ҚР Білім және ғылым министрлігінің журналистерге арналған кездесуінде өткен интеллектуалдық ойынның сұрақтары

15 желтоқсан күні ҚР БҒМ журналистерге арнап іс-шара өткізіп, 3 команда ми сайысына қатысты. Сауалдар негізінен білім саласына, сонсоң журналистикаға қатысты болды.
1. Литер газетіндегі мақала: ТРИО — заманауи экскурсия жетекшісінің визит карточкасы. Сондай-ақ ТРИО — Стратегия-2050дің басты бағыттарының бірі. Әлбетте ТРИО — қазіргі білім беру саласының да негізгі ұстанымдарының бірі. ТРИОның кем дегенде біреуін атаңыз.
Осындай сипаттағы 10 сауал қойылды. Алда толықтырылатын болады.

Бұл Мұрат Есжан! Хабар арнасының журналисті. Бүгінде Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Калифорния штаты, Сан-Франциско қаласындағы Academy of Art Univercity студенті. Болашақ Магистрант. Мұрат Есжанды бұрын Хабар арнасындағы «Таразы» бағдарламасы арқылы танитынмын. Кейін Әлеуметтік желідегі жазбаларын оқып, онлайнда араласып жақыннан тани түстім десем болады.











Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…





P.S. Шупакова Кызжибек ханым мені жылы шығарып салып, өзі түскі үзіліске шықты. Кабинет есігінің сыртындағы жазуда үзіліс уақыты 13.00-16.00 аралығында екен. Тағы да таң қалдым. Шупакова ханымды да суретке түсіріп үлгермеген едім. Ұжымды үнемі суретке түсіріп, оны әзірлеумен айналысатын Фоос Виктор деген жігіт бар екен. Әкесі қазақ екен де, шешесі неміс екен.












