Махаббат элегиясы-3

Өтірік көрмегенсіп Махаббаттың өлеңді тыңдап жатқан сәтіндегі қимылының бірін де назарымнан тыс қалдырмай қырағы сақшыдай бақылап отырмын. Ботадай жәудіреген көздерінен маған деген бұрынғыдан да күшті ынтызарлықтың ұшқынын байқап қалдым. Мұқағали
Әрі қарай

«Кредиттің күйретуі» немесе ала өгіздің ажалы жайлы дастан (М.Шахановтың ізімен)

Ерте, ерте, ертеде… шалғай жатқан шалажансар өлкеде, өлмелі бір кемпір менен шал бопты, баққаны мал бопты. Шал мен кемпірдің шиеттей алты баласы, малының ішінде соғымға соймаған, саудагерге сатпаған алты жасар атан ала өгізі бар екен. Күндердің
Әрі қарай

Махаббат элегиясы

Махаббат!… Осы бір жалғыз ауыз сөзде қаншама ұлы сезім, ұлы толғаныс, ұлы сүйіспеншілік жатыр десеңші шіркін! Адам өмірін нұрландырып, алпыс екі тамырына қан жүгіртетін, жүректің нәзік қылын шертіп, сезімнің тоқсан тарау жырын қозғайтын ғажайып мөлдір әлемнің қасиетіне баға жете ме?
Қыз бен жігіт арасындағы нәзік сезім қандай? Көктемде қауызын жаңа ашқан гүлдей, бүршік атқан балауса шыбықтай, аппақ таңның керімсал жұпар самалындай бір керемет дүние!
Сол жылы қыс Алматыға кешеуілдетіп келді. Түні бойы қар жауып, таңертең тұрып, терезеден қарасам айналаның бәрі көрпесін қымтанып, ағаштар ақ бөкебайын жамылып алыпты. Күннің суығында сабаққа барғым келмей төсекте керіліп-созылып біраз жаттым. Кеше түннің бір уағына шейін ойнап, үй тапсырмасын да орындауды ұмытып кетіппін. Мектепке барсам, қатарынан бірнеше екі алатынымды анық білемін. Сабаққа бармаудың бір-ақ жолы бар. Ол- ауру. Бірақ денім сау, еш жерім ауырып тұрған жоқ. Бір кезде түпкі бөлмеден «Қанә, тез тұрыңдар, сабаққа кешігесіңдер» деген әкемнің қатқыл дауысы естілді. Дәл осы сәтті пайдаланып, ішімді қолыммен ұстап, ауырған адамдай бүк түсіп жатып алдым. Бөлмеге әкем кіріп келді де менің бұл жатысымды көріп: – Не болды саған? – деп сұрады.
Әрі қарай