Ол Люданы іздеді... (с)

Киностан: Ол Люданы іздеді... ©Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында шетелдік компаниялардың бірінде қызмет ететін, сәйкесінше ағылшын тілінде жиі сөйлеп үйреніп қалған 30 жастағы бойдақ, ұлты кәріс ресейлік азамат Леонид Вон, түркі халқының жаңа жылы болып саналатын Наурыздың қалай тойланатындығын өз көзімен көру мақсатында жұмысынан демалыс алып, облыс орталығы — Орал қаласына келеді. Ал бұдан бұрынырақ ол Пенза қаласынан көптен бері көрмеген, хабарласпаған бұрынғы махаббаты, өзінен 3 жасқа үлкен Люда есімді кәріс қызын осы жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырып қояды. Ал оның жеке нөмірін ортақ ескі таныстарынан біліп алады. Леонид телефон арқылы сөйлескенде Люданың әлі тұрмысқа шықпағанын біліп, өзінің ұсынысын Наурыз мерекесі кезінде білдіргісі келгендіктен, алдын-ала қымбат сақина сатып алу үшін, Оралдағы сауда орталықтарының біріне барады. Және осы жерде жергілікті қылмыскерлердің нысанасына ілігеді. Оны аңду басталады.
Әрі қарай

Жаңа белес

Бүгін күн жылдағыдан ерекше жылы болып тұр. Күн сәулесі үстіңе құдды бір мөлдір моншақтай төгіледі. Биыл жауын көп болғандықтан көк мол болып, әлі күнге дейін жер бетінде кілемше төселіп жатыр. Ағаштар жапырағынан айрылып, бұтақтары тарамданып өмірімді елестетеді. Ғұмырымынң тағы бір жаңа буыны басталғалы жатыр. Басында үйрене алмай, безіп кететіндей жерге де бауыр басып қалады екенсің. Ақсай кішкентай ғана жұмыс қалашығы ғой. Бірақ аулаларының тазалығы, ұқыптылығымен ерекше өзіме. Қалашықтың бір жақсы жері: қайда барғың келсе де, жаяу баса бересің. Кептеліс, қырғын адам, кезек деген сирек кездеседі. Бастаған шаруаңды тез-ақ бітіріп аласың.
Адамның күні адаммен – әр адам сен үшін сын. Жолымызда кезіккен адамдардың қай-қайсысы да кездейсоқ емес деп сенемін. Мұнда бірге жұмыс жасаған әріптестерімнің бәріне алғысым шексіз. Олардың әрқайсысынан да бір нәрсе болса да үйрендім. Қоштасу кеші де керемет өтті. Қош бол, Ақсай! Құшағыңды жай, Атырау!

P.S. Атыраулық экстримнен қорқыныш та жоқ емес. Кезінде қашқандай болған Атырау да туған қаламдай болып кетеді деген үміттемін. Қазақстанның әрбір жері мен үшін ерекше.
Әрі қарай

Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1)



Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.

«Вахтовиктің сағынышы».
Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 )

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.

Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.

Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Әрі қарай