Домбыра Party: Айтыс, дуэт, трио және ...

Астанада болдың ба, Домбыра Party көрдің ба деп жырлайтын кез де келер. Біреуі ілгері, біреуі кейін, әйтеуір әр Party өзінше бір ерекшеленіп жүр. Әрбіреуінен соң «Осынысы мықты болды-ей», — деп тарқасамыз әйтеуір. Бұл жолы жұрттың бәріне майдай жағып, жатталып қалғаны – айтыс.


Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан

Ата бабаларымыздан жеткен рухани мұрамыз ұшан теңіз. Ауыз әдебиеті, қол өнер, ақындық-шешендік өнер, құсбегілік, ат баптау, спорттық түрлі ойындар, ән-күй тағы басқа көптеген әлем халықтарынан ұлттық бояуымен өзгешеленіп тұратын ерекше өнерлер мирас болып қалды. Солардың бірі және бірегейі ұлттық саз аспатары.