыз уайым қайғысыз жүрген күндерді сағынып қоям еххх сол күндерім ай деп )))
Әрі қарай

Ол, "Олар", "Үшіншілер"

Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
Ол!
Ол қазіргі жаңа технологияларды жақсы меңгерген. (Компьютер, ұялы байланыстың түр-түрі, планшет, ноутбук, т.б.) Ол өзіне дәл қазіргі таңда не керектігін біледі. Уақытын босқа сарп етпейді, алдына қойған мақсаттарына жұмсай алады. Ылғи да жаңа идеялар тауып, ескінің орнын алмастырып отыруға құштар. Үнемі ізденісте жүреді. Көпшіліктің ойын дөп басады. Әрдайым белсенді, ортасына ұнамды. Негативін жасырып, позитивін жарқырататын жеке тұлға. Ұлы төңкеріс жасау қажет емес, бастысы, еткен еңбегіңнен ләззат ала білу жетістік деп санайды. Ұйымдастырушылық қабілетке ие, соңынан біраз адамды ерте алады, әжептәуір командасы бар. Командаға мүшелер де осал емес, кіл алғырлар. Өзіңізді осы санаттанмын деп танысаңыз, сіз үшін не істейміз? Әрине, қуанамыз да
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Олар»
«Олар» ылғи да өзге планетадан келгендей кейіп кешіп жүреді. Бәріне күйіп-пісіп жаны ашиды. Ұлт тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры, адамзат һәм қала берді жан-жануарларға дейін жаны ашығыш. Бірақ, қолдарынан келер дәрмен жоқ, тек ыстық эмоцияға бейім тұратындар. Лаулап жанатын «олар» шынтуайтында қаншалықты патриот, қаншалықты ұлтын сүйгіш екенін еш жерден өлшеп көрмеген және өлшеп беретін орын да жоқ. Ол «орынның» жоқтығы да қандай жақсы болған. «Оларды» «Ол» санатына жататындар аса ұната бермейді, «оларға» псевдопатриоттар деп күле де, мүсіркей де қарайды. Өзінің сол топтан емес екеніне кәміл сенімді. Бұлардың да «өз» көсемдері, «беткеұстарлары» бар. Жалауша берсең топ бастайды. Бірақ, «олардың» әлеуметтік эмоциясы қаншалықты сауатты және қаншалықты мән-мағынаға ие? Негізі «оларды» онша ұната бермейтініміз рас, иә?  Өз басым мойындаймын.
Блог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, ҮшіншілерБлог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
«Үшінші топ»
О, оларға бәрібір. Күн не, түн не, әйтеуір өтіп жатқан уақыт. Тек «үшіншілердің тынышын ешкім алмаса болды. Тойын жасайды, құдалығын аман-есен атқарып, келін түсіріп, шетел асып, сауда жасап, басқа да күйкі шаруалармен басы қатып дегендей… Оған саясатыңның да, ақыл-ойыңның да, әдебиет-мәдениетіңнің де қажеті шамалы. Тіршілік есебі түгел, көк көйлегі бүтін, қарны тоқ болса болды. «Үшіншілерге» анау пәленше деген классик өлді ме, жоқ тіріліп келді ме я болмаса бір алпауыт мемлекеттің басшысына «бірдеңе» болып қалды ма, бәрібір. Бәрібір болмағанда немене, именно сол барып тоқтату, оның да, «Олардың» да, біздің де, жалпы ешкімнің де шаруасы емес. Сонымен, тұжырсақ, «үшіншілердің» ештеңемен шаруасы жоқ. Шаруасы бола қалған күннің өзінде оларға біздер таңырқап қалуымыз мүмкін, «саяси сауаты» ашылып кеткен бе?» деп. Бұл топты кінәлауға менің ешқандай құқым да, қақым да жоқ және өте орынсыз. Мойындау-2.
Блог - Zhan: Ол, Олар, Үшіншілер
… «Ал, сен өзіңді қай топқа жатқызасың?» — деп сұрағыңыз келіп тұрса, жазғандарымнан жобалай беруіңізге болады. Тапсаңыз әрине хихихи Айтпақшы, әнеубір суретке бола мені сөкпессіздер)))
Әрі қарай

"Көктемнен" қалыспайық...

Блогиада басталғалы көктеммен бірге Wordpress.com мен Kerekinfo блогтарына жан бітіп, блогшы қауым отауларына бас сұға бастапты. Біразына меймандап қайттым. Байқау серпін бергені көрініп-ақ тұр. Сапалы контент қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың бастамасы жаман емес сияқты. Көршілес блогтардан байқағаным,Бүркіт досым өткен-кеткен көктемді түртіп өтіпті. Өркеннің отауында көктем әр қырынан өріліпті. Әйгерім қыз көктемге біраз фотоөнерін салыпты. Араларында ұнағаны Нұрбергеннің жазбасы. Оқып отырып, әр көктеміңді көз алдыңа тізбектейді екенсің. Кітап жазғым келіп кетті. Көктем жақсы ғой. Жаңару. Жандану. Биыл Астанаға көшіп келгелі екінші көктемімді, өмір ағысында 35-ші көктемімді қарсы алып отыр екенмін. Бұған да шүкір. Былтырғы жылы елордадағы көктемімді қалай өткізгенімнен нышан да қалмапты. Тегі, ойда қалатындай ештеңе болмаған сияқты. Ол жылғы қаһарлы қыс та еңсені басып тастады ғой. Артта қалған ел-жұртты да сағынасың… Сәуір айында Медет пен Клараның концертіне барып, шығыс өңірі туралы әнді естіп, бір сағынышымызды тарқатып едік. Ееее, өмір-ай десеңші! «Тірі адам тірлігін жалғастырады» демекші, бұл көктем де есіктен кіргенін байқамай қалыппын. Мен өз «көктемімді» сағынбағалы да, сезінбегелі де біраз уақыт өтіпті. Тек блогиададағы жазбаларды оқығанда ғана, осы бір маусымның адам баласына берері мол екені есіме түсті. Көктем! Қалқаман ақын айтқан «Қара жердің қайғысын сейілтетін...» көктем, Ақберен өрнектеген «Көктем, көктем… өзге көктем!.. жаңа дем…» көктем, Алмас Темірбай суреттеген «Әркімнің өзінің көктемі болатын...» көктем, Серікзат жырлаған «Тіршілік оянатын көктеме бұл...» көктем, Ербол Бейілхан жазған «Жаңартатын жандарды ертегі...» көктем, Толқын Қабылшаның қаламынан туған «Көктем сені күткен ем… дәрмені жоқ..» көктем… Қайсы бір күні Ұларбек ақынның «Түнгi ұйкымда тербеткен кiм, Сағыныш па, жаңбыр ма? Тым кешiккен бұл көктемнiң, Сертi бар ма тағдырға?» деген өлең жолдарын оқыдым. Ехх, біздің көктем биыл да кешігетін сияқты-ау… Жұмыста отырмын… Ой құшағында… Көктемнің құшағында…
Әрі қарай

Алматы және Мен

пойыздан қараған қыз
Әркезде пойызға отырған сәттен жол бойы терезеден қарағанды ұнатам. Жолдар маған, әр үмітпен келе жатқан сапарымды сезгендей, бойыма бір ерекше қуат береді. Сосын осы жолдарға қарап:

Ей, жолдар! Сапарымды сәтті ете гөрші. Мені қолдашы. Үмітімнің үзілмей осы жолдардай жалғануын тілейтінмін. Бүгін міне, тағыда жолға шықтым. Барар жолым – Алматы.

Иәә, иәә, ел мақтайтын да, даттайтын да қалаға, араға 10жыл салып, тағы бір жолым түскелі отыр. Алматы-ару қала. Арман қала. Жастар қаласы. Мақтауға тұрарлығы сонда деп есептеймін. Ал, даттайтыны, қаланы әлдекімдер тас қала деп жатады. Бауырыңа баспайтын суық қалаға үйренісе алмағандар қаншама?!..

Бір кездері менің де бал күлкімді ұрлаған қалаға енді қайтып келмеймін деп қайрылмастан кеткен болатынмын. Дегенмен, жаныма ғана емес тәніме түскен жараны да жазу сенің ғана қолыңда екен. Сол үшін қайтып келдім. Сенімсіз түрде келдім. Себебі, сені ұнатпайтынмын Алматы. Бірақ сен маған қайтадан сену керектігін, сабырлық танытуым керек екеніне сендірдін. Үзілгелі үмітімді жалғап бердің. Содан бері мен шын қуандым. Шын күлдім. Алматы тек мықтыларды ғана жақсы көред(і) екен ғой дедім,-іштей.

Ехх, Алматы… сен менің талай мұңды сәттеріме де… егіліп жылаған күндеріме де… жалғыздықта жабығып жүргеніме де талай рет куә болдың… тіпті қосылып жылаған сәтіңді де ұмытпадым. Ол енді бөлек әңгіменің еншісінде.

Он жыл бұрынғы кездер мен қазіргі кездің арасы біршама өзгерді. Мен үшін. Ол кезде менің денсаулығыма бей-жай қараған дәрігерлерге деген көзқарасым, барлық ақ халатты жандарды жек көруге итермеледі. Еріксіз түрде. Алайда мен бәрібір осы дертімді осы жерден, осы қаладан табатыныма сендім. Бұдан былай Алматыны көрмеймін дегеніммен, айналмалы дүние бәрібір өз дегенін жасады. Қайтып келуімнің себебі осы еді. Басқа да ақ халатты жандардың арқасында жоғалған сенімімді қайтардың. Батылсыз, әлжуас қызды қайтпас қайсар мінезбен өжет еткенін үшін саған ризамын!

Пойызымыз Алматыға жақындаған сайын жүрегім қатты соғып кететіні неліктен деймін-ау..) Жо-жоқ, мен қорықпаймын. Саған сенем ғой. Тек сен мені ұмытып кетпесе екен деймін. Әркез келгенімде, мені құшақ жайып қарсы алатыныңды білсем де, Алматы суық қала, жылы жүрші деп алаңдайтын анашыма: Алматы мені тоңдырмайды. Біз енді бауырмалдай достастық қой деймін. Пойыздан түскен бойда күннің көзіңе қараймын.Күн нұрын шашып, жаныма бір жылы лептің самалы есіп тұрғанын сезем. Ол сенің мені жылы қарсы алғаныңның белгісі.

Р.S:
Әрі қарай

Анекдотшы бала

Өткенде(21-ші ақпан) әжемнің қырқын беріп жатқан кезде бір туысымыз мені қасына шақырып алды. «Баяғыда бізге анекдот оқып бергеніңді білесің бе?».«Жоқ» дедім. Негізі есімде. Ол кезде мектепке бармаған кезімтін. Бес жас шамасындамын. Үйде "Қазақы қалжыңдар" әлде "Қазақша анекдоттар" дей ме бір жұқалтаң кітап бар еді. Ағаларым соның ішінен бір анекдотты бір-біріне оқып беріп, шиқылдап күліп отырғаны есімдетін. Сондай кезекті қонақтардың алдында өзімнің кітап оқи алатынымды көрсетіп мақтанғым кеп кетті. Көбісі «Лениншіл жасты» судыратып оқығанымда мақтап кететін. Қырсыққанда газет табыла қоймады. Әлгі жұқалтаң кітапты қолыма ұстап «Мама, анекдот оқып берейін бе?»-деп сұрадым. Әжем марқұм рұқсатын берді.
«Автобус ойдым-ойдым жерлермен секіртіп келе жатады. Жолаушылардың ішінде масаңдау жігіт болса керек. сол жүргізушіге „Әй, гондон! Ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жай жүұр“ деп қайта-қайта ескерту жасай берсе керек. Шыдай алмай кеткен жүргізуші қолына мантировкасын алып»Өзің түсесің бе, әлде түсіріп жіберейін бе?" деп анаған тұра ұмтылады. Сол кезде екеуінің ортасына бір әжей килігіп "Қарағым, Гондонжан, бір ашуыңды маған бер, барар жерімізге жетіп алайық" депті" деп бітетін әлгі анекдот. Қонақтар күлкіден қырылып қалды.«О»-ны «А» қылып оқу білмейміз. Әлгі сөзім тіптен күлкілі естілді -ау деймін…
Әрі қарай

Cырға

“Құран оқытамын, келіңдер”,-деп звондады қайным Қарқаралыдан. Руслан үйдің үлкені, бармаса болмайды. Автобусқа билетті бір күн бұрын алып қойдық. Қарағанды қақап тұр. Аяз қырыққа барған соң, мектептер мен колледждерде сабақ жоқ. Үй азынап кеткен. Жылытқыш қосып, бір бөлмеде қамалып отырмыз. Ертеңгілік күйеуім ұзатылатын қыздай боп ұзақ киінді. “Телефоным”,-деді Руслан кетіп бара жатып. “Қайтейін деп ең, бүгін барып, ертең келесің. Тағы жоғалтпақсың ғой”,-деп сөйлеп қоя бердім. Үндеген жоқ. Ай сайын бір телефон ауыстыратыны өзіне де аян.
Ойымда ештеңе жоқ. Университеттің бітпейтін қағазын басып отырғам. Қайным звондап тұр: “Руслан келді ме?”-дейді. “Келгені нес, сендерге кетті емес пе?-деппін жұлып алғандай. “Жол жабық екен, автобусты Қарағандыға қайтарыпты”. Мәссаған, содан Русланды іздеу басталды. Қалам ұстайды дегендердің бәріне хабарластым. Көрдім, білдім деген адам жоқ. Күні-түні телефонның құлағындамын. Соткасын бермегеніме өкінгенім ай. Бағдат Мүбәрәк “Сол күні автовокзалдан көргем, автобус болмаған соң такси іздеп жүрген”-деді. Қатты састым. Күйеу жоғалттым деп полицияға хабарластым. Полиция қызметкері келіп мынау асүй, мынау жатын бөлме деп үйімді фотоға түсіріп жүр. Ой, Алла-ай, мен күйеуімді Қарқаралыға жібердім десем, мыналар үйімді суретке алғаны несі деп таңғалдым да қойдым. Қоңыр күрте, қара малақай, қара бәтеңке киген адам деп Русланның түрін түстеп жазып алды да кетті.

Энгелсь ауылынан Бекзат деген жолдасы қоңыраулатты. “Аман Ахметжаннан естідім, Руслан жоғалып кетті ме? Қазір мен Қуаныш Медеубайға айтайын, суретін шығарып алып барлық кафе-мафелерді араласын. Вокзалда танысым бар, камерадан қарап береді”. Ішім жылып кеті. Айдалада жатып Русланға алаңдағанына. Сәлемі түзу болғанмен тонның ішкі бауындай араласқан емеспіз.

Русланның әләулайға хәләулай қосып, жоғалып кетуі бір бұл емес. Тек мына көк аяз құтымды қашырды. “Атының сыры иесіне мәлім” деген. Шаруасы біткен жерде жантая кететін әдеті бар. Қалтасында не телефон, не құжаты жоқ. Қарқаралыда қайныммен шамалас жігіт далада қап үсіп өліпті дегенді естігем. Үшінші күн дегенде шыдамадым, ауылдағы екі абысыныма келіңдер деп әлек салдым. Ондағы ойым ауруханаларды аралау. Кешке Қарағандыға шығамыз деді кіші келін. Қайынсыңлімнің күйеуі де осында. Мазасыз шақта Жеңісбек деген досы хабарласты. “Руслан қайда?” “Өзім де таба алмай отырмын.” “Жұбайы сен білмесең, кім біледі”,-деп сызылып тұр қарағым. “Сірә сен білетін болдың ғой”,-десем, иә қазір автобусқа отырғызып тұрмын дегені. “Көлік қатып қалып, осында сүйреп әкеп тастапты.” Уһ деп, жан-жаққа сүйіншілеп хабар жіберіп, қайным, абысыным, күйеу балам бәріміз күтіп алдық. Келген бетте төсекке тұмсығын тірей құлады.

Ертеңінде телефонның шырылынан ояндық. “Қайрат қой, үйіне қонбапты. Үйге шақырдым”,-деді Руслан. Күннің беті бері қарапты. Неше күн бір бөлмеге тығылған балалар кең дәлізге ойыншықтарын шашып тастап асыр салуға кірісті. Энгельстен Бекзат хабарласты. “Саған арнап сырға соқтырып жатырмын, келесі жоғалғаныңда бірден табамыз”,-деді есі шыға күліп.

Тура Русландікінен аумайтын қоңыр күрте киген Қайрат келді. Жұмыс қайда деймін. Жүріп жатыр дейді Қайрат еш саспастан. Екеуі тамақ ішті, ұйықтады, қайта тұрды, өлең оқыды. Кешкілік Қайрат үйіне жиналды. “Басқа жаққа бұрылып кетпейсің бе?”-дедім қадалып. “Жоқ”,-деді Қайрат жазықты жүзбен. Мен шығарып салайын деп лыпылдады Руслан. Бір-бірінен аумайтын қоңыр күрте киген екеу іркес-тіркес боп шықты. Содан бері ет асым уақыт өтті. Руслан жоқ. Қайрат та үйіне жетпепті.
Әрі қарай

Еден жуушы дәметіп қалмасын

Бір жылдары оқытушылықтан кетіп басқа жерден нан тауып жегем. Сол кезде болған оқиғаны әңгімелеп берейін. Сегізінші наурызда ер қызметкерлер әдеттегідей мерекелік дастархан жайды. Әдемі-әдемі тілектер айтып, тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, “жырғап” отырмыз. Бір уақытта бастығымыз Жәкең:”Мына Исекеңе (орынбасары) қыздарды құттықтағалы отырмыз, ана еден жуатын келіншектерге де сыйлық алайық, құрметімізді білсін деп едім, Исекең “И гүл!” деп қосты, ер екен»,-деді әңгіме бастап. Дүкен аралап жүріп Исекеңе осы еден жуушыларға қорап кәмпит пен торт алсақ қалай болады деп ақылдасып ем, бұл кісі баяғы әуеніне басып “И гүл!” дейді. Исекеңнен қайран жоқ. Еден жуушыларға ыдыс-аяқ сервизін сатып алып тұрсам, ол “И гүл!” дейді танбастан. Исеке, гүл әпергеніміз қалай болады, басқаша түсініп қалмай ма? Еріндерін қып-қызыл ғып бояп ап, күнде кабинеттен шықпай жүрмесін деппін сасқанымнан”,-деп күлдіргені бар.
Әрі қарай

Қыздар ғана кіретін кабинет

Бірінші курста ағамның үйінде жатып оқыдым. Екінші курста «Әй дейтін әже, қой дейтін Қожа жоқ» еркін өмірге қызығып жатақханаға шықтым. Жатақханаға шығу үшін медициналық тексерістен өтеді екен. Салып ұрып емханаға келдім. Тіркеу бөлімі тексерістен өтетін кабинеттерді бір парақ қағазға жазып берді. Бір уақытта құрбым Қарақаттың бауырын көзім шалып қалды. Ол бірінші курсқа енді кеп жатқан. Не істеп жүрсің деймін үлкенсіп. Мен де жатақханаға орналасайын деп едім дейді бала. «Кәне көріп жіберейін, қағазыңды бер. Саған бір кабинетті жазуды ұмытып кетіпті. Менде төртеу. Сенде үшеу. Ештеңе етпейді, бірге өтеміз. Менен кейінгі кезекпен кіресің»,-дедім ширақтық танытып. Кезек күтіп тұрмыз. Кілең әйел. Мына бала менен кейін деп қоям. Жұрт адырая қарайды. Сұрастырсам, кабинетке кіру үшін жаялық керек екен. Ақша бердім де, өзіңе, сосын маған алып кел деп әлгі баланы жұмсап жібердім. Кабинетке кіргенде бірақ білдім ғой! Баланы есік алдына тастап зыттым. Содан оқу бітіргенше Қарақаттың бауырынан қашып жүрдім. Ауылда іш ауырса да, тіс ауырса да баратының бір дәрігер. Қайдан білейін, қыздар ғана кіретін кабинет болатынын. Сөйтіп есейгенім бар.
Әрі қарай

Менің бастығым

Қызметтің кілтін ұстағалы талай бастықпен істес болдым. Солардың ішінде Мекең орыс мектебін бітірген, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтың бірі. Мекең бастық боп келгенде мен орысша сөйлеуді, ол қазақша сөйлесуді үйренді. Бастықтың тілінде сөйлемесең айтқаныңды тағы тыңдата алмайсың. Ал кейін, Мекең қазақшалағанда елді жаңылдыратын болды. «Тағы басталды»,-дейтін кабинетіне мәселемен кірсең. Мекең айтқан бір оқиғаны баяндап берейін. Мекең студент кезінде қызға қырындап, ойын-сауықты жағалағанымен үйге қонбай қалу әдетінен ада болыпты. Тек диплом алған күні жігіттермен “жуып” жүріп, үйіне келмей қалады. Ата-анасына өрескел қылық көрсетіп көрмеген Мекең ертеңінде айыбын жумаққа қам жасайды. Үйіне келсе жуынатын бөлмедегі легенге күрте салынып тұр екен. Оны жуып, сығып, балконға жайып қояды. Кешке әке-шешесі жұмыстан келеді. Мамасының алдын орамақ болған Мекең: «Мама, мен сықтым»,-дейді. Мамасында үн жоқ. Төргі бөлмеге өтіп кеткен әкесі қайтып келеді. «Мама, мен сықтым»,-дейді Мекең шаттанып. Көзі бақырайып кеткен мамасы: «Балам ау, кімді?»-деген екен.
Әрі қарай

Кәріс халқының хертегісі. "А Сан мен Ү Сен"

А Сан байдың баласы екен. Ү Сен болса, кірпіш «Samsung» алуға да жағдайы жоқ кедейдің баласы екен. Бір күні екеуі 1 мамырда класпен бірге пикникке барыпты. Қара басып ұйықтап қалып, автобустан қалып қойыпты. Жеті сағат, жеті минут, жеті секунд дегенде үйлеріне әрең жетіпті.
Әрі қарай

Қайыршы музыкантқа ғашық боп қалама?

(жалгасы)Үйге келген соңда ойымнан қара торы жігіт кетпей қойды.Жүрегім кеудеме сыймай,құлағымнан даусы кетер емес.Ертеңіне сабақан кейін саябаққа бардым, оны коп күттім келмеді.Ертеңіне де арғы күні де келмеді.Үміт соңынан өледі демекші жүрегім келмесіне сенбей, коп уакыттан кейін саябаққа келіп отырғышқа отыра бергенде ойып жазылған жазуды кордім:
-Қорықтым сіз ақшасы жоқ қайыршы музыкантқа ғашық боп қалама,- деп жазған екен.Мен мұның өзіме жазылғанын бірден білдім.Әттең ол кешікті өйткені мен оған бір коргеннен ғашык боп қалған едім. Өмір бірде қуаныш, бірде қайгы боп өтіп жатты.Дегенмен ол жағдайдан кейін баққа қайтып бармадым!
Әрі қарай

Қайыршы музыкантқа ғашық боп калама?

Үйден ренжеп шықсам жеңіс саябағына баратынмын. Бүгінде дәл солай саябаққа бет алдым, бір кезде бақтан құлактын құршын қандырар домбыра уні мен қоңыр дауыс естілді. Бойымды баураған бұл дауыстың иесін іздедім,қарасам тебіреніп терме орындап отырған қара торы жас жігітті кордім.Ашумен озіме қарама-қарсы отырған адамды да байқамаппын.Терменің әсеріме әлде дауысының ырғағыма белгісіз,әйтөгір бойымдағы реніш су сепкендей басылды.Өзіне карап отырғанын байқадыма, жігіт термесін айтпай қалды.
-Мен сасқаннан:
сіз айта беріңіз, тыңдап отырмын,-дедім.Жігіт маған мұңлы коздерімен қарап отырып,
Жанарымды жұмып кейде нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен,
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген…
ішінде мағыналы сөздері бар әдемі әнді беріле айтты.Әсем ән көңіл пернесін дөп басты.Әуен аяқталысымен жігіт орынан тұрып, жүріп кетті.
-Тоқтаңыз, тоқтаңыз,-деп артынан жүгірдім.
Ол маған қарап тұрып:
-сіздің көздеріңіз әдемі, мен сізді саябақтан көптен бері коріп жүрмін, көздеріңіз адамды баурап алады,-деді.
Мен абдырап:
-сіз ертең келесізбе?әніңізді тыңдағым келеді,-дедім.
Ол біраз үнсіз калды да, басын изеп келіскендей болды.
Кенет ол қолымнан ұстады, оның домыраны әдемі шертетін сиқырлы саусақтарына сұқтана қарадым.Екеуміз аялдамаға дейін келдікте, мен автобусқа мінер кезде ол маған,-сіз бақытқа ылайықсыз,-деді де кетіп қалды...(жалғасы бар)
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

АКҮдің Монтиға арналған таяқшасын қабылдап алдым

Ұнайды: Антошкамды жақсы көру, тыныштық, Агата Кристидің Пуаро сериясы, билеген, көңілім болғанда сабақ оқу, есеп шығару, Сатекеңнің жазбаларын оқу, көңілім болса пікір таластырған, себелеп тұрған ақ жауында қыдыру, көк орман, тау арасында демалу, Көлсай, Бурабайда тас үстінде жатып ұйықтаған, су ағысына қарап отырған, өтектеген, сорпа, сынды бетіме айтатындар, Легенда о пианисте, классикалық музыка

Ұнамайды: бір нәрсені мың қайталап сұрап, айта беретіндер, көңілім жоқта сабақ істеу керектігі, жігіттердің ездігі, аузы ашылып жүретіндер, молданың айтқанын істе, істегенін істеме деген өмірдегі, фантази фильмдер, рикшаның жүргізушілері

Эстафетаны Асауботаға бердім
Әрі қарай

Жайлау.Мен.Әке-шешем.

Бала кезімнен жайлауда өскен қазақтың бірімін. Мектептегі сабақтарымыз аяқталар-аяқталмастан жайлауға тартып кететінбіз.Шамамен он жастағы кезім.Мен ата-әжемнің қолындағы баламын ғой.Немерелерінің үлкенімін (ер балалардың ішінен). Әке-шешем ауылда жеке тұрды. Оларды онша мойындай қоймасамда іштей оларды көргім келіп тұратын сол кездерде де. Мүмкін оның себебі мына бір жағдайларда шығар.
Әрі қарай