Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Тақырыпты осылай қойдық енді. Қанат ағамыз ренжи қоймас.
Жалпы, Қазақстанның батыс өңірлерінен тек Ақтөбеге ғана барыппын. Онда да тек бір тәулікке. Алған әсерімді жеткізіп көруге тырыстым. Пост тым мылжың, мәні мен мағынасы жоқ құр ділмәр көрінсе тіпті фейсбуктан да өшіріп тастауыңызға рұқсат. Ал шыдап, аяғына дейін оқимын десеңіз — уэлком :)


Атырау

Қаладан алған әсерім соншалықты керемет деп айта алмас едім. Ия, қонаққа барып тұрып дастарханын жамандап кеткен секілді көрінер, бірақ, Атыраудан үлкенірек нәрсе күткенмін (бәрібір, Европа емес пе?!). Көбі жер үйлер. Бірақ бұл — толық газбен қамтамасыз етілген қалалардың ортақ «ауруы» секілді. Адамдарға зәулім сарайлар емес, ыңғайлылық қой керегі деп ақтап алуға болатын шығар. Табан аттасаң ескерткішке кезігетін Қызылжардай емес, парктері де ескерткіштері де аз көрінді.
Екі адамның бірінің аузында «Бергей». Тіпті, Бергейдің кезінде жасалған тірліктер — көрсеткіш ретінде де айтылады ау деп шамаладым. «Бергейдің кезінде соғылған жолдар ғой, оның алдында негізгі 2-3 көшеден басқаның бәрі ми балшық болып жататын», «Бергей кезінде басталған құрылыс қой», «Бергей бітіре алмаған ғимарат қой» деген тіркестерді көптеп кездестіресіз.
Халқы бақуатты көрінді. Көшедегі халықтың түрі «Ертең не жеймін» деп айтып тұрған жоқ әйтеуір. Адамдардың сөздерінен бір паңдық байқалады. Айтпақшы, батыста сервис жоқ деген мифті бұздым өзім үшін. Ия, Шымкенттегідей жаныңда тұрып, әке-көкелеп шығарып салмайды, салқынқанды, бірақ тиянақты. Ия, аздап бағалары қымбаттау, дәріханалары мен дүкендерінің арасы алшақтау, бірақ әбден ақ тұруға болатын қала.

Блог - Daniar-Alan: Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Ұйымдастыру

Жетінші құрылтай. Мақтануға әбден ақ болатын шара. Қазақстанда жеті рет қатарынан өткен шара саусақпен санарлық шығар (егер мүлдем жоқ болмаса).
Мойындаймын, өзім биылғы ұйымдастыруға былтырғыдай қатыса алмадым. Тек сыртынан сілтеп қана отырдым. Белгілі себептерге байланысты бармай қалуым да мүмкін еді.
Барғанша уайымдап барғаным рас, бірақ шара мен ойлағаннан да тамаша өтті. Ұйымдастырушылардың мұндай тірлікпен бірінші рет келіп тұрмағаны бірден байқалады. Барлығы бірқалыпты, бірінен кейін бірі, рет-ретімен өтті.
Ең таң қалдырғаны — zhasatyrau.kz сайты. Редакциялық құрамы жастар болғанына қарамастан сақа журналистер секілді жұмыс істеді. Оператив, креативке толы посттар салып отырды. Ал Әшірдің жасаған видеолары оперативті ғана емес, професионалдығымен де ұнады. Жалпы, келешек Астаналық жастар ғой ;)

Блог - Daniar-Alan: Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Спикерлер

Биыл форматы аздап өзгеше болғанын өздеріңіз де көріп отырсыздар ғой. Алғаш рет тек қазақтілді емес, орыстілді спикерлерді де қостық. Ұсыныс Атырау жақтан келіп түсті, қуана қарсы алдық.
Орыстілділерге де, қазақтілділерге де өзін мойындатып тастаған Әлішер Елікбаевтың келуі — құрылтайға тың серпін берді. 1 сағаттық қана презентациясында тіпті менің өзімді мотивациялады (қазақшасы қалай?). Аудиторияны бес ақ минуттың ішінде баурап алды да соңына дейін тура сол қалпында сақтады. Өзін қарапайым ұстайды екен, тым ресми шаралар оның да жынына тиеді екен :)
Былай, сөйлесіп көрдік, мүмкін «Жазғы блогкемпте» спикер ретінде тағы шақыратын шығармыз :)
Әнуарпейісов. Байтук. Молния Ноу коммент :) Құрылтайдың тақырыбы — азаматтық журналистика болған соң, бұлар да жүруі керек болған шығар енді. Келесіде жүрмейтініне уәде беремін.

Блог - Daniar-Alan: Батыс көрген. Атырау Шымкенттіктің көзімен

Брогерлік

Құрылтай біте сала Абзал Сариев осы сөзді ұсынды. Брогерлік — блогшылардың бір-біріне достық сипаты, қолдауы, мүдде-мақсаттарының бір болуы. Ұшақтан түсе сала аяғымызды жерге тигізген жоқ. 2 күн бойы бүкіл жұмыстарын тастап, тәулік бойы жанымызда жүрді. Fishбармақтың дәмін таттық алғаш рет :) Қаланы да аралатты.
Эээ, бұл туралы көп жазбай ақ қояйын ;)

Осымен болып қалды ау. Сөз соңында блогқұрылтайды ұйымдастырғаны үшін, жаңа деңгейге көтергені үшін — барлық ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын.
Жаңалық күтіңдер ;)


PS: фотолар zhasatyrau.kz сайтынан алынды.
Әрі қарай

Блогқұрылтай: жаңа жоспар

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Алтыншы құрылтай да аяқталды.
Қарап тұрсаң, тәулік сайын ауысып, апта сайын түрленіп тұратын қазіргі заманда аз уақыт та емес. Ауыз толтырып айтатын жетістігіміз де жоқ. Сол, майда жеңіс(шік)тер. Ия, жастар көптеп тартылып жатыр, спикерлердің деңгейі өскен, құрылтайға министр келді… бірақ… жазбаның деңгейі өсті ме? Қай блогшы инфографиканы қатырып жасайды? Кім фотошедевр түсірді? Құдай ауу, видеоблогтың өзін күнделікті түсіріп жүрген адам таппайсың ғой..

,-деп жылап бастасаң постты :)
Кеше блог әлемінің ақсақалы бар, қарасақалы бар (Mikhael емес), Көкбөрісі бар ақылдастық. Отыра қалып биылға, келесі жылға жоспар құрып та тастадық. Келесі жылғы блогқұрылтайдың форматын да анықтап тастадық. Бұл мәселелерді негізі құрылтай кезінде (бәріміз бірігіп) айтылуы, талқылануы керек еді, алайда белгілі бір себептерге байланысты өтпеді. Сонымен…

ФОРМАТ

— Келесі жылы блогқұрылтай ақылы негізде өтеді.
Спонсорлар табамыз, қосымша қаржы табамыз, алайда символикалық болса да жарна төлеп келеді қатысушылар.
— Тек блогшылар ғана қатыстырылады.
Әлеуметтік желі мен интернет қолданушылардың жиылысы емес, блогшылардың шарасы болғандықтан, осы бастан блогқа тіркеліп жазба жазуды бастасаңыздар. Мүмкін шектеу де қоярмыз. Мәселен, блогыңызда кемі 20 жазба болуы тиіс деген секілді.
— Блогшылар арасында рейтинг жүреді.
Өзін-өзі мойындатқан блогшыларға артықшылықтар беріледі. Ол жарна төлемеу, жатын орынды ұйымдастырушылар көтеру, жол ақысын ұйымдастырушылар көтеру секілді тағы да басқа жеңілдіктер берілуі мүмкін.
— Үздіктер анықталады.
«Жыл блогері», «Жыл жаңалығы», "Үздік видеоблогер" секілді тағы да басқа номинациялар беріліп үздіктерді анықтап отырамыз.
— Қай өңірде өтетінін өзіміз анықтаймыз.
Әкімшіліктермен хабарласып, қай өңір қабылдауға дайын екені анықталған соң дауыс беру арқылы өңірді анықтаймыз. Әкімшілік спонсор емес, қолдаушы (орын, автобус т.б.) ретінде қатыстырылуы мүмкін.

Онан бөлек...
Блогкемп аясында тағы да 4 шара ұйымдастыруға тырысамыз.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Астана қаласында мамыр мейрамдары кезінде өтеді. Әзірге 8-9 мамыр деп отырмыз, бірақ датасы өзгеруі мүмкін. Аты айтып тұрғандай тақырыптар видеоға арналады. Ішіне: видеоблог, сценарий, жарық қою, ютюб баптаулары, монетизация секілді көптеген тақырыптар кіреді.
Шара ақылы. Суммасы 5000 теңгенің жобасында болуы мүмкін. Онан асырмауға тырысамыз. Қатысушылар шектеусіз (яғни тек блогшылар ғана қатысады деген шарт жоқ).

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара тамыз-шілде айларында Шымкент қаласында өтеді. Форматы былтырғы «Жазғы мектеп» секілді. Тақырып: мәтін. Яғни, мәтін жазу, тақырып қою, пост құрылымы, СММ тағы да басқа мәселелерге арналады.
Шара ақылы. Нақты сомасын қазір айта алмаймыз, бірақ 20-25 000 шамасында болады. Қатысушылар шектеулі. 50-60 адамнан аспауы тиіс. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Алматы қаласында қазан айында өтеді. Фото түсіру, ракурс, фото жанрлары, жарық таңдау тағы да басқа мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Барлық шараның қорытындысы есебінде «Астана интернет форумы» өтеді. Бұл жерде тек қана блог емес, интернет мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, ІТ секілді көптеген мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

Әзірге осы. Жаңалықтар болса хабарландырып тұрамыз ;)
Әрі қарай

Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

BlogCamp: Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

Таразда Блог-Құрылтай атымен өткен іс-шарадан кейін кей түсініктерді қайтадан қарау керек деген ойға келдім. Жиын өтті. Жақсы өтті. Бірақ, формат басқа, қатысушылар басқа, блогерлер аз. Неге бұлай болды, бізден қандай қателер кетті, енді не істейміз деместен бұрын алдымен негізгі терминдерді бір шолып шығайық.

БЛОГ
Адамның интернеттегі жеке күнделігі, түрлі тақырыптарда ойларын жазатын алаңы. Бұл алаңқай дербес стенделон домендегі блог немесе КерекИнфо, Массагет, Айтабер, Блогтайм, Wordpress.com, Blogspot, ЖЖ, Ювижн сияқты блог-платформаларда ашылған блог. Әлеуметтік желілердегі жеке апарақшалармен шатастыруға болмайды. Ол әр адамның виртуал әлемдегі паспорты. Ал, блог — күнделігі, дәптері.

БЛОГЕР
Алдыңғы пункттен түсінгеніңіздей Блогер — блог жүргізетін адам. Оны стилінен, никнеймінен, тақырыптарынан көпшілік онлайн немесе оффлайн танитын адам. Көбіне блогер бірнеше жерде емес, тек бір платформада жазады.

БЛОГГИНГ
Блог жүргізу, пікір жазу, блогосфера өміріне белсене қатысу.

БЛОГОСФЕРА
Блогерлердің тіршілік аймағы. Блогерлер ортасы. Блогерлер жиыны, түрлі іс-шаралары.

БЛОГКЕМП
Блогерлер жиналатын қала сыртындағы лагерь жиыны. Түрлі мастер-класстар және демалыс. Еркін форматта пікірталас. Негізгі мақсат — блогерлерді бір жерге жинап, һәм дәріс, һәм демалыс өткізу. Қатысу үшін жарна төленеді.

БЛОГ-ҚҰРЫЛТАЙ
Жылына бір рет өтетін кең көлемдегі жиын. Мақсат — танысу, білісу, тәжірибе алмасу, бірге қыдыру, қаламен танысу. Қатысу үшін жарна алынбайды, шығындары демеушілер тарапынан жабылады, сәйкесінше олардың да талаптары орындалады. Мысалы блог-турлар, экскурсиялар, пиар мақалалар, репортаждар арқылы.

БЛОГ-ТУР
Блогерлер арқылы жарнама жасауды көздейтін экскурсия түрі. Тапсырыс беруші жақтың талаптары бойынша блогерлер көрген білгендерін репортаж, сұхбат форматында жазады.

БЛОГИАДА
Берілген тақырыптар бойынша арнайы жүлде үшін жазылатын посттар жарысы.

Енді бастапқы тақырыпқа оралайық. Тараздағы Құрылтай Жамбыл облысы әкімдігінің демеушілігімен өтті, ұйымдастыру да олардың мойнында болды. Біз тек қонақ қатысушы ретінде бардық. Сондықтан қонақ «дастарханын» сынап кетуден аулақпыз. Тек блогерлікті өмір стилі ретінде ұстанатын топ ретінде негізгі түсініктердің өзгеруі, негізгі форматтан алшақтануы әлбетте жанымызға батты. Бұлай бұларын алдын ала білдік те. «Бұл кең көлемдегі соңғы құрылтай болуы мүмкін» деп жаздым да. Бірақ, бардық, көрдік, өз ортамызда жиналдық, өз құрылтайымызды да өткіздік. Бұл тұрғыда өте жақсы жиын болды. Көптен көрмеген достармен бас қостық, тәжірибе бөлістік, білмегенімізді үйрендік, бірге қыдырдық. Біздің негізгі мақсат та осы еді.

Жанымыз ашитыны — блогерліктің сөз ретінде де, іс ретінде де қадірі кете бастағаны. Ойлап қарасақ шын Құрылтай 2011, 2012 жылдары Алматы мен Астанада ғана өтіпті. Блогерлік те осы жылдардан кейін ұйқыға кете бастады. Басты себеп ретінде әлеуметтік желілердің танымал бола бастауын айтамыз. Сол жылдары Твиттерге тіркеле бастаған саясаткер, қоғам қайраткерлеріне блогер аты беріле бастауы осы үрдістің басы болды. Блогосфераны жандандыру мақсатында 2014, 2015 жылдары Блогиада жарысы өткізілді. Бірақ, бұл да тек уақытша нәтиже берді. Жарыстан соң қайтадан сылбырлық басталды. Керісінше адамдар тек ақшалай мотивация болмаса жазғысы келмейтіндей болып қалғандай болды.

Бірақ, бәрі өз қолымызда. Блогосфераны қайтадан тірілту үшін бір әрекеттер жасауымыз керек. Ең алдымен мына постта жазған негізгі түсініктерді өз орындарына қойып, әр нәрсені өз атымен атау керек. Блогерлікті қайтадан тренд, престиж ұғым қылуымыз қажет. Блогерлік өлді, бұрынғылар енді жазбайды, қазір жазатындар жастар деген оймен келіспеймін. Керісінше блогерлік 30 жастан кейін басталады деп ойлаймын. Адамның ойы да, тәжірибесі де қалыптасқан кез. Нағыз сапалы мақала, тұшымды ой жазатын кез. Ендеше не тұрыс? Кеттік, блогтарымызды қайтадан қолға алайық!
Әрі қарай

Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Блогкемп-2015 жазғы мектеп барысында көңіл көтеріп қана қоймай, азды-көпті дүниелерді біліп қайттық. Таза ауада өткен тренингтерден түсінген, түйгеніммен бөлісейін. Жалғас Ертай «Журналистке интернетте мақаланы қалай жазбау керек?», деп тренингінің атын қойып, «Қазақстанда журналистика жоқ, тек пропагандистер», деді. Ескі әдетімше Жалғасты цитировать етіп жалғастырайыншы)))

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

«Журналист заң аясында сөйлеп үйрену керек. Шариғат емес.»
«Журналист ешкімнің санасына әсер етпейді. Ол халық үшін, ұлт үшін жұмыс істемейді. Журналисттің міндеті тек ақпарат тарату»
«Қандай да бір жасалып жатқан жұмыстың жақсы екендігін айтып, мақтау –пропагандизм, журналист оның кемшілігін көрсету керек»
«Ақпарат беруде ешқашан метафора, сөз тіркестерін қолдануға болмайды»
«Қазақ тілді мектептерді бітіретін адамдарда қарапайым эрудиция, база жоқ»
«Бізде ақпараттық кеңестік бос жатыр. Сондықтан адамның белінен төмен әңгімелерді талқылайтын ток-шоулар көп. Егер телеарналарда күнде тікелей эфирден ашық талқылауға шықсақ, адамдардың көзқарсатары білдірілсе бірден танымал болады. Мен бұған 100 пайыз кепілдік беремін.»
«Журналистика факультеті керек емес. Журналистика деген біліктілікті үйрететін 3 айлық курс. Журналистикаға түскендерің өкіне берулеріңе болады»
«Журналист пен медиктертерді салыстырғым келеді. Соғыс алаңында дәрігерлер кімді кездестірсе де көмек көрсетеді. Себебі оның Гиппократқа берген анты бар. Журналисттің де принципі осындай. Ол тек екі тараптың фактілерін салыстырып, ұсыну керек.»
«Журналист ешқашан біреудің рахметіне жұмыс істемейді, әсіресе биліктің рахметіне»

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Жалпы тренинг қызықты өтті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, талқылаулар жүргізілді.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

«Бәріміз қазақпыз, дұс па?», дейтін момент күлкілі болды.
Бұл тренинг маған кішкентай балаға, «аяз ата жоқ», дегендей әсер етті. Себебі болашақ журналист ретінде мамандығыма байланысты ащы ақиқатты мойындауға тура келді.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Ұлықбек Әлиақбар ағамыздың «Youtubeте ақша табу» атты тренингісінен түсінгенім, каналыңда қызықты видеолар болу үшін кәсіби камераң болу шарт емес. Қолыңдағы соткаңды пайдаланып кез-келген оқиғаны түсіріп, сұхбат алуға болады. Және бұл керсінше көрерменге сенімді көрінеді. Видео түсіріп жатқанда, арасында өзіңді де түсіру керек. Себебі көрермендер иесін көргісі келеді, фейк еместігіне көз жеткізеді. Видеолардың көрілімдерінің көрсеткішін бақылау нәтижесінде, ағай «Дін мен пөрні жоғары жүреді», деді.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Дінмұхамед Зияддин «SMM: Күтпеген проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді.
Бұған дейін CММшы қызметінің анық-қанығы туралы мүлдем білмейтінмін. Пікір білдірушімен пікір-таласқа түспеу, барынша ресми және сыпайы жауап беру керек. Кері байланыс маңыздылығы, яғни бәріне жауап жазылуы қажет. Негативті пікір білдіріліп, оны өшіріп тастасаңыз керсінше жағдай ушығып кетеді, мәселені шешуге тырысқан жөн. Тапсырыс берушіге яғни басшыға бірден оң нәтиже күтпеу керектігін ескерткен дұрыс, деп айтылды.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Аршат ағаның «Ақпаратық соғыс» атты тренингісінен түсінгенім, жалған ақпарат пайда болғанда, біздің еліміздегі кемшілік бірден жоққа шығармайды. Ол халықтың наразылығын не үрейін күшейте түседі. Бұл жағдайда беделді адам пікір айтып, ақылға, сабырға шақыру керек. Нақты ақпарат жоқ кезде өсек пайда болады. Сондықтан ақиқатты жасырмай, ашық болу керек.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Тапчанда ӘКУ апайымыздың тренигі өтті.

Блог - IShyrak: Шолақ шалбар киіп алған спикерлер не үйретті? Блогкемп-2015. Жазғы мектеп.

Бір шумақтан өлең оқып, «Audacityды» қолдануды үйрендік. Бұл бағдарлама арқылы диктофондағы жазбалардағы артық шуылдарды жойып, өңдеп, фондық әуенмен әрлей аламыз.
«Интернет журналистикасынан» емтихан тапсырғанда «төңкерілген пирамида» принципі, деген сұрақ келді. Ол жайлы Талдықорғанда өткен кемпте тренинг барысында айтылған, соны есіме түсірдім. Осы жолғы тренингтер де, мен үшін танымды болды және бұл асырып айтпағаным.
Әрі қарай

Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Біркөлікте өткен жазғы мектептен кейін ел есін енді жиып жатыр ғой, деймін. Кемпке қатысқандар фотоларды түгендеп, аватаркаларын ауыстырып болды, мүмкін әлі болмаған да шығар))) Осы жолғы кемптің аруы мен сұлтанын да анықтап тастады.
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Ал, өзім алған әсерлерден толық арылған жоқпын. Жалпы не болды?
Әуелі Шымкентке алғаш аяқ басып және оған қатысты пікірімді өзгерткенімді айтқым келеді. Қай өңір болмасын, барлық жерде шымкенттіктер жүретіні өтірік емес. «Неге өз қалаларынан қашады?, соған қарағанда, тұруға қолайсыз, ұсқынсыз қала шығар», деген ойда болатынмын. Қателесіппін. Шырайлы қала ұнады, араламағаныма өкініп жүрмін.

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
«Машат» шатқалының табиғаты тау көрмей өскен, мені әсерге бөлемей қоймады.

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Жайқалып тұрған раушан гүлдерін құшырлана иіскеп-иіскеп алдым. Шіркін, бір шоғын жұлып берген жігіт болмады. Әзіл ғой))
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Тренингтер далада өтті. Шолақ шалбар киіп алған спикерлерді дивандарға жайғасып алып тыңдадық. Ол өз алдына тақырып. Сондықтан келесі жазбамда бөлісейін)))

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блогерлердің баурап алатын қасиеті бар. Осы ортаға деген құштарлық, блогер болуға ынтызар етеді. Олармен қауышқаныма шын жүректеен қуанышты болдым.

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
«Бог фотошопа» Исабекті, «Бұл-блогиада», дегеніне сүйсінген Жәнібекті өмірде көргім келді және көрдім. Желкелерінде тұрмай, орталарына отырып алып түсуім керек еді)))

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Бейресми түрде өткен блогкемп бассейнімен, одан бұрын блогерлерді шомылу киімінде көрумен де ерекшеленді.



Эх… бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай… Еске алып, көріп отыратын бейнебаянның барына шүкір.
Бұйыртса, «тамыз айында Бурабайда блогкемп ұйымдастырылса ғой», деген тілек білдірді, Аршат аға. Жүзеге асырлса, жақсы болар еді, әрине. Бізге жақын жерге басқа аймақтағылар ат терлетіп келсінші)))
Алдағы кемптен не күтемін? Ерлан ағаның тренингіне қатысқым келеді. Назгүл апай, Асқар ағай келсе екен.
Кешкісін аға буын мен жастар жиналып от жағып, ортақ әңгіме айтып отырса деймін. Мадина Реброва гитарасымен әндер айтып, (алдын ала сөзін шығарып, бірге шырқасақ) «Блогиадашылар әнін» айтсақ қоой ))) Блогкемп блогкемке ұласа берсін!)))
Әрі қарай

Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Иә, шынымен, мерейтойға бергісіз өтті. Банкет, мол дастархан, табақ тарту, бас ұсыну, сыйлық сыйлау, шапан жабу… Додасы бар, доданың жеңгені бар, ән, би… Көңілді. Бірақ әңгіме онда емес.

1-күн

20-түнгі препатиден титықтап шыққан біздер, шаршағанымызға қарамастан 21 күні «Талдықорған, қайдасың» деп тартып отырдық. «Шаршағанымызға қарамастан» деп қоям өзімше, дайын автобус тұрғанда. Жол ұзақ екен. Жолай тау арасына бұрылып, Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік музейіне соға кеттік. Шоқанның көзіндей боп қалған эксклюзив экспонаттарды тамашаладық.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Сол жерден түскі ас ішіп алып, кешке облыс әкімінің атынан берілген асқа топ ете қалдық. Оркестр…

2-күн

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Таңғы асты іше сала наурыз тойлауды бастап кеттік, алаңда мерекелік шаралардың куәсі боп, концерт көрдік. Одан кейін Алматы облысы өлкетану мұражайы, Алматы облысы көркемөнер галереясы,

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Тіл сарайы, медиаорталық
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
т.б. жерлерді аралап, жаңадан салынған спорттық кешенде волейбол, футбол ойындарына кірістік. Тіпті су жаңа формамызға дейін дайын екен.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Жалғас пен Абылайдың бойындағы жауапкершілікке ризамын, автобуста «ертеңгі ресми бөлімнің форматына уайымдаймыз» деп отырған, кешкілік әлі де көп нәрсенің мәнісіне жете алмай жүрген жастарды жинап алып, жақсылап инструктаж өткізді. Жастармен жақынырақ таныстық. Ертеңгі мастер-кластарда жасқанбай сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісуге кеңес берілді. Тура сол отырыс дұрыс шешім болды, себебі қыз-жігіттердің кескіндерінен «уфф» деген бір жеңілдік байқағандай болдым.

3-күн

Тіркелдік. Папкідегі бұйымдарды көріп жымыңдасқан жамағат. Мына жақта додекаэдр үстел, ана жақта сессиялар. Кешегі отырыстан соң ба, Жалғастың мастер-классына қызығушылық танытқандар көп. «Жалғас ағай, Жалғас ағай» болды да қалды оЧм. Абылай «HTML шәйнектерге» тақырыбына мен аздап көмектескен болдым. Гастаның мастер-классы интервьюге ұласты.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Өзгелердікіне қатыса алмадым.
Ресми бөлімдегі сессиялар аздау секілді, бірақ бірдеңе үйренем деушілерге жеткілікті болды деп ойлаймын. Әрі қарай өз қабілеттеріне қарай көре жатар.

Ұнағаны: жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық, қонақжайлылық, жастар саясаты басқармасының кез-келген уақытта жанымыздан табылуы, әкімшіліктегілердің қарапайымдылығы, бізге көрсетілген зор құрмет.

Ұнамағаны: тағы да жастар саясаты басқармасының қыз-жігіттерінің кез-келген уақытта (тіпті, қажетсіз кезде) жанымыздан табылуы, балабақшаның балаларындай қақпайлауы, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік бермеуі. Оларды да түсінуге болады дегенмен біз де есі дұрыс адамдармыз ғой.

Осы бары. Негізі бұл формат шаршаған. Блогкемптен блогтурға қарай ауысып бара жатыр. Бір тың серпіліс керек.
Әрі қарай

Блогкемп - 2014. Блогиада. Қарағанды.

Блог - kaztube: Блогкемп - 2014. Блогиада. Қарағанды.
Биыл Қарағанды қаласында өткен IV Блогқұрылтайдан блогер Эльвира Ерғалина видео дайындап әкелген болатын. Өткен посттарымызда атап өткендей, Эльвира түсіріп келген видеоларды үшке топтастырдық: Блогқұрылтай, Блогиада және Қарағандыға саяхат.
Бүгін Блогиада жайында түсірілген видеоны ұсынамыз.
Бұл видеода Блогиаданың келесі турына өткен 32 қатысушы өз әсерлерімен бөліседі және Блогиаданың алдағы уақыттағы ережелері мен тәртіптері түсіндіоіледі.
Кімнің 32 қатысушы арасында бар екенін көріңіз.
Сіздер үшін :)

Эльвира Ерғалина. Блогқұрылтай - 2014. Қарағанды (1-бөлім)

Блог - kaztube: Эльвира Ерғалина. Блогқұрылтай - 2014. Қарағанды (1-бөлім)
Биыл Қарағанды қаласында өткен IV Блогқұрылтайдан блогер Эльвира Ерғалина видео дайындап әкелген болатын. Эльвира түсіріп келген видеоларды үшке топтастырып отырмыз: Блогқұрылтай, Блогиада және Қарағандыға саяхат.
Қазір Блогқұрылтайдың ресми ашылуы, блогерлардың жиналуы сияқты шаралардан тұратын алғашқы видеоны көріңіздер.
Арнайы сіздер үшін! :)

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

11 сынып бітірген мен үшін Астана қаласы, Еуразия Ұлттық университеті арман еді. Бірақ арманыма суық тидіме білмедім, Еуразияның есігін аша алмадым. Есесіне ҚарМудың табалдырығынан аттап, бақандай 5 жыл оқыдым. 2-3 жатақханалардың қабырғасында менің ең қызықты, өмірім өтті. Сондықтан, Қарағанды мен үшін әрдайым ыстық. Құрылтайға қатысушыларға керек болар-ау деп, одан ары Қарағанды қаласы туралы қазақша ақпарат іздегендерге жарап қалар деген оймен қала туралы аздаған анықтамалық десекте болады Қарағанды туралы 3 карта жасадым. Қазір оған әр түрлі ат қоюға болады (Мультимедиялық, онлай, интербелсенді, активті ) мен интерактивті дедім.

Интерактивті картаны көру үшін суретті басамыз.
Блог - izbasar: ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

Блогкемптің пайдасы

Заман-ай десеші). Пенде біткен пайда жоқ жерге аттап баспайтын болды. Санаулы күннен соң, Blogcamp өтпекші. Уа, қандай пайдасы бар дейді, білмейтіндер. Отыра қалып, түсіндіре бастайсың. Танысасыз, табысасыз, тәжірибе жинайсыз. Ой түйесіз. Ойланасыз. Таныстырасыз. Жобаңызды басқалармен салыстырасыз. Жоқ дегенде, Сатыбалдыны түсініп оқи бастайсыз, дейсің арасында. Сөз тәмам. Ақша табам ба, ақша дейді кейбірі. Бара қалса, аспаннан ақша жуатындай. Ақша іздеген бармай-ақ қойса болады. Басқа пайдасы… Блогкемптің пайдасы әркімге әртүрлі. Мен үшін, мен үшін… Тәжірибе, блогшылармен танысу өз алдына. Өзіме қымбатты Блогкемптен таптым. Сол бір алтын адам айтады.

-Блогкемп болмаса біздің таныспауымыз да мүмкін еді, деп. Үнсіз қостаймын.
-Блог болмаса біздің таныспауымыз мүмкін еді. Тағы да қостау.
Әрі қарай

Blogcamp осылай басталған

2011 жылдың 8 қаңтары. Сағат 4-тің кезі (таңғы емес). Абай мен Момышұлының қиылысындағы пиццерияда терезеге жақын столда үшеуміз отырмыз. Арамыздағы біреу тынымсыз пицца жейді. Біреу тынымсыз жазады. Мен ойланып отырмын. Тынымсыз пицца жеп отырған Димаш. Тынымсыз жазатын Асхат. Димашты жегізіп, Асхатты жазғызып, мені ойландырып қойған бір ғана мәселе бар. Блогшылардың басын қосу. Осылай отырғанымызға 1 сағатқа жуықтады. Дәл сол күні твиттерді парақтап отырып, Ерлан Қарин ағамыздың мына жазбасына көз түсе қалмасы бар ма?!
«Қазақ блогерлерінің кездесуін ұйымдастырсақ, қандай мәселелерді талқылауға ұсынар едіңіз?» erlan karin (@erlankarin) January 08, 2011
Әрі қарай

Блогкемп сыйлаған достарым

Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне.

Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт.
Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым…

Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім.
Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай!

Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті...

Керекинфоға келуіме себепкер болған Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен . Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп шықты.
Әрі қарай