Бәйге: "Мен көрген блогкемп: Құрылтай - 2013": Қорытынды!

Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Кетті!
Дүбір!
Қалың шаң!
Үздік-создық…
Дара!
Мәре!
Бір аптаға созылған «Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013» байқауы мәреге жетті!
Алғыс, баршаңызға: пост жазып еңбектенгендерге, қатысып ниет еткендерге, қатысушыларды көтермелеп, қиқу қосып, дем бергендерге…
Қазылар алқасының шешімі шықты. Жеңімпаздардың есімі белгілі.
Әрі қарай

Құрылтай - 2013: Таң қылған Шымкент

Сөйтіп…
Қазақы нетті бір сілкіндірген, дүр сілкіндірген блогкемп өтті…
Құрылтай жылнамасына, қазақы нет тарихына «Шымкент құрылтайы» деген атпен енген құрылтай таңырқау, таңғалу мен сүйсіну сәттеріне толы болды…
Әрі қарай

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…

Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....



Тағдыр!

Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай

Инвестиция

ИНВЕСТИЦИЯ
… Махаббат пен адамгершілікті мадақтайтын, жеңіл әзілге құрылған сырлы картина секілді зу ете түсіпті.
Әрі қарай

Жеті нан

Жеті нан
… Күнделікті тірлік сол: түн ортасына дейін әңгіме соғып, интернет ақтарып, сәріде безілдеген будильниктен қинала оянып, төсектен тұра сап, апыл-ғұпыл жуынып, «таңғы ас тәңірден» деп жұмысқа тартамыз…
Бүгін күндегіден де ерте тұрып, жұмысқа асықтым. Кіреберіске шыққаным сол екен тамаша бір иіс танауды жарып жіберді… Кәдімгі бауырсақ иісі! Тас қалада жүріп ұмытыңқырап та қалғандаймыз ба, балалықтың тәтті иісін… Екінші қабаттан төмен сырғи берген едім, қаптал есік ашылып үйден бір әже шыға келді.
— Балам, бүгін жұма ғой, жеті шелпек пісіргем, ала ғой, жұмысқа барып жерсіңдер…
Әрі қарай

Бүгін "корпоративка":)

Жыл соңы да жақын. 2012 де тәмәм болмақ, аз күнде. Бүгін біздің ұжым үшін ЖЖ. Ұжым боп тойлаймыз. Жаңа жылдық кештің бағдарламасында біраз жақсы дүниелер бар деседі білгіштер. Иншалла, мен қызмет еткен ресми 4 інші жұмыс орным, бұйырса, 3- ұжымдық кешім.
Ал, Сіздер қанша ұжымда болдыңыздар осы кезге дейін, ЖЖ дық кешті қайда тойлайссдар?
Керекинфоның Жаңа Жылдық кеші болдаы деген де идея болған еді, ол енді аяқсыз қалды.
Әрі қарай

"Аруақ атқыр, Адайлар..."

Батыста бір қала бар Өзен деген.
Ісіне Тәңірімнің төзем деген.
Өрлігін, көкірегін басты талай,
Өзінше өңшең қырттың өжеңдеген.

Батыста бір қала бар Өзен деген
Қаруын дұшпан бар ма кезенбеген.
Жапқаның жаралы елге жылтыр шапан,
Бөз емес жан жарасын Сөз емдеген.

Үлкендер, қайдасыңыз, көрісейін!
Замандас, тай-құлындай тебісейін.
Тас шіркін ауыр дейді, түскен жерге,
Қайғыңды қараөлеңмен бөлісейін.

Береді көп тілегі батылға дем!
Батыр сол — қайрат болса ақылға тең!
Жылында сексен тоғыз лапылдап ең,
Тап бұлай Өзен бірақ, атылмап ең.
Әрі қарай

Өлең жаздым, мінекей!

Өмір!
Өмір…
Өрекпідік өктем біз,
Кеуде қақтық…
Бірақ, көппен теп-теңбіз!
… Жеріткен соң Жердегі өткен Көктем, Күз,
Аспан аңсап, Аспан аңсап жеткенбіз!
Әрі қарай

Бағы ашылмаған қала...

Тағы бір тақырып табылды… Жаңаөзенді қаралаушылар үшін. Кеше кешкілік Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы шағын мұнай өңдейтін, жергілікті жұрт «гпз» атап кеткен зауыт жарылды. Ақпаратты мен түнгі 00*20 дарда алдым. Сол кезде "қала жалын сәулесінен жап жарық боп тұр, өрт сөндірушілердің қолынан ештеңе келер емес" деген еді… Түнгі екілер шамасында «жалынның 5 нүктесінің екеуі өшірілді, адам шығыны жоқ» дегенді естідім… Ал, таңертең, яғни жаңа бір 10 минуттай бұрын Астана арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі Сандуғаш Шортанова «Астанадан врачтар алдырып жатыр, соған қарағанда хал мүшкіл ау» деген тілдей ақпарат берді… Енді көңіл алаң, маза жоқ… Түнгі ауысымда да жұмыс жасайтын адамдар бар екенін ескерсек… Ойлаудың өзі жаман. Қала әкімнің бірінші орынбасары Тілек Көшмағамбетов деген сыйлас досым еді, ол да пәлендей ашып ештеңе айтпады. Дірілдеп тұр дауысы…
Ееей, бағы ашылмаған қала…
Сормаңдай жұрт…
Қай пейіліңнен таптың екен?!
Қасқа болдың ау… қайта қайта қара жамылып… Аспаның ашылмай-ақ қойды-ау, қайран Өзен…
Әрі қарай

"ВКМ ның" құбылысы...


Аноооу Күн бетіндегі титтей ноқатты көресіз бе, Сол гой ВКМ, туййй, Шолпан)))

«ВКМ» Венера емес Керектегі… Кәдімгі таңғы аспанның көзмоншағы Шолпан ару жайлы…
«Бүгін Шолпан Күнге қонаққа барды. Жер ғаламшарының тұрғындары 110 жылда бір байқалатын құбылыс Шолпанның Күн бетімен өтуін бақылады. Таң жұлдызының Күн мен Жер ортасынан өтуін Азия құрлығы елдерінің тұрғындары анық байқайды. Жапонияда Шолпан траекториясын толық байқауға болады. Себебі, Шолпанның бұл құбылысы басталатын уақытта Күн жапон көгінде тұрады. Жалпы, ғалымдар аспан денесінің бұл қозғалысы табиғатқа әсер етпейтінін айтады. Тек аса сирек жағдайларда ғана су көтерілуі мүмкін. Бұл қызыққа Астана тұрғындары Күн көтерілген соң, яғни, жергілікті уақытпен таңғы 05 тер шамасында ғана куә болды. Елордадағы Оқушылар сарайының шатырына қойылған телескоппен Күн бетіндегі титтей ноқат Шолпанды анық көру мүмкін болды. Тіпті, жаңа технологиялар арқасында онлайн конференция да ұйымдастырылды...»
ПыСы: Бейреси ақпарат))): Не ғой, сол таң атпай Тәуелсіздік пен Момышұлының қыиылысындағы Сарайға бардық. Шатырға шығып Шолпанды тамашаладық. Сарайдың алдына да бір телескоп қойылыпты… 110 жылда байқалатын бұл құбылыс енді айналып келгенде менің жасым 135 те болады екен) Көріп алдық, келесісін күтпей алаңсыз жинала беруге болады енді ана жаққа)))
Жалпы… бір қыз айтады: Түүүу, осындайда ғасырда бір қайталанатын сирек құбылыстарды естігенде біртүсті бопқаламын. Өміріміз мәңгілікпен салыстырғанда түк емес я деп…
Келістім!
Әрі қарай

Кешіккен фотоесеп)))

Марко екеуміз бір шаңырақтың астында қызмет жасаймыз. Астанадағы бір телеарнада. Көктемнің ең тамаша мерекелерінің бірі, 8-наурызбен мекеменің қыз-келіншектеріне арнап мерекелік дастархан жайғанбыз… Қыздар отырды, біз жүгіріп қызмет қылдық. Марконың сол отырыста ерекше үлгілі қызмет еткені соншалықты, фотографтың назарына қайта қайта түсіпті. Сіздерге қызық болар, көре отырыңыздар! Марко деген тек түсі ғана емес, іші де алтын жігіт!
Әрі қарай

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЫЫЫЫЗ!!!

Бүгін Керектегі VKM, Малика, Венера Касымова деген қыздардың туылған күні!
Шын жүректен құттықтаймыз! Бақыт тілейміз, төмендегі жыр жолдары Олардың биік мәртебесіне арналады)))
Арда жұрт, аманбысың, Керек деген,
Мен бүгін қуанышты дерек берем!
Тап бүгін ВКМ ару туылған күн!
Бұл қызды мен көбіңнен ерек көрем!
Санасы сергек, білім, білігі мол,
Ойы да біразыңнан зерек дер ем)))
Айтқаны орындалып келе жатыр,
Астанаға көктем енді келед деген,
Күнтізбеде Наурыз деп тұрса болды,
Қар кетеді, Күн де нұрын төгед деген,
Венеражан, көктемің құтты болсын,
Орасын көңіліңді желекпенен!
Бар биікті бағындыр ойыңа алған,
Асу деген қалмасын, Сен өтпеген.
Таусылмайтын мол байлық берсін Тәңір,
Дос, туысқа шашсаң да шелекпенен!
Мен тоқтайын осымен, ендігісін,
Халқың айтсын, тілектес КЕРЕК деген!
Сөз соңында… Шолпанжан, әкел бетті!
Кім сүйеді, сол бетті мен өппеген)))

ПыСы: Кстати, саған арнап сыйлық алғам,
Оны енді… Кешке қарай бөлек берем)))
Әрі қарай