Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!

Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?! Ертең жігіттер қауымын үлкен іс күтуде. Бүгін сыйлықтарын алуға үлгергендер «маладес», үлгере алмағандар «анти-маладес» болмақ. Егер екінші адамның көзімен қарасақ, күнделікті өмірде не киетінің білмей жүрген қыз-келіншектерге сыйлық таңдау қиын. Бірақ мəселе сыйлаған затта емес, көңілінен шыға білуде. Кез келген нəзік жанды, рақметін айтып, сыйлықты қабыл алар. Олардың қиялдары ұшқыр, біреуден əрқашан бірдеңе күтіп жүреді. Сол себепті, жас жігіттердің басы қатады. Кеше əлеуметтік желіден «Крепитесь, парни» деген пікірге қыздардың ашуы түсті. Бұны жариялаған админ бір айналған шығар. Сіздерге мəдениетті түрде жеткізген пікірлермен бөліссек.
Блог - DinaAbdigalieva: Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!
Жігіттерді шемішкедей шағып-шағып тастады. Шынымен, неге ұсақталып барасыңдар? Тепсе темір үзетін ерлеріміз қайда? Жақ пен тілге көп сүйенесіңдер.
Ал, ҚарМУ-дің ұлдары көп сайрамай, қаражаттары өзінен аса алмаса да қыздардың жүрегінен орын таба білді. Қарапайым жатақхананы романтикалық ортаға айналдырды.
Блог - DinaAbdigalieva: Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!
Құрметті, аналар мен қыз-келіншектер, нəзік жандыларымыз, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жайдарлы жүздеріңізден күлкі кетпесін. Жылдан-жылға раушан гүлдей құлпыра беріңіздер. Аталмыш студенттерден видео құттықтауды қабыл алыңыздар. Тек жағымды жаңалықтармен бөлісе жүрейік. Әрқашан позитивте болайық!
Әрі қарай

Сүлеймен мен сүмірейгендер...

Бұл фәниде ақ түс бар жерде қара түске де орын табылады. Жақсы жігітке жаман қыз жолықса, инабатты қызға, сайқал жігіт кезігеді. Бұл заңдылық. Бұлардың кемшіліктерін айта берсек араларындағы алып бөгеттің соңына жетпеспіз. Айтпағым, әрбір затқа, құбылысқа қарама-қарсылықтары дайын тұрады. Алысқа ұзамай кәрі қыздардың қатарын толтырайын деп жүрген үйленбеген «дүр жігіттер» жайлы тақырыпты қозғасақ.
Блог - DinaAbdigalieva: Сүлеймен мен сүмірейгендер...Дүр жігіттер — 30 бен 40 жасқа толып қалған ағаларды (еркектерді) атайды. Біздің нысанамыз — бойдақтар! Көбіне жылы ошаққа үйреніп, анасының қанатынан шықпаған, дайын дүниеге үйреніп қалғандар. Олардың өзге еркектерден айқын бір ерекшелігі қарынның қомпиюы. Яғни, жастардың тілімен айтқанда «авторитеттерінің мықты» болуы.;) Бұл дұрыс па? Әлде бұрыс па? Санамызға үйленбеген сіріңкедей жігіт, кейін тығыршықтай болуы қалыпты жағдайға айналғандай. Сондай жағдайда "әйел алғаны жағыпты" дейміз де кете береміз. Қоғамда бойдақ дүр жігіттердің көбеюіне не себеп болды?
1.Анасының ботақаны. Бұндай жігіттерді кішкентай балалардан түрі мен жасы ғана бөлектеніп тұралы. Қалған істері, қылықтары «Мам, мен бүгін кездесуге барайыншы?!», «Мам, тамақ дайын болды ма?», «Көйлегімді жуып қойдың ба?» және т. б. қарапайым ұсақ-түйекке дейін сұрап шығады. Ананы тыңдаған, құрметтеген дұрыс, бірақ өз-өзіне есеп бере алмаса жігіт болғанынан не пайда?
2. Үйде отырып қалғандар.Кәрі қыздар секілді төрт қабырғадан адым баспайтын жігіттеріміз де кездеседі. Көбіне ойын құмарлыққа салынған. Олардың жары ойын приставкалары болмақ. Ондай жігіттер ашушаң, жүйке жүйесі тез сыр береді. Желіде «онлайн» өмірде «оффлайн» бола қалады.
3.Талғампаз бойдақтар немесе қыздан жамандар. Өздеріне тым көп назар бөлуі. Қыздар сияқты айнаның алдында сағаттап тұрып, сақал-мұртына дейін түп-түбімен қопарып шығады. Оларды алыстан тануға болады. Тұрыстары мен киім киістері өзгешеленіп, шаш қою үлгісі мен жұлынған қастары көзге шоқтай түседі. Бірақ қыздарға сырлас бола білгенмен, жолдас бола алмайды. Өздерін патшадай көріп, лайықты қызды іздеумен әлек.
Блог - DinaAbdigalieva: Сүлеймен мен сүмірейгендер...4.Жүрістері көп жігіттер. Талай қыздардың көз жастарына қалғандарды айтамыз. Оларға бір қызбен жүру көңілдерін қанағаттандырмайды. Бір күн біреуімен, келесі күні екіншісімен қыдырғанға үйреніп қалғандар. Қасындағы жалғыз аққуын бағаламай, өзге тауықтарға көз салады. (Маша қыз негізі дұрыс айтады;))
5. Жұмысбастылар. Заман түлкі болса, тазы боп шал демекші бүгінде билікке құмар азаматтарымыз жетерлік. Олардың бар базары мен назары жұмысқа бейімделген. Тік жолдан бір қадам аттамайды. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге келуге үйреніп қалғандар. Қыдыруға мүлдем уақыт таппайтындар. Әр уақытта тек ақша табуды көздейді.
P.S.: Сонымен, қоғамда ұсақталып бара жатқан ер жігіттеріміздің қылықтары күннен-күнге жаға ұстатарлық жағдайға жеткізуде. Ілияс Есенберлиннің "Ғашықтар" романнында «жүзігі бар болса Сүлеймен, жүзігі жоқтар сүмірейген» деген үзіндісі еріксіз еске түсуде. Қалай дегенменде жалғыздық тек құдайға ғана жарасқан. Оны да бір ескеріп кетейік.( Тым қатты асырып жіберсем, айып етпеңіздер)
Әрі қарай

Қандай үлгіде киінген жігіт бірден көзіңізге түседі?

Қыздарға арналған сауалнама. Қыздар, қалыспай дауыс беріп тастаңыздаршы. Классикалықты білесіздер, спорттықты да. Қысқаша түсінік бере кетейін. Сasual стилі — күнделікті қарапайым киіну. Мысалы жемпір мен джинсы киіп, аяғына мокаси киюі мүмкін.
Әрі қарай

Ән тыңдайық

Бұл әнді мен ұйқы қашқанда тыңдаймын.



Жігіттер тобы жаңа амплуада. Алматының метросында жұрт суретке түсуді жақсы көреді деуші еді, енді бейнеге де түсуді жақсы көретін болып тұр ғой.



Соңғы күндері қырғыз әншісі Ілияс Әбдіразақтың осы бір әнін күніне он қайтара тыңдап жүрмін. Қазақ тілінде қырғыздың әндері нәзігірек болады ма білмеймін, бірақ, әсіресе, осы «Самал» тобының орындауында қатты ұнайды.

Әрі қарай

Ол – сондай жігіт!......

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой қазақ. Мақтайын деп отырғаным жоқ. Мақтанғым келіп отыр. Көзінше емес. Оның стилімен жазғым келді. Мүмкін түсінбейсіздер. «Не жазған» деп. Кекетерсіздер. Оқымассыздар. Медуана жегем жоқ. Тек жазғым келді. Ол – сондай өмір. Ол – сондай қазақ.

Жаспыз ғой. Өмір алда. Бірақ, тірісінде сыйлайын. Кім біледі… Жә, жамандық шақырмайын. Том – том қылып кітап жазғаның не керек?! Өлгеннен кейін. Одан да тек құрметтей білсек. Бірдеңе айтқым келген. Соған қарай беттеп барамын.

Бала дейінші. Бірақ, сәби емес. Сәби дегенде сол балалық елестейді. Алаңсыз ойнаған күнімізді сағынамыз. Келмесін білеміз. Аңсаймыз. Еске алып, тәтті естеліктер жазамыз. Газет бетінде. Ол – сондай өмір. Ол – сондай қазақ.
Мен оны сәбиге теңеймін. Түрін емес. Бойын емес. Балалығын. Сол нәресте кезден қалған аңғал мінезіне тәнтімін. Арамдығы жоқ. Ол – сондай бала.

Ойнап сөйлейді. Ойланғаны да қызық. Сөз ұқпайтын тентектеу дейміз. Ниеті түзу. Маужырап жүргенін көрмеймін. Біледі. Ерте тұрған еркектің ырысының артықтығын. Сабаққа бірінші келеді. «Мейлі»-мен жүреді. Құлақта наушник. Ол – сондай жігіт.

Кейбір жігіттер сияқты екі сөйлемейді. Айтқан сөзінің атылған оқ екенін біледі. Өзге жігіттер сияқты міндетсінбейді. Жәй ғана өтініп сұрайды. Басқа жігіттер сияқты ез емес. Қазақ үшін жанын береді. Кеуде соққан патриоттар қасында ойнап қалады. Бағамдай біледі. Саралай алады. Ол – сондай ұл!

Мұғалімдерге сұрақ қояды. Білмегенін сұрау үшін емес. Сөйлетеді, пікірін біледі. Мұғалімдердің білімін тексеру үшін емес. Лекция жазбау үшін. Апайлар да мәз, біз де мәз. Сабақта ол болғанда. Атын атап, түсін түстеуді ұмытып барамын. Ол – менің группаласым Елдос Жандосұлы.

Айтпақшы, қалып барады. Ол әдетінен жаңылмады. Айналасына тағы да қуаныш сыйлады. Студентпін деп бір тортпен құтылмады. Мерекеміз ғой. Қыздарға «Базар жоққа» билет сыйлады. Құттықтап, тіпті, смс жазбайтындарға бұл – үлкен үлгі. Жақсылар жақсымын деп айта алмайды. Біз онымен мақтанамыз. Кейбір ұлдар сияқты… Жә, жарар. Тағы кетіп барамыз ба. Қысқасы, ОЛ – СОНДАЙ ЖІГІТ!
Әрі қарай

Жігіттер ұсақталып барады...

Ия, ия, солай! Үйтіп маған жаман көзіңізбен қарамаңыз! Себебін түсіндіріп беремін!

Олар ананы мынаны сылтауратып, нағыз үйленіп, балалы болатын кездерінде бойдақ жүріп алады… Осындай әлде ынжық, әлде басқа кінәраты бар деген қорытынды шығады.
Оларда бұрынғы мырзалық жоқ! Қайта ұсақталып, тиын санап, сараңдықтарын жасыру үшін қыздар «чайка» деп жала жаба салады! Осыдан соң олардің ниеті де ұсақталған деген қортынды шығады!
Олар түрлеріне қарамай, машиналарының түрлеріне қарайды деп ойлайды. Әрине бар оған қарайтын қыздар, бірақ меніңше нағыз жігіт болса әке байлығын жасырып, өз ақылы мен көркімен қыздың жүрегін жаулай алуы керек. Осыдан олар өз өздеріне сенімсіз мақтаншақ деген қорытынды шығады!
Очм жігіттер, пжалыста мақтанбаңдаршы! Сараңданбаңдар! Қыздың сыртынан ғайбат сөз айтпаңдар! Сонда біздер Сіздерге шынымен ғашық боламыз!

ПыСы. Бұл жазба үйленген ағайларға қатысы жоқ! Олар нағыз жігіт болғандықтан ғана отбасын құрып, бала шағып бағып отыр
Әрі қарай

Сегізінші наурызға дайындық

Кеше ғана көктем келді деп қуанып жүр едік, бүгін қар жауып, барлық көңіл күйді бұзды. Нұржан досым айтпақшы «Менің күткен көктемім бұл емес еді»…

Не де болса, бүгін көктемнің бесінші күні. Халықаралық әйелдер мерекесіне 3 күн қалды. Ал біздің ҚазҰУ бұл мерекені ерте бастап кетті. Бүгін БАЗ-да университетімізідің жігіттері қыздарға арнап «Ай мүсін арулар» атты ауқымды ән мен би кешін ұйымдастырып, жүрегімізге әдемі көктем сыйлады.

Ал Екпінніңде сегізінші наурызға дайындығы одан да ерте басталды деп айта аламын. Өткен аптаны мерекеге арнайы фоторепортаж бен материалдар дайындаумен өткіздік. Сәтті шығады деген үміттемін «Екпіннің» сегізінші наурыз күні жаңаланатын бетінен біздің madlen — ді
Әрі қарай

Жүректің жалынымен сүйгізе алмағанның несі жігіт...

Шынымен болып жүрсе жаның ғашық,
Сен маған жалынбашы, табынбашы,
Ер мінезді жігітті ұнатады
Осы бір қарындасың.
Сен менің жүрмеші әсте "құлым" болып,
(кей әйел жақсы көрер ерлері жағынғасын,
Менің мұндай аурудан жаным қашық).
Онсыз да өзіңсің ғой барым асыл,
Онсыз да өзің менің қанымдасың, жанымдасың,
Ешқашан саған деген ақ жанымды
Қалмайды сағым басып.
Орынсыз маған, жаным, иілмеші
Ер жігітке лайық мұның несі!
Және де керек емес жиі әкелген
сый -сауқат, киім кешек!
Менің ең жек көрерім- жасандылық,
Сүйерім-ащы шындық. Тұрса дағы ол
Көзіме бей уақытта жас алдырып.
Қалдырма тілегімді тасаңда ұмыт.
Әдемі сөздер айтпа есілдіріп,
Кінәң болса жүресің несін бүгіп.
Тек шындықты кел — дағы — кешірім күт!
Жағынба сен!
Жүректің жалынымен сүйгізе алмағанның несі жігіт!
Сен маған әзіл айтып күлемісің,
Жанымда қамқоршым боп жүремісің?
Сағынып алыс жолдан келемісің?
Алғашқы ардай таза тілек үшін
Тек шын болсын әр ісің — керегі сол.
Сонда мен шын мәнінде серігіңмін,
Сонда мен сіздің үйдің келінімін.
Сонда мен жайсаң көлдің жағасымын,
Өзіңдік сонда менің бар асылым!

Фариза Оңғарсынованың осы бір «Тілек» өлеңі жаныма, табиғатыма жақын. Жігіттердің ер мінезді, өр тұлғалы болуларын мен де тілеймін. Олардың әйелдерден бір саты жоғары тұратынын барша әйел заты мойындайтыны белгілі.
Бір айтыскер ақын қарсылас қызына "ұрысыңызбен ұтқаныңызбен, жынысыңызбен бір саты төмен тұрасыз"-деген екен.Осындай жігіттер көп болса игі. Менің тілегімді де орындайтын жігіт бар екеніне сенемін, күтемін, күтудемін…
Әрі қарай

Махаббат туралы резюме емес



Шыны керек, бұл тақырыпқа бірдеңе жазу үшін міндетті түрде «бақыттымын» немесе «бақытсызбын» болмаса «жартылай бақытты сияқтымын» деген категорияға жаатындар жазбайды. Бұл тақырыпқа "үйленіп қойдым, болды менде бәрі жақсы" деп өмірбақи крест қоя алмайды. Бұл тақырыпқа «балалы-шағалы болдық, қайдағы сезім, оның бәрі жайына қалады» деген күннің өзінде әйтеуір жүрек түкпірінде бірдеңенің жасырынып жататыны рас. Общым, бұл тақырып, бей-жай нәрсе емес.
«Баяғыда бір жігітім болған, мені алмай кетті оңбаған, мен сондай керемет адам едім» дей де алмаймын. Ғайыптан тайып біреу пайда болады да, мені өзімен бірге болашаққа жетелей жөнеледі деген қиялдан да аулақпын. Осыншама уақытты босқа жіберіп алдым, қаншама берілген шанстарды құр жіберіп алдым деп те өкіндім. Бірақ, оның да уыты қайтыпты. Қазір барлық нәрсеге салқын, эмоциясыз қарайтын болыппын. (Салқын қарамағанда қайтейін деп едің, біреуді шауып алайын деп пе едің? Әрине, өз тағдырыңа өзің жауаптысың) деп шыға келетіндер де бар, шыға да беріңіз.
Баяғыда махаббат, сезім туралы әдемі бір түсініктерім бар еді. Қазір бұл туралы бірдеңе ойлау (күлкілі деп ұялып тұрғам жоқ), шынымен ары ойлап, бері ойлап көрсем, ештеңе де ойламайды екем.
Әрі қарай

Кешір мені (Жігіттер квартеті)

Әні: Қ. Майлыбаев, сөзі: С.Сейтманов

Неге, неге қоштастық біз алға қарамай?
Арайлап атар таңға қарамай?
Неге, неге бірге жүрмін тауға қарамай, бауға қарамай?
Қайырладым өмір-теңіз жағалауында,
Дауыл соққан қайықтай боп қалған жағада.

Қайырмасы:
Кешір мені, жаным,
Сезіміңді алдадым,
Бақытым ең жалғыз бұл жалғанда…
Кешір мені, жаным,
Сені ұмыта алмадым,
Айналдың-ау сағым мұңлы арманға.
Екеуміздің жүрегіміз жалғыз…

Неге, неге көңіліме гүл ектің жаным?
Жансарайымды күн еттің, жаным?
Бақытты бол, саған айтам тілектің бәрін, тілекшім, бағым.
Жүрегі жоқ жанның жеңіл өмірі қандай?
Жетімдігі ауыр екен жүректің, жаным…
Әрі қарай

Кровь и песок

Бұрындары осы сайтта ара-тұра айтыстар өтіп тұрушы еді. Алиша секілді келіншектермен кеңкілдесіп отырып айтысатын айлы түндер мен күнді күндер кімнің есінде? АКУ-да қалыса қоймаушы еді? Ал, жаңадан келіп қосылып жатқан қыздардың, келіншектердің ішінде ондай өнерлері барлар бар ма екен? Жалпы, қыз-жігіттер бір-біріңді айтысқа шақыра отырыңдар.
Әрі қарай

56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 10 мың теңге жетеді деп ойлайды

Қаншалықты шындық екенін өздерің бағамдаңдар, бірақ Beu.kz -те өткізілген сауалнаманың нәтижесінде
56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 5-10 мың теңге жетеді деп ойлайды,
Әрі қарай

Плагиат детектед

Сырым Исабаевтың орындауындағы әнді YouTube-те тыңдай отырып, әуені басқа қазақ әніне ұқсайтынын байқадым.
Сырым және Мадина — Тек сен.


Жігіттер тобы — О, махаббат


P.S. Плагиат деуге болмайтын шығар. Себебі композиторларын білмеймін, бір композитор болуы мүмкін. Әуендері ұқсас емес, тіпті бір екен ғой. Тек сөздері әр-түрлі. Және әншілер өздерінше орындайды.
Қазақтарда бір әнді бірнеше әншілердің орындай беруі қызық. Композитор мен әнші арасындағы келісім тек сөз жүзінде сияқты.
Әрі қарай

Қыздарды жындандыру үшін

Енді қыздардың жынын келтіру. Сонымен қарап жіберейік, не істеу керек жындандыру үшін. Сәйкесінше жақсы көретін әйеліңіз бар болса оны жындандырмау үшін не істеу керегін де түсініп аласыз.


Сақал қою
Әрі қарай