Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Сәлем оқырмандар! Бүгінгі тақырыбымда Amazon компаниясының Kindle Paperwhite атты өніміне шолу жасаймын.

Электронды кітаптар қазіргі таңда аса жоғары сұранысқа ие. Ал Amazon бұл нарықта алдыңғы қатарда келе жатыр. Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен нарықта бірінші орында тұр десе де болады. Ал Kindle Paperwhite-тің басты артықшылығы сенсор және кіріктірме көмескі жарықтығы. Жақынырақ танысайық.



Әрі қарай
  • 6
  • 0

Блогқұрылтай. Нөмір Үш

Блогқұрылтайдың не екенін, мақсаты қандай екенін түсіндіру үшін әуелі әңгімелесіп отырған адамыңызға блог жайлы түсінік қалыптастыру керек. «Блогқұрылтай» десеңіз әркім әр түрлі қабылдайды екен. Жұмыста бір қағаздарды толтырып отырғанмын. Кабинетіме бір әртіс апамыз (орта жастағы кісі, қырса қырыққа аяқ баса бастаған) келді. «Өзімнің жұмыстарымды интернет арқылы жарнамалай аламын ба?» дегендей сұрақтар қойды. «Апай, әлбетте! Шетелдерде әртістердің жеке сайттары болады. Соңғы жаңалықтарын, жаңа альбомдарын сол сайттары арқылы жарнамалап отырады. Сайтпен жұмыс істей алмасаңыз кішігірім блог ашып алып сол арқылы өз жұмысыңызды жарнамалдай беріңіз». «Мой мирдың» блогы арқылы ма?». Апамызға блогтың не екенін түсіндіріп, 2011 жылдан бері қазақ блогшыларының блогқұрылтайы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын айттым. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді» десеңші деді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайында ән айтып қалған әртіс апамыз.
«Блог бізге не бер(е)ді, ?», «Блогқұрылтай не бер(е)ді?» деген заңды сұрақтар туындайды екен.
Әрі қарай
  • 8
  • 1

Көпшікпен ұрып құлату:


Наурызда біздің мұнайшылар арасында қол күрестен, трубаға өрмелеуден, кіртас көтеруден және видеодағыдай бір «жекпе-жек» түрінен жарыс болды.
Мен де 24 кг екі кіртас көтеруден бірінші рет қатысып, жүлделі боп қайттым.
Әрі қарай
  • 9
  • 3

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті жолдастар,

kazak.blogfa.com сiздi көктем мейрамымен құттықтайды. Дастарханыңыз мол болсын! Аспандарыңыз көк болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын
Әрі қарай
  • 2
  • 4

ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ
Авторлық сурет
Тазалық саулық негізі дейтін қазақ, кезінде тазалыққа зор мән берген. Қазіргі таңда оған назар салып жатқан ешкім жоқ. Тазалық тұрмақ, алдау, арбау кездесетін Түркістан қаласының базары жан түршігерлік жайды басынан өткеріп отыр.
Әрі қарай
  • -3
  • 8

ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАҒАН ҒАНА ҚҰМАЛАҚ ТАРТАДЫ

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!

Бүгінде көше бойын жағалап келе жатып, картасы мен құмалағын жайып отырған көріпкел сымақтарымызды көзің шалады. Бірі көше жағаласа, бірі жеке үйлерінде отырып, болашақты болжайтыны бар. Көріпкелдерді сынамас алдын, көріпкел сөзіне анықтама бере өтейік
Әрі қарай
  • -2
  • 9

ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ немесе не ұтып, неден ұтыламыз?

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


Бүгінде елімізде «Желілік маркетинг» ұғымы қанатын кеңге жайды. Бұл не дейсіз ғой? Оңай ақша табудың жолы. Қазір ғаламтор арқылы жұмысқа шақыратын бұл жүйе көпшілік арасында дау тудыруда. Жүйелі маркетинг бізге не береді? Немесе біз одан не ұтып, неден ұтыламыз? Осыған кеңірек тоқталайық.
Әрі қарай
  • -11
  • 8

Құрылтай алдын препати жайлы бірер сөз.

Жеттім-ау))) Тоқсанның соңы, мектепте ығы-жығы боп жүрген балалар, у-шу болған мұғалімдер, оған қоса Наурыз, ҰБТға дайындық деп мүлдем қолым босамай жүр.
Әрі қарай
  • 11
  • 156

Біздің ауылдағы Наурыз хронологиясы(+фотореп)

Ең алғашқы наурызды қарсы алғаным есімде, 1993 жылдың жазғытұры болатын. біздің жақта табиғат жағдайына байланысты(22 наурызда күн суық, әлі қар жатады) бұрын наурызды тойлауды күн жылып, көк шыққанша дейін қалдырады екен. Ол кезде мен үштен енді шыққан мұрынбоқ баламын. Қазір еске алсам бейне бір осыддан 10 жыл бұрын өткендей елестейді. Өйткені сол уақытта, шашамен 2003-2004 жылдарға қарай ол наурызды Видиктен көргенім бар. Арасында кейбір кадрларда жылт-жылт етіп өзімде жүрмін.
Ол кездегі наурыз ауылдың сыртында, орманның баурайында өтетін. Бүкіл округтағы ауылдардан қонақтар келетін. Қыз сыны, ақындар айтысы сияқты байқаулар мен қазақша күрес, ат жарыс та өтетін. Соның барлығы кинода анық түсірілген.
Әрі қарай
  • 3
  • 10

Амал күні құтты болсын!

көріс
1918 жылдың 24-ші қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлий және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Жаңа күнтізбеден шатаспау үшін 1918 жылдың 1-шілдесіне дейін жаңа күнтізбе күндері ескі күнтізбемен қатар жақша ішінде жазылды. Мысалға: 1(14)-наурыз 1918 жыл. Негізі 1917 жылы 25-қазанда болған «Қазан төңкерісін» 7-қарашада тойлағанымыз, православтарға 14-қаңтарда (1-14) ескі жаңа жылдың келуі бәрі аталған декретке байланысты. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл – Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді. Жалпы осы Жаңа жыл, көрісу туралы әрқилы пікір бар.
Әрі қарай
  • 19
  • 40

Наурыз көже

Құрметті керекшілер! Сіздерге дайындаған Наурыз көжені ұсынамын.

Бізге керек:
1.Жүгері

Әрі қарай
  • 22
  • 41

Майсөк немесе Наурызға тәтті тағам.

Майсөк бала кездің дәмі. Әлі есімде, наурыз келе мамам осы тағамды дайындай бастайтын. Наурыз көжеден гөрі осы тағамды күтетін едім. Сары май мен қантты салып, сүтке пісірілген сөктің дәмі
Әрі қарай
  • 15
  • 19

КерекИнфода көктемгі апталықтар



Көктемнің алғашқы айы да келіп қалды. Осы бір тамаша айдағы 2 мерекені КерекИнфода апталық ретінде атап өтуді ұсынамын:

01 наурыз — 08 наурыз: Қыз-келіншектер апталығы. Осы күндерде аналар, қыздар, келіншектер тақырыбында пайдалы мәлімет, мақала, мультимедиа, жазбалармен бөлісейік.

14 наурыз — 22 наурыз: Наурыз мейрамы апталығы. Наурыз мерекесі, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, достық, татулық туралы мақалалар, жазбалармен бөлісейік.
Әрі қарай
  • 21
  • 35