"Айналайын баладан, тауып алған даладан"
Әкемнің қызы болдым. Әкемнің қасына жататынмын, қарнына шығып алып, түспей қоятынмын
Тіпті, 4-5 сынып оқушысы болғанымда да арқалатып қоятынмын өзімді. «Аһ» дегенде аузымнан түсіп қалдың," дегеніне Құдайдай сенетінмін
Нағыз шындықты қашан білгенім есімде жоқ,өзімнен үлкен көрші қыздардан есіткен сияқтымын.
"Қазіргі балаларды ата-анасы қалай туады екен?" Жүргізген видеосауалнамам бойынша олар іштен шығатынын біледі. Өзіңіз көріңіз
Әрі қарай
"Қазіргі балаларды ата-анасы қалай туады екен?" Жүргізген видеосауалнамам бойынша олар іштен шығатынын біледі. Өзіңіз көріңіз

Кейбірде балаға өзіңнің де жауапты екеніңді келіншегіңе көрсеткің келіп, балаңа су бергелі жатқан келіншегіңе компта отырған қалпыңда «Әй, жылытып бер, қайнаған су бер» деп қоясың. Құдай-ау, өзіміз шатырдан сорайып салбырап тұрған сүңгілерді сорып өстік. Қыстың көзі қырауда достарымызбен бәстесіп, мал суаратын суаттан су ішетінбіз. Оның бәрін ұмытып кетеміз. Өбектей берген баланың аурушаң болатынын кей кездері есімізден шығарып аламыз.
Тағы да бір адам сенбес оқиға. Американдық Мэри Краник есімді бір әйелді айдалада қасқырлар босандырып алыпты. Күтпеген жерден толғағы қысып, талып қалған әйелдің сәбиін аман-есен дүние есігінен аттатқан көк бөрілер боранда қалған панасыз жандарды құтқарушылар келгенше араларына алып жылытып отырған.


Балаларыңызға осыған ұқсас өндірушісі белгісіз кәмпитті сатып алудан аулақ болыңыздар. Жақында қызым қиылып сұраған соң, тіпті не зат екенін қарамастан алып бергенмін. Келесі күні бақшадан тәрбиешісі соғып, құсып, ауырып жатқанын хабарлады. Жаным шығып балалар емханасына соқтым, ондағылар көліктері сынып, шақыруларға дәрігерлер бара алмайтынын айтты. Сасқанымнан ең болмаса бала уланғанда не беру керекгін сұрап едім, жедел жәрдем шақыру керектігін меңзеді. Содан жүрегім аузыма тығылып, бақшадан қызымды алып кеттім, тым жақсы жүрді сол күні, бірақ келесі күннің таңынан бастап тағы құсты, содан күнұзақ ұйықтады да қойды. Айтайын дегенім, бізден ерекше жегені сол кәмпит қана болған. Сыртында ештеңе жазылмаған, кім, қайда шығарылғаны белгісіз тәттілерден сақтанғайсыздар. Менің қатемді қайталамаңыздар!
Бір танысымның 3 жасқа толған қызының айтқаны еді бұл. Өткен аптада туған күнін атап өтіп, тортты үрлерде ұзақ ойланды бүлдіршін. Ойланды да дәл осылай дүрс еткізді. Ауылдан келген атасы «Не дейді? Не дейді?» деп түсінбей қалды. Әрине, ауласы өзінікі, қолындағы немерелері еркін асыр салып ойнайтындықтан қайдан түсінсін. Қыс бойы 4 қабырғаға қамалған сәби қоғамның белең алып бара жатқан созылмалы дертін ашып тастады осылай. Бүкпесіз.