Флешмоб-Протест: Қаншадан болып жатыр?..

Ақпараттық қауіпсіздік: Флешмоб-Протест: Қаншадан болып жатыр?..

3 күн бұрын Фейсбукта «Биыл магистратураның ағылшынынан өтіп кету қаншадан деп жатыр?» деген пост жазып, білім саласындағы қазіргі актуал мәселеге назар аудартқым келген еді. Шынымен жиі естиміз магистратураның ағылшыннан емтиханы сыбайлас қамқорлықпен өтетіні туралы. (Қаласаңыз магистратурада оқитындардың ағылшынша деңгейін тексеріп көріңіз.)

Осыдан кейін бүгін бір уақытта бірнеше блогер #ҚаншаданБолыпЖатыр хэштегімен түрлі тақырыпта посттар шығардық. Хэштег лезде танымал болып кетіп, 3 сағат ішінде 50-ден астам пост жазылды. Посттардың дені қоғамдағы коррупция көріністеріне әжуа болғанымен негізінде осы мәселеге назар аударту, атап өту — мақсат болды. Нәтижесінде қай салаларда, қандай тұрмыстық мәселелерде парақорлық қатты байқалатынын көруге болады. Жиі аталғандар: жұмысқа тұру, емтихандардан өту, балабақшаға орналастыру, пәтер кезегі. Сондай-ақ сұрақты тура мағынасында қолданып, пойыз билетін, азық-түлік бағасын сұрағандар да бар. Ештеңесіз жәй трендке еріп те хештег қолданғандар байқалды. Ал, жалпы хештег өзінің протест мақсатына жетті деп ойлаймын. Күзетшілік пен медбикеліктің өзіне ақша сұрайтын бұл қоғамда басқа қандай "қызмет" түрлері қаншадан болып жатқанын мына жерден қараңыз: #ҚаншаданБолыпЖатыр
Әрі қарай

Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «StopҚылмыс» жобасы аясында «Жас Отан» Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында «Таза сессия» атты акция өткізді. Акция барысында 26/05 — 10/06 аралығында еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларындағы студенттердің қатысуымен аноним сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 90 пайызы ЖОО-да жемқорлықпен таныс екендерін айтқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін шығарып отыру енгізілді.

Антикоррупция: Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

Сауалнамаға еліміздің 62 ЖОО-нан 1200 адам қатысты. Оның 47% еркек, 53% әйел жынысты.

Сауалнамаға қатысушылардың орташа жасы 20 жас. Қатысушылардың 93,4% бакалавриатта, 5,2% — магистратурада, 1,4% — докторантурада білім алады.

Респонденттердің 40% грантта, ал 60% коммерциялық негізде оқиды.

Бір ЖОО-да 12 мың теңгеге бір сабақты шешуге болатын болса, кейбір ЖОО-да бұл сомаға сессияны түгелімен жабуға болады.

Жалпы, республика бойынша сессияны тапсырудың орташа құны 29 000 теңге. Бір сабақ бойынша проблеманы шешу құны шамамен 5000 теңге.

Курстық жұмысты сатып алудың орташа бағасы шамамен 13 000 теңгені құрайды. Ал ең арзан нұсқалары 2000-3000 теңгеден сатылады.

Республика бойынша дипломдық жұмыстардың орташа бағасы 60 000 теңге. Ең арзандарын 30 000 теңгеге сатып алуға болады. Басқа қаладан келгендер үшін жатақханадан орын алу көкейтесті мәселе. Бұл проблеманы шешудің құны орташа есеппен 15 000 теңгені құрады.

ЖОО-дағы парақорлықтың тағы бір түрі ақылы негізден грант бөліміне ауысу. Білім алудың ақылы формасынан грантқа ауысудың құны 500 000, кей аймақтарда бұл сома 100 000 теңгені құрайды. Орташа есеппен грантқа ауысу құны 250 000 теңге.

Парақорлықтың тағы бір кең тараған түрі – әскери кафедраға түсу және оқу. Бұл үшін орташа есеппен 500 000 теңге төлеуіңіз қажет.

Студенттердің пікірінше ЖОО жемқорлықтың негізгі себептері:
  • студенттердің оқуға қызығушылығының болмауы (20,8%);
  • бақылаудың болмауы (18,3%);
  • оқытушылар құрамының жалақысының төмендігі (17,3%);
  • кәсіпқойлық деңгейінің төмендігі (12,6%)

Жемқорлық негізінен мына кезеңдерде кездеседі:
  • рейтинг және емтихандар кезінде (21,1%);
  • сабаққа қатыспау (9,4%);
  • курстық және дипломдық жұмыстарды тапсыру (6,4%).

P.S. Аталған акция дәстүрлі түрде биылғы жылы да өз жалғасын тауып, барлық аймақтардың оқу орындарында өткізіліп, қазіргі таңда деректер өңделу үстінде.
Әрі қарай

Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында

Ресейлік «Новая Известия» газеті ұйымдастырған Коррупция тақырыбындағы карикатуралар конкурсында астаналық танымал карикатурашы Айдарбек Ғазизовтың шығармасы үздіктер қатарына еніп, арнайы грамотымен марапатталды.

Жарысқа 43 елден 600-ге жуық карикатура қатысты. Айдарбек Ғазизовтың мына карикатурасы жюрилер таңдаған 14 үздік карикатуралар қатарына кірді:

Антикоррупция: Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында
Әрі қарай

Үкіметтік Емес Ұйымдар: түйенің қомындағы "қозғалыстар"

Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты — көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу… Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер Үкіметтік Емес Ұйымдарда да болып тұрады екен! Рас, шенеуніктер сияқты қаржы полициясы масқара қылмай-ақ, өздері мойындап отыр. «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан конференцияның «Даму саласындағы аңыз бен ақиқат» атты секциясында айтылған фактілерден, Үкіметтік Емес Ұйым деп аталатын ең транспарентті ұйымдарды да жемқорлық іспетті құрт дендегенін көресің.

Оқымыстылардың күдігі

Гуманитарлық ұйымдар мен олардың қызметтері жөнінде барлығымыздың ең қажетті деген хабарымыз бар. Жапонияда топан су — олар сонда; Африкада аштық — олар сонда. Иә, ізгілік пен иман итермелеген жандарға қол соқпасқа шара жоқ.
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #1: Қазандық операторы Сергей.

Газ қазандығының қандай қауіпті екенін мынадан білуге болады: оған жұмысқа тұратындардың дүкіменттерін менттер де тексеруші еді. Әйтпесе толық бір ауданның күлін көкке ұшырып жіберуге болады.
Сөйтіп, N. қаласының газ қазандығына бір Сергей деген орыс жігіт келеді.
Әрі қарай

Сайқал

«Бұл елдің түбіне — коррупция жетед!» © Энди Таккер

Лібә, қойманың қағаздарын жиырма күн бойы көтеріп, тіміскілеп, келесі келеңсіздіктерге куә болдым:
— Тауар алған адамдар қол қоймаған (бірақ қойманың ішіндегі еденіндегі шаңда — аяқ іздері жатыр; бәлкім мұнда — аяқ қою жүйесі?);
Әрі қарай

Обырдың(Рак) тағы бір түрі жайлы кеңесейік...(Жеке өз ойым ғой, сіздер не айтасыздар?)

Жемқорлық… Коррупция(Ұйымдасқан түрі шығар) бұл кеселдің тигізер залалдары
1. Өмірін шынайылыққа арнаған адамдарға
2. Отағасы мен ошақ қасындағылардың дастархан басында, мейлі былайғы жай өмірлерінде алланың берген сыйлары(ұрпақтарына) ақылгөйсуіне)
Әрі қарай

Алдағы он жылдыққа жорамал

Мынау 2009 жылдың аяғында жазғаным, бояннндар бөліміне лақтырдым.



Алда 2010 жыл келе жатыр. Жаңа он жылдық басталады. Сол 10 жылдық ішінде Қазақстанда болатын кейбір жағдайларға өз жорамалымды ұсынбақпын. Нострадамустық болжамдар емес әрине, өзімнің жеке ойым.

Электронды коррупция
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрі пайда болады. Бұнымен күрес науқаны басталады сосын. Негізі қазір де мен ойлаған жолмен ақша істеп жүргендер бар шығар бірақ әлі дами қойған жоқ. Мұны дамытпай алдын алуға да болады. Жолдарын білемін. Бірақ әзірше ол ешкімге керек емес, яғни қазіргі жемқорлық азая бастаған кезде жаңа түрі біраз уақыт қолданылғаны біреулер үшін тиімді. Өйткені қазір коррупция азайды, күрес жүріп жатыр деп жатырмыз. Бірақ осы уақытқа шейін жейтіндер жеп қалды, сондықтан әрине күрес жүргізеді. Ал олардан кейінгі жас корруционерлер әлі жеп үлгерген жоқ. Сондықтан біраз уақыт электронды жемқорлық бола тұрады Қазақстанда. Ол қалай болады?
Әрі қарай