Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы

Талдықорғанда блогерлер спартакиадасы
Жер жәннаты Жетісудың төрінде «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» мейрамы қарсаңында блогерлер арасында тұңғыш рет спорттық шаралар мәресіне жетті. Шара мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктерін арттыру, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылды.Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыАлматы облысының әкімдігі мен облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасы жүзеге асырған спорттық дода да волейбол, футбол, тениистен жүлделі орындар сарапқа салынды. Дүбірлі доданы қабылдаған Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының үлкен залында бұл күні журналист те, блогер де, әкімдік өкілдері де доп тепті. Жанкүйер болып келген жұрттың қарасы да көп болды. Ендеше жарыс күнделігін тарқатар болсақ.
Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыБиыл тұңғыш рет өткізіліп отырған блогерлер арасындағы турнирдің өзіндік айырмашылығы мен қызықты жайттары да көп болды. Олай дейтініміз еліміздің әрбір түкпірінен жиналған Блогқұрылтайдың қонақтары мен Талдықорған қаласының жастары, жергілікті БАҚ өкілдері, Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының командалары жарыс көркін қыздыра түсті. Волейболдан төрт құрама өзара үздіктерін анықтаса, футболдан да төрт құрама чемпиондық тәжге таласты. Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыСонымен «Жастар» спорт сарайында өткен жарыстың шымылдығын журналистер мен блогшылар ашты. Ойын бірден тартысты бәсекеге ұласып, көрермен делебесін қоздырып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Бұл ойында жергілікті БАҚ өкілдерінен құралған «Журналистер» командасы мен блогшылардан құралған «Испания» командасы жан алысып, жан берісті. Алғашқы болып журналистер бесінші минутта минутта есеп ашып, тұңғыш өткізіліп отырған жарыстың алғашқы голын соқты. Алайда «Испания» командасы тегеурінді қарсылық көрсетіп, ойын текетіреспен жалғасты. Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасыАлғашқы тайм 1:0 есебімен журналистердің пайдасына шешілді. Екінші таймда қос құрама бір-біріне қарымта доп қайырды. Осылайша шиеленісті өткен ойынның қорытындысында 2:1 есебімен «Журналистер» құрамасы жеңіске жетті. Олар ойын барысында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының жігіттерінен құралған командамен тең түсіп, осы басқарманың екінші командасын тізе бүктіріп, жарыстың күміс жүлдесін қанжығағаларына байлады. Одан кейін ойын көркін Алматы облысы жастар саясаты басқармасының қос ұжымы қыздыра түсті. Тартысты ойында әкімдік өкілдерінің жастары жеңіске жетті. Осылайша жарыс барысында екі рет жеңіске жетіп, бір рет «Журналистермен» тең түскен жастар саясаты басқармасының жігіттері ұпай саны бойынша бірінші орынды иеленді. Үшінші орын блогшылардың пайдасына тиіп, қола жүлде еншілеріне жазылды.
Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы
Турнир барысында барлық команда жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе жоғарыдағы үздік үштіктің ойындары жанкүйерлер қызығушылығын тудырды.
Алматы облысы жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы, бүгінгі жарыс қожайыны Рустам Әлиұлы жарыс барысында айтқандай, «осынау турнир бұдан былай жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп, тұрса игі бастама болар еді. Тіпті сіздер жыл сайын блогшылар құрылтайы Талдықорғанда да өтсін десеңіздер, біз қарсы емеспіз» деді. Демек, осындай үлгілі үрдіс, дәстүрлі турнир, блогқұрылтай жалғасын таба беретіндігіне сенім зор дегендік.
Блог - korlannur: Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы
P.S Тұңғыш рет өткізілген блогшылар спорттық жарысында волейболда өткен болатын… Тек қана блогшылар түгелдей құраммен қатысқан турнирда «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанды.
Фотосуреттер авторы: А.Құмырзақ, А.Архунус
Әрі қарай

"Блогқұрылтайдың маған әкелген жаңалығы": БІЗ

«Блогқұрылтайдың маған әкелген жаңалығы» деп кез-келген блогшы БлогҚұрылтайдың арқасында үйренген тың дүниесі, не өзіне таныс емес нәрселерді үйрендім деп айтардан бұрын, сол нәрсені үйреткен адамды танығанына қуанатын шығар. Шыны керек «Блогқұрылтай» блогын, сайтын интернет арқылы ғана қарап отырған МЕНнің БІЗ болып реалда танысып, бетпе-бет пікір алмасуға мүмкіндік берді. Оның арты достық, әріптестік, жаңа жобаларға ұласты.
Қазір «блогшы» деген сөзді естісең құлағың елең ете қалады, ал «БлогҚұрылтайдан» соң артынан аралас-құралас болып достасып кетіп жатспасаң да, жүзі таныс блогшыны өзге жерден байқап қалсаң көптен көріспеген туысыңды көргендей қуанып қаласың!
«Блогқұрылтайдың маған әкелген жаңалығы» — бүгінгі күні төрт жылдық таныстығымыз бар бірі аға, бірі әпке, бірі іні-қарындас болып кеткен реальный блогшы-достар!

P.S. Видеода «БлогҚұрылтай — 2013» -тің блогшыларының танысуы. Әр блогшының астында оның твиттер аккаунт жазылған.
P.S.S. Камераға түспей қалған блогышар бар!
Әрі қарай

Блогкент: Шымкэмп



Ескерту: Аяғы ауыр әйелдерге, ми-жүйке ауруына шалдыққандарға, жүрегіне жақын қабылдағыш адамдарға және aza мен оның байқауына төрелік ететін қазылар алқасына бұл жазба оқуға ұсынылмайды.

Барлық оқиғалар өмірден алынған, қандай да бір фантазиямен бірдей болуы сәйкестік деп бағаланады.

Жазба жеке адамның субъективті көзқарасы мен ұсыныстарын білдіреді және ақиқаттың анасы, шындықтың шешесі болуды көздемейді.


Тұғырнама атаулыны зорлап жатқан Blogcamp туралы жазбалардың қатарында жылт етіп көрініп қалу үшін кәлләмізді кернеп, жадымыздың гигабайттарын алып жатқан жағдайлар туралы жазуға бел шештік.
Мына жерді басасыңғҰә!?

Блогқұрылтай. Нөмір Үш

Блогқұрылтайдың не екенін, мақсаты қандай екенін түсіндіру үшін әуелі әңгімелесіп отырған адамыңызға блог жайлы түсінік қалыптастыру керек. «Блогқұрылтай» десеңіз әркім әр түрлі қабылдайды екен. Жұмыста бір қағаздарды толтырып отырғанмын. Кабинетіме бір әртіс апамыз (орта жастағы кісі, қырса қырыққа аяқ баса бастаған) келді. «Өзімнің жұмыстарымды интернет арқылы жарнамалай аламын ба?» дегендей сұрақтар қойды. «Апай, әлбетте! Шетелдерде әртістердің жеке сайттары болады. Соңғы жаңалықтарын, жаңа альбомдарын сол сайттары арқылы жарнамалап отырады. Сайтпен жұмыс істей алмасаңыз кішігірім блог ашып алып сол арқылы өз жұмысыңызды жарнамалдай беріңіз». «Мой мирдың» блогы арқылы ма?». Апамызға блогтың не екенін түсіндіріп, 2011 жылдан бері қазақ блогшыларының блогқұрылтайы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын айттым. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді» десеңші деді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайында ән айтып қалған әртіс апамыз.
«Блог бізге не бер(е)ді, ?», «Блогқұрылтай не бер(е)ді?» деген заңды сұрақтар туындайды екен.
Әрі қарай

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

  • KazNET
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:

«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»

Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Әрі қарай

Қалың қалай, қазақ блоггері?

Соңғы кездері «қазақ блогшылары» деген өзінше бір әлеуметтік топ пайда болды. Батыс елдеріндегідей қоғамда бедел жинай қоймаса да, халықтық ой-санаға ықпал ететін қауқары бар. Бүгінге дейін олар екі мәрте бас қосып, құрылтай өткізді. Толығырақ

Әрі қарай

ШЫМ ҚАЛА ЖИНАЛАЙЫҚ!



уа Шым кала керекшілері армысыздар!

Көпшіліктің шешімімен келесі құрылтай Шымқалада өткізілетін болды. Дайындықты осы бастан бастап жіберейік. Кім бар, кім жоқ екенін түгендеп… дегендей.
Әрі таныспағандармен танысайық.

в обшым 8-сәуір демалысқа тура келеді екен. Сол күні Мегада жолығайық. Кешкі 18.00-де.
Мүмкін болса тел. номерлеріңді (үй телефоны қажет емес) жекеге жазып жіберсеңдер.
Әрі қарай

Блогқұрылтай: Менің де айтарым бар...ұнағандар жайлы

Әне-міне дегенше, блогқұрылтай да өз мәресіне жетті. Алғаш рет қатысқандықтан, оған қоса Астанада Назарбаев университетінде өткендіктен әсері көп болды. Тағы Наурыз мейрамы қарсаңында! Көбінесе, виртуалды кеңістікте пікір алмасатын, сөйлесетін блогшы достармен осында келіп, танысудың әсері де бөлекше екен. Керекинфода рейтингісі жоғары, танымал, «жұлдызша» блогшылар «сатыбалды, марго, алдекен, мадлен, айкона, айжантабын, эстетика91, АКА, Теріскей» тағы басқаларын, «тірідей» көріп, "әәә осы екен ғой" деп, тесіле қараған сәтімізді ұмытпаймыз. Қыз екен деп жүрген «марго» Маралтай деген сары жігіт болып шыққанын білдім. Бір білмегенім, керекинфода отырып, жұртты «жылатып, құлататын» сатыбалды сол кезде қайда жүрді? Иә, әрбір сұраққа «бетің бар, жүзің бар» демейтін бетпақ жауап, әр жауапқа қитұрқы, қисық, қыңыр, қызық коммент жазатын сатыбалды құрылтай бойы төбесін көрсетпеді. Ол бір жұмбақ блогшы болды менің білуімше. Бір білсе біреулер білер… Не десек те, құрылтайдан көп жаңалық әкелдік, пайдалы ақпараттар алдық. Белсенділікті, қызығушылықты, ұйымдастырушылықты байқадық. Талғат ағай деп жүргеніміз, жап-жас жігіт болып шықты. Мәселен, күнде сөйлесетін Тотының өмірде қандай екенін Семейге барып білуге мүмкіндік жоқ, оған да құрылтайда мүмкіндік туды. Ашық жарқын, аузын ашса, жүрегі көрінетін Тотының тайм-кипер болып бүкіл дәрісхананы үйіріп отырғаны ұнады. Ал, мектеп оқушысы Мөлдір деген қыздың да ынтасы зор екен. Ол да ұнап қалды. Презентациялар көп болды. Тәжірибе алмасу, пікір алысу, ой бөлісу алаңында әркім өз білгенін ортаға салды. Қуаныш деген блогшының жұмысы ұнады. Қысқа, әрі нақты. Идеядан — бизнеске! Ал, Тимур деген баланың интернет журналы ұнады. "ІТ тірлік" — атын ұтымды ұйымдастырыпты. Болашағы бар! Ал, енді қараңыз, бір Шымкентте жүріп, білмейтін, танымайтын Ербол Серікбайды осында келіп таныдық. Ерекше ойы, қабілеті-қарымы, талпынысы ұнады. Шымкентте дәмін татып үлгермеген наурыз көжені Астанада «сіміріп ішу» бұйырыпты. Кейіннен білдік, наурыз көжені «дайындаған» Алдекен екенін. Ұнады. Бөлекше екен. Дәмі тіл үйіреді. Құрылтайда ең бір пікірсайысқа түскен тақырып — келесі құрылтай қайда өтеді? Әркімнің өз ұсынысы, пікірі болды. Қауымдастық құру өз алдына бір әңгіме. Бұл мәселе әлі де талқылауды қажет етеді.Өйткені, құрылтай өткізетін аймақтың барлық жағынан мүмкіндіктерін ескерген жөн. Алматы ма, Шымкент пе, Семей ме, Атырау ма? Оны да уақыт көрсете жатар. Бастысы — ұйымдастырушылықты күшейте түсу.
Әрі қарай

Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...



Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын.
Әрі қарай

Білгім келген екі сұрақ: Сілтемесіз болмай ма?

Менің білгім келгені: блогшылардың жазбаларын газеттерде жариялағанда блогшыға немесе блогқа сілтеме жасау міндетті ме?
Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы

Иә, міндетті.

Неге?
Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы
Әрі қарай

"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

Блогшылардың назарына

Байланыс және ақпарат министрлігі 15 блогшыны министрліктің жұмысымен таныстыру мақсатында, атап айтқанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметімен таныстыруға шақыратын болыпты-мыс… Әзірге шақырылатын блогшылар қалай іріктелетіні белгісіз.
Осы туралы не білесіңдер?
Әрі қарай

жаздың тез өтекені/ай :(

жаз болады дегенге іштей дайындығым болады жылда, білмеймін жаздан көп нәрсе күтемін. Прям іштей пландап тастаймын, себебі, көбіне, жаз айында менде депресняк болады екен  неге дейсіз ғой, күн ұзақ өзімді алдаусыратын нәрселер көп болмаса, іш пысқандықтанда депресняк бола береді менде))). Май айына дейін біраз іс тындырамын деп план сызып, қағазға жазып қоям, яғни өзімді қызықтырған курстар, жаңа хобби түрі(ия/ия менде хобби жылдам/жылдам өзгеріп тұрады). Быйыл жаздың күтпеген кездесулерге толы болды, максимум бәріне үлгеруге тырсып бақтым, көп нәрсе үйрендім , ух бұл жазда аса ішім пысқан жоқ. Енді алда күз келеді, бәрі жақсы болса екен сендерде, менде.
Бұл жазда витердегі танысқан адамдар тізбегі, ұмыт болсам кешірім өтінем.
Әрі қарай

Кездесу

Бүгін кешкісін алматылық блогшылар қауымы «Ориент» кафесінде Асхат ағай мен Кәмшаттың ауызашарға арналған дастарханына жиналды.
Әрі қарай