Коллаж мінез- Айкона.


. Атың кім? – Айжан, әкем мен анам үшін Айконым, қалғандары үшін Айкош, сіздер үшін Айкона
2. Сүйікті фильмің? – «Гордость и предубеждение»
3. Сүйікті сусының? – компот
4. Өскенде кім болғың келеді? – биік шың болғым келетін (бала күнгі арман)
5. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – аспанда қалықтап жүрмін
6. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – арманшыл
7. Арманыңдағы қала? – Пекин
8. Туған жерің? – Шалкөде Райымбек ауданы Алматы облысы.
9. Сүйікті түсің? – жалпы – қара, мөлдір түс
10. Сүйікті тамағың? – сірне
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – үйім, ауылым
12. Сүйікті мекенің? – табиғат
Сол Аршат ағаның бастамасымен жасап ем, менікіде өзгеріске көп түспепті.
Әрі қарай

Дабайға блоггерлердің жазбалары қосылуда



Негізі біраз адам өз блогтарындағы жазбаларды осында өздері көшіріп жүр. Осындай жұмысты жеңілдету мақсатында Дабайға жаңа функция қостым. Блогтардағы жазулар RSS лентасы арқылы осында өздері автоматты түрде қосылады. Блогқа жаңа жазу жазылған кезде бірден болмаса да сол күннің ішінде осында көшіріледі. Әзірше тест режимінде. Қолмен көшірілмегесін әрине қателер болады, оларды өзім түзетудемін. Бірақ қалай болғанда да осындағы аудиторияға ыңғайлы болады деп ойлаймын. Өйткені автордың блогына бармай-ақ жазбаларын осынан оқуына болады, ал авторға да жақсы жағы: өз мақаласына осы жерден көп пікір жинай алады.

Әзірше қосылған блогтар:


P.S кеше чат қосылды. дұрыс мақсатта қолданасыз деп ойлаймын. :)
Әрі қарай

Қош келдіңдер қыздар, рахмет қыздар!


Бұрын қазақ қыздарынан дәл осы сайттағыдай белсенділік байқамап едім. Сайт ашылғалы тіркелген қолданушылар бойынша жігіттерге қарағанда сандары аз болса да белсенділіктері көп болып тұр біздің қыздардың. Біздің қазақ қыздары тек Моймир, агенттерде отырмайды, олар блогқа пост та жаза алады, посттарға әдемі камент те жаза алады. Сайт админі ретінде риза болып отырмын қыздарға, осы сайтты дамытуға көп үлестері болатын сияқты. Суреттегідей қарды бұзып жарып шыққан гүлдей болып көрінді маған қыздардағы бұл серпіліс.
Рахмет сендерге қыздар! Демалыстарың сәтті өтсін!
Әрі қарай

Авторлық құқық жайлы қозғалған пікірді қолдаймын


Блогшылардың құрылтайы Алматыда өтеді деген ғаламтордағы қуанышты хабар әп-сәтте жан-жаққа тарауда. BlogCamp форматында өтетін басқосудың негізгі мақсаты жүздесу, пікірлесу, сонымен қатар өзара тәжірибе-ойлармен бөлісу болып табылатыны да айтылуда. Көптің ойында жүрген дүниені іске асыру ұйымдастырушылар тарапына оңайға соқпас. Қалай дегенмен, алғашқы басқосудың орны бөлек.
Әрі қарай

Құрылтайда интернеттегі авторлық құқық мәселесі көтерілуін қалайсыз ба?

Интернеттегі авторлық құқық мәселесі туралы пікірлеріңізді білгім келеді. Осы тақырыпты көтеріп көрсек қайтеді? Құр консультация, ақыл-кеңестен гөрі нақты шешімдер шығаратын кез келген сияқты.

BlogCamp: Құрылтайда интернеттегі авторлық құқық мәселесі көтерілуін қалайсыз ба?
Сурет *ГА «Беларуская асацыяцыя журналістаў»-қа тиесілі,
Әрі қарай

Ішің күйсін, Қисық! Vol.2

Сонымен…

Негізі мен осы пост қамтыған бірнеше тақырыпты бөлек-бөлек жазба қылып берсем бе деп ойлағанмын. Бірақ “Адамның айтқаны болмайды, Алланың айтқаны болады”, “жезде” деп мені желкелеп жүретін Құдай бере салған балдызым Розатай “Ішің күйсін, Қисық!” деп жазба жазғанда миымдағы “мл-мл” мидай араласып кетті.

Рас, осы Кездесу туралы әңгіме, шешім шыққанда “атойламасам” да, “алақайлағанның” бірі мен едім… Кездесу туралы “Кездесуде” жарияға жар салдым. Сол күні сандық фотоаппарат сатып алып, онымды алматылық блогшылардың дене-бітімінен сыннан өткізем ғой деген дәмем болған. Көптен бері көрмеген Өрімталды, “Кездесу.ком”-да “келем, келем” деп құлшынған Қалдықызды, кезінде бірге отырып пицца жеген Мақпалды, тағы басқа келетін от ауызды, орақ тілді блогшыларды көріп бір жырғап қаламын-ау деген бір алапат үміт анау күннен бері қиялыма қанат бітіріп келді. Бірақ…

Сенбі күні сарылып кешті күтіп отыр едім, апта бойы жұмыстарынан шыға алмай арманда қалып жүрген бір топ досым, арасында қызымның кіндік шешесі мен өкіл әкесі бар, “бауы берік болсын” айтып сау етіп жетіп келді (а, айтпап па едім, айтпақшы желтоқсанның он жетісінде әке атанып, қызды болғанмын, Нұрберген айтпақшы “Пақандар клубына қосылып”). “Былай тартсаң өгіз өледі, былай тарсаң арба сынады”, содан амал жоқ блогшыларды лақтыруға тура келді…

Уа, қалың ел, бұқара халық, көз көрген, құлақ естіген ағайын! Уа, Алматының игі жақсы, бетке ұстар, ақсақал, қарасақал блогшылары! Уа, сөзінің дуасы бар, тілінің қуаты бар постжазғыштар! Уа, қарсы келген камент жазушыға бет қаратпас жауынгер жазбашылар! Уа, “Құрал-сайман тақтасының” жілігін шағып, майын ішкен, пернетақтасын қалқан, саусағын ақ сүңгі еткен блогшы бауырлар!

Реніш болмасын, езьжі:)

Келесі жолы, Құдай қаласа, Қисық кездесуден қалмас.

Пы. Сы. Балғырғанның келетінін неге айтпадыңдар!!! Қайтсем де баратын едім ғой!!!
Әрі қарай

Wordpress.com: не? қалай? қашан?

Алғашқы қаралай жазба

Блог - urimtal: Wordpress.com: не? қалай? қашан?

1. WordPress.com Automattic компаниясына тиесілі блог хостинг. 2005 жылдың 21-қарашасында бұқараға жол тартты. WordPress деп аталатын қолдануы тегін софт негізінде құрылған. Блог Google Adsense жарнамасы, VIP қолданушылардың есебінен және блогтағы ақылы функцияларды ұсынумен қаржы қорын молайтуда (Wikipedia деректері бойынша).
Әрі қарай