Астанада сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар көрмесі ұйымдастырылды
Қыркүйектің 26-27 күндері Астанада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Инновация, технология және білім мәселелері жөніндегі Астана Парламентаралық форумы өтті. Аталмыш жиынға 20-дан астам елдердің парламент депутаттары, саясаткерлері мен сарапшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдеріқатысты.Форум қатысушыларын құттықтаған Мәжіліс Төрағасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған осы форумның Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуіне айрықша назар аударды.
Форум аясында «Rixos President Astana» қонақүйінде елеулі танымдық маңызы бар сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Мемлекеттік тарих, Әдебиет, Шығыстану, Философия, Археология, Экономика, Тарих институттарының туындылары, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ғылыми кітапханасындағы өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалары қойылды.
Ұйымдастырылып отырған бұл шараның ең көне жәдігері — ХІХ ғасырда Стамбулда басылып шыққан қасиетті Құран кітабы. Бұл еліміздегі ең көне кітап деуге болады.
Әрі қарай