Мен оқыған бір кітап

«Мен оқыған бір кітап»
«Құдай-ау қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар»
1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері,Қазақтың Республикасының халық жазушысы, белгілі журналист, Шығыс Қазақстан облысының, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында 1922 жылы 15 желтоқсанда дүние есігін ашқан,Қазақтың мандайына біткен жарық жұлдызы, тек қана ақиқат пен ерлікті, махаббат мен достықты жырлаған, «Тоғыз толғау», «Қаламгер және оның достары», «Ақиқат пен пен аңыз», «Өмір өрнектері», «Мен-журналистпін»атты еңбектерімен, жүрек жарды әңгімелерімен халықтың жазушысы атанған, «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» атағына ие- Әзілхан атамызға мың тағзым!
Өмірінде екі жанға ғашық болған, махабатты негізгі үш топшаға бөлген: бала махаббат, шала махаббат, мәңгілік махаббат деп өз пікірін кітапқа басып жызып шығарған, Әзілхан атамыздың мен оқиған бір кітабы- «Мәңгілік махаббат жыры». « Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен» бірдей деген екен Лев Толстой. Жүрегіме жақын бұл кітапта Әзілхан атамыздың бала кезіңдегі махаббаты Орынкешке берген уәдесі,ғашықтық сезімі туралы, Әзілхан ата Алматы Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университеті (ҚазҰУ) филология мамандығына оқуға түсіп, Орынкеш апамыздың Семейде оқуы, бір-біріне хат жазысып отыру жайлы болмақ. Бірақта кейінгі кездері Орынкеш апамыздан хат келмей Әзілхан атамыз Алматыдағы оқуын таста Семей қаласына Орынкеш апамыздың интернатына келіп бір сұлу қызға Орынкешті шақыруды сұрайды. Бірақ, Орынкеш апамыз бармайтының айтып,ұмытуын сұрапты. Оны өзінің жан құрбысы Халима апамыз көзіне жас толып, Орынкештің сөздерін жеткізеді.Сол кездегі Әзілхан атамыз Халиманың көз жасын сүртіп, жыламауын өтініп, дәл сол сәттері Халиманың боталаған көздеріне, жылы сөздеріне ғашық болып қалған. Халима апамыз бір-біріне 9 жыл ғашық болады. Одан кейін 54 жыл бойы бір шаңырақта өмір сүреді.Әз атамыз 7 жыл бойы Ақбұзау ауылындағы қара шаңыраққа Халиманы келін етіп түсіріп,өмірлерін баянды өткізеді. Қазақта «Ана-бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген дәл сол секілді Халима апамызда тамақ істей жүріп, радиодан жаңалықтар естей отыра,іс машинкамен іс тігіп отырып барлық шаруаны бәр мезетте істейтін дарынды, аяулы жар болған. «Халиманың ең алғаш ана атануы,әйел бақытын жүрекпен сезінген сәті әлі есімнен кетпейді» дейді Әзілхан атамыз. Ең алғаш екеуі екі нәрсеге уәделескеніні жайлы айтылады. Бірі: егер бұл дүниеден екеуміздің біріміз кететін болсақ, екіншімізде о дүниелңк боламыз делінген ал, екінші уәделері алғаш, тұла бой тұңғышымыз қыз болса есімін-Жанна деп қоямыз десе-ді.Әзілхан атамыз сапарлатып жүрген сәтінде бұл дүниеге Жанна есімді бойжеткен келеді.Жол жүріп қуаныштан үйіне жеткен Әз атамыз Халима апамыздың жанарынан әйелдің бақытын сезінеді, Жаннаны қолына алып қуаныштарында шек болмайды. Бірақта, осы бір қуаныш ұзаққа созылмай,40 күнге жеткенде Жанна суық тиіп қатты ауырып бұл дүниеден озады.Сол сәттен кейін ауылдан көшіп, пойызға мінгенен кейін кішкентай ғана Жаннаның тамын көріп, мұңға толып сапарға шыққан екен.
Ғашықтық деген ғажап қой,
Тірліктің алтын айдары,
Тірілер ғашық болу заң
Ғашықтық өмір қайнары
Деп Әзілхан атымз айтпақшы, біздерге қалдырған үлкен өсиеті Алматынның Алатауына қос ғашық келіп, бізге тағзым етіп, естеріне түсірсе, сол бір Алатаудан самал жел келсе ол біздің сендерге деген батамыз, ақ пейіліміз деп түсініндер делінген.
Мұндай қазақтың жарық жұлдыздары,қазіргі заманның «Қозы Көрпен пен Баян сұлудай»махаббат, адал ғашықтық сезім иесі-Әзілхан атамыз бен Халима апамызға мың тағзым!
Енді сіздей ұлы тұлға,қаламгер бұл дүниеде туылмас! Менің ең сүйікті, жазушым, дарабозым!
Әрі қарай

Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...

Тазының өлімі
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты шығармасын оқыған боларсыздар. Мен сол хикаяны оқып, соның әсерімен осында бөліспекшімін. Және өмірде болған оқиғамнан бір үзік сыр шерткім келіп отыр. Себебі, бұл шығарма есіме көп нәрселерді салды.

Хикаяның соңына келгенде суреттелгендей Лашынның өлімі көз алдыма елестеп, жанарыма жас келді. Асыл тұқымды жануардың соңына дейін талпынғаны, берілмей аш қасқырлармен алысқаны, жаралы аяғына қарамастан барынша күрескені — тектілігінің нышаны болды. Тіпті, бұл өмірде адамдардың өзі болмашы бір қиындыққа төзе алмай беріле салып жататындары бар ғой. Оның қасында Лашынның бұл әрекеті ерлікпен пара-пар болды. Қақпанға түссе де жанталасып, бар күшін жинап иелеріне белгі бермекші болды. Қатты ұлимын деп, торуылдап жүрген аш қасқырларға тап болып қалды. Бірақ,қорықпады да.

Иелеріне адал иттер туралы біраз фильмдер қарадым. Қай жылдары екені есімде жоқ «101 Далматтықтар» деген фильм болған. Мүмкін көрген де боларсыздар))) Өздеріңізге белгілі «Хатико», менің сүйікті актерларымның бірі Ричард Гир түскен фильм, Блог - AyazhanMuhatai: Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...
одан соң қателеспесем жапон елінің бір фильмін көрдім (дәл қазір есіме түспей тұр атауы). Екеуінде де жыладым.Біріншісінде, иесіне берілгендігі сонша тіпті ол бұл өмірден кетсе де Хатико күтті, соңғы демі қалғанша күтті. Екіншісінде, күшік кезінен асыраған балаларға көмектесіп, көзі көрмей, жанары су алғанша жауыздарға қарсы тұра білген еді. Егер көрмесеңіздер Сіздерге де рекомендеймін.

Үзік сыр…

Бала кезімнен еміс-еміс есімде қалған, түр-тұлғасы да аттары да әлі күнге дейін жадымда қалып қойған екі төбетіміз бар еді. Үлкенінің аты Журикболды. Суреттегі ит типтес, шамалы тұлғасы ірілеу, жүні қалың еді.
Осы типтес төбет болды. Блог - AyazhanMuhatai: Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...

Павлодардан көшетін кезде жоғалып кетті. Әлі есімде екі итті де қатты жақсы көрдім. Мойындарынан құшақтап, бірге жарысып жүгіретінім кеше болғандай көз алдымда. Жүктеріміз артылып бітуге жақындағанда тауықтар мен үйрек-қаздар торларға қамалып, сиырлар бөлек камаздарға артылып, екі итті де өздерінің торларына қамамақ болып Журикті іздедік. Ешкім көрмеген һәм білмейді. Жалғыз Рекс қана жанымызда жүрді. Шыдай алмай іздеймін деп жүгіріп кеттім. Шақырдым, айғайладым, бірақ таба алмадым. Ұзақ жыладым. Тым болмаса соңғы рет көргім келді. Ақыры, Рексті ғана алып таң азанмен жолға шығып кеттік. Қазіргі мекен-жайымызға келгеннен кейін Рекс үйренісе алмады,үре берді, бізге ол Журикті іздеп тұрған секілді көрінетін. Өйткені екеуі ылғи бірге жүрді.

Шамамен екі жылдан соң, бір күні сабақтан келсем есік алдында Рекс көрінбеді, үйде анам да, ағамның көңіл-күйі жоқ отырғандарын байқадым, әкем жұмыста тұғын. Не болғанын сұрадым, ойымда ештеңе жоқ. Сөйтіп, ағам иттің шешіліп кеткенін, таңертеңнен келмегенін айтты. Киімімді ауыстыра сала сыртқа шығып, айналаны, жақын көшелерді, барады-ау деген жерлерді қарап келдім, таппадым. Ертеңіне ит ататындардың атып кеткенін естідік. Көршіміз көріпті. Ауылдың шетінде жатқан жерінен әкем әкеліп, алыстау жерге апарып көміп тастады. Солайша, туысымыздан да жақын болып кеткен екі бірдей төбеттерім жемтіктерін көрсетпей көзден ғайып болды.

Блог - AyazhanMuhatai: Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...

Рекстің тұқымы неміс овчаркасы болды. Оны бізге Павлодарда көшеміздің бас жағында тұратын неміс берген дейді. Ол кезде орыс пен неміс көп болды біздің ауылда. Рексті күшік кезінен асырапты, бірақ мен оны үлкейгенде ғана көрдім.

Тазының өлімін оқып отырып осы екі итім көз алдыма келе берді. Еріксіз аққан жасымды әзер тыйдым. Кешірерсіздер, негатив болып кеткен болар. Бірақ көңілді етіп жаза алмадым. Себебі, шығарма қатты әсер етті. Содан бері әлі күнге дейін ит асырамадық. Бірнеше рет ағаларым әкелген еді өліп қала берді, көпке шыдамайтын тұғын. Сондықтан керек емес деп шешті.

Шынында, ит адамға нағыз досың бола алады екен. Кейде, жаныңдағы адамның адамға лайық емес істер жасайтындарын көргенде, ит артық екен деген ойға қаласың. Сіздердің де адал иттеріңіз болған шығар?! Ой бөлісе отырыңыздар. Келесі жолы негатив болмайды деп ойлаймын. Рақмет!
Әрі қарай

Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Кerek-тегі келесі бір блогымда ekovestnik.wordpress.com сайтындағы kanbiblioteka бөліміндегі Егор Арафьев атты Ресей блогерінің мына бір мақаласын аударып, салып отырмын. Аудармада қателер болуы мүмкін. Дегенмен пайдалы ақпар болар дедім. Қазір кітап оқитындар саны азайып бара жатқан уақытта, қызығушылық артар деген үміт қой біздікі.))) ;) Көлемді мақаланың толық нұсқасын жоғарыдағы сілтеме арқылы өтіп, оқысаңыздар болады.%) Мен қысқаша алып отырмын. Себебі, түптеп келгенде жазылған пікірлердің мағынасы бір болды. Сіздер де осы тұрғыда пікір білдіре кетсеңіздер артық болмас деп есептеймін.

Ғалымдар кітап оқу өмір сүруді ұзартатынын туралы тұжырым жасады.Кітаптар әлемі: Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Ұзақ өмір сүргіңіз келесе- кітап оқыңыз. Бұндай тұжырымды Йельс университетінің ғалымдары қабылдап отыр. Олар: кітап оқу мен ұзақ өмір сүрудің арасына байланыс орнату үшін 12 жыл егде адамдарға (50 жастан жоғары) зерттеу жүргізген. Тәжірибеге 3600 адам қатысқан. Нәтижесінде: кітап оқитындар оқымайтындарға қарағанда ұзақ өмір сүретіндігі белгілі болды.
Егор Арафьев Йельстік ғалымдардың тәжірибелері туралы айта келіп, ғалымдармен, жазушылармен, әдебиетшілермен, редакция жетекшілерімен әңгімелескен. Бәрі өздерінің тұжырымдарын айтады, бірақ түпкі ой біреу-кітап оқу сау болуға көмектеседі.
Мақаладағы бірде-бір абзацты жібермей, толық жариялайық,өйткені бұндай мақалалар- кітапқа қызығушылық танытып, салауатты өмір салтын сақтағысы келетіндердің «кітапқұмар жанына » бальзам болып табылады.

Кітап ұзақ өмір сүруге әсер ете ме? Әсер етеді екен!
Кітаптар әлемі: Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Габриэль Гарсия Маркес Кафкидің «Превращениесін»оқығанда «Жазушы боламын» деп шешім қабылдапты. Хэмингуэй қарт Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» оқығанда керемет әсер алатын болған. Курт Кубейн өмірден өтер шағында Патрик Зюскиндтің «Парфюмерасын» бастан аяқ оқып шыққан. Кітап әркімге әртүрлі әсер етеді, бірақ ұзақ өмір сүруге көмектесе ме? «Комсомолка» ұйымы бұл сұраққа жауап іздеп көрген екен.
« Ми қатпарларына күш салу»/напряг извилины/ қан айналымды ретке келтіреді.

Кітаптар әлемі: Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңесКітаптар әлемі: Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Егер біз кітаптағы басты кейіпкер үшін алаңдайтын болсақ, біздің миымызда да сол жағдай болып жатыр деген сөз. Ол уайымдайды және өнімді жұмыс істейді. Тиісінше біз сабырлы әрі сүйіспеншілікпен һәм рақаттанып оқысақ-ол да бір эффект. Егер анализ жасауға, текстті сынауға кіріссек-ол мүлде басқа. Оқу кезінде «Напряг извилин» қан айналымдағы мінез бен жүйкеде шұғыл ауысымға әкеп соғады. Бұл нені білдіреді? Мидағы нейрондарға белсенді салмақ түскен, ол деген Альцгеймер жақын келе алмайды деген сөз.
-ұзақ өмір сүру мен кітап оқу арасында көптеген байланыс болу мүмкін дейді,- Илья Плужников, Мәскеу гуманитарлық университетінің нейро-психологиялық факультетінің кафедра доценты.
–Классикалық көркем әдебиет бізге өмірдегі қиын жағдайларда көмектесетін схемалар мен тәртіп модельдерін ұсынады. Психоаналитиктер «катарсис» деп атайтын бұл тәсілді: адамдар оқу кезінде актуалды түсініспеушіліктер мен проблемаларды жою кездерінде ұстанады. Және бейімделу ресурсын жасап шығады. Оқымайтындардан кітап оқитындардың айырмашылығы, оқушы адам өмірге деген көзқарасын жетілдіреді- псевдостресстік жағдайларды стресстік деп қабылдамайды. Демек, оларда мидағы қарым-қатынастар қалыптасады. Дәл осы қарттық әлсіз ойлаудың /развитие старческого слабоумие/ алдын-ала алады. Әдебиет стресске дұрыс қарауға ықпал етеді.
Басқаша айтсақ: қаншалықты көп оқысақ, соншалықты көбірек пайымдай аламыз. Ол дегеніміз, өмірге қабілеттілік болып табылады.

Миға жаттығу жасау.

Кітаптар әлемі: Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Кейбіреулер миды бұлшықеттермен салыстырады- оның бөлімдері қозғалыс пен бірлесіп әрекеттенуге жауап береді. Және оған жаттығу жасауға болады.
— Миға кез келген салмақ түсіру жақсы әсер етеді-деп санайды,- «КП» жазушы Евгений Водолазкин, «Үлкен кітап» лауреаты. Менің үлгі санайтын тұлғам- 92 жасқа дейін өмір сүрген ұстазым Дмитрий Сергеевич Лихачев. Ол өте көп кітап оқыған адам. Ми жаттыққан уақытта, ол барлық ағзаға әсер етеді. Теледидар қарап отырған адам, дайын картинаны көреді. Кітап оқып отырған адам, пікір жасауын жалғастырады-сөздері логика мен дамуға ие болады. Ол жаттығу болып табылатын, кітап оқыған кездерде үнемі ойлауға мүмкіндік береді. Қандай кітап ұсынар едім десеңіз, мидың жұмыс істеуіне итермелейтін кітаптар. Ондай кітаптарда логика мен интеллект қана емес, метафизика да табылады. Честертонның «Мәңгілік адам» еңбегі мысал бола алады.

-Әдебиет миға сапер бола алады- ол алда әлі кездесетін жағдайлардың алдын-алуға көмектеседі.

Нақты қандай кітаптады оқыған дұрыс?
Кітаптар әлемі: Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Сергей Тишков, АСТ баспасындағы Mainstream редакциясының жетекшісі.
-Әртүрлі кітаптар оқыған дұрыс, бірақ міндетті түрде классика: Антуан де Сент-Экзупери «Кішкентай ханзада», Рэя Брэдбери, ағалы Стругацкийлер. Күнделікті тұрмыстық проблемаларды басу үшін, классикалық фэнтезилер ұсынылады: Джон Толкин, Филип Пулман. Қазіргі заманғы жазушыларға да көңіл аударған жөн: керемет көңіл көтеретін Донна Тарттың «Щегол» (Пулитцеровский премиясының луреаты) және Захар Прилепинаның(«Үлкен кітап» премиясы) «Обитель» романдары. Сонымен қатар «Премиялы» әдебиеттерді де оқу маңызды, ауызша және жазбаша сөздік қорды молайту үшін кез келген жағдайларда пайдалы.

Лев Аннинский, әдебиеттанушы, публицист:

-Кітап оқу-ақпарат алудың тәсілі. Және ұзақ өмір сүру адамның оқу не оқымауына байланысты емес. Оның өмір сүрудегі ұстанымдары мен өмірінің қандай екендігіне байланысты. Егер ол өз ұстанымдарын кітаптардан таба алса, онда ол өмір сүруіне көмектеседі. Егер ол ішкі қалауы бойынша өмір сүрмесе, ерте өледі. Және кітап оған көмектесе алмайды. Жеке өзім кітап оқымасам өмір сүре алмаймын.

Деректеме: Арафьев, Е. // Комсомольская правда.-2016.-17-24 авг.-С.33.
Әрі қарай

Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...

Бұрын бұлай болмады білем. Қазір қарасам қоғам құруда. Мойындаңыз мұңға* мойынсұнғандаймыз. Интернетке иілдік. Ақпаратты аңдығандардың арпалысы. Жастар Желінің жетегіндегі жендеттей. Фейсбуктің фишкасы — фолловерлер, «фейковый» философтар. Твиттерде тәжірибелілер төңкеріс тұтатады. «В контакте»-де виртуалды «везунчиктер» *. Назарда — негатив. Налытады… Санаға стереотип салынған.
Осы сынды күнделікті күйбелеңнен шаршағанда, бос уақыт тауып, пайдалы позитивті пәлсапаны Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабынан іздеп көріңіз. Автор адам өмірінің мәні неде екеніне жауап беруге тырысады. Кітаптар әлемі: Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...Өміріңізге өзгеріс әкелері сөзсіз.

*мұң — қазіргі кездегі бұқаралық ақрапат құралдарының бұқара халыққа өміріндегі қандай жағдай болмасын кінәні өзінен іздеуіне итермелеу, соған сендіру. Әлеуметтік желілердегі «типа» философиялық сөздер, афоризмдер.
*«везунчиктер» — «жолы болғыштар». Тағы да жастар арасында кең тараған әлеуметтік желілердегі байлыққа, ақшаға, билікке «оңай» қол жеткізуге болатындығына сендіру.
Әрі қарай

Үйдегілер менің кітап оқығанымды ұнатпайтын (Аяның постынан кейін)

Мүмкін сіздер таң қалатын шығарсыздар, бірақ бұл шындық еді. Қай ата-ана баласының кітап оқығанын қаламайды деп те ойлап отырған шығарсыздар, бірақ бұның себебі жоқ емес еді. Әлқиссаны әріден бастайық…
Мен кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Неше жасымнан бастап кітап оқығаным есімде жоқ. Бірақ апамның айтуынша кішкене кезімде әпкемнің әдебиет кітабындағы «Керқұла атты Кендебай» деген көлемді ертегіні оқып жатып, шаршап ұйықтап кеттіппін. Демек, ол кезде мен алты жаста едім. Содан бері ес жиып, етек жапқалы кітаптан кітап қалдырмай оқыдым. Не таңдау жоқ, не талғам жоқ, әйтеуір алдыма келгенін асай оқи бердім. Қызығы сол, оқитын кітап болмаса, үйдегі бұрынғы кітаптарды қайта-қайта оқып тастайтынмын. Тіпті «Абай жолының» өзін бес-алты рет парақтаған екенмін. Бірақ бұның пайдасы тиді. Алтыншы-жетінші сыныпта оқыған эпопеяны студент кезімде емтиханда айтып беріп (тіпті, өлеңінен үзініді келтіріп бердім), бес алып кеткенім бар(Алайда ол кітапты тек ұзақ жылғы үзілістен кейін, универ бітірерде бір-ақ оқыдым). Мақтанып кеттім білем, негізгі тақырыпқа оралайын. Сол талғамсыз кітап оқудың салдарынан кітап оқымасам отыра алмайтын дәрежеге жеттім десем де болады. Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым. Ал ол кез барлық нәрсенің қат кезі ғой. Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым. Содан соң қараңғыда кітап оқисың, соқыр боласың деген диагноз да өз әсерін тигізбей қоймады. Оның үстіне қаражұмысқа жалқаулау мен үйге кісі келіп жатқанда жатып алып кітап оқитынмын, ондағы миссия шаруа жасамау. Өйткені кітап оқып жатқан баланы жан жаққа жұмсауды көп қонақтар жөн көрмейді. Ал, олардың алдында үндей алмай, өздері жүгірген аға-апаларым мені тайраңдатып қойғысы тағы келмейді. Міне сүйтіп, кітап оқу да маған біраз жүк болғаны бар. Әйтсе де қазір кітап оқуды ептеп қойып келемін. Дегенмен әлі күнге кітап не газет оқысам болды, жан жағымды естімеймін. Тіпті тарсыл гүрсіл, маған қойылған сұрақтар, жооооқ…
Әрі қарай

Мен ұсынатын 3 кітап

Әр кітаптың өз тағдыры бар.
Мавр Теренциан


Германия-Қазақстан ойынын көріп, жүйкем жүн болып отыр еді, блогшылар (ілмектерді қараңыз) бір бастама көтеріпті. Алғашқы болып жазба жазу құрметі маған бұйырғасын, ережесін бір жолмен түсіндіре кетейін.

Тақырыпқа қарап, тақырыптың не жайлы тақырып болатынын түсінген шығарсыздар. Менің үш кітап ұсынған постымнан кейін, мен кезек берген блогшы өзінің үш кітабын «рекомендейді». Сосын кезегін келесі адамға бағыттайды. Сөйтіп, осындай аса күрделі және қиын процесс арқылы эстафета жүргізіледі.
Әрі қарай

Кітаптар әлемі..

Кітаптар әлемі..ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап санына қарай бөлген екен:
Көп оқитын 1 жылда: 21 және одан көп кітап оқитын адам
Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам
Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам
Еш кітап оқымайтын адам, оқымайтын адам
Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңызшы… Сосын шыныңызды бүкпей осы жерге жазыңыз… Бұл бір өтініш… Мен мысалға жиырмаға жуық кітап оқыған шығармын деп ойлаймын… Сонда мен орташа оқитындар қатарына жатады екенмін..
Әрі қарай