Арбатпен танысайық

Демалыс пен серуенді сүйетін жандарға, Астанамыздың осы жерлерін жақсырақ танып алу керек!)
Қалалық арбат, жағалау мен орталық саябақ, осының барлығын «Астананы ЖағаLike» жобасының осы бөлімінен тамашалаңыздар


17 қарашадан бастап Арбатта ерекше сыйлықтар сатылатын мерекелік маркет жұмыс істей бастайды

Елордалық Арбат тұрғындар үшін көрнекті демалыс орны ғана емес, мереке қарсаңында мұнда түрлі сыйлықтар жәрмеңкесі ашылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары жақындарына айрықша сыйлықтар сатып ала алады.

«Біз 17 қарашадан бастап жұмыс істейміз. Мерекелік жәрмеңке сағат 12:00-де ашылады. Ауа райына байланысты кесте әзірге белгілі бірқалыпқа келтірілмеген. Желтоқсан айының басында біз өз шеберлерімізбен тұрақты жұмыс кестесін бекітеміз. Мұнда әрқайсыңыздың өз талғамыңызға сай сыйлықтар табуға мүмкіндіктеріңіз бар», – дейді жобаның авторы Арай Ордабаев

Арбатқа кел, ағайын, ұлттық киім киюге!

Күні: 23-24 сәуір
Уақыты: 10.00 — 18.00

Өтетін жері: Жібек Жолы даңғылы (Арбат)
23, 24 сәуір күні Алматы Арбатында (Жібек Жолы даңғылы бойында) ұлттық киімдер мейрамы өтеді. Шара 29 сәуір күнгі «Қазақтың ұлттық киімі» мейрамы қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде атап өту жаспарда бар. Алматы қолөнер палатасы IRIS event-агенттігімен бірлесе отырып, Алматы қаласында осы мейрамның аталып өтуіне ұйытқы болып отыр.
Ұйымдастырушар үлкендерге де, балаларға да арналған қызықты бағдарлама дайындаған. Шарада танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетеді. Бағдарламада кәсіби дизайнерлердің және ұлттық шеберлердің Fashion-шоуы да бар.
Дизайнерлер мен қолөнершілер алматылықтардың және қала қонақтарының назарына ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін ұсынады.

Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Алматы қаласының мыңжылдығына арналады және қала әкімдігі мен Алмалы аудандық әкімшілігінің қолдауымен өтпек.
Әрі қарай

Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес.

Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.
Әрі қарай

Алматыдағы оныншы Party

Дұрыс санаған шығармын деп ойлап отырмын.
Кеше Алматыда оныншы патиімізді өткіздік.

Фэйсбукта актер Асқар Наймантаев «келесі патиге әнші домбырашы шәкірттерімді шақырдым» деп жазып еді, шынымен, керемет әнші жігіттер келді.
Әрі қарай

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды


Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы, фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып сонда барғам. Не болар екен деп.
Әрі қарай

«Қазақфильм» фильмдері Арбатта көрсетіледі



28 мен 30 тамыз аралығында Алматыда Арбатта Шәкен Айманов атындағы киностудиясы отандық танымал актерлардың қатысуымен соңғы жылдар ішінде түсірілген фильмдердің көрсетілімін өткізеді.
Әрі қарай

Әйгілі ЦУМ көшеді

Алматының әйгілі ЦУМ-ы «Заңғар» сауда орталығы көшеді. «Сотка-мотканың» ендігі жаңа мекені Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Глобус» сауда үйі болмақ. Ал ЦУМ Рамсторға айналады деседі. Көшу қыркүйектен басталмақ. Очм жаңа жылдан бастап сотка іздесең немесе ЦУМ-ды іздесең Абай мен Әуезов көшесіне қарай аяңда.
ЦУМ осы.

Глобус мынау
Әрі қарай