Жарияланымдар

shimaibek
БлогКәмп деген осы екен ғой. Менің де барғым келеді. Келесі жылғысына қатысуыма болар ма екен?
shimaibek
Расымен де, тақырыпта қозғалған ойлардың қорытындысын қалайша айналдырып әкеліп осы сөздердің аясына сыйдырып түйіндейтіндеріне әлі күнге дейін таңым бар.
shimaibek
Шымкент!
Солай дейік, солай боларына сенейік! ©«Сонымен, солай дейік..»
shimaibek
Қайран менііің жүүүрегіім жас жүрегііім… деп басталатын МузАрттың әніне ұқсайды екен.
shimaibek
Бүгін, нақтырақ кеше(бүгін қайталады), ЕлАрнадан премьерасы болды "Ғашық жүректің". Біріншісімен салыстырғанда сюжеттік өзгеріс байқалмайтын сияқты-ау, ә… Содан кейін, екі тілде сөйлейтіндері қиындау екен. Әрине, мұнысымен қоғамның қалыбын айнытпай көрсетпекші болған шығар, бірақ тым қиындау екен.
shimaibek
Google мен КерекИнфоның арасынан сонда қандай қатынас көріп отырсың?!)
shimaibek
Солардың сарқыншағы болып күні бүгін де фрунцузшасыны жете меңгерген орыстар баршылық шығар дегенім ғой.
shimaibek
Француз тілінде өз ойын айта алатындай дәрежедегі халық 270 миллион шамасында деген деректер бар.
Соның ішінде орыс халқының үлесі де басым шығар ә?! Бұрынғы орыс аристократиясы осы тілде сөйлеп, өз ойын жетік жеткізе білулері шарт болып саналып па еді, бірдеңе ғой))
shimaibek
Өте жақсы жазба! Түйіні қандай керемет! Расында да біз өмірде белгілі бір комплекстерге кіріп алып, содан шықпаймыз. Бірдеңе бар және ол тек сондай деп қана қабылдаймыз, басқаша ойлауға қорқамыз.

Қалыптасып қалған пікір басым ғой адамдар өмірінде. Бір нәрсенің басқаша болуы мүмкін емес деп ойлайды.

Ал негізінде, бәрі керісінше болуы да мүмкін…
Бір нәрсенің байыбына барып жатпай-ақ көпшіліктің түсінігі бойынша ол сондай екен, демек ол сондай дей саламыз, артық ойланып бас қатырмаймыз.

Осыған қатысты тамаша бір мысал бар ғой:

Тәжірибе. Темір тордың ішінде 5 маймыл отыр дейді. Төбеден төмен түсірілген арқан, оның жоғары тұсында сол арқанға байланған бір бума банан. Қарны ашқан бір маймыл арқанмен жоғары өрмелеп, бананды алмақ болып тырмыса бергені сол-ақ екен оған суық су шашып, бетін қайырып тастайды, қалған төртеуін қоса жазалап, бірге суық суға шомылдырады.
Сәлден соң қарны ашқан басқа бір маймыл арқанмен жоғары өрмелей бергенде оған да су шашып, және қалғандарымен шомылдырады.
Тыпыршып, үшіншісі өрмелей бергенде бар маймыл әлгіні шап беріп ұстап алып, тиып тастайды, — өйткені суық суға шомылғылары келмейді.
Осыдан кейін, 5-еудің біреуін алып тастап, орнына басқа жаңа маймылды еңгізеді. Ол жаңа келген маймылдың қаперінде ештеңе жоқ, бананды көре салып, оған тұра ұмтылады. Бұрынғы төртеу жұлқып алып төмен түсіреді. Сәл дамылдап, қайта ұмтылады, 4-еу қайта тиып тастайды. Үшінші рет ұмтыла бергенде тағы да жұлып алады. Осыдан кейін оған бірдеңе жетеді – қайта ұмтылудың пайдасы шамалы екендігін түсінеді.
Тордағы маймылдардың тағы да біреуін алып, жаңасына алмастырады. Жаңа қосылған маймыл, әрине бірден бананға тұра ұмтылады, — қалған төрт маймыл да оны өрмелеп бара жатқан жерінен жұлып алады (оның ішінде бірінші келген жаңа маймыл да бар).
Сөйтіп, біртіндеп алмастырып отырып, ең соңында суық суға шомылған маймылдардың бір де біреуін қалдырмай ауыстырады. Бірақ, тордағы жағдай сол бұрынғы — әрбір жаңа қосылған маймыл бананға ұмтылған сайын, қалғандары тиып тастап отырады.
Неге?
Өйткені, ол жәрдің тәртібі сондай.


Байыбына жетіп түсініп жатпасақ та, көз жұмып бағынып жүрген біздің де комплекстеріміз қаншалықты.
shimaibek
Ал сонда, мүлдем шекпейтіндер ше?!
shimaibek
Түркістан, блогтар, рейтинг, google, Наурыз, алма.
дегенді мына жазбадан оқып түсініп барып, қыран топан болдым
shimaibek
Жақсы афоризмдер топтамасы! Ұнады