Елордалық жедел жәрдем станциясының диспетчерлері коммуникативтік дағдыларын арттыруда

Диспетчердің күрделі жұмысы қысқа мерзімде алынған қоңыраулар саны бойынша бағаланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жедел жәрдем станциясының мәліметі бойынша, диспетчерлер «күні-түні-48» кестесі бойынша жұмыс істейді. Олар 24 сағат бойы үздіксіз науқастардан қоңырау қабылдайды.

«Егер ол бүгін он сағат жұмыс істесе, ертең кешке 14 сағат жұмыс істейді де, 48 сағат демалады. Олардың барлығында фельдшер немесе медбике медициналық сертификаты бар. Диспетчерлер — жоғары және бірінші санаттағы медицина қызметкерлері. Ең бастысы, олардың барлығы кем дегенде үш жыл жедел жәрдем бригадасында жұмыс істеген болуы тиіс. Содан кейін ғана біз оларды жұмысқа қабылдай аламыз. Себебі телефон арқылы олар науқастың жағдайын айыра білуі керек», — дейді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Тұяқова. Ол сондай-ақ диспетчерлерге артылатын психологиялық жүктемені де атап өтті. Сондықтан олар әр сағат сайын 15 минуттық демалысқа құқылы.

«Егер қоңырау 30 секундқа созылса да, жүктеме өте жоғары. Диспетчерлердің жұмысы эмоционалды түрде өте қиын, ол ауырып тұрған науқас адамдармен жұмыс істейді. Егер жедел жәрдемге қоңырау шалып отырған науқас есінен танып қалса, диспетчер екі есе алаңдай бастайды. Осы ретте дүйсенбіден бері коммуникативтік дағдылар бойынша курстар басталды», — деді Г. Тұяқова. Диспетчерлер әр ай сайын немесе тоқсан сайын коммуникативтiк дағдыларын арттырады. Себебі ол жұмыс барысында науқасқа псиxологиялық көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ өзінің де денсаулығына мұқият болуы тиіс.

Елорданың жедел жәрдем қызметі тәулігіне шамамен 1,5 мың тұрғынға қызмет көрсетеді

2018 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында «103» қызметіне шамамен жарты миллион қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.


Астанадағы жедел жәрдем станцияларына орташа есеппен күніне 2,5 мыңға дейін қоңырау түссе, оның 1,5 мыңға жуығына тиісті қызмет көрсетіледі. Қоңыраулардың 70 % 1-3 санатты, 30 % 4-ші санатқа жатады, деп мәлімдеді қалалық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінде.



Айта кетейік, өткен жылдармен салыстырғанда, жедел жәрдемнің науқасқа жету уақыты азайған.


«Ағымдағы жылдың 10 айында «103» қызметіне 469 561 қоңырау түссе, оның 332 243-іне тиісті қызмет көрсетілді. Науқасқа жетудің орташа уақыты 1-2 минутқа қысқартылды. Мысалға, осы жылдың 8 айында 1-ші санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем 7 минутта жеткен», – деп атап өтті стансада.



Астанада 8 пункты бар 3 шағын станса жұмыс істейді. Алғашқы көмек нысандары уақытылы қызмет көрсету мақсатында қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан.


«103 қызметі көліктерінің жүргізушілерінің айтуынша, мары түске боялған жедел жәрдем көліктері көзге оттай басылады. Өз кезегінде аталмыш өзгеріс мамандардың белгіленген жерге дер кезінде жетуіне мүмкіндік берді», – деп түсіндірді Астана қалалық жедел медициналық көмек стансасында.



 Қазіргі уақытта елордада жедел жәрдем қызметін 66 бригада көрсетеді. Қызметтің автопаркінде  90 көлік бар.

Жедел жәрдем жұмысы жақсартылады

Сәуірдің 4 күні Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен елорда әкімдігінің аппарат отырысы өтті. Бұл жолы отырыста талқыланған өзекті мәселе қалалық денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы кемшіліктер болды.

Биыл қала әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде Денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем бригадасының шақырулар бойынша жету уақытын 10 минутқа дейін азайту міндеті қойылған болатын. Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында елорда әкімдігі барлық қолайлы жағдайды жасағанына қарамастан «жедел жәрдем» жұмысында кемшіліктер бар. Жедел жәрдем қызметіне қатысты шағымдар әкімдікке әлі де болса, түсіп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, жедел көмекті күтуге көп уақыт кетеді.

Астана жаңалықтары: Жедел жәрдем жұмысы жақсартылады

Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековтың тапсырмасымен Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне талдау жүргзілді, соның аясында қызметкерлер бригадалармен бірге шақыруларға барды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде бірнеше себептер анықталып, ұсыныстар жасалды. Атап айтқанда операторлардың ақпаратты кеш беруі мен кезекші ауруханаларда азаматтарды қабылдаудың сапасыз ұйымдастырылуы бойынша ескертулер жасалды. Бұдан басқа, жедел жәрдемнің шақырулар бойынша кеш баруының объективті себептері де бар, мысалы жолдардағы кептелістер, «Bus Lane» бақыланбайтын жолақтары, тұрғын үйлер аумағында заңсыз орнатылған шлагбаумдар. Осыған байланысты, сәулет, тұрғын үй инспекциясы басқармаларына, аудан әкімдіктері мен жергілікті полиция қызметіне де нақты тапсырмалар берілді.

Проблемаларды айтып өткенімен, осы денсаулық саласы жүйесіндегі жетістіктер де назардан тыс қалмады. Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Елордада жаңа нысандар бой көтеріп, материалдық-техникалық база жақсартылуда, денсаулық сақтау саласы жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында жедел жәрдем мамандарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылған.

Астана қаласының әкімі мәселелерді жасырмай, шешу қажет екенін атап өтіп, бұл саланы үнемі назарда ұстайтынын айтты. Оның ойынша осы жұмыстардың нәтижесін бағалайтын халық болуы тиіс. Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды талқылаған соң, өзінің орынбасары Ермек Аманшаевқа барлық ауруханалар мен емханалар бойынша мұқият талдау жүргізуді және Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын бақылауға алуды тапсырды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kzдеректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астаналық дәрігерлер Израильдің жедел жәрдемі тәжірибесін үйренуде

Астана қаласының Оқу-клиникалық орталығының кешенді жоспарына сәйкес, қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясындағы әріптестерінің озық тәжірибесін үйрену мақсатында елордалық Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен бір топ дәрігер Изральдің жетекші клиникаларына оқуға жіберілді.

Елордалық дәрігерлер жедел медициналық жәрдем жұмысы саласында Израильдің жетекші клиникаларында білім алды. Олар үйренген халықаралық тәжірибесін алдағы уақытта қалалық жедел жәрдемнің басқа қызметкерлерімен бөліспек.

Астана жаңалықтары: Астаналық дәрігерлер Израильдің жедел жәрдемі тәжірибесін үйренуде
Оқу барысында отандық мамандар жалпы медициналық қызмет көрсетуден басқа, донорлықты ұйымдастырып, халыққа алғашқы көмек көрсету жолдарын үйрететін Израиль ұлттық шұғыл көмек көрсету қызметінің жұмысымен танысады.

— Қызметкерлер оқуы керек, шетелге барып, тәжірибе жинайды, басқа мемлекеттерде жұмыстардың қалай жүргізілетінін біліп, халықтың жедел жәрдемге қалай қарайтынымен танысуға тиіс. Теледидардан көріп, естіген басқа, қызметімізді дамыту үшін осындай сапарлар қажет. Израильде дәрігерлердің жұмысы жолға қойылған, медиктер келгенше шұғыл көмек көрсететін волонтерлар да жақсы жұмыс істейді, — дейді Астана қаласы жедел медициналық жәрдем станциясы медицина бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Сұлушаш Әбілқасымова.

Оның пікірінше, тәжірибе алмасу практикасын тар шеңберлі маманданған және орта медицина қызметкерлерінің, фельдшерлердің де арасында қолданып, тренингтер өткізу үшін шетелдік мамандарды елордаға шақыру керек.

Астана қаласының дәрігерлері Тель-Авив қаласындағы ауруханаларда, симуляциялық тренинг-орталықтарында, парамедиктерді оқыту орталықтарында болып, көру алаңында нақты бір жағдайда бірінші кезектегі және біркелкі іс-шараларды (емдеу, профилактикалық, эвакуациялық) қажет ететін зардап шеккендер мен науқастарды топтарға бөлу — «триаж» медициналық топтау негіздерімен танысты.

Материал Астана қаласы әкімдгінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер...

«Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді.
Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып, бармағыңды шайнатады. Оған жақсылы-жаман сан себептер бар. Дегенмен, жеке өз жауапкершілігіміз қайда?!
Айталық, ол жай улану емес — «сальмонеллез» не бір вирустық жұқпалы ауру болса ше?! Алып кетсе, дәрігерлер аурудың себебін анықтауға тырысып, жазылғанша оқшаулар ма еді?!
Бірақ, жо-о-оқ. Біз дәрігерге сенбейміз. Одан да жағдайды әбден асқындырып, алтын уақытты өлтіріп, бәрібір сол «жәмән» дәрігердің алдына барғанды артық көреміз…
Ал оған дейін не істейміз?
Әрі қарай

Сіз жедел жәрдем қызметіне хабарласып тұрсыз

Жампозым екеуміз серуендеп келе жатқанбыз. Түн жарым болып қалған кез. Дәл қасымыздағы жолаушылар жолағының үстінен өтіп бара жатқан жігіт құлап қалды. Сүрінген жоқ, жансыз дене сияқты қиралаң етіп, сұлап түсті. Мен есімді жиям дегенше көшенің арғы бетінен бір бозбала жүгіріп келіп, әлгіні көтере бастады. Көліктер тоқтар емес, тіпті кейбірі жолдан кет деп дабылдатып қояды. Жүгіріп біз де жеттік. Жап-жас жігіт екен, көтеріп жол жиегіне шығармақшы болғанда есін жия бастады.

Қалтафонды алып 103-ке қоңырау соға бастадым. Ар жақтан дауыс естілді. «Сіз жедел жәрдем қызметіне хабарласып тұрсыз. Сіздің дауысыңыз жазылып алынатынын есіңізге саламыз. Вы дозвонились в службу скорой помощи. Напоминаем Ваш голос будет записыватся». Мұны айтып болған соң, әлдебір түсініксіз музыка ойнап тұрып алды. Боқтап жіберуге шақ қалдым. Абырой болғанда патрульдік полиция бригадасы жетіп келді. Жедел-жәрдемді де солар шақырды.

Кетпес бұрын құлаған жігіттің қолдары қимылдап, жымию мен тілін шығаруға әлі келетініне әбден көзімді жеткіздім. Есіңізде жүрсін, адамның құлауына инсульт пен инфаркт себеп болса, жоғарыдағы ең қарапайым әрекеттерді де жасай алмайды. Ондай кезде мейілінше жылдам дәрігер шақыру қажет. Алайда, осы жолы жедел жәрдем нұсқаулығын айтып, музыкасын ойнатып болам дегенше аса қат минуттарды жоғалтып алды. Әлгі жігіттің тек басы айналып кеткеніне қалай қуанғанымды білсеңіз ғой.
Әрі қарай

Гиппократтан сұрақ

Сен жедел жәрдем қызметкерісің. Шұғыл бір науқасқа шақырту алдың. Белгіленген жерге жетпей жолай есінен танып жатқан (биш емес, норма киінген адам, мейлі екіқабат әйел обшым сондай мүскін жан)адамды көрдің. Қайсысына көмектесесің?
Әрі қарай

Жедел жәрдемді жеделдетіп жатыр

Астанада «е-жедел жәрдем» жобасы іске қосылып, жұмыс істеп жатыр.
Жедел жәрдем бригадаларын планшет компьютерлермен жабдықтауға бағытталған жобаны қала әкімдігі, Astana Innovations АҚ және қалалық жедел жәрдем стансасы қосылып жүзеге асырыпты.
Алматыдағы дәрігерлердің өздері хабарсыз болып отырған бұл жобаның жедел жәрдем дәрігерлеріне беретін көмегі көп көрінеді.
Бізге қашан келер екен деп күтіп отырмыз.
Планшет компьютерлер K-Cell сим-карталарымен жұмыс істейді екен.
«Матрица» сол жоба бойынша сюжет әзірлеген болатын.
Қазір болып жатқан «айти фрайдэйда» сол жоба туралы сөз болды деп жатыр дейді.

Әрі қарай