Инстаграмның жаңа хиты

Белоруссиядан шыққан жастардың ойлап тапқан Маскарад деген бағдарламасының эффекттілерінен инстаграмымыз енді тазарып келе жатқан кезде, Ресей жастарының ойлап тапқан #Prisma деген бағдарламасы 1 аптаның ішінде интернеттің хиты болып шыға келді. Сондықтан, жақын арада художниктердің фотосын көруге дайындала беріңіздер)
Блог - ErzhanKhamitov: Инстаграмның жаңа хиты
Маскарад бағдарламасын ойлап тапқандарға Фейсбук 30 миллион доллар беріп сатып алған екен. Енді, 10 күннің ішінде 1 миллион аудитрория жинаған Prisma бағдарламасы үшін Цукерберг қанша ақша дайындап отыр екен?
Менің ойымша, мал-жануардың тілі мен құлағы атып шығып нервке тиетін Маскарадқа қарағанда призманың эффектісі қызықтырақ сияқты. Сізге ұнады ма?
Айтпақшы, андройдтан іздеп әуре болмаңыздар) Самсунгтың фанаттары үшін бағдарлама шілденің басында дайын болады.

Инстаграм
Әрі қарай

Кім білген?

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Осыдан біраз уақыт бұрын Эльвира Ерғалинаның интернетті шулатқан біраз суреттерін көріп «Не болып қалды?», «Не болды?», «Бұл не?» деп біразыңыз басыңызды ауыртқан едіңіздер… Кейінінен оның Эльвираның жаңа жұмыс орны, яғни «Жетінші арнадан» басталғалы жатқан «Кім білген?» жобасынан үзінділер екенін біліп, «Кім білгенді» күткенімізде өтірік емес.
Жарты жылға жуық уақыт көрермендерді түрлі салалар бойынша ақпараттандырып, таңқалдырған бағдарлама әне-міне дегенше алдағы аптаның ішінде аяқталғалы жатыр. Осы жұма «Кім білген?» бағдарламасының жүргізушісі Нуриддин Бидосовпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгімелесу барысында Нуриддиннен «Кім білгеннің» қалай дүниеге келгендігі туралы, «Кім білгенді» кімдер жасайтындығы және әрі қаратай жалғасы түсіріледі ме деген сынды сұрақтардың астына алған едім…
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен саясаттанушы болғым келмейді!

Суреттер сөйлейді: Кім білген?Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…

Өмірімде тележүргізуші боламын деп ойламағаннан кейін басында өте қиын болды. Жұмыс істемей-ақ қоямын бааа деген ойлар жиі келіп жүрді. Сонда әке-шешем «Жақсы жұмыс қой істей бер, оның үстіне ұлымыздың бүкіл облысқа жаңалық оқығаны бізге де абырой» деп өз оймынан айнығанмын. Бүгінгі күні осы салада жүргеніме 15 жылдай болды. Өзімнің негізгі мамандығым саясаттанушы. Өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрген емеспін. Шынымды айтсам істегім де келмейді (күлді-авт.).

«Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымы болмайтын болғаннан соң сол ұжымыммен «Кім білгенді» алдым.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен 10 жылдан аса уақыт тек жаңалықтарды жүргізген адаммын. Бұрындары да «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» деген сынды жеке жобаларды жүргізуге ұсыныстар болған, бірақ ол уақыттары келіспеген едім. Былтыр Әлия Баймұхамедованың ұсынысымен «Аян. Дала аңыздары» жобасын бастадым, содан кейінгі екінші жобам осы «Кім білген?» болды.
«Кім білген?» жобасын да жүргізуді ұсынған Әлия Баймұхамедова еді. «Аян. Дала аңыздарының» кезекті маусымы аяқталғаннан кейін, сол кезде әрі қаратай жалғасы болмайтының білгенде осы ұжыммен «Кім білгенді» алайық деп шештім.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» ерекше бағдарлама.
Кез-келген арнада арнайы репортаждар болады. Бірақ «Кім білгенді» ерекше деп айтуға толық құқым бар. Өйткені біз кез-келген тақырыпты көрерменнің көңілінен шықсын деп оқиғаны арасында ойнатып, кейде күлдіріп, кейде жылатып жеткізіп жатамыз. Ондағы ойымыз көрермен біздің хабарды көрген кезде камераның арғы жағында оператор емес өздері болып, оқиғаны көріп, мәтінін жазған журналист емес өздері сонда тұрғандай сезінсін деген ой болды. Одан кейін кез-келген тақырыпты ол ауыр тақырып болсын, жеңіл тақырып болсын адамды терең ойландырып жіберетін емес, кез-келген дүниені жеңіл қабылдап, тез қорытып, ішінен өзіне қажеттісін сіңіріп алсын деген ой болды. Соның арқасында болар басшылар біздің ұжымның жұмысын жоғары бағалап, «Кім білгеннің» екінші маусымына тапсырыс беріп отыр. Құдай қаласа келесі жылы жаңа 31 серия түсіргелі жатырмыз. Осы жерде көрермендерімізге өздерін қызықтыратын тақырыптар болса бізге телефон, электоронды почта, хат арқылы хабарласып жатса, біз оны түсіруге өте қуанышты болатындығымызды айта кеткім келеді. Сонымен қатар, келер жылы көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын түсіру ойымызда бар. Әзірше ол қалай болады, қайда түсіріледі белгісіз. Тағы да көрермендерімізге осы «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын қандай етіп көргілері келетіндігін хабарласып, өз ұсыныстарын айтса деген тілегіміз бар екендігін айта кеткім келіп отыр.

Біздің ұжымда 14-ақ адам бар.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Біздің ұжым үлкен емес. Небәрі 14 адам «Аян. Дала аңыздарын», «Кім білген?», «Выход есть» деген жобаларды алып жүрміз.
«Кім білген?» жобасының идея авторы Әлия Баймұхамедова, тақырыптарды ұжым болып отырып талқылап, бекітеміз. Ал сценариін жазатын редакторларымыз Саида Елшібаева, Нұртілек Риянбекқызы, Эльвира Ерғалина болды. Арасында мен де өз тарапымнан айтатын дүниелерім болса толықтырып отырдым.
Кез-келген жұмыста, кез-келген бастамада қиындықтар болады. Бірақ Аяна Койчиманова, Райса Мукуева, Елдар Курманбаев деген продюсерлердің арқасында алдымыздан шыққан барлық қиындықтардан қиналмай шығамыз.

«Кім білгеннің» кейбір бағдарламалары 2-3 ай түсірілді.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» небәрі 30 минуттай ғана болса да үлкен еңбекті талап ететін жоба. Кейде бір хабарды түсіру барысында бір апта толықтай кетіп қалады. Менің стэндаптарымның өзін жазу кейде екі күнге шейін созылса, сценариді жазып, оны келістіруге 2-3 күн кетеді. Оның ішінде түсірілім өтетін алаңдарға рұқсат алу, реквизиттерді дайындау бәрі-бәрі уақыт алады. Тіпті кейде бағдарламаны ұжымның жұмыста қонып жасайтын кездері де болады… Кейбір серияларын түсіруге 2-3 ай кетті. Яғни бір оқиғаны түсіреміз деп бастаймыз да, оның басын түсіріп қоямыз ал соңы бірнеше айдан кейін болатын оқиғамен байланысады.… Сол сынды ұзақ түсірілген серияларымыздың бірі "Қазақстандық шоу бизнес еді". 30 минут қана болғанымен, «Кім білген?» ол үлкен ұжымның жұмысы екендігін ұмытпау керек!

«Кім білген?» мені бір сатыға өсірді.
Бүгінгі күні біздің өміріміздегі ең басты дүниелердің бірі ақпарат қой. Ақпарат деген жан-жақтылық. «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» жобалары арқылы дүниетанымым кеңейді, көп нәрседен ақпарат алдым, көп адамдармен жақын таныстым, журналистикалық бағыт бойынша өстім, жаңа бір сатыға көтерілдім деп айта аламын. Ең бастысы өзіме ұнатын ұжыммен бірге жұмыс істегеннен рахат таптым.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Келер жылы «Кім білген?», «Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымдары, күнделікті жаңалықтарым бар. Осыларды Алла сәтін салып барлығын уақытылы түсіріп, тапсырып жатсам өзге жобаларға да дайынмын. Тіпті киноға шақырып жатса, кино, телехикаяларға да түсуге қарсы емеспін (күлді – авт.).
Суреттер сөйлейді: Кім білген?

P.S. «Кім білгеннің» 1 маусымының қорытынды, әрі жаңа жылдық бағдарламасы 28 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі. Нуриддиннің және «Кім білген?» жобасының ұжымының айтуы бойынша бұл бағдарлама жаңажылдық ең ерекше бағдарламалардың бірі болмақ :)
Әрі қарай

Қазақстандық антивирус!

"Қазақстандық антивирус шықты" — деп аспаннан түскендей болып айтпай-ақ қояйын, бірақ шыққанына бірнеше уақыт болды. Алайда көп адам біле бермейді. Ия Қазақстандық антивирустық бағдарлама қателеспесем 2012 жылдың 9 мамыр айынан бастап сатылымда болуы керек. 2013 жылы «Антивирус ALTAIR Systems Security 2013» болып сатылған бағдарлама қазіргі таңда «AWS Core 2014» болып өзгерді.
2013 жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында түбегейлі бағдарламалар сатумен айналыса бастадым. Алғашында жап-жақсы басталып келе жатқан жұмысым аяқ асты төмендеп кетті. Себебі менен де арзан сатушылар пайда бола бостады. Миығмнан күліп жүре бердім, алайда олар тоқтар емес. Мені алаңдата бастады бәсекелестерім. Кейін контактілеріне шығып қандай антивиурстық бағдарлама екенін білдім. Міне, Қазақстандық антивирусты (Антивирус ALTAIR Systems Security 2013) сол кезден бастап есітім. Бірден өзіме орнаттым. Орнатқан сәттен бастап компьютерім қуып кетті. Системалық файларыма зиян келіп компьютерім қосылмай қалды. Тех қолдаушыларына телефон соғып болған жайды айтып бердім. Олар менің компьютеріме кіріп барлық кеткен қателіктерді түзеп берді. Хош. Бірақ онымен тоқтап қалмадым. Ары қарай тексере бердім. Әрине, Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ, қателіктері біршама болды. Уақыт келе түзеліп жатты. Түзелмей жатқандары да болды. Базаны кеңейте бердік. Шынымды айтсам Касперский антивирусының кейбір істей алмаған жұмыстарын жасады. Қысқасы ұнай бастады. Сөйтіп олармен келісімге отырып олардың да өнімін сата бастадым. Бағасы да арзан.
Міне жақында олар тауардың атауын өзгертті «AWS Core 2014» етіп. (Мына жерден көшіріп ала аласыздар).
Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Кесікіні Антивирус ALTAIR Systems Security 2013-ге қарағанда өзгерген. Жұмысы жағынан да ерекшеліктер бар сияқты. Тексеріп көрмекпін, сіздерге де ұсынамын. Бағалап көрейік.
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім
Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.
Әрі қарай

Саз әлемі

Жуырда «Шоу» журналын парақтап отырғанымда, жас әнші Әлия Абілқайырдың сұхбатыны көзім түсті. Онда Әлия «Ел арна» телеарнасында болып өткен «Саз әлемі» бағдарламасына көңілі толмайтынын айтқан екен. " Бұл бағдарлама 100 пайызға шынайы өткен жоқ. Мәселен, менің жақын араласатын бір досым Толқын Забирова апайымыздың Баянға дәл сен айтқандай істедік деп айтып жатқанын естіп қалыпты және бағдарлама барысында Баян кейбір қатысушылырға келеке сөз айтатын. Әрине, сол жерлерді қиып тастап, халыққа өзге нұсқасын ұсынады" делінген.
Менің ойымша да қай- қай бағдарлама да 100 пайызға шынайы болмайтын сынды. Сонымен қатар жарысқа түскен өнер адамын келеке етудің еш қажеті жоқ еді. Олар осылайша біреудің айтуымен қатысушылардың өнеріне нашар баға қойса да, арттарында халық бар екенін ұмытпауы керек. Әділқазылар алқасы қоймаған бағаны халық қойып, оларға екі есе дауыс беріп, бірінші орынға шығарады. Ал әділқазылар алқасы өздерінің нағыз әділқазылар екенін дәлелдеуі керек еді
Әрі қарай

Ядролық қару

Пьер Қасқабасовтың түсірген соңғы суреті

Ядролық қарудың «беташары» 1945 жылы Жапонияда жасалғанымен, адамзаттың кейбір ғалым бұтақбас бөліктері ондай қарудың мүмкін екендігін XX ғасырдың басында-ақ сандырақтап жүрген. Айтпалық, басқарылмайтын ядролық реакция –Эйнштейннің релятивистік теориясынан өзінен-өзі шығып тұр дейді физиканы тігіп оқығандар. Коккер-спаниелім біліп пе әнасс, бәлкім – солай да шығар: бозбала шақта ғылым мен арақ қатар келіп қалғанда, соңғысын таңдап едім.
Очм, пяншіктаңанә ғалымдардың әңгімесінен түсінгенім былай. Уран-235-тің бір кесегі екінші кесегіне өте жойқын күшпен соғылады. Мысалы, бір кесегі екінші кесегіне зеңбірекпен атылады.
Әрі қарай

Geogebra


Жаңа заманның математиканы оқытудың жаңа технологиясы ретінде әлем бойынша танылған бұл бағдарлама бізге енді келіп отыр. (әкеліп отырмыз:)) Қазақша нұсқасы болмағандықтан Қазақстанда бұл бағдарламаны қолдану тиімсіз болып отыр.Басқа елдерге қарасақ, олар өз тілдеріне аударып алып, математиканың қызығын көруде. Қазіргі таңда тегін таратылатын осы бағдарлма әлемнің 49 тіліне аударылған.Біз басқалардан кембіз бе? Біз де аударалық. Біз болмасақ, інілеріміз, бауырларымыз, балаларымыз ғылымдардың патшасы-математика екендігіне көздері жетсін!
Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай

Егер де сіз Блог құрылтайға келе жатсаңыз...

Төмендегі мәліметтер пайдалы болар деп ойлаймын.

Қай жерде өтеді?
Блог құрылтай KIMEP-тің New Building деген ғимаратында өтеді. Сенбі күні сағат 9.30-да тіркеу әрі ең үздік блогтарға дауыс беріледі. Сондықтан сенбі күні таңертең сағат 9.30-да KIMEP-те болғаныңыз жөн.
Әрі қарай

Кезект Шіркін life...

Кеше әр жексенбі сайын «Ел арнадан» берілетін «Шіркін life – 2»-ні тамашаладым. Шындығында, алғашқы ауылда өткен нұсқасы мынадан әлдеқайда қызықты, әрі тартымды болатын. Жас мөлшерлері шамалас, бір-бірін күнде сахнада көріп жүрген әншілер түсірілім барысында да өздерін жақсы ұстап еді. Бағдарламаны көріп отырып, күлкіге қарық болатынбыз. Ұл-қыз демей бар ынталарымен, күйлері келсін-келмесін, білек сыбанып кірісіп кететін. Кешкі отырыстарында соны өздері-ақ қорытындылап, бір бірлерінің кем-кетік тұстарын аса бір сабырлықпен, қалжыңмен жеткізіп отыратын.
Әрі қарай