‪#‎жақсықыз‬‬‬ - жалғыз. #1

‪#‎жақсықыз‬‬‬ — құрбым ғо. Кеше кездесіп қалып едік, баяғы мұң, сол мұң. Мұң емес ендігі зар болыпты. Жігіт жоқ, Жақсы жігіт жоқ. Құрбымның ата-анасы қандай алтын адамдар. Өзі сондай тәрбиелі, әдепті. Оған қоса, квартирасы бар, білімі жоғары, зп-сы 200 мыңдай. Астында машинасы жоқ демесең. Оның өзің әдейі алмай жүр. Машина алып алсам, маған точно ешкім жақындамайды дейді. Мүмкін онысы да дұрыс болар. Бір-екі жігіт бар, бір екі рет киноға шақырыпты. Бірақ сонымен тәмам. Ішпейді, шекпейді. Ернінен сүйгізсе де, ойланып сүйгізеді. Жеңілтек мінезі болған емес. Короч, планкаңды түсір деп кеттім. Бірақ қайдам, түсірмейтін сияқты ғой. «Ақылды, жақсы табысы бар, өзі сүйкімді, өзі романтик бір басында он өнері бар саған жақсыны қайдан алам? Түсір» дедім. «И что я с таким буду делать?» дейд. «Спать!» дедім))). Жыным келгені сонша. #жақсықыз — жалғыз. Қандай шара бар бұған?

09.03.2016
Әрі қарай

Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас

Кез-келген ғашық қыздың кішкентай тілегі бар-ау «сыйлық алсам ба екен» деген. Менің достарымның, таныстарымның (өзімнің де) талай сыйлығымыз да кетті ғашықтарымызға немесе жақсы таныстарымызға. Сондай сыйлықтардың бір сериясымен бөліссем.
№1 – «Саймантас»

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас
Саймантас деген мына табиғаттың жаратылысы. Тас қандай «дүниеге» ұқсайтынын менсіз-ақ естіген шығарсыздар. «Сайман» деп аталуы да содан. Жанына әйелдер келіп, қолымен тасты ұстаса, үлкен қуатқа ие болады екен. Баянауылда осыдан үш жыл бұрын үш күн бойы республикалық семинар өтті. Елімізден түкпірінен жиналғандар «қазақ тілділер» мен «орыс тілділер», солтүстік пен оңтүстік боп бұйрықсыз бөлінді кешкі жиналыстарында. Алғашқы екі-үш күн қызықты өтті. Үшінші күн үйге қайтарымызда Дарын атты шымкенттік досым Қарағандының бір қызына сыйлық жасамақ болып сувенирный лавкаға бардық. Бардық та Саймантастың суреті бар магнитті алдық, еңбгімізді абыройлы орындаған жандай кейін қайттық.
Дарын досым мәз, қызға сыйлық әкелеміз деп сүйіншіледім. Қыз да мәз, сыйлық аламын деп. Мына суретті көріп байғұсымыз не жыларын, не күлерін, не «атасына» жіберерін білмей аң-таң болып қалды. Езуін тоқтатар досым жоқ, мен болсам сәл ұялып қалдым. Ал қыз бізге жымия қарап, бетімізден сүйді де сөмкесіне салып алды.
Кәдесыйдың ата-анасы көріп, не дегені жайлы тарих үн қатпай жатыр.

Ажал аузындағы махаббат

Ғибратты әңгімелер: Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.

Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтайық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтап кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.

Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.

Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

дереккөз

суретке сілтеме
Әрі қарай

Алып қашып кете жаздаған

Блог - aizhan: Алып қашып кете жаздаған
«Айқын» газетінің 30 желтоқсанында шыққан нөміріндегі бір қызық оқиғаны көзім шалды. Авторы Айжан деген бір қыз екен. (мүмкін жай ғана ник шығар)
Сонымен былай делінген:

Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, сағат 12-ге дейін үйде келер жылды қарсы алып, одан кейін достарыммен кездесуге шыққанмын. Жоспар бойынша, барлығымыз Медеуге барамыз деп шештік. Содан елдің бәрі жиналсын деп күтіп тұрған кезімізде, сөз салып жүрген жігітім телефон шалды.

"Қазір кездесейік, саған бір сыйлығым бар" деді. Сыйлық алғанды кім жек көрсін, достарымның барлығын тағы да бір сағат тостырып қойдым. Бір кезде қасында екі досы бар, жігітім келді. Далада өте суық болғандықтан, оның көлігіне отырдым. Сол кезде досы рульге отырып, машинаны айдап барады.
Әрі қарай